Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.12.2020 № ҚР ДСМ-234/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е.Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_______________Т.Дүйсенова
2015 жылғы 2 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 216 бұйрығымен бекітілген |
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 62-1-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитке санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер жатады.
3. Осы қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) аудитор – санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) аудиторлық шарт – өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарт;
3) аудиторлық есеп – жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері бойынша жасалатын жазбаша ресми құжат;
4) аудиторлық ұйым – санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға (коммерциялық ұйым);
5) аудиттелетін субъект – санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;
6) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері – Кодекстің 21-бабы 3-тармағына сәйкес эпидемиялық маңызы бар объектілер;
7) санитариялық-эпидемиологиялық аудит – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және көрсетілген объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу тұрғысынан тексеру.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті Кодекстің 62-1-бабының ережелері мен осы Қағидаларға сәйкес аудиторлық шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттерін, мерзімдерін және көлемдерін ескере отырып, аудиттелетін субъектінің өтініші бойынша аудитор немесе аудиторлық ұйым жүргізеді.
5. Аудитор, аудиторлық ұйым және аудиттелетін субъектінің арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негізінде туындайды.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет басталғанға дейін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомоствосын бұл туралы хабардар етеді.
7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Кодекстің 62-1-бабының 4-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін аудиттелетін субьект қаржыландыруды қамтамасыз етеді және аудиторға (аудиторлық ұйымға) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;
2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын обьектіге қатысты материалдар (соңғы жылғы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілері (олар болмаған жағдайда соңғы тексеру актісі), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы бекіткен эпидемиялық маңызды обьектінің тәуекел дәрежесін анықтау нысаны, объектінің санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
3) шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі бойынша құжаттамасы болған кезде, санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша алдыңғы қорытындылары;
4) аудиторлық шартта көзделген объектіні бағалау үшін қажетті өзге де материалдар.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу
9. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарын ескеріле отырып, аудитор (аудиторлық ұйым) жасаған санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі және аудиттелетін субъектімен келісіледі.
10. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу кезеңдері:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеу;
2) өтініш беруші табыс еткен құжаттарды алдын ала талдау;
3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасу;
4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеу;
5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасау;
6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу (объектіні тексеру, материалдарды талдамалық өңдеу, салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық маңыздылық дәрежесіне, объектіні іске асыру негіздемелерінің жеткіліктілігі мен дәйектілігіне бағалау жүргізу);
7) аудиторлық есеп жасау және аудиттелетін субъектіге ұсыну.
11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.
12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын әзірлеу үшін аудиттелетін субъектінің ерекшелігімен алдын ала танысу жүргізіледі.
13. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мерзімдері мен көлемі аудитор (аудиторлық ұйым) жасайтын және аудиттелетін субъектімен келісілетін санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарында белгіленеді. Аудит жүргізу жоспары шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
14. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспары нақты өндіріс ерекшеліктері ескеріле отырып, еркін нысанда жасалады және мыналарды:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын шикізатты, өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу, еңбек ету, тұру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, сондай-ақ жұмыстардың орындалуы мен қызметтер көрсету жағдайлары мен режимін тексеруді;
2) өндірістік бақылауды жүзеге асырумен байланысты есептің және есептіліктің жүргізілуін және жұмыс істейтін адамдарды медициналық қарап тексерудің қорытынды актілерін тексеруді;
3) жұмыс істейтін адамдарды медициналық қарап тексеруді, гигиеналық оқытуды ұйымдастыруды және жеке медициналық кітапшасының болуын бақылауды;
4) токсикологиялық, радиологиялық, санитариялық-гигиеналық, бактериологиялық, вирусологиялық, физикалық-химиялық сараптамалар жүргізу үшін сыртқы орта объектілері үлгілерінің көлемі мен тізбесін айқындауды;
5) зертханалық-құрал-саймандық өлшеулер жүргізуді;
6) обьектінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар дайындауды;
7) санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді бағалай және тәуекел дәрежесін айқындай отырып, объектінің эпидемиялық маңыздылығы туралы қорытындылар, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілік жүргізудің дәйектілігі туралы мәліметтерді қамтиды.
15. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізудің мақсаты объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігін анықтау, өндірістің адам және тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын бақылауды қамтамасыз ету, технологиялық процестердің мүмкін болатын бұзушылықтарын анықтау, шикізат пен өнімнің қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеуі, зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан және жұмыс орындарында физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті деңгейлерден асуы және зиянды факторлардың халықтың және жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсер ету тәуекелдерін төмендету жөнінде қажетті іс-шараларды әзірлеу болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаты аудиторлық шарт шеңберінде айқындалады.
16. Зертханалық зерттеулердің және сынақтардың номенклатурасы, көлемдері мен мерзімділігі өндірістің санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы, зиянды өндірістік факторлардың болуы, олардың адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына әсер ету тәуекелі ескеріле отырып айқындалады.
17. Зертханалық зерттеулер және өлшеулер техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаға сәйкес аккредиттелген аккридиттеудің тиісті саласымен өндірістік зертханалар, сынақ зертханалары (орталықтары) базасында жүргізіледі.
18. Зертханалық зерттеулер және өлшеулер жүргізу үшін үлгілерді іріктеу және жеткізу іріктелетін сынаманың әрбір түріне стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
19. Үлгілер саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау қағидалары, өнім сынамаларын іріктеу актісін ресімдеу мәлімделген өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
20. Қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу аудиттелетін субъектіге және өзге ұйымдарда жүргізіледі. Ақпараттың құрамына:
1) аудиттелетін субъектінің қызметіне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары;
2) аудиттелетін субъектінің орналасу ауданының картасы және карта-схемасы;
3) аудиттелетін субъектінің әкімшілік басқару құрылымы;
4) объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
5) өндірістік бақылау жүргізу бойынша есептілік, жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі актілер мен хаттамалар;
6) кейінгі үш жылдағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жүргізген тексеру хаттамаларының көшірмелері (бар болғанда);
7) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді.
21. Аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және қызметкерлерге сауалнама жүргізу аудиттелетін субъектінің іс жүзіндегі жағдайына құжаттаманың сәйкестігін бағалау, аудиттелетін субъект мамандарының біліктілігін айқындау, аудиттелетін субъект қызметінің тиімділігін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
22. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысында оны қарап тексеру, жүргізілген салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесін, өндірістік бақылаудың жеткіліктілігі мен дәйектілігін бағалау нәтижелері бойынша аудитор (аудиторлық ұйым) объектінің ахуалын (жағдайын) тұрақтандыру бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) енгізеді.
23. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері аудиторлық есепті дайындау кезінде:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу рәсімдері бұзылған;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптары орындалмаған немесе бұрмаланған;
3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтары, халықтың басқа да санитариялық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделері, санитариялық-эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған;
4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке қатысатын тараптардың құқықтарын бұзатын өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуға жол берілген.
24. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу нәтижесінде туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.
4. Аудиторлық есеп және оны беру тәртібі
25. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы аудиторлық есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
26. Аудиторлар (аудиторлық ұйымдар) жыл сайын есепті жылдың 15 қазанынан кешіктірмей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомоствосына Кодекстің 62-1-бабының 9-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат береді.
5. Тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері және
санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдер критерийлерін есептеу
27. Эпидемиялық маңызы бар объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу мынадай критерийлерге:
1) топтық паразиттік және (немесе) инфекциялық және инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы және таралу ықтималдығына;
2) салдарлардың ауырлығы мен мүмкін болатын залалға;
3) объектінің қуатына негізделеді.
28. Санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдер критерийлерін есептеу:
1) объектінің қызметімен байланысты топтық паразиттік және (немесе) инфекциялық және инфекциялық емес аурулар мен уланулардың тіркелуінің болмауын немесе болуын;
2) соңғы 3 жыл ішінде 3 және одан көп негізделген шағымдардың болмауын немесе болуын;
3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерін (дөрекі, елеулі және (немесе) елеусіз бұзушылықтардың болуын);
4) объектінің тікелей қызметімен байланысты салалық ерекшеліктерді (объектінің қауіптілік сыныбы Кодекстің 144-бабы 6-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарымен белгіленген санитариялық сыныптамаға сәйкес) есепке ала отырып жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Өтініштерді тіркеу журналы*
Р/с№ | Өтінішті тіркеу күні, айы, жылы | Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) | Объектінің атауы | Объектінің қызмет саласы | Аудит жүргізу кезеңі, аудитордың Т.А.Ә. (бар болғанда) | Аудиторлық есептің қорытындылары, есептің №, берілген күні | Алушының қолы |
Ескертпе. * Журналдын нысаны аудитордың (аудиторлық ұйымның) қарауына қарай бағандармен толықтырылуы мүмкін.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
нысан
___________________________________________
___________________________________________
_________________________________ басшысына
(аудиттелетін объектінің (жеке немесе заңды
тұлғаның) Т.А.Ә. (бар болғанда) немесе толық
атауы, СТН (ЖСН, БСН)*
Мекенжайы _________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің қорытындысы бойынша
20 жылғы " " № аудиторлық есеп
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009
жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-1-бабына
сәйкес мен __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және (немесе)
аудиторлық ұйымның толық атауы, Рұқсаттар мен хабарламалар
тізілімінің есепке алу нөмірі)
_____________________________________________________________________
(аудиттелетін субъектінің орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
_______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
(аудиттелетін субъектінің толық атауы)
_____________________ санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргіздім.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін негіз: _____________
_____________________________________________________________________
(өтініштің күні мен №, өтініш берушімен келісілген
санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарының көшірмесі)
_____________________________________________________________________
Ұсынылған:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ материалдарды
қарап, мынаны:_______________________________________________________
(объектіні қарап тексеру, жағдайларын тексеру нәтижелерін сипаттау)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________________ анықтадым.
Зертханалық зерттеулер және (немесе) өлшеулер нәтижелері негізінде:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(хаттаманың № мен күні, кім берді, зертхананы (орталықты) аккредиттеу
туралы мәліметтер, хаттамалардың көшірмелері қоса беріледі)
Аудиттелетін субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен
байланысты мүмкін болатын тәуекелдердің сипаты және бағалау:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытынды: объект ___________________________________________________
(аудиттелетін объектінің толық атауы)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
заңнаманың, техникалық регламенттердің ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________ талаптарына сәйкес келеді (сәйкес келмейді).
(қажеттісін сызу керек, соған сәйкес аудит жүргізілген НҚА-ның толық
атауы және қабылданған күні)
Ұсынымдар __________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аудиторлық ұйымның
басшысы (аудитор) ___________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы)
Мөрі Күні
Аудиторлық есепті алғаны туралы белгі________________________________
алған адамның Т.А.Ә. (бар
болғанда) және қолы, күні