"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
__________ Қ. Келімбетов
2015 жылғы 26 наурыз
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығымен бекітілген |
Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптар
Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.05.2021 № 507 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптар (бұдан әрі – Ең аз талаптар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұйымдарға міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық қойылатын ұйымдарға ең аз талаптарды белгілейді.
2. Ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым мынадай:
1) кәсіби кеңес қорытындысының және (немесе) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;
2) біліктілік талаптарына сәйкес аудиторлық ұйымдардың есептілікті уәкілетті органға уақтылы ұсынбағаны немесе ұсынбағаны үшін салынатын бір әкімшілік өндіріп алуды қоспағанда, аудиторлық қызметтер көрсетуге шартты жасаған күнге дейін соңғы бір жыл ішінде "Әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің 247 бабына сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкiмшiлiк жазалардың және (немесе) есепті кезең ішінде өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша ақпараттың болмауы ең аз талаптарға сәйкес келеді;
3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы;
4) бір ұйыммен, оның ішінде қаржы ұйыммен 7 (жеті) жыл бойы аудитті үздіксіз жүзеге асырылған жағдайда ротациялауға жатады.
бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланған Эмитенттер
3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың міндетті аудитін жүргізу үшін Заңның 5-бабында көзделген жағдайларда осы ең аз талаптардың 2-тармағында көзделген ең Аз талаптарға сәйкестіктен басқа, аудиторлық ұйым Ең аз талаптарына қосымша мынадай:
1) аудиторлық ұйым басшысының аудиторлық қызметпен шұғылдану мерзімі кемінде 5 (бес) жыл болуы;
2) кемінде 10 (он) аудит жүргізілген субьектілердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігіне аудиторлық есептерінің болуы;
3) кәсіби бухгалтер сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы сәйкес келеді.
4. Заңның 5-бабында және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы ең төменгі талаптардың 2 және 3-тармақтарында көзделген ең төменгі талаптарға сәйкес келуден басқа:
1) құрамында бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар, "немесе соңғы бес жылдың 3 (үш) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi бар топтың басшысы болып табылатын маманы бар;
2) құрамында бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), "Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар немесе соңғы бес жылдың 2 (екі) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге "аудитор" біліктігі бар кемінде 2 (екі) маманы бар;
3) Заңға сәйкес аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде аудиттелетін қаржы ұйымы алдында өтелмеген қарызы жоқ;
4) Заңға сәйкес аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде құрамында аудиттелетін қаржы ұйымының алдында банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит шарты бойынша берешегі жоқ аудитор және (немесе) топ басшысы бар.