"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына 1-қосымша |
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген, авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына авариялық-құтқару қызметтерін (бұдан әрі – АҚҚ), құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттауға және қайта аттестаттауға кәсіби, ерікті, объектілік кәсіби АҚҚ, құралымдары және құтқарушылар жатады.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлігі дәрежесін;
2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;
3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.
4. Аттестаттауды өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін аумақтық аттестаттау комиссиялары құрылады.
5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары аумақтық аттестаттау комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.
2-тарау. Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі
6. АҚҚ және құралымдарын бастапқы аттестаттау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚ аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) АҚҚ және құралымдарының жарғы немесе ережелер көшірмесін;
3) АҚҚ және құралымдарының штат санын, құрылымын;
4) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың куәліктері мен кітапшаларының (бар болған жағдайда) көшірмелерін;
5) "Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 тіркелген) сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің, "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11333 тіркелген) техникалық қарап-тексеру диагностикалық карталарының, еркін үлгіде сынау актілерінің (жабдықтар үшін) көшірмелерін;
6) оқу-материалдық базаның болуы туралы құжаттардың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) көшірмелерін;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) сәйкес 086/У нысанындағы медициналық анықтамаларды;
9) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларын;
10) АҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттарының (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады) көшірмелерін;
11) "Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 тіркелген) азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлақтан өткені туралы сертификаттарының немесе "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 тіркелген) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмелерін;
12) жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін (жүргізушілер үшін) ұсынады.
7. АҚҚ және құралымдарын мерзімді, кезектен тыс, қайталап аттестаттау және қайта аттестаттау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды, оның ішінде қызмет көрсетілетін объектінің жоспарын (объектілік кәсіби АҚҚ мен құралымдары үшін) ұсынады.
8. Аттестаттау комиссиясының құжаттарды қарау және шешім қабылдау мерзімдері өтінішті тіркеген күннен бастап он үш күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Қаралған материалдардың негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден 2 данада аттестаттау және қайта аттестаттау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.
АҚҚ және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері оң болған жағдайда аумақтық аттестаттау комиссиясы екі күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына бірыңғай үлгідегі куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) ресімдейді, не теріс нәтижелер болған кезде екі күнтізбелік күн ішінде дәлелді бас тартады.
9. Аттестаттаудан немесе қайта аттестаттаудан өтпеген АҚҚ және құралымының басшысы аумақтық аттестаттау комиссиясының актісімен келіспеген жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте шағымдануына болады.
10. Куәліктің қолданылу мерзімі келесі аттестаттауға дейін 3 жылды құрайды.
11. Куәліктің қолданылуы мерзімінен бұрын:
АҚҚ және құралымдарды оның атауын немесе меншік нысанын өзгерте отырып тарату немесе қайта құрылуы;
АҚҚ және құралымдардың куәлікте көзделген авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығынан бас тартуы кезінде тоқтатылады.
12. АҚҚ және құралымдары куәлігінің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей:
АҚҚ және құралымдар тіркелген Комитеттің аумақтық бөлімшесіне;
АҚҚ және құралымдар қызмет көрсетуге шарт жасасқан қызмет көрсетілетін объектіге хабар береді;
АҚҚ және құралымдар куәлігі күнтізбелік бес күннің ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне қайтарылады.
13. Қайта аттестаттаудан өтпеген АҚҚ және құралымдарынан жеті күнтізбелік күн ішінде куәлік қайтарылып алынады және оның қызметі тоқтатыла тұрады.
3-тарау. Құтқарушыларды (азаматтарды) аттестаттау және қайта аттестаттау
14. Азаматтарды бастапқы аттестаттау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына:
1) еркін нысандағы өтінішті;
2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) сәйкес 086/У нысанындағы медициналық анықтамаларды;
3) Осы Қағидалардың 6-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлақтан өткені туралы сертификаттарының немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмелерін;
4) екі данада көлемі 3 х 4 см фотосурет ұсынады.
15. Бастапқы аттестаттаудан өткен азаматтарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы куәлігі, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушылар кітапшасы және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы жетоны беріледі.
Кейінгі аттестаттау кезінде құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.
16. Құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау мерзімді аттестаттауға ұқсас өткізіледі.
17. АҚҚ мен құралымдарының құтқарушыларын және басшыларын аттестаттауды аумақтық аттестаттау комиссиялары жүргізеді және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Құтқарушыны аттестаттау комиссиясы отырысы хаттамасының көшірмесі жеке іске тігіледі.
18. Мерзімді аттестаттау қорытындылары бойынша мына сыныптылықты (сыныптылық біліктілігін) тағайындау жүргізіледі:
1) екі жылдан кем емес құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға "3-сыныпты құтқарушы маман";
2) екі жылдан кем емес 3-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға "2-сыныпты құтқарушы маман";
3) екі жылдан кем емес 2-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға "1-сыныпты құтқарушы маман";
4) екі жылдан кем емес 1-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар, халықаралық құтқару жұмыстарына және оқу-жаттығуларына қатысқан, шет тілдері курстарының сертификаты бар құтқарушыға "халықаралық сыныптағы құтқарушы" сыныптылық (сыныптылық біліктілік) беру жүргізіледі.
19. Құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) беру немесе растау хаттамасының негізінде құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) беру немесе растау туралы АҚҚ және құралым басшысының бұйрығы шығады.
20. Аттестаттаудан және кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар алдыңғы аттестаттауды өткізген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей қайта аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
21. Қайта аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар бар сыныптылығына (сыныптылық біліктілігіне) қарамастан құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) жоғалтады.
22. Құтқарушыны қайта аттестаттаудың теріс нәтижелері болған кезде аумақтық аттестаттау комиссиясы хаттама толтырады, онда аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігі алынып қойылады және құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар
департаментінің
(облыс немесе республикалық
маңызы бар қала көрсетіледі)
бастығына
____________________________
(бастықтың Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда)
________________________ аттестаттауды немесе қайта аттестаттауды өткізуге
(аттестаттау түрі көрсетіледі) өтініш
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының 27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған
құжаттар тізбесін қарауды және
________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________ жұмыстарын жүргізу құқығына куәлік алу үшін
(авариялық – құтқару жұмыстарының түрі)
аттестаттау немесе қайта аттестаттау жүргізуді сұрайды.
_________________________________________ ___________________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы)
__________________
(күні)
№ ____ аттестаттау және қайта аттестаттау хаттамасы
20___жылғы "___"__________және 20___жылғы "___"__________аралығында
__________________________________________________________________негізінде
(аттестаттауды өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)
комиссия мына құрамда:
Комиссия
төрағасы ________________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары _________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері _______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Комиссия хатшысы_______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (аттестаттау түрі)
________________________________________________________ аттестаттаудан өткізді
(авариялық-құтқару қызметінің атауы)
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді:
________________________________________________________________________________
(авариялық-құтқару қызметінің атауы)
______________________________________жұмыстарын жүргізу құқығына аттестатталады
(авариялық-құтқару жұмыстарының түрі)
(аттестаттаудан өткен жоқ).
Мынадай негіздер бойынша (аттестаттаудан бас тартқан жағдайда толтырылады):
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Комиссия
төрағасы ________________________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары_________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Комиссия хатшысы_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттаужәне қайта аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Бақылау талоны
№ ___________ АҚҚ куәлігі
_________________________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғалар үшін – толық аты-жөні)
Куәлік берген орган_______________________________________________________________
(куәлікті берген органның толық атауы)
Куәлік берген күні ________________________________________________________________
Басшы (уәкілетті адам)______________________________________ ______________________
(аты-жөні) (қолы)
________________________________________________________________________________
Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік
_________________________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы; жеке тұлғалар үшін – толық аты-жөні)
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________ жүргізуге
(құтқару жұмыстарының түрлері)
________________________________________________________________________________
Куәлікті берген орган_____________________________________________________________
(куәлікті берген органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
Басшы (уәкілетті адам)____________________________________________________________
(куәлікті берген орган, басшысының (уәкілетті адамның) аты-жөні)
________________________________________________________________________________
Куәлікті берген күні 20__ж. "____"____________ Мөр орны
Авариялық-құтқару қызметі (құралымы) куәлігінің нөмірі № ________
________________________ қаласы
Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Құтқарушы куәлігі
Беткі жағы
Сырт жағы
Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Құтқарушы кітапшасы
№ 1 сурет Құтқарушы кітапшасының мұқабасы
№ 2 сурет Құтқарушы кітапшасының форзацы
№ 3 сурет Құтқарушы кітапшасының - беті
№ 4 сурет Құтқарушы кітапшасының 2-беті
№ 5 сурет Құтқарушы кітапшасының 3-15-беті
№ 6 сурет Құтқарушы кітапшасының 16-беті
№ 7 сурет Құтқарушы кітапшасының 17-беті
№ 8 сурет Құтқарушы кітапшасының 18-23-беті
№ 9 сурет Құтқарушы кітапшасының 24-26-беті
№ 10 сурет Құтқарушы кітапшасының артқы форзацы
Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Құтқарушы жетоны
Құтқарушының жетоны тот баспайтын құрыштан жасалған, тік бұрышты белдік, жандары дөңгелектенген және өлшемдері: ось сызығы бойынша ұзындығы - 50 мм, ені - 25 мм, қалыңдығы - 1,5 мм. Карабині бар металл шынжырдағы жетонды денеге тағу үшін, кеудеге немесе қолға білезік ретінде тағу үшін ось сызығы бойынша жанында диаметрі 3 мм екі тесік бар. Шынжыр ұзындығы - 700 мм, баудың және карбиннің материалы-тот баспайтын құрыш.
Жетонның оң жағында жазу ойылып жасалған:
1-жол – "Қазақстан";
2-жол – "Құтқарушы";
3-жол құтқарушының фамилиясы;
4-жол – құтқарушының аты және әкесінің (ол болған кезде) аты;
5-жол құтқарушының қан тобы.
Жетонның келесі жағында ұқсас мәтін ағылшын тілінде ойылып жазылған.
Оң жағы
Келесі жағы
Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 7-қосымша |
Аттестаттау комиссиясы отырысының №___ хаттамасы ________________________________________________________________ (басқару органының атауы)
20___ жылғы ________________
Қатысты:
Комиссия төрағасы_______________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Комиссия мүшелері_______________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
________________________________________________________________________________
Аттестаттау және қайта
аттестаттау______________________________________________________________________
(осы отырыстағы аттестатталатынның тегі және аты-жөні)
Аттестаттау материалдары _________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
Біліктілік сыныбына ұсынылатын ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
Аттестатталатынға сұрақтар мен оған жауаптар________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Аттесталатының қызметін бағалау __________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының ұсынысы _______________________________________________
________________________________________________________________________________
"Үшін" ______ "қарсы" _______ дауыс берілді, "қалыс қалды"___________________________
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) бас тарту себептері
________________________________________________________________________________
(аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігін қайтарып алу күні)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен
таныстым _______________________________________________________________________
(аттестатталушының қолы)
Аттестаттау материалдары_________________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
тағы да басқа әр аттестатталатындарға.
Комиссия төрағасы _______________________________________________________________
(қолы) тегі, аты-жөні
Комиссия мүшелері _______________________________________________________________
(қолы) тегі, аты-жөні
Комиссия хатшысы _______________________________________________________________
(қолы) тегі, аты-жөні |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып 2014 жылғы 8 желтоқсанда тіркелген) бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған Комитеттің қызметкерлері кіргізіледі. Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде);
3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
5) біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық қарап-тексеру актілерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
6) заңды тұлғаның мөрімен расталған МеӨҚҚ-нің ұйымдық-штаттық құрылымын;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;
8) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе МеӨҚҚ-дағы (кадр қызметі растаған) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелерін, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізім көшірмесін;
10) МеӨҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттар көшірмелерін (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
11) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 тіркелген) МеӨҚҚ мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктер көшірмесін;
12) жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін (жүргізушілер үшін);
13) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) 086/У нысанындағы қызметкерлердің медициналық анықтамаларын;
14) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларын;
15) гараж боксының, қызметтік үй-жайлардың фотосуреттерін қоса отырып, қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектіні пайдалану құқығының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. МеӨҚҚ қайта аттестаттауды жүргізу үшін өтініш беруші құжаттарды Комитетке алдыңғы аттестаттауда анықталған кемшіліктерді ескере отырып, ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Комитет өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, Комитет құжаттарды өтініш берушіге бере отырып, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Аттестаттау комиссиясына ұсынылатын құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі, өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Ұсынылған құжаттардың негізінде аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасын жасайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Комиссия ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бас тарту себептері туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Аттестатты беруден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Аттестаттау комиссиясының аттестатты беруден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Аттестаттау комиссиясының оң шешімі қабылданған МӨҚҚ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚ атауында жолға шығатын техникасы бар және/немесе жолға шығатын техникасының жоқ екенін көрсете отырып, аттестат беріледі.
12. Аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ тіркеу журналына (тізіліміне) енгізіледі. МеӨҚҚ тізілімі Комитеттің сайтында орналастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. МӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске жинақталады.
14. Аттестаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) МеӨҚҚ аттестаттың қолданысын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсыну;
2) заңды тұлғаны тарату;
3) қолдану мерзімінің аяқталуы (берілген уақыттан бастап 3 жыл).
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан | |
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына ______________________ |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және ________________________________________________________________________________
(МӨҚҚ атауы)
________________________________________________________________________________
(өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу
құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
БСН: ______________________________________________
МӨҚҚ орналасқан жері: ______________________________
М.О.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы _________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
__________________ (күні)
№ ____ аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20___жылғы "___"__________және 20___жылғы "___"__________аралығында
________________________________________________________________________негізінде
(аттестаттауды өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)
комиссия мынадай құрамда:
Комиссия
төрағасы________________________________________________________________________
(лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары
________________________________________________________________________________
(лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері
________________________________________________________________________________
(лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
Комиссия
хатшысы________________________________________________________________________
(лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)
________________________________________________________________________________
аттестаттаудан өткізді
(аттестаттау түрі)
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді:
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)
________________________________________________________________________________
(өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталады (аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтпеді)
мынадай негіздер бойынша (аттестаттаудан бас тартқан жағдайда толтырылады):
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Комиссия төрағасы________________________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Комиссия төрағасының орынбасары_________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері_______________________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Комиссия хатшысы_______________________________________________________________
(қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Аттестат
№__________________
(аттестат нөмірі)
Осы аттестат ________________________________________________________
(заңды мекен жайы)
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
_____________________________________________________________________
(өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдардағы, елді мекендердегі мен объектілердегі өрттердің алдын алу
және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді
Аттестаттың қолдану мерзімі __________ бастап ______________ дейін
Мөр орны
Төраға _____________________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (егер бар болса)
________________________қаласы
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы (тізілімі)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Аттестаттың тіркеу нөмірі | Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы | Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрылтайшылары (заңды тұлғаның атауы) | Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |