"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына, "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10321 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар):
Қағидалардың 9, 10, 11, 12, 13-тармақтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Мүлік өткізілмеген немесе сауда-саттықтан алынып қалған жағдайда БЭСА операторына өтінімдерді өңдеу бойынша көрсеткен қызметі үшін "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабымен көзделген тәртіппен ақы төленеді.".
3. "Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 70 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8354 болып тіркеліп: 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 265 (27539) "Казахстанская правда", 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығына 1-қосымша |
Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.