Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10989 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 11-тармағына, 140-бабының 2-тармағына, 141-бабының 6 және     8-тармақтарына, 154-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйырыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидалары;
      2) осы бұйырыққа 2-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидалары;
      3) осы бұйырыққа 3-қосымшаға сәйкес төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарының нысаны;
      4) осы бұйырыққа 4-қосымшаға сәйкес кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісінің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 257 бұйрығына    
1-қосымша        

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138-бабының 11-тармағына, 154-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды бюджетке аудару, олардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік кірістер органдары – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (мемлекеттік кірістер департаменттері) кедендер және кеден бекеттері;
      2) уәкілетті органның бірыңғай шоты – Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді есепке алу және бөлу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоты бар уәкілетті органдағы шот.
      Осы Қағидада қолданылатын өзге ұғымдар Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерінде қолданылады.

2. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке аудару тәртібі

      3. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған мемлекеттік кірістер органында төленеді (өндіріп алынады).
      4. Кедендік баждарды, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке төлеуші қолма қол ақшамен және қолма қол ақшасыз тәсілмен ұлттық валютада, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіпте есепке жатқызуды жүргізу жолымен төлейді.
      5. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды төлеуші бюджетке Кодекстің 120131-баптарына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 271298610-баптарына сәйкес мерзімдерде төлейді.
      6. Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту Кодекстің 133-бабына сәйкес жүргізіледі.
      7. Салықтарды төлеу мерзімін өзгерту «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 49-бабы 1-тармақшасына және Салық кодексінің 51-3-бабына сәйкес жүргізіледі.
      8. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке аударуды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасымен айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
      9. Мемлекеттік кірістер органдары кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке төлеушіден немесе төлеушінің шотына үшінші тұлғадан уақтылы және толық түсуін бақылауды ұсынылған құжаттарға сәйкес төлеуге есептелген (есепке жазылған) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың әрбір түрін салыстыру жолымен жүзеге асырады.

3. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібі

      10. Кодекстің 120-бабы 6-тармағына және 138-бабының 7-тармағына сәйкес төлеуші кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша алдағы міндеттемелер шотына кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды аванспен енгізуге құқылы. Нақты түрлері бөлігінде сәйкестендірілген кедендік баждарды, салықтарды және кедендік алымдарды аванспен енгізу бюджеттік жіктеу коды бойынша жүргізіледі.
      11. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларының бар екені туралы растауды (бұдан әрі - Растау) алу үшін өтінішпен (ерікті нысанда) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік декларациялауды, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді, алдын ала шешім қабылдауды жасаған мемлекеттік кірістер органына жүгінеді.
      12. Мемлекеттік кірістер органының Растауды ұсыну туралы өтінішті қарау мерзімі төлеуші өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      13. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы банктің өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару үшін Растауды ұсынады.
      14. Кодекстің 397-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, кері импорттың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты, егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастылған күннен кейінгі күннен бастап алты айдан кешіктірілмей кері импорттық кедендік режиміне орналастырылған болса, кедендік әкету баждарының сомасын қайтару (есепке жатқызу) жүргізіледі.
      15. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешектің өндіріп алынған сомасын қайтаруға төлеуші сотқа шағым жасаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы көрсетілген соманы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде төлеушінің шотына қайтаруды жүзеге асырады.

4. Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын халықаралық шарттарда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қайтару (есепке жатқызу)

      16. Кедендік әкелу бажын төлеу есебіне салықтар мен алымдар, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес бюджетке төлеуге жататын өзге де төлемдер есепке алынады.
      17. Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібі, оларды Шартқа мүше мемлекеттердің бюджет табысына аудару туралы хаттаманың (№ 5-қосымша) 3-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарының сомалары төлеушінің кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша берешектерін өтеу шотына есепке жатқызудан басқа, өзге төлемдерді төлеу шотына есепке алынбайды.
      18. Кедендік әкелу баждарын төлеушілер бюджетке жекелеген төлем құжаттарымен төлейді.
      19. Кодекстің 401-бабының 2) тармақшасында көрсетілген,  кері экспорттың кедендік режиміне орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың төленген сомаларын қайтару (есепке жатқызу) осы Қағидаларда көзделген тәртіпте жүргізіледі.

Кедендік баждардың, салықтардың,  
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
артық (қате) төленген немесе артық  
өндіріп алынған сомаларын, аванстық 
      төлемдердің сомаларын бюджетке аудару,
қайтару (есепке жатқызу) қағидасына
қосымша               

Нысан

      Бекітемін            
________________________________ басшысы
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
________________________________________
(Т.А.Ә.)                
________________________________________
(МО, қолы)               
20____ жылғы «___» _____________________

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасының бар
екені туралы
№____ растау

____________________________________________________________беру үшін
               (төлеушінің атауы/Т.А.Ә.)
ЖСН/БСН төлеушінің __________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
    (бенефициар мемлекеттік кірістер органының атауы)

БСН бенефициар мемлекеттік кірістер органының________________________
20___ жылғы «__»______№ _____ салыстыру актісінің қорытындысы бойынша

(теңге)

Р/с

Кедендік
төлемнің
және/немесе
салықтың атауы

Бюджетке төленді

Артық төленген сома

Төлем
құжаты
ның
күні,
нөмірі

Бюджеттік сыныптама коды (БСК

Төлем тағайындау коды

Сома

1

2

3

4

5

6

7

Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы мынадай себептер бойынша қалыптасты (тиісті ұяшықта (тарда) көрсетіңіз:
      - тауарларды еркін айналысқа шығарғаннан кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасының азаюы;
      - кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдарды аванспен төлеу;
      - басқа себептер.

Р/с

Белгіленген себеп

Себептердің сипаттамасы*

1

2

3







Мемлекеттік кірістер органының мемлекеттік көрсетілетін қызмет
бөлімшесінің басшысы ________________________________________________
                                    (Т.А.Ә. қолы)

      Ескертпе*

      *3-бағанды толтырған кезде артық төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қалыптасуының әрбір себебінің нақты сипаттамасын негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар төленген құжаттардың; негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) құжаттардың, негізге алынып бастапқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың деректемелерін көрсете отырып беру қажет.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 257 бұйрығына    
2-қосымша        

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және
өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 140-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждардың, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) қайтарылған сомалар – төлеушінің өтініші және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қазынашылығының аумақтық бөлімшесінен (бұдан әрі – қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі) берілген ақпарат бойынша мемлекеттік кірістер органы қайтарған бюджетке артық (қате) төленген баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасы;
      2) лауазымды адам – мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;
      3) есепке жазылған сомалар – Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес бюджетке төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомалары;
      4) мемлекеттік кірістер органдары – кеден ісі саласындағы уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық бөлімшелері (мемлекеттік кірістер департаменттері), кедендер, кеден бекеттері;
      5) азайтылған сомалар – мемлекеттік кірістер органы кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың болашақтағы сомаларын төлеу есебіне жатқызған, бұрын есептелген және бюджетке төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар;
      6) төленген сомалар – кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке нақты енгізілген аванстық сомалары.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

2. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алу қағаз тасымалдағышында және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.
      4. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары төлеушілердің жеке шоттарындағы (бұдан әрі – жеке шоттар) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп төленген) сомаларын есепке алуды жүргізудің дұрыстығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.
      5. Бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түсуін мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу:
      1) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке шоттарда;
      2) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жазуға (азайтуға) тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім );
      3) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қорытынды кітаптарда жүргізіледі.
      6. Жеке шоттардағы барлық жазбалар тауарға арналған декларациялар, тауарға арналған декларацияны түзету, кедендік кірістер ордерлерінің, төлем құжаттарының (екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) түбіртектері, электрондық терминалдардың чектері, төлем тапсырыстары) нысандары, оған қазынашылықтың аумақтық органдарының электрондық төлем құжаттары қоса берілген есептілік нысандары, Тізілімнің және бұл жазбалардың заңдылығын растайтын басқа құжаттардың негізінде уақтылы, хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.
      7. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінен есептіліктің нысандары мен төлем құжаттарын алған кезде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы:
      1) төлем құжаттарындағы деректемелердің қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің есептілік нысандарында көрсетілген деректемелерге сәйкестігін;
      2) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджеттік жіктеменің тиісті кодтарына есептеу және кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың төленген сомаларын бөлу дұрыстығын тексереді.

3. Төлеушілердің жеке шоттарын ашу

      8. Төлеуші үшін жеке шоттарды мемлекеттік кірістер органының мемлекеттік қызмет бөлімшелерінің лауазымды адамдары ашады.
      Резидент және резидент емес жеке адамдар үшін тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша кеден бекеттерінің лауазымды адамдарының жеке шоттар ашуына жол беріледі.
      9. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің мемлекеттік кірістер органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме болады. Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін мынадай деректемелер көрсетіледі:
      1) жеке басын растайтын құжаттың нөмірі мен күні;
      2) тегі, аты мен әкесінің аты (бар болған кезде);
      3) бюджеттік жіктеу коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды.
      10. Ашылған кезде заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер көрсетіледі:
      1) толық атауы;
      2) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
      3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
      4) кәсіпорындар мен ұйымдарды жалпы сыныптаушы коды;
      5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі.
      11. Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
      2) тегі, аты мен әкесінің аты (ол болған кезде);
      3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
      4) кәсіпорындар мен ұйымдарды жалпы сыныптаушы коды;
      5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі көрсетіледі.
      12. Қазақстан Республикасының резиденті емес және Қазақстан Республикасында есептік тіркеуі жоқ заңды және жеке тұлғалар төлейтін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алу бойынша деректер оның мүддесін білдіретін кеден өкілінің жеке шоттарында көрсетіледі.
      13. Резидент емес жеке тұлғалар декларант болған жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алу бойынша мәліметтер аталған тұлғалар үшін ашылатын жеке шоттарда жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде көрсетіледі.

4. Төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібі

      14. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке алынған және қайтарылғанды ескере отырып) сомаларын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.
      15. Мемлекеттік кірістер органының жеке шотты жүргізуі:
      жеке шотты ашуды;
      кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, азайтылған, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын кейіннен жеке шотта көрсетуді;
      жеке шотты жабуды қамтиды.
      16. Жеке шоттардағы кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомалары ұлттық валютада жүргізіледі.
      17. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған және кейінге қалдырылған (бөліп төленген) сомаларын жеке шоттар бойынша есепке алу әрбір төлеуші үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет түсімдерін жіктеудің тиісті коды (бұдан әрі – бюджеттік сыныптама коды) бойынша жеке жүргізіледі.
      18. Мемлекеттік кірістер органдарына бюджеттік сыныптама кодтары бойынша бюджетке түскен кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомалары бойынша күн сайынғы деректерді ұсынуды қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
      19. Мемлекеттік кірістер органының жеке шоттарындағы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың азайтылған, есепке жазылған сомалары, оларды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша жазбалар тауарға арналған декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, тауарға арналған декларацияны түзету және лауазымды адамдар кедендік ресімдеу үшін қабылдаған басқа қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар жоқ болса және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын есептеу, азайту (оның ішінде тексеру/камералды бақылау нәтижелері бойынша) кезінде аталған құжаттарды ресімдеуді жүргізбейтін мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелері жеке шоттарға мәліметтерді жазуды Тізілімнің негізінде жүзеге асырады.
      Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді мемлекеттік кірістер органы (кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, кеден бекеттер, аудит және берешектермен жұмыс бойынша) бөлімшелерінің лауазымды адамдары толтырады және мемлекеттік кірістер органының мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімшесіне жолдайды.
      Аудит бөлімшесі Тізілімді толтырады және Тексекру актісін берген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге жібереді.
      20. Тізілімді жасаған мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің лауазымды адамы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын есепке жазуды (азайтуды) жүзеге асыруға негіз болған құжаттармен қоса бірінші дананы мемлекеттік қызмет бөлімшесіне жібереді.
      21. Тізілімнің екінші данасы оны жасаған мемлекеттік кірістер органының құрылымдық бөлімшесінде сақталады.
      22. Ай сайын және тоқсан сайын жеке шот бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған, азайтылған, төленген, қайтарылған сомалары бойынша есепті ай, тоқсан үшін және өсу қорытындысымен бір жылға жалпы қорытынды шығарылады.

5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен
өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, азайтылған,
аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған
сомаларын кейіннен жеке шоттарда көрсету

      23. Жеке шоттардағы жазбалар соманы 1 теңгеге дейін дөңгелектеу арқылы жүргізіледі: сомасы 50 және одан көп тиын 1 теңге ретінде алынады, 50 тиыннан кем сома есепке алынбайды.
      24. Жеке шоттардағы өсімпұлды есепке жазуды төлеушілердің жеке шоттарын жүргізуге жауапты мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы жүргізеді.
      25. Берешек пайда болған кезде өсімпұлды есепке жазуды аудит және берешектермен жұмыс бойынша бөлімшелердің лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      26. Өсімпұлды есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
      П = (Н * Р / 100 * 2,5 * Д)/365, мұнда:
      П - есепке жазылған өсімпұл сомасы;
      Н - берешек сомасы;
      Р - қайта қаржыландыру ставкасы;
      Д - мерзімі өткен күндер саны.
      27. Бағдарламада өсімпұлды автоматты түрде есепке жазу көзделген жағдайда өсімпұлды қолмен есептеу режимінде есепке жазу талап етілмейді.
      28. Төлеушінің жеке шоттының «азайтылды» деген бағаны кейіннен азайтылған соманы кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне жатқыза отырып, мемлекеттік кірістер органының кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бұрын есепке жазылған және бюджетке төленген сомасын азайту бойынша операциялар жүргізуін көрсетеді. Бұл ретте бюджеттік сыныптаманың бір коды бойынша сомаларды төлемдер бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне есепке жатқызуды бюджеттік сыныптаманың осы коды бойынша мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді. Жеке шот бойынша азайтылған соманы кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне төлемнің түрін және бюджеттік сыныптама кодын өзгерте отырып жатқызуға тыйым салынады.
      29. Жеке шот бойынша соманы азайту:
      1) мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелері соманы азайтқан жағдайда Тізілім негізінде;
      2) мемлекеттік кірістер органы тауарға арналған декларация бойынша төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын азайту үшін кедендік тазалауға қабылдаған тауарға арналған декларацияны түзету негізінде;
      3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының тауарға арналған декларацияны кері қайтару туралы өтініші бойынша және төлеушінің жеке шотында деректерді көрсете отырып, кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың бұрын есептелген және төленген сомасын кері қайтару көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес жүргізіледі.
      30. Тізілімді тексеру және тауарға арналған декларацияны түзету актісі негізінде берген жағдайда жеке шотқа жазба енгізу үшін тауарға арналған декларацияны түзету нысаны басым құжат болып табылады.
      Тиісінше жеке шотта кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қайталама есептелуін/азайтылуын болдырмау мақсатында төлеушінің жеке шотының «есепке жазылды/азайтылды» деген бағанына кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың тауарға арналған декларацияны түзету нысаны бойынша есепке жазылған/азайтылған сомасы енгізіледі. Бұл ретте, бұрын жеке шоттың «есепке жазылды/азайтылды» деген бағанында көрсетілген сомалар тексеру актісі негізінде нөлдеуге жатады.
      31. Кедендік баждар мен қосылған құн салығын төлеу мерзіміне өзгерісті мемлекеттік кірістер органы төлеушінің жеке шотының «кейінге қалдырылды/бөліп төленді» деген бағанына енгізеді және:
      1) кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту туралы мемлекеттік кірістер органы қабылдаған шешім;
      2) қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі ақпарат;
      3) тауарға арналған декларация негізінде жүзеге асырылады.
      32. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке алуды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылау мақсатында мемлекеттік қызмет бөлімішілерінің лауазымды адамы ай сайын жеке шоттардағы операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексереді.
      33. Жеке шоттарды тексеру кезінде:
      1) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есепке жазылған немесе азайтылған сомасын төлеу мерзімі бойынша, оның ішінде Тізілім негізінде жеке шоттардағы жазбалардың уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы;
      2) бастапқы төлем құжаттары мен қазынашылықтың аумақтың бөлімшесінен нысандар негізінде кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдар мен өсімпұлдардың төленген, қайтарылған сомаларының жеке шоттардағы жазбаларының уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығы;
      3) кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну туралы құжаттар мен қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің нысандары негізінде кедендік төлемдер мен қосылған құн салығын төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) бойынша сомалардың жеке шоттардағы жазбаларының уақтылылығын, дұрыстығын, толықтығы;
      4) төлеушілердің бюджетпен есеп айырысуды жүргізуінің дұрыстығы;
      5) жеке шоттардың барлық бағандары бойы қорытынды жасаудың дұрыстығы;
      6) өсімпұлдың сомаларын есепке жазу мен көрсетудің дұрыстығы;
      7) кедендік төлемдерді, салықтар мен кедендік алымдарды төлеу мерзімін көрсетудің дұрыстығы тексеріледі.
      34. Жеке шоттардың барлығы тексеруге жатады.
      35. Мемлекеттік қызмет бөлімішілерінің лауазымды адамы жыл басынан бастап бюджетке түскен кедендік төлемдердің, салықтар мен кедендік алымдар мен өсімпұлдардың жеке шоттарда көрсетілген сомаларының тексеру күніне тиісті бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің деректеріне сәйкестігін тексереді.
      36. Мемлекеттік қызмет бөлімшілерінің басшысы жарты жылда бір рет есептеу туралы деректерді таратудың, сондай-ақ бюджетке түсімдер туралы құжаттардың және басқа жеке шоттардағы және жиынтық қорытынды кітаптарындағы жазбалардың уақтылығына, дұрыстығына, толықтығына іріктеп тексеру жүргізеді.
      37. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, азайтылған, аударылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын жеке шотта көрсетуді есепке алу мақсатында мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы төленушінің жазбаша өтініші бойынша жылына бір рет кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін жасай отырып, жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған жағдайда төлеуші он жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік кірістер органына мынадай құжаттардың:
      1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомасын төлеуді растайтын төлем құжатының;
      2) тауарға арналған декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, тауарға арналған декларацияны түзетулер және олар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар есептелген және төленген кедендік ресімдеу үшін қажетті өзге құжаттардың;
      3) кедендік алымдарды төлеу тауарға арналған декларацияны берместен жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген өзге құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
      Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, екіншісі төлеушіге беріледі.

6. Төлеушілердің жеке шоттарын жабу

      38. Жеке шоттарды жабу төлеушінің өтініші бойынша жүргізіледі:
      39. Төлеушінің жеке шоты бойынша қалдық болған жағдайда салыстыру актісі жасала отырып, кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есеп айырысуды салыстыру және бюджеттен кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларының бар екенін растауды беру жүргізіледі.
      40. Жеке шоттар жабылғаннан кейін төлеушінің өтініші бойынша жеке шотта кез келген операциялардың жазбасы жүргізілмейді.
      41. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары төленген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін жеке шоттардан есептен шығарылады.
      42. Бес жыл (қоса алғанда) өткеннен кейін кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару үшін мемлекеттік кірістер органында мемлекеттік кірістер органы басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағалығына мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады.
      Кедендік төлемдердің, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару екі данада ресімделетін және комиссия төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығару актісін мемлекеттік кірістер органының басшысы бекітеді.
      Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарында:
      біріншісі – мемлекеттік қызмет бөлімшілерінде;
      екіншісі – мұрағатта сақталады.
      43. Кодекстің 132172-баптарының нормалары мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен байланысты қалыптасқан кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды.
      Берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешім қабылдау үшін:
      1) ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарату;
      2) банкрот деп тану;
      3) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе соттың қайтыс болды деп жариялауы;
      4) мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша бес жылды құрайтын талап қою мерзімінің өтуі негіздеме болып табылады.
      44. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың берешегін өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімді алдында берешегі бар мемлекеттік кірістер органы қабылдайды.
      Берешек қалыптасқан күннен бастап бес жыл (қоса алғанда) ішінде өтелмеген берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану үшін мемлекеттік кірістер органында мемлекеттік кірістер органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы болып мемлекеттік кірістер органының басшысы не оны алмастыратын адам тағайындалады.
      Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептен шығару үш данада ресімделетін және комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептен шығару актісін мемлекеттік кірістер органының басшысы бекітеді.
      Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органында:
      біріншісі – мемлекеттік қызмет бөлімшілерінде;
      екіншісі – берешектермен жұмыс бөлімшілерінде;
      үшіншісі – мұрағатта сақталады.

Кедендік баждардың, салықтардың, 
кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу
қағидасына 1-қосымша         
Нысан

Кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын есепке жазуға (азайтуға) тізілім

Р/с

Төлеушінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі /Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)

Төлем (салық) түрі

Бюджет кірістері сыныптамасының коды

Тауарлар декларациясы және басқа құжаттар бойынша есепке жазуға (азайтуға) (+, -)

құжат

төлеу мерзімі

төлем (салық) сомасы

өсімпұл сомасы

түрі

нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Итого










Тізілімді: _________________________________________________ тапсырды
(кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, кедендік бекеттер, аудит және
берешектермен жұмыс жүргізу және т.б. бөлімшілерінің қызметкерінің
                   Т.А.Ә., лауазымы мен қолы)

Тізілімді: ________________________ қабылдап алды және жеке шоттарға
(мемлекеттік кірістер бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен қолы)
тарату жүргізді.

Кедендік баждардың, салықтардың,  
      кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
      бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ
      төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу 
      қағидасына 2-қосымша         
      
      Нысан

Жиынтық қорытындылар кітабы

Жазба

Төлеушінің атауы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

1

2

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1











2











3












Жиыны қаңтарда










1











2











3












Жиыны ақпанда










1











2











3












және т.б.











Жиыны қаржы кезеңінде










кестенің жалғасы:

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Төлемнің/салықтың түрі мен коды

Барлығы жеке шоттар бойынша

Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -)

Кіріс

Шығыс

Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы (+, -)

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24





















































































Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 257 бұйрығына    
3-қосымша        
Нысан

________________________________________________ бойынша
(төлемнің (немесе салықтың) атауы және коды)      
      жеке шот

Төлеушінің атауы (немесе жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә.)_________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі______________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған
жағдайда) __________________________________________________________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының коды_______________
Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды____________________
Қосымша құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің сериясы мен
нөмірі және қосылған құн салығы бойынша есепке тұру күні ___________

Р/с

Жазба күні

Құжат үлгісі

Құжаттың №

Құжаттың күні

Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -)

Төленді

Есепке жазылды

Азайтылды

Қайтару/кейінге қалдыру

Операция соңындағы төлем/салық сальдосы

Өсімпұлдан сальдо

Негізгі төлемдер есепке жазылды

Есепке жатқызу әдісімен ҚҚС есепке жазылды

Өсімпұл есепке жазылды

Негізгі төлемді есепке жазу азайтылды

Өсімпұлды есепке жазу азайтылды

Қайтарылды

Кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


















Итого















Қорытындылар: _______________________________________________ төленді
________________________________________ негізгі төлем есепке жазылды
______________________________________________ өсімпұл есепке жазылды
_______________________________ негізгі төлемді есепке жазу азайтылды
_____________________________________ өсімпұлды есепке жазу азайтылды
________________________________________________ бюджеттен қайтарылды
_____________________ төлемдер кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді
____ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер есепке жазылды
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер өтелген жоқ
________________________________________ төлеушінің СТН
_______________ төлеушінің ЖСН/БСН (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 257 бұйрығына    
4-қосымша        
Нысан

Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар
бойынша салыстыру актісі

      Мемлекеттік кірістер бөлімінің қызметкері ____ және төлеуші____
20___ ж. «__» ___-дан 20__ж. «__» _____ аралығындағы кезең үшін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептеулерді салыстыру жүргізді.


Кезең басындағы сальдо (бересі -, артық төлеу+)

Есепке жазылды

Азайтылды

Төленді

Қайтарылды

Кезең соныңдағы сальдо (бересі -, артық төлеу +)

Кедендік төлем немесе салық

өсімпұл

Кедендік төлем немесе салық

өсімпұл

Кедендік төлем немесе салық

өсімпұл

Кедендік төлем немесе салық

өсімпұл

Кедендік төлем немесе салық

өсімпұл

Кедендік төлем немесе салық

өсімпұл

Кедендік төлемнің немесе салықтың атауы мен коды

Мемлекеттік кірістер органының деректері бойынша

























Төлеушінің деректері бойынша

























Алшақтықтар (+, -)

























Кедендік төлемнің немесе салықтың атауы мен коды

Мемлекеттік кірістер органының деректері бойынша

























Төлеушінің деректері бойынша

























Алшақтықтар (+, -)

























және т.б.














ЖИЫНЫ:













Салыстыру актісі жасалған күн 20__ж. «__» ________
Салыстыру актісінің Мемлекеттік кірістер органында тіркелген күні жіне нөмірі 20__ж. «__» ___ №______

      Мемлекеттік кірістер бөлімшілерінің басшысы: __________________
                                                       (қолы)

      Төлеуші: ___________________
                     (қолы)