"Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 507 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22889 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10875 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төменгі талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 31 мамырдағы
№ 507 Бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 231 бұйрығымен бекітілген

Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптар

      1. Осы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптар (бұдан әрі – Ең аз талаптар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұйымдарға міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық қойылатын ұйымдарға ең аз талаптарды белгілейді.

      2. Ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым мынадай:

      1) кәсіби кеңес қорытындысының және (немесе) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;

      2) біліктілік талаптарына сәйкес аудиторлық ұйымдардың есептілікті уәкілетті органға уақтылы ұсынбағаны немесе ұсынбағаны үшін салынатын бір әкімшілік өндіріп алуды қоспағанда, аудиторлық қызметтер көрсетуге шартты жасаған күнге дейін соңғы бір жыл ішінде "Әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің 247 бабына сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкiмшiлiк жазалардың және (немесе) есепті кезең ішінде өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша ақпараттың болмауы ең аз талаптарға сәйкес келеді;

      3) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы;

      4) бір ұйыммен, оның ішінде қаржы ұйыммен 7 (жеті) жыл бойы аудитті үздіксіз жүзеге асырылған жағдайда ротациялауға жатады.

      бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланған Эмитенттер

      3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың міндетті аудитін жүргізу үшін Заңның 5-бабында көзделген жағдайларда осы ең аз талаптардың 2-тармағында көзделген ең Аз талаптарға сәйкестіктен басқа, аудиторлық ұйым Ең аз талаптарына қосымша мынадай:

      1) аудиторлық ұйым басшысының аудиторлық қызметпен шұғылдану мерзімі кемінде 5 (бес) жыл болуы;

      2) кемінде 10 (он) аудит жүргізілген субьектілердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігіне аудиторлық есептерінің болуы;

      3) кәсіби бухгалтер сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы сәйкес келеді.

      4. Заңның 5-бабында және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйым осы ең төменгі талаптардың 2 және 3-тармақтарында көзделген ең төменгі талаптарға сәйкес келуден басқа:

      1) құрамында бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар, "немесе соңғы бес жылдың 3 (үш) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi бар топтың басшысы болып табылатын маманы бар;

      2) құрамында бухгалтерлік есеп және аудит саласында Certified Public Accountant (CPA), The Association of Chartered Certified Accountants (ACCA), The Chartered Institute of Management Accountants (CIMA), The Institute of Chartered Accountants in England and Wales (ICAEW), "Certified Management Accountant (CMA), Certified Internal Auditor (CIA), Institute of Internal Auditors (IIA), Certified Financial Services Auditor (CFSA) бірінде толық біліктігі бар немесе соңғы бес жылдың 2 (екі) жыл ішінде тиісті ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен бірге "аудитор" біліктігі бар кемінде 2 (екі) маманы бар;

      3) Заңға сәйкес аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде аудиттелетін қаржы ұйымы алдында өтелмеген қарызы жоқ;

      4) Заңға сәйкес аудит жүргізу және (немесе) басқа да қызметтер көрсету кезінде құрамында аудиттелетін қаржы ұйымының алдында банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит шарты бойынша берешегі жоқ аудитор және (немесе) топ басшысы бар.