"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 шілдеде № 11568 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 25.08.2020 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі


полиция генерал-полковнигі

Қ.Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 500 бұйрығына
1-қосымша

"Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөлімшелері) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекттік қызметті көрсету нәтижесі Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы бөлінісі бастығының мөрімен және қолымен бекітілетін, "Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 302 бұйрығымен бекітілген "Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шекаралық аймаққа кіруге рұқсаттама не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді.

      7. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы (оның бар болған жағдайда) көрсетілетін "терезелер" арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жинақталған құжаттарды қабылдау, олардың толықтығын тексеру, құжаттарды алуға арналған талонды беру 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      9. Сұрау салуды қалыптастыру, басшыға қол қоюға ұсыну, материалдарды тексеріске Ішкі істер департаментке (бұдан әрі - ІІД) жеткізу 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      10. Материалдарды ІІД-де тексеру, сұрау салуды қалыптастыру, басшыға қол қоюға ұсыну, сұрау салуды Ұлттық қәуіпсіздік комитет департаментке (бұдан әрі - ҰҚКД) жеткізу 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      11. Материалдарды ҰҚКД-де қарау және ІІД-ге жауапты ұсыну 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      12. Рұқсаттаманы беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден негізді бас тарту 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) mvd.gov.kz интернет-ресурсында облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмінде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.

      14. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:

      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары бөлімінің, бөлімшесінің, тобының көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері;

      2) облыстың, Алматы және Астана қалаларының ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері.

      16. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті (рәсімі) реттілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының кесте түріндегі мәтіндік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет пен ҚФБ арасындағы логикалық реттілігінің өзара байланыс жасасу сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында және ІІМ-нің mvd.gov.kz, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

  "Шетелдіктердің және азаматтығы
жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Әкімшілік іс-әрекет (рәсімдер) реттілігінің және
өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы


  "Шетелдіктердің және азаматтығы
жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігінің
арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар


  "Шетелдіктердің және азаматтығы
жоқ адамдардың шекаралық аймаққа
кіруіне рұқсаттама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік қызметті
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 500 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасына уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 500 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізімі:

      1. "Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру", "Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында келуге шақыруларды ресімдеу" және "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9275 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 маусымда № 118 (27739) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      2. "Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру", "Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша және отбасын біріктіру мақсатында келуге шақыруларды ресімдеу" және "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 359 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9617 болып тіркелген).