Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10957 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 265) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтын 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 248 бұйрығымен
бекітілген

Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысы 15-тармағының 265) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) коммерциялық электр энергиясын есепке алу кешені – деректері бойынша электр энергиясы нарығында өзара есеп айырысулар жүргізілетін электр энергиясын есепке алу кешені;

      2) техникалық электр энергиясын есепке алу кешені – деректері бойынша субъектінің жеке энергия объектілерімен және электр қондырғыларымен электр энергиясын тұтынуының бақылауы жүргізілетін электр энергиясын есепке алу кешені;

      3) электр энергиясын есепке алу кешені (бұдан әрі – ЭЕК) – өлшеу құралдарының: токты өлшеу трансформаторының, кернеуді өлшеу трансформаторы мен электр энергиясын өлшеуге арналған электр энергиясын есепке алу аспаптарының жиынтығы;

      4) электр энергиясының теңгерімсіздігі – энергия объектісінде шағын станцияның шинасынан қабылданған және жіберілген электр энергиясының арасындағы айырмашылық ретінде айқындалатын мөлшер;

      5) ЭКЕАЖ-дың деректер базасы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын есепке алудың кешендерінен алынған ақпаратты өңдеуге, мұрағаттауға арналған бағдарламалық-техникалық кешен құрылғыларының жиынтығы;

      6) ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары – жүйенің техникалық, функционалдық және метрологиялық сипаттамаларының техникалық тапсырманың және жобалар шешімдерінің талаптарының сәйкестігіне тексеру бойынша іс-шаралар мен жұмыстар кешені.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 № 471 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2024 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. ЭКЕАЖ электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші сауда нарығында өзара есеп айырысу үшін есептік кезеңде, әрі электр энергиясын өндіруде және тұтынуда оның сағаттық деректерін қалыптастыру кезінде электр энергиясын есепке алу бойынша сенімді және заңды деректерді алуға арналған негізгі құрал болып табылады. Субъектілерде ЭКЕАЖ-ның болуы Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қол жеткізуі үшін шарт болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 № 471 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ЭКЕАЖ-ды құру үшін субъектілер субъектінің ЭКЕАЖ-ын Жүйелік оператордың біріктірілген ЭКЕАЖ-на қосуға арналған техникалық шарттарды алуға жалғаным атауын, әрбір ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралдарының техникалық және метрологиялық сипаттамаларын көрсете отырып, электр энергиясын беру/тұтынудың бір сызықтық электр схемасының қосымшасы, субъектінің энергия объектілерінде орналасқан ЭЕК тізбесі бар жазбаша еркін нысанда өтініштерін береді.

      Электр энергиясын өңдіру, беру және тұтыну кезінде оны есепке алу бойынша бірыңғай техникалық саясатын жүзеге асыру мақсатында және Заңның 10-бабы 1-тармағының 10) тармақшасын орындау үшін ЭҚЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарының жобалауға техникалық тапсырмасы, техникалық жобасы және бағдарламасы Жүйелік оператормен келісіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 № 471 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жүйелік оператор субъектілерден өтініштерді алған соң субъектінің ЭКЕАЖ бірегей 18-дәрежелі сәйкестендіру нөмірі берілетін субъектінің ЭКЕАЖ-ын біріктірілген ЭКЕАЖ-ға қосуға техникалық шарттарды отыз жұмыс күні ішінде береді.

      Техникалық шарттарды субъектілерге беру мына жағдайда жүзеге асырылады:

      субъектінің ЭКЕАЖ-ын біріктірілген ЭКЕАЖ-ға қосуға техникалық шарттарды беру үшін ұсынылған деректердің жеткіліктігі;

      Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ-на біріктіру үшін техникалық мүмкіндіктің болуы.

      Техникалық шарттардың қолданыс мерзімі үш жыл.

      Техникалық шарттардың қолданыс мерзімі субъектілердің олардың қолданыс мерзімі біткенге дейін берген өтініштері бойынша ұзартылады.

      Техникалық шарттарды бергені үшін төлем алынбайды.

      6. Техникалық шарттарды алған жағдайда субъектілер ЭКЕАЖ-ны жобалауға техникалық тапсырмаларды әзірлейді.

      7. Субъектілер ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырманы Жүйелік операторға келісуге жібереді.

      8. Жүйелік оператор он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭКЕАЖ-ын жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды олардың ЭКЕАЖ-ын құруға берген техникалық шарттарына және осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін қарайды және келіседі.

      9. ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырмалардың техникалық шарттар мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде Жүйелік оператор он бес жұмыс күнi iшiнде субъектілерге келісуден жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

      10. ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды қайта қарауды Жүйелік оператор субъектілердің дәлелді бас тартуда көрсетілген техникалық тапсырманың ескертулерін жойғаннан кейін жүргізеді.

      11. Жүйелік оператор ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды келіскен жағдайда субъектілер ЭКЕАЖ жобаларын әзірлеуге жобалау ұйымдарына өтініш жасайды.

      12. Жобалар орындалғаннан кейін субъектілер ЭКЕАЖ-дың жобасын Жүйелік оператормен келіседі. Жобаларды келісу субъектілер өтініш жасағаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырлады.

      13. ЭКЕАЖ жобаларының ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырмасына сәйкес келмеген кезде Жүйелік оператор күнтізбелік отыз күн iшiнде субъектілерге келісуден жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.

      14. ЭКЕАЖ жобаларын қайта қарауды Жүйелік оператор субъектілердің дәлелді бас тарту хатында қөрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін жүргізеді.

      15. Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ жобаларына келісім берген жағдайда субъектілер құрастыру және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізеді.

      16. ЭКЕАЖ құрамына кіретін коммерциялық ЭЕК өлшеу құралдарын салыстырып тексеру "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Электр энергиясын есепке алу үшін түрлері Қазақстан Республикасы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгізілген және тексеруден өткені туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшеу құралдары пайдаланылады.

      18. Коммерциялық ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру субъектілерге – ЭКЕАЖ иесіне жүктеледі.

      19. Коммерциялық ЭЕК техникалық ерекшеліктері мен жалғау схемалары электр энергиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      20. Жобалауға, құрастыруға, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, ЭЕК-тің құрамына кіретін өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамаларын жаңартуға арналған шығындарды, сондай-ақ байланыс арналары мен Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ деректеріне қол жеткізуге арналған шығындарды субъектілер көтереді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Субъектілер ЭКЕАЖ-ның тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары жүйенің барлық құрам бөліктерінің жұмыс қабілетін, жүйенің функционалдық техникалық сипаттамаларын, электр энергиясын есепке алу жөніндегі деректерді субъектінің электр энергиясы санауыштарынан Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ деректер базасына жеткізу дұрыстығын тексеру, сондай-ақ анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді жою үшін жүргізіледі.

      22. ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары Жүйелік оператормен келісілген, субъектінің техникалық басшысымен бекітілген тәжірибелік сынақтар бағдарламасымен сәйкес жүйенің иесімен жүргізіледі. Егер жүйенің жұмысында ескертулер болса, ЭКЕАЖ тәжірибелік қабылдауға ескертулерді жою үшін қабылданады. Олар жойылғаннан кейін жүйе өнеркәсіптік пайдалануға қабылданады.

4-тарау. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. ЭКЕАЖ-ды өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау субъектілердің ЭКЕАЖ-ы көмегімен электр энергиясын есепке алу жөніндегі біртұтас техникалық саясатты жүзеге асыру және оны Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығының біртұтас ЭКЕАЖ-на біріктіру, сондай-ақ субъектілер ЭКЕАЖ-ның электр энергетикасы саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      24. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар аяқталғаннан кейін ЭКЕАЖ субъектісі Жүйелік операторға, көршілес субъектілерге ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар нәтижелерін талдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу үшін шақыру хаттарын жібереді.

      25. Субъектілердің ЭКЕАЖ-ын өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауды субъектінің бірінші немесе техникалық басшысымен бекітілген комиссия жүзеге асырады, оның құрамына:

      1) электр желілеріне субъектілер технологиялық тұрғыдан жалғанған электр желілік ұйымдардың;

      2) субъектілермен ортақ теңгерімдік тиесілігі бар электр энергиясы көтерме сауда нарығындағы шектес қатысушылардың;

      3) бас мердігерлік, мердігерлік, жобалау ұйымының;

      4) Жүйелік оператордың;

      5) субъектілердің қарауына қарай өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.

      26. Жүйелік оператор және бір бірімен байланысты субъектілер он жұмыс күні ішінде мерзімдерді келіседі және өз өкілдерін комиссияның жұмысына қатысу үшін жібереді.

      27. Субъектілер комиссияға қарастыру үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ЭКЕАЖ-ды Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ-ына қосуға арналған техникалық шарттар;

      2) Жүйелік оператормен келісілген ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырма;

      3) Жүйелік оператормен келісілген ЭКЕАЖ-дың жобасы;

      4) ЭКЕАЖ-ға арналған жұмыс құжаттамасы;

      5) ЭКЕАЖ-ға арналған пайдалану құжаттамасы, келесіні қосатын: деректерді жинау, жеткізу, сақтау және бейнелеу құрылғыларына арналған техникалық сипаттамалар мен нұсқаулықтар, ЭКЕАЖ-ды пайдалану басшылығы, ЭКЕАЖ жүйелік әкімшісінің басшылығы;

      6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес ЭЕК құрамына кіретін өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттардың көшірмелері;

      7) ЭЕК-ті куәландыру актілері;

      8) ЭКЕАЖ-ды жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған лицензиялық шарт көшірмесі;

      9) тәжірибелік пайдалануды өткізу жөніндегі ұйымдық-өкімдік құжаттардың: ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар бағдарламасының, ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарынын актісінің, ЭКЕАЖ-дың құрамдас бөліктерін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар хаттамаларының көшірмелері;

      28. ЭКЕАЖ-ға құжаттарды қарастыру кезінде комиссия мыналарды жүзеге асырады:

      1) құжаттардың Қағидалардың 27-тармағының талаптарына сәйкестігіне толықтығын тексеру;

      2) техникалық тапсырманың "Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйені құруға арналған техникалық тапсырма" 34.015 ҚР СТ, ЭКЕАЖ-ды құруға арналған техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау;

      3) ЭКЕАЖ жобасының ЭКЕАЖ-ды жобалауға арналған техникалық тапсырма талаптарына сәйкестігін бағалау;

      4) жұмыс құжатамасының ЭКЕАЖ жобасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      5) автоматтандырылған жүйеге арналған пайдалану құжаттамасы құжаттарының (бөлімдердің) техникалық тапсырма мен жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде "Пайдаланушы басшылығы" бағалауын "Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдаланушы басшылығы. Құрамына, мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар" 1087 ҚР СТ талаптарына бағалау;

      6) ЭКЕАЖ жобасын іске асырған кейінгі атқарушы құжаттама;

      7) жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету сипаттамаларын техникалық тапсырма мен ЭКЕАЖ жобасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      8) тәжірибелік пайдалануды жүргізу жөніндегі ұйымдық-өкімдік құжаттардың БҚ 50-34.698-90 "Стандарттау бойынша басшылық құжат. Әдістемелік нұсқаулар. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар мен басшылық құжаттар кешені. Автоматтандырылған жүйелер. Құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар" шарттарына сәйкестігін талдау;

      9) ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар және тәжірибе тұрғысынан пайдалану нәтижелерін талдау.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Комиссиямен құжаттардың қарастыру нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      30. Ескертулер болған жағдайда субъектілер хаттамада көрсетілген кемшіліктерді жояды және Жүйелік операторға өнеркәсіптік пайдалануға қайтадан қабылдау жүргізуге әзірлігі туралы хабарлайды.

      31. Ескертулер болмаған кезде комиссия ЭКЕАЖ-ды өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы актіні (одан әрі – Акті) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.

      32. Жүйелік оператор Жүйелік оператормен жүргізілетіен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) Актіні тіркейді.

      Акті ЭКЕАЖ-дың ішкі коммерциялық есеп айырысулар ретінде, сонымен бірге көтерме сауда нарығындағы есеп айырысулар үшін пайдалану әзірлігін растайды.

      Акті екі данада ресімделеді, олардың бірі субъектіге, екінші данасы Тізілім ісіне жіберіледі.

      33. Субъектілер ЭКЕАЖ-ды өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін әрбір бес жылда Жүйелік операторға жүйенің жұмыс қабілетін растайтын мынадай құжаттарды қамтитын хат ұсынады:

      1) электр энергиясын есепке алудың "коммерциялық" немесе "техникалық" мәртебесі көрсетілген сәйкестендеру кодтарымен бірге есепке алу кешендерінің тізбесі;

      2) сертификаттардың ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексерудің қолданыстағы мерзімдерімен бірге көшірмелері;

      3) ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралдарын ауыстыру актілерінің көшірмелері;

      4) кешендерден Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ деректер базасына дейінгі актілердің көшірмелері;

      5) ЭКЕАЖ-ды пайдалану және метрологиялық қамтамасыз ету үшін жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері, байланыс телефондарының нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары.

      34. Жүйелік оператор күнтізбелік он бес күндік мерзімде біріктірілген автоматтандырылған жүйенің әкімшісімен бірлесе отырып, Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.

      35. Ескертулер болған кезде субъектілер кемшіліктерді жояды және Жүйелік операторға қайтадан тексеру жүргізуге әзір екендіктері туралы хабарлайды.

      36. Құжаттарды тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда Жүйелік оператор біріктірілген автоматтандырылған жүйесінің әкімшісімен бірлесе отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭКЕАЖ-ды қайта тіркеу туралы актіні ресімдейді және тиісті өзгерістерді коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізеді.

5-тарау. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Жүйелік оператор Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикасы жүйесінің ЭКЕАЖ деректер базасын жаңалауды, оған түзету енгізу мен басқаруды, деректерді басқаруды, өңдеуді, оған түзету енгізу мен сақтауды орындау кезінде олардың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қолдауды жүзеге асырады.

      38. Жүйелік оператор ЭКЕАЖ-ының орталық деректер базасында субъектілердің ЭКЕАЖ-ы туралы мынадай ақпарат қамтылған:

      1) ЭКЕАЖ иесі;

      2) дәл географиялық орналасқан орны;

      3) ЭКЕАЖ-ды пайдалануға жауапты адамдардың байланыс деректері;

      4) есепке алу нүктелерінің сәйкестендірілген кодтары;

      5) өлшеу құралдарын шығарушы, түрі, моделі, сериялық нөмірі, шығарылған жылы мен дәлдік сыныбы;

      6) техникалық және метрологиялық сипаттамаларға қатысты деректер;

      7) салыстырып тексеру сертификаттарын, тестілеу хаттамалары мен датаны қоса алғанда, сынауларға, пайдалануға іске қосуға қатысты ақпарат;

      8) құрылғыларды алмастыру бағдарламасы;

      9) салыстырып тексеру және тестілеу, жөндеуді жүзеге асыру графиктері мен салыстырып тексеру сертификаттары. Объектіні соңғы бақылаудан өткізген күн, ЭЕК құрамдас бөліктерін тестілеуден өткізген соңғы күн және ЭЕК құрамдас бөліктерін салыстырып тексеруден өткізген соңғы күн;

      10) коммерциялық есепке алу деректерін алмасу үшін мекенжайы мен паролі;

      11) жабдықтың түрі, техникалық ерешеліктері, интерфейсі мен байланыс хаттамасы енгізілген байланысты қамтамасыз етуге қатысты ақпарат;

      12) пайдаланушылар және олардың қолжетімділігі туралы ақпарат;

      13) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ақпарат қорғалған орында сақталады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Жүйелік оператор Тізілімде әрбір жүйеге бірегей тіркеу нөмірін береді.

      40. Субъектілер Жүйелік операторға мынадай жағдайларда ЭЕК бойынша ақпарат ұсынады:

      1) ЭКЕАЖ-ды жұмысқа қосу кезінде;

      2) жаңа коммерциялық ЭЕК орнату кезінде;

      3) коммерциялық ЭЕК-ге қандай да болмасын өзгерістер енгізу кезінде.

      41. Жүйелік оператор тұрақты түрде субъектілердің ЭКЕАЖ-ның жұмыс істеу мониторингісін мынадай жолмен жүргізеді:

      деректерді субъектілердің ЭКЕАЖ деректер базасынан Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ орталық деректер базасына берілуін тексеру;

      субъектілердің ЭКЕАЖ деректер базасы әкімшілерінің электрондық пошта бойынша сұратуы;

      субъектілердің ЭКЕАЖ-ның жұмыс істеуі туралы сұратулары.

      42. ЭКЕАЖ-дың құрамына кіретін әрбір қосылу үшін өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру мақсатында он бес минутқа тең әрбір уақыт кезеңі үшін электр энергиясының мынадай өлшемдері орындалады:

      1) активті энергияның импорты (қабылдау), кВт.с;

      2) активті энергияның экспорты (қайтарым), кВт.с;

      3) реактивті энергияның импорты (қабылдау), кВАр.с;

      4) реактивті энергияның экспорты (қайтарым), кВАр.с;

      мұндағы:

      электр энергиясының экспорты/қайтарымы – энергия объектісінің шиналарынан аралас энергия объектісінің шиналарына электр жеткізу желілері арқылы ауыстырылатын электр энергиясы (электр энергиясын беретін энергия объектісі үшін "минус" белгісімен қабылданады);

      электр энергиясының импорты/қабылдау – аралас энергия объектісінің шиналарынан энергия объектісінің шиналарына электр жеткізу желілері арқылы ауыстырылған электр энергиясы (электр энергиясын қабылдайтын энергия объектісі үшін "плюс" белгісімен қабылданады).

      төрт квадрант бойынша реактивті электр энергиясы (Q1 – Q4). Төменгі кернеулі желілер үшін ұсынылған өлшем талап етілмейді.

      43. Коммерциялық есепке алу деректері ЭКЕАЖ деректері базасында сақталады. Коммерциялық есепке алу деректері өзара есеп айырысулар үшін қолданылатын барлық өлшенген, есептелген және сақталған мәндерден тұрады.

      44. Коммерциялық есепке алу деректеріне:

      1) ЭЕК-ден алынған активті және реактивті энергияның мәндері;

      2) Жүйелік оператор орындайтын бастапқы деректер негізіне есептелген мәндер;

      3) деректер болмаған немесе қате деректер болған жағдайда есептелген, түзету енгізілген деректер кіреді.

      45. Коммерциялық есепке алу деректері олардың қауіпсіздігі мен құпиялылығы қамтамасыз етіле отырып жиналады, әкімшілік өңдеуден өткізіледі және ЭКЕАЖ деректер базасында алынған кезден бері үш жыл мерзімде сақталады. Бұдан кейінгі үш жылдың ішінде мұрағат пішіміне жылдам кіруі қамтамасыз етіледі.

      46. Жүйелік оператор деректерді беру хаттамасын пайдалана отырып, деректерді өзара алмасу жолымен коммерциялық есепке алу деректерін жинауды жүзеге асырады, өзара есеп айырысу мақсаты үшін, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың оларды болашақта пайдалануы үшін субъектілер ЭКЕАЖ-ның біріктірілген деректері базасында қауіпсіздігін, құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз етеді.

      47. Субъектілер ЭЕК нақты нүктесін тараптардың теңгерімдік шекарасына неғұрлым жақын орнатады.

      48. Күштік трансформатордың жоғары кернеуі жағына коммерциялық ЭЕК орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда трансформатордың жоғары кернеуіне сәйкес келетін дәлдік сыныбы бар төменгі кернеуі жағына орнатылады.

      Осындай ЭЕК-ті пайдаланатын субъектілер жабдықтарды қайта жаңарту кезінде жоғары кернеуі жағына оларды көшіруді қарастырады. ЭЕК-тың техникалық және метрологиялық мінездемелері Жүйелік операторға ұсынылады.

      49. ЭКЕАЖ құрауыштардың барлық өзгерістері Жүйелік оператормен келісіледі және өзгерту жөніндегі жұмыстар аяқталған соң солар бойынша деректер Жүйелік операторға ұсынылады.

      50. Субъектілер Жүйелік операторға ЭЕК паспорт-хаттамаларының көшірмелерін, кернеу трансформаторларының, ток трансформаторлары мен электр энергиясын есепке алу аспаптарын тексеру туралы қолданыстағы сертификаттарды ұсынады.

      51. ЭКЕАЖ метрологиялық қамтамасыз ету Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңның, ЭЕК құрамына кіретін өлшем құралдарына жататын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) Өлшем құралдарына салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысаны талаптарын орындауға негізделеді.

      ЭЕК-ның нақты метрологиялық сипаттамаларын анықтау үшін "ГСИ РК. Электр энергиясын өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар", 2.121 ҚР СТ, "ГСИ РК. Электр қуатын өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар" 2.120 СТ, "ГСИ РК. Энергообъектілерде электр энергиясы мен қуатының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалана отырып электр энергиясы мен қуатты өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар" 2.122 ҚР СТ стандарттарына сәйкес әзірленген нұсқамалар бойынша электр режимінің шынайы жағдайларындағы ЭЕК-нің нақты қателерін анықтау жөніндегі тәжірибелік зерттеулер жүргізіледі.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Бірыңғай уақыт жүйесін қамтамасыз ету мақсатында ЭКЕАЖ хронометражына коммерциялық есепке алу аспаптарын қоса алғанда, мынадай талаптар қойылады:

      1) уақыты әмбебап үйлестірілген уақыттан (UTC) бір сағат алға орташа еуропалық уақытқа (CET) сәйкес белгіленеді. Жазғы уақытқа көшуге жол берілмейді;

      2) есептеу кезеңі орташа еуропалық уақытқа сәйкес 00:00:00 сағат уақытынан басталатын есептеу нүктесіне байланысты болады;

      3) ЭКЕАЖ деректер базасын үйлестіру эталондық уақыт сигналы мен жиілікті (GPS, ГЛОНАСС, Galileo) немесе Қазақстан Республикасында уақыт пен жиіліктің мемлекеттік эталонынан алынатын үйлестірілген радиосигналды беру жүйесінің біріктірілген қабылдағышы арқылы ғана жүргізіледі. Коммерциялық есепке алу деректерін жинаудың әрбір циклы санауыштың және деректерді жинау мен беру құрылғысының өз уақытын тексереді және қажетті енгізуге ұшырайды;

      4) электр энергиясын есепке алу аспабы мен деректерді жинау және беру құрылғыларын үйлестіру коммерциялық есепке алу деректерін жинау бөлігі ретінде үйлестірілетін эталондық сигнал беру жолымен жүргізіледі. Бұл үйлестірілетін эталондық сигнал коммерциялық есепке алу деректерін әрбір жинау кезінде автоматты түрде беріледі;

      5) әрбір электр энергиясын есепке алу аспабы мен деректерді жинау және беру құрылғысы бойынша хронометраж арқылы жіберілетін қателіктің жалпы шегі деректерді жинаудың әрбір кезеңі ішінде болуы ықтимал үйлестіру іркілістерін ескере отырып, 0,1% шегінде болады. Коммерциялық есепке алу деректері ±1 секунд дәлдік шегінде белгіленеді;

      6) әрбір есептеу кезеңінің басталуы ±1 секунд шегінде болады;

      7) әрбір есептеу кезеңінің ұзақтығы осы кезеңде болатын үйлестіру уақытын қоспағанда, ± 0,1% дәлдік шегінде болады;

      8) хронометраж бойынша жіберілетін қателіктің жалпы шегі ұзақтығы он күндік кезеңде санауыштан және/немесе деректерді жинау мен беру құрылғысындағы коммуникациялау іркілістерін ескере отырып, мынадай параметрлерге сәйкес келеді:

      ± 10 секунд шегінде әрбір сұрату кезеңінің аяқталуына қатысты;

      үйлестіру уақыты сұрату кезеңіне тура келген жағдайларды қоспағанда, ± 0,1 % шегінде әрбір сұрау кезеңінің ұзақтығына қатысты.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. ЭКЕАЖ-да бірнеше еселік он бес минут бойынша деректерді жинау интервалын таңдау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар қарастырылған.

      54. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу деректері әрбір он бес минут сайын деректерді жинау мен беру құрылғысына беріледі. Ақпаратты беруде іркілістер болған жағдайда бір мезгілде бірнеше он бес минуттық интервал үшін деректерді жинау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

      55. Деректерді жинау мен беру құрылғысы үшін және онымен байланысты байланыстың кіші жүйелерінің құрамдас бөліктері үздіксіз энергиялық жабдықтау көзімен немесе кепілді қоректендіру құрылғысымен қамтамасыз етіледі.

      56. Энергиямен жабдықтау тоқтатылған немесе заңсыз кіру әрекеттері болған жағдайда деректерді жинау мен беру құрылғысы ЭКЕАЖ-дың жоғары тұрған деңгейіне авариялық шығу сигналын береді.

      57. Төменде көрсетілген жағдайлардың әрқайсысы үшін бақылау құралдары қамтамасыз етіледі:

      1) электр энергиясын есепке алу аспабы мен деректерді жинау және беру құрылғысының жұмысындағы қателер;

      2) электрмен жабдықтаудың болуы немесе болмауы;

      3) жадты тексеру;

      4) кернеу трансформаторы тізбектерінің ақаулылығы;

      5) электр энергиясын есепке алу аспабы мен деректерді жинау және беру құрылғысын бақылау құралдарын сұрату командасына кіру.

      58. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар туралы ақпарат Жүйелік операторға оқиғалар туралы авариялық сигнал көмегімен беріледі. Авариялық сигнал оқиғаларды, орналасқан орны мен бастама көтерген уақытын топтастыру арқылы олар бір мәнге сәйкестендіріледі.

      59. Өлшеп алынған коммерциялық есепке алу деректерін Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ-ның деректер базасына беру интервалы электр энергиясы көтерме сауда нарығының калыпты жұмыс істеуі үшін Жүйелік оператормен келісіледі және он екі жұмыс сағатынан аспайды.

      60. ЭКЕАЖ кешенінің құрамына кіретін өлшеу құралдарының біреуі істен шыққан жағдайда субъекті мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) құрамы кемінде үш адамнан, басқа мүдделі субъектілердің өкілдерін қоса алғанда, комиссияны құрады;

      2) ақаулы өлшеу құралын алмастырады (өлшеу құралының түрі – істен шыққанға ұқсас);

      3) өлшеу құралын орнату дұрыстығын тексереді;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралдарын олар істен шыққан кезде алмастыру актісін жасайды.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Актінің бір данасы Жүйелік операторға Тізілімге өзгерістер енгізу үшін жіберіледі, екінші данасы субъектіде сақталады.

      62. Өнеркәсіптік пайдалану кезінде ЭКЕАЖ иесі Жүйелік оператормен келісім бойынша мынадай мақсаттарда жүйені тестілеу рәсімдерін жүзеге асырады:

      1) санауыштардың көрсеткіштері мен ЭКЕАЖ деректер базасында сақталған тиісті ақпараттың айырмашылығын анықтау. Уақыттың есептік аралығында санауыштардың көрсеткіштері мен ЭКЕАЖ деректер базасының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық 0,1 %-дан аспайды. Егер айырмашылық бұл көлемнен асатын болса, акт жасалып, ЭКЕАЖ ақаулығын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді;

      2) коммерциялық ЭЕК және онымен байланысты жабдықтардың, атап айтқанда, салыстырып тексеруші таңбаларды зақымдануы немесе оларды қылмыстық пайдалану жағдайының болмауы.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Тестілеу кезінде анықталған барлық кемшіліктер Жүйелік операторға тексеру жүргізу үшін беріледі.

      64. ЭКЕАЖ-да электр энергиясының рұқсат етілген шамадан көп теңгерімсіздігі анықталған жағдайда, Жүйелік оператор мынадай рәсімдерді бастайды:

      1) жиырма төрт сағат ішінде желіні пайдаланушыны, электр желілік компанияны және коммерциялық есепке алатын ұйымды хабардар етеді;

      2) қажет болған жағдайда коммерциялық есепке алу санауыштарының көрсеткіштерін жинау туралы өкім береді;

      3) жауапты кәсіпорынға сәйкесінше тексеру және проблемаларды жою туралы өкім береді.

      65. Электр энергиясының теңгерімсіздігінің көлемі рұқсат етілген көлемнен артқан және себептерді анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, теңгерімсіздік ЭЕК-ті соңғы сәтті тексеру уақыты мен электр энергиясының теңгерімсіздігін анықтау уақыты арасындағы кезеңде болды деп қабылданады.

      66. Бүкіл коммерциялық есепке алу кешенінде немесе оның бөліктерінде авария болған жағдайда, жүйелік оператор жиырма төрт сағат ішінде желіні пайдаланушыны, коммерциялық есепке алуды жүргізетін ұйымды хабардар етеді. Бұдан кейін субъекті бұзылысты жойып, кешенді мынадай уақыт кезеңдері аралығында пайдалануға дайындайды:

      1) өзара есеп айырысуларды қамтыған авриялар, коммерциялық есепке алу кешені тағы да бес күн ішінде пайдалануға дайын;

      2) өзара есеп айырысуларды қамтымаған авариялар (мысалы, байланыс желілерінің авариясы), коммерциялық есепке алу кешені тағы да он бес күн ішінде пайдалануға дайын.

      67. Барлық жоғарыда аталған жағдайларда ЭЕК пайдалануды қалпына келтіру туралы соңғы шешімді Жүйелік оператор қабылдайды.

      68. Коммерциялық есепке алу деректері болмаған немесе коммерциялық ЭЕК істен шыққан жағдайда есептік деректер тараптардың келісімі бойынша қолданылады.

      69. Жаңа ЭЕК-ті куәландыру ЭЕК-нің электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

      70. ЭЕК-ті куәландыру электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аккредиттелген мамандандырылған электр зертханалары жүзеге асырады.

      71. ЭЕК-ті куәландыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру субъектілерге, ЭКЕАЖ иелеріне жүктеледі.

      72. Пайдалануға жаңадан енгізілетін ЭКЕАЖ куәландыруды тәжірибелік пайдалану мен тәжірибелік зерттеулердің белгіленген мерзімдері өткен соң жүргізеді.

      73. ЭЕК-ті куәландыру жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін ЭЕК сәйкестігі туралы куәлік осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.

      ЭЕК сәйкестігі туралы куәліктің бір данасы Жүйелік операторға ұсынылады.

      ЭЕК куәландыру актісінің қолданылу мерзімі ЭЕК құрамына кіретін өлшеу құралының ең аз салыстырып тексеру аралық аралығынан аспайды.

      Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      74. Жүйелік оператор ЭКЕАЖ деректерін сұрату бойынша мыналарға ұсынады:

      1) ЭЕК-ке сәйкес келетін және оны пайдаланатын тарапқа;

      2) электр желілік компанияға барлық ЭЕК-ке қатысты олардың желіге қосылу нүктелерінде.

      75. Нарыққа басқа қатысушылардың энергия объектілерінде ЭКЕАЖ деректерін сұратқан кезде сұратушы тарап осы нүктелер иелерінен рұқсат алады және Жүйелік операторға бұл деректерді ретрансляциялау жөнінде үшінші тараптың жазбаша келісімін қоса тіркей отырып өтініш жасайды.

      76. ЭКЕАЖ-дың меншік иесі ауысқан кезде Жүйелік оператор бес жұмыс күні ішінде ЭКЕАЖ-ды субъектінің жазбаша өтінімі негізінде ЭКЕАЖ-ға құқық белгілеуші құжаттарды қоса тіркей отырып жүргізеді.

  Электр энергиясының көтерме
сауда нарығының субъектілері
үшін электр энергиясын
коммерциялық есепке алудың
автоматтандырылған жүйесінің
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысаны

Комиссия отырысының
хаттамасы

      "__" ________________ 20 __ ж.

      Комиссия субъектінің ЭКЕАЖ-на құжаттарын тексеруді өткізді:

      ____________________________________________________________________

      (субъектінің атауы)

      Тексеру нәтижесі бойынша белгіленгені (сәйкес/сәйкес емес):

      1. "__" ____ 20__ ж. №____ есепке алу ЭКЕАЖ-н жобалауға арналған

      техникалық тапсырма _________________________________________________

      2. "__" ____ 20__ ж. №____ ЭКЕАЖ жобасы _____________________________

      3. "__" ____ 20__ ж. №____ ЭКЕАЖ жұмыс құжаттамасы _________________

      4. ЭКЕАЖ пайдалану құжаттамасы:

      1) Деректерді жинау, жеткізу, сақтау және бейнелеу құрылғыларына

      арналған пайдалану жөніндегі техникалық сипаттама мен нұсқаулық _____

      2) Пайдаланушының есепке алу жүйесі басшылығы _______________________

      3) Жүйелік әкімшінің басшылығы ______________________________________

      5. Кешендердің Электр энергиясының көтерме сауда нарығы (ЭКН)

      субъектілерінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың

      автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидасына сәйкестігі туралы

      куәліктер, барлық куәліктер _______, с.і. №№_________________________

      6. ЭКЕАЖ-дың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар бағдарламасы _________

      7. ЭКЕАЖ-ға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу туралы

      "__" ______ 20__ ж. №___бұйрық ______________________________________

      8. ЭКЕАЖ-ды тәжірибелік пайдалануға

      "__" ______ 20__ ж. №___қабылдау актісі _____________________________

      9. ЭКЕАЖ–ды ______ 20__ ж. №_________ 20__ ж. №___ тәжірибелік

      пайдалану хаттамаларының көшірмелері ________________________________

      Ескертулер мен ұсыныстар:______________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      Члены комиссии:

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ ___________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

  Электр энергиясының көтерме
сауда нарығының субъектілері
үшін электр энергиясын
коммерциялық есепке алудың
автоматтандырылған жүйесінің
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысаны

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған
жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы акті

      Жүйелік оператордың

      электр энергиясын коммерциялық есепке алу

      жүйелерінің тізілімінде тіркелген

      №_______________

      Тіркелу күні "__" _________ 20 __ ж.

      Осы Акті электр энергиясын коммерциялық есепке алудың

      автоматтандырылған жүйесі ___________________________________________

      (заңды тұлға – Қазақстан Республикасы

      _____________________________________________________________________

      электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің атауы,

      заңды мекенжайы)

      электр энергиясының көтерме сауда нарығы (ЭКН) субъектілері

      коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу

      қағидасының талаптарына жауап беретінін куәландырады және Қазақстан

      Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында қолдануға

      рұқсат етіледі.

      Комиссияның мүшелері:

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолы тегі, аты-жөні

  Электр энергиясының көтерме
сауда нарығының субъектілері
үшін электр энергиясын
коммерциялық есепке алудың
автоматтандырылған жүйесінің
жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысаны

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған
жүйесін қайта тіркеу туралы акт

      Жүйелік оператордың электр

      энергиясын коммерциялық есепке алу

      жүйелерінің тізілімінде тіркелген

      №_______________

      Тіркелу күні "__" ________ 20 __ ж.

      Қолданыс күні "__" _______ 20 __ ж.

      Осы Акті электр энергиясын коммерциялық есепке алудың

      автоматтандырылған жүйесі ___________________________________________

      (заңды тұлға - Қазақстан Республикасы

      _____________________________________________________________________

      электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің атауы,

      заңды мекен-жайы)

      электр энергиясының көтерме сауда нарығы (ЭКН) субъектілері

      коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу

      қағидасының талаптарына жауап беретінін куәландырады және Қазақстан

      Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында қолдануға

      рұқсат етіледі.

      Субъектінің және Жүйелік оператордың өкілдері:

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолтаңбасы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолтаңбасы тегі, аты-жөні

      _____________________ ___________________ __________________________

      Лауазымы қолтаңбасы тегі, аты-жөні

  Электр энергиясының көтерме
сауда нарығының субъектілері
үшін электр энергиясын
коммерциялық есепке алудың
автоматтандырылған жүйесінің
жұмыс істеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) Акт

Электр энергиясын есепке алу кешенінің құрамына кіретін өлшеу құралдарын олар істен шыққан кезде алмастыру актісі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      202_ жылы "___" ____________

      Біз, төменде қол қойғандар __________________________________________

      (Комиссия мүшелерінің тегі мен аты-жөндері)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      бұрын №__________өлшеу кешенінің құрамында қолданылатын өлшеу құралы:

Өлшеу құралының атауы

Өлшеу құралының түрі

Метрологиялық сипаттамалар

Тексеру туралы куәліктің күні мен нөмірі

Тексеру таңбасының нөмірі

Өлшеу аралығы

Дәлдік сыныбы

Қателігі

1

2

3

4

5

6









      Жалғаным атауы __________________________________________________________

      Сәйкестендіру коды________________________________________________________

      Пайдалануға енгізу күні ______________________ мына өлшеу құралына:

Өлшеу құралының атауы

Өлшеу құралының түрі

Метрологиялық сипаттамалар

Тексеру туралы куәліктің күні мен нөмірі

Тексеру таңбасының нөмірі

Өлшеу аралығы

Дәлдік сыныбы

Қателігі

1

2

3

4

5

6









      алмастырылғанын растаймыз.

      ____________________ ______________________ ________________________

      (Лауазымы, қолы тегі, аты-жөні)

      ____________________ ______________________ ________________________

      (Лауазымы, қолы тегі, аты-жөні)

      ____________________ ______________________ ________________________

      (Лауазымы, қолы тегі, аты-жөні)

  Электр энергиясының көтерме
сауда нарығының субъектілері
үшін электр энергиясын
коммерциялық есепке алудың
автоматтандырылған жүйесінің
жұмыс істеу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

___________________________________________________________________ (кешеннің куәландыруын өткізген, метрологиялық қызметтің атауы, аккредиттеу аттестациясының №, аккредиттеу күні) Электр энергиясын есепке алу кешенінің сәйкестігі туралы № ___ куәлік

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 27.12.2021 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Куәландыру күні 202_ жылы "___"______

      202_ жылғы "__"_________дейін қолданылады.

      Заңды тұлғаның атауы _____________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Энергия объектісінің атауы _________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Жалғаным атауы __________________________________________________________

      Сәйкестендіру коды _______________________________________________________

      Пайдалануға енгізу күні ____________________________________________________

      1 Куәландыру нәтижелері:

      1) кешеннің құрамы:

  1-кесте

Өлшеу құралы мен ауыспалы клеммалар атауы

Өлшеу құралының түрі

Метрологиялық сипаттамалар

Тексеру туралы куәліктің күні мен нөмірі

Тексеру таңбасының нөмірі

Өлшеу аралығы

Дәлдік сыныбы

Қателігі

1

2

3

4

5

6

7








      2) кешеннің метрологиялық сипаттамалары

  2-кесте

Өлшеу кешенінің түрі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) электр желісі қағидалары бойынша кешен қателігінің жол берілетін мәні)

Кешен қателігінің есептік мәні (паспорт-хаттама бойынша)

Өлшеулерді орындау әдістемесі бойынша өлшеулер қателігінің мәні

Өлшеулерді орындау әдістемесінің атауы мен белгіленуі

1

2

3

4

5






      Осы куәлік электр энергиясын есепке алу кешені электр энергиясын есепке алу кезінде қолдануға рұқсат етілетінін куәландырады.

      Басшы _________________ ______________________________________

      Қолы (аты-жөні, тегі)

      Мөр орны

      (болған жағдайда)