«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тыйым салынған мүлікті сату бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10321 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар):
Қағидалардың 9, 10, 11, 12, 13-тармақтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
«51-1. Мүлік өткізілмеген немесе сауда-саттықтан алынып қалған жағдайда БЭСА операторына өтінімдерді өңдеу бойынша көрсеткен қызметі үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабымен көзделген тәртіппен ақы төленеді.».
3. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 70 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8354 болып тіркеліп: 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 265 (27539) «Казахстанская правда», 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 256 бұйрығына
1-қосымша
Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) уәкілетті органның бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы (БЭСА) – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;
2) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және қызметтің мемлекеттік реттелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) хабарландыру – алда болатын БЭСА таңдау туралы ақпарат;
4) әлеуетті өнім беруші – электрондық сауда-саттық алаңында тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шартты жасауға үміткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
2. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібі
3. БЭСА таңдауды жүзе асыру үшін уәкілетті орган комиссия құрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өкілі және уәкілетті органның өкілі кіреді. Сонымен қатар, БЭСА таңдау бойынша комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
4. БЭСА-ға қойылатын талаптарды бекіту кезінде комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарға:
1) мүлікті сату бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің кәсіби құзыретіне, олардың қаржылық ресурстарының, техникалық құрал-жабдықтарының және басқа материалдық мүмкіндіктерінің, сенімділігінің, тәжірибесінің және оң беделінің, сондай-ақ БЭСА ұсыну туралы шартты орындау үшін қажетті басқа ресурстарының болуына;
2) атқарушылық құжаттарды орындау барысында БЭСА-ға түскен мәліметтердің қауіпсіздігін, құпиялығын және дұрыстығын қамтамасыз етуге, оның ішінде санкцияланбаған қолжетімділіктен БЭСА ақпараты мен сервистерін қорғауға, БЭСА-да жүргізілетін электрондық аукциондардың айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге;
3) толық қолжетімділікке (техникалық жұмыстарды түнгі уақытта жүргізуді көздейтін кестемен қатаң шектелген регламенттік жұмыстарды жүргізу);
4) сот орындаушысының, БЭСА операторының, электрондық аукционға қатысушылардың, атқарушылық іс жүргізу тараптарының және өзге тұлғалардың БЭСА функционалы арқылы оларды алмастыру кезінде электрондық құжаттар нысанында жолданатын құжаттардың және мәліметтердің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдануға;
5) электрондық құжат айналымын қамтамасыз етуге, электрондық нысандағы құжаттарды күнделікті мұрағаттық сақтауға және іздестіруге, электрондық аукционға қатысушылардың авторландыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге және ақпараттың түрлі санаттары үшін қолданушылардың қол жеткізу құқықтарын шектеуге сүйенеді.
5. Уәкілетті орган әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстың техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптамалық комиссия құрады не сарапшыны белгілейді.
6. БЭСА таңдау бойынша комиссия төрағасы:
1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді;
2) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
3) осы Қағидаларда көзделген басқа функцияларды жүзеге асырады.
7. БЭСА таңдау бойынша комиссияның хатшысы:
1) комиссия отырысының күн тәртібін жасайды, комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) комиссия отырыстарының ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасын, БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат туралы хаттаманы, БЭСА таңдау қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ басқа хаттамаларды ресімдейді және оларға қол қояды;
3) ұсыныстарды ашқан сәттен БЭСА таңдау бойынша құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
8. БЭСА таңдау бойынша комиссия БЭСА-ға қойылатын талаптар бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің БЭСА таңдауға қатысу үшін ұсыныстар беруінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында және мерзімді баспа басылымдарында БЭСА таңдау туралы хабарландырудың мәтінін жариялайды.
9. Әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жүзеге асырылады.
10. БЭСА таңдауға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын БЭСА таңдауға қатысу үшін құжаттар топтамасы:
1) БЭСА таңдауға қатысу үшін ұйым басшысының өтінішін;
2) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар: әлеуетті өнім берушінің БЭСА-ға қойылатын талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттарды қамтиды;
3) қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғадан басқа, заңды тұлға заңнамалық тәртіппен бекітілген жарғының (бар болған кезде) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденттері еместер нотариалды куәландырылған қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылған заңдастырылған сауда тізілімінен үзіндіні ұсынады;
4) әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасыда көзделген БЭСА-ға байланысты жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелерін не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияларды және (немесе) куәліктерді, сертификаттарды, рұқсаттарды, басқа да құжаттарды;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін қамтиды. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының уәкілетті тұлғаның қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) қамтиды. Анықтама конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
7) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы тиісті салық органы белгілеген нысандағы анықтаманың түпнұсқасын;
8) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көрсетілген техникалық ерекшелiкті, тауарларға қызмет көрсетуге шығыстарға сапа кепiлдiгiн беруді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді;
9) БЭСА таңдауға қатысуға өтініштерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхатты қамтиды.
11. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарымен конверттерді ашуды комиссия жүргізеді.
12. Хабарландыруда көрсетілген мерзімде берілген БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттер ашуға жатады. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
13. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі комиссияның отырысы көрсетілген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей әлеуетті өнім берушілерге немесе БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
14. Комиссия отырысының көрсетілген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтіні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында жарияланады.
15. Комиссия талаптарға сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге БЭСА таңдауға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды сәйкес келтіру құқығын береді.
16. Әлеуетті өнім берушілердің БЭСА қойылатын талаптарға сәйкес келген және ұсыналатын құжаттар бар болған жағдайда БЭСА таңдауға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы рәсімделмейді.
17. Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарайды және БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде БЭСА таңдауға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.
18. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң БЭСА таңдауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды, әр бетiне бұрыштама соғады. БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды қоса беріледі.
19. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның хатшысы:
1) комиссия төрағасымен БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
2) комиссия мүшелерін БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;
3) комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушілердің талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.
20. Комиссия мүшелері әлеуетті өнім берушілердің ұсыныс құжаттарын оларды қарау кезіннен комиссия хатшысына қайтарылғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
21. Комиссия:
1) БЭСА таңдауға қатысуына әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары бар құжаттар топтамасын толықтығы және тиісінше рәсімделуі нысанына қарастырады;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде рәсімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
3) конкурсқа қатысу үшін ұсыныс берген әлеуетті өнім берушілерден қарауды, бағалауды және БЭСА таңдауда қатысуға ұсыныстарды салыстыруды жеңілдетуге байланысты материалдар мен түсіндірмелерге жазбаша нысанда сұрау салады;
4) БЭСА таңдауға қатысуына ұсыныстары бар мәліметтерді нақтылау мақсатында, комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Талаптарға сәйкес, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарда келтірумен баланысты сұрау салулар мен комиссияның өзге де іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. БЭСА таңдауға қатысуына ұсыныстар жасау ретінде талаптарға сәйкес, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды толықтыруға бағытталған, жетіспеген құжаттарды қатысуға өтініш беру кезінде құжаттарды ауыстыру, тиісті үлгіде рәсімделген құжаттарды түзету арқылы жүргізген комиссия іс-әрекеті түсініледі;
5) БЭСА талаптарына сай әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және олардың қатысушыларын таниды.
22. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық рәсіміне қатысты еместігі және (немесе) орындаушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмегендігі бөлігінде талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында, комиссия банкроттық рәсімдердің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында және орындаушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ақпаратты қарайды.
23. Әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмаған не әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары БЭСА талаптарына сәйкес келмеген жағдайда БЭСА-ны қайта таңдауды жүзеге асырылады.
24. Комиссия отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауысымен қаралып отырған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдайды. Комиссия отырысына қатысқан және қабылданған шешіммен келіспеген комиссия мүшелері жазбаша түрде ерекше пікірін білдіруге құқылы, ол хаттамаға тіркеліп, ол жөнінде хаттамада тиісті белгі жасалады.
25. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы БЭСА таңдау қорытындысы туралы хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы ұсыныстарды ашқан кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қол қояды.
26. Мүлікті сату бойынша электрондық аукцион өткізгені үшін БЭСА операторына сыйақы берудің шекті көлемі сатылған мүлік құнының ең кемінде 0,5 % құрайды.
27. Тиісті хаттамада ресімделген БЭСА таңдау туралы комиссияның шешімі аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушылары және БЭСА операторы арасында үш жыл мерзімге шарт жасасу үшін негізі болып табылады.
Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауға қатысуға
ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы хаттама
___________________ _____________________
(Ашу орны) (Уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы БЭСА таңдау бойынша комиссия:
_____________________________________________________________________
(комиссия төрағасының, хатшысының және мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), тегі, лауазымы, ұсыныстарды ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі)
БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімін
жүргізді.
2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер құжаттар топтамасын ұсынды:
____________________________________________________________________.
(барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)
3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің БЭСА таңдауға қатысуға
ұсыныстары
_____________________________________________________________________
(БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстар берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсыныстарды
ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі)
________________________________________негізінде ашылмай қайтарылды.
4. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі
өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті
өнім берушілердің ұсыныстары:
_____________________________________________________________________
(ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі өткенге дейін ұсыныстарды ұсынған барлық әлеуетті
өнім берушілердің атауы, мекенжайы, қатысуға ұсыныстарды берген уақыты)
ашылды және БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды ашу кезінде барлық
қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды: ______________________
____________________________________________________________________.
(ұсыныстағы құжаттардың тізбесі, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды кері қайтарып алу
және өзгерту туралы ақпарат, ұсынылған құжаттардың парақ саны көрсетіледі)
5. Ұсыныстарды ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:
____________________________________________________________________.
(БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім
берушілердің атауы, мекенжайы, деректемелері, олардың уәкілетті өкілдерінің аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда), тегі, қолдары.
Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауға қатысуға
жіберу туралы хаттама
__________________ ____________________
(Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы БЭСА таңдау бойынша комиссия:
_____________________________________________________________________
(БЭСА таңдау бойынша комиссияның құрамын көрсету)
__________________________ БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарады.
2. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарда ұсынылған жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде
қорытындылар берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат.
3. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі
өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті
өнім берушілердің қатысуға ұсыныстары:
_____________________________________________________________________
(ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі өткенге дейін ұсыныстар берген барлық әлеуетті өнім
берушілердің атауы, мекенжайы, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды беру уақыты,
ұсыныстағы құжаттар тізбесі, талапта көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы
ақпарат, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды кері қайтарып алу мен өзгеруі туралы
ақпарат және басқа ақпарат көрсетіледі)
комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.
4. БЭСА таңдауға қатысудан бас тартылған ұсыныстар:
____________________________________________________________________.
(қатысуға ұсыныстары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері),
сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)
5. Әлеуетті өнім берушілердің БЭСА талаптарына сәйкес келетін
ұсыныстары _________________________________________________________.
(әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі)
Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау нәтижелері
бойынша былай деп ШЕШТІ:
1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер БЭСА таңдауға қатысуға
жіберілсін:_________________________________________________________.
(таңдауға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)
2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер БЭСА таңдауға қатысуға
жіберілмесін: ______________________________________________________.
(таңдауға қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)
3. БЭСА таңдау жөніндегі комиссияның отырысы___________________
(комиссия отырысының уақытын, күнін, орнын көрсету)
белгіленсін.
4. Аталған хаттаманың мәтіні Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің сайтына орналастырылсын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), тегі).
Қарсы дауыс __________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), тегі).
Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда), тегі, қолдары.
Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдау қорытындылары
туралы хаттама
__________________ ____________________
(Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы БЭСА таңдау бойынша комиссия:
_____________________________________________________________________
(комиссияның құрамын көрсету)
2. Мынадай ұсыныстар БЭСА таңдауға қатысуға жіберілді:
_____________________________________________________________________
(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес жіберілген әлеуетті өнім берушілердің БЭСА
таңдауға қатысуға ұсыныстарын көрсету)
3. Әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары бар конверттер:
_____________________________________________________________________
(қарау үшін соңғы уақыт өткеннен кейін ұсынылуына байланысты қабылданбаған ұсыныстардың
әлеуетті өнім берушілерінің атаулары көрсетіледі)
4. Комиссия қарау үшін соңғы уақыт өткенге дейін ұсыныстарын
берген қатысушылардың ұсыныстары:
_____________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен олардың деректемелері көрсетіледі)
ашылды және олар мыналарды қамтиды:__________________________________
(БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезіндегі барлық қатысушыларға
жарияланған әлеуетті өнім берушілер ұсынған ұсыныстар көрсетіледі)
5. БЭСА таңдауға қатысуға қабылданбаған ұсыныстар:
_____________________________________________________________________
(қатысуға ұсыныстары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері),
сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)
Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау нәтижелері
бойынша былай деп ШЕШТІ:
1) _____________________________________________ БЭСА таңдалсын
(әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі)
немесе мына себеп бойынша БЭСА таңдау өтпеді деп танылсын___________.
(тиісті себеп көрсетілсін)
2) Аталған хаттаманың мәтіні Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің сайтына орналастырылсын.
Осы шешімге дауыс бергендер:
Жақтаушы дауыс________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), тегі).
Қарсы дауыс __________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), тегі).
Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда), тегі, қолдары.