Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10831 тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                  Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 бұйрығына   
1-қосымша      

Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды
аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген, авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Кәсіби, кәсіби әскерилендірілген және ерікті авариялық-құтқару қызметтері (бұдан әрі - АҚҚ), құралымдары және құтқарушылар аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
      3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау:
      1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлігі дәрежесін;
      2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;
      3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.
      4. АҚҚ, құралымдары және құтқарушылар бастапқы, қайталама (қайта аттестаттау), мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады:
      1) бастапқы аттестаттауға жаңадан құрылған АҚҚ және құралымдары, сондай-ақ құтқарушы болуға тілек білдірген азаматтар (бұдан әрі - азаматтар) жатады;
      2) қайталама аттестаттау (қайта аттестаттау) алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін, АҚҚ, құралымдарының және құтқарушылардың қызметін қайта бастау үшін өткізіледі;
      3) АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі;
      4) АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын авариялық-құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.
      5. Аттестаттауды өткізу үшін тұрақты жұмыс жасайтын орталық және аумақтық аттестаттау комиссиялары құрылады.
      6. Орталық аттестаттау комиссиясы құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық аттестаттау комиссиялары құрамы облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.

2. Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын
аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі

      8. Аумақтық аттестаттау комиссиясы АҚҚ және құралымдарын бастапқы аттестаттауды мына құжаттар:
      1) жарғы көшірмесі;
      2) АҚҚ және құралымдарының ұйымдық-штаттық құрылымы;
      3) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 тіркелген) бекітілген нысан бойынша жедел және арнайы автокөліктің және жабдықтың болуы туралы құжаттар (бұдан әрі - автокөлік құжаттары) көшірмелері;
      4) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары);
      5) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді;
      6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалар (бұдан әрі - № 086/У анықтама), қызметкерлердің АҚҚ және құралымдарында жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар негізінде жүргізеді.
      9. Аумақтық аттестаттау комиссиясы АҚҚ және құралымдарында мерзімді, кезектен тыс аттестаттау және қайта аттестаттау мына құжаттар:
      1) қызмет көрсетілетін объектінің жоспары (объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына);
      2) ықтимал қауіпті объектілердің, аумақтардың және оларда болжанған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың негізгі сипаттамалары (объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына);
      3) жарғы көшірмесі;
      4) ұйымдық-штаттық құрылымы;
      5) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың куәліктері мен кітапшаларының көшірмесі;
      6) автокөлік және жабдықтың құжаттары;
      7) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) негізінде жүргізеді.
      10. Қаралған материалдар мен жүргізілген тексерулер негізінде үш жұмыс күні ішінде АҚҚ және құралымдарының міндеті бойынша жұмыстарды орындауға мүмкіндігі туралы қорытындысы бар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау актісі (бұдан әрі - акт) әр тарапқа бір данадан 2 дана жасалады.
      Аумақтық аттестаттау комиссиясы актінің көшірмесін 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына бірыңғай үлгідегі куәлік беру немесе теріс нәтижелер кезінде уәжді бас тарту үшін орталық аттестаттау комиссиясына жолдайды.
      11. АҚҚ және құралымының басшысы орталық немесе аумақтық аттестаттау комиссияларының актісімен келіспеген жағдайда сот тәртібінде шағымдануына болады.
      12. Куәліктің қолданылу мерзімі келесі аттестаттауға дейін 3 жылды құрайды.
      13. Куәлік мерзімінен бұрын:
      АҚҚ және құралымдарды оның атауын немесе меншік нысанын өзгерте отырып тарату немесе қайта құрылуы;
      АҚҚ және құралымдардың куәлікте көзделген авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығынан бас тартуы кезінде тоқтатылады.
      14. Куәліктің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы:
      АҚҚ және құралымдар тіркелген Комитеттің аумақтық органға;
      АҚҚ және құралымдар қызмет көрсетуге шарт жасасқан қызмет көрсетілетін объектіге хабар береді;
      куәлік күнтізбелік 5 күннің ішінде Комитетке қайтарылады.
      15. Қайталама аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтпеген АҚҚ және құралымдарынан бір апта мерзімде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады және оның қызметі тоқтатыла тұрады.

3. Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау

      16. Азаматтарды бастапқы аттестаттау үшін аумақтық аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттар:
      1) жұмысқа жарамдылығы туралы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086/У анықтамасы;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі (жеке куәлік немесе паспорт);
      3) Заңның 12-бабының 1-тармағы 40) тармақшасына сәйкес олардың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттар;
      4) екі данада көлемі 3 х 4 см фотосурет ұсынады.
      17. Бастапқы, мерзімді, қайталама (қайта аттестаттаудан) және кезектен тыс аттестаттаудан өту кезінде құтқарушылар (азаматтар) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 тіркелген) 4-сатыға («Шынығуды жетілдіру») және 5-сатыға («Сергектік пен денсаулық») сәйкес дене даярлығы бойынша нормативтерді орындайды.
      18. Бастапқы аттестаттаудан өткен азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құтқарушы куәлігі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құтқарушы кітапшасы және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құтқарушы жетоны беріледі.
      Кейінгі аттестаттау кезінде құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.
      19. Құтқарушыларды мерзімді, қайталама (қайта аттестаттау) және кезектен тыс аттестаттау үшін аумақтық аттестаттау комиссиясына осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құтқарушылар кітапшасы ұсынылады.
      20. Құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау мерзімді аттестаттауға ұқсас өткізіледі.
      21. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын және басшыларын аттестаттауды аумақтық аттестаттау комиссиялары жүргізеді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Құтқарушыны аттестаттау комиссиясы отырысы хаттамасының көшірмесі жеке іске тігіледі.
      22. Мерзімді аттестаттау қорытындылары бойынша мына:
      1) екі жылдан кем емес құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға «3-сыныпты құтқарушы маман»;
      2) екі жылдан кем емес 3-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға «2-сыныпты құтқарушы маман»;
      3) екі жылдан кем емес 2-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға «1-сыныпты құтқарушы маман»;
      4) екі жылдан кем емес 1-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар, халықаралық құтқару жұмыстарына және оқу-жаттығуларына қатысқан, шет тілдері курстарының сертификаты бар құтқарушыға «халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптылық (сыныптылық біліктілік) беру жүргізіледі.
      23. Құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) беру немесе растау хаттамасының негізінде құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) беру немесе растау туралы АҚҚ және құралым басшысының бұйрығы шығады.
      24. Мерзімді және кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар алдыңғы аттестаттауды өткізген сәттен бастап 6 айдан кешіктірмей қайталама аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
      25. Қайталама аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтпеген құтқарушылар бар сыныптылығына (сыныптылық біліктілігіне) қарамастан құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) жоғалтады.
      26. Құтқарушының қайталама аттестаттау (қайта аттестаттау) теріс нәтижелері кезінде аумақтық аттестаттау комиссиясы хаттама толтырады, онда аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігі алынып қойылады және құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.

Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау   
қағидаларына 1-қосымша   

Нысаны

Бекітемін         
__________________________________________
(тиісті аттестаттау комиссиясының төрағасы)
__________________________________________
(аты-жөні)                
__________________________________________
(күні)                   

___________________________________________________________________
(аттестаттауды өткізуге жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органының атауы)

Аттестаттау актісі №____

20___жылғы «___»__________ 20___жыл «___»__________аралығында
___________________________________________________________ негізінде
(аттестаттау өткізу туралы бұйрықтың атауы, нөмірі және күні)

комиссия мына құрамда:
Комиссияның төрағасы_________________________________________________
                              (жұмыс орны, лауазымы, аты-жөні)
Комиссия төрағасының орынбасары______________________________________
                                (жұмыс орны, лауазымы, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия мүшелері____________________________________________________
                          (жұмыс орны, лауазымы, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Комиссия хатшысы_____________________________________________________
                       (жұмыс орны, лауазымы, аты-жөні)

бастапқы (мерзімді, қайталама) аттестаттауды өткізді
(қайсысы екенін көрсету)_____________________________________________
                  (авариялық-құтқару қызметі немесе құралымның атауы)

      Аттестаттау кезінде (авариялық-құтқару қызметі немесе
құралымның жалпы жағдайының сипаттамасы көрсетіледі; жұмыс түрлері
бойынша мақсаты; жарақтандыру сипаттамасы; жеке құрамның біліктілігі
сипаттамасы; орналасу сипаттамасы; бөлімшенің ұтқырлығы; аттестаттау
аралығындағы кезеңде қызметін бағалау) анықталды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аттестаттау нәтижесі_________________________________________________
_____________________________________________________________________

Ескерту _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Баяндалғанның негізінде комиссия мынадай қорытындыға келді:
_____________________________________________________________________
      (авариялық-құтқару қызметі немесе құралымның атауы)

қойылған талаптарды қанағаттандырады және авариялық-құтқару және
кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге аттестатталады_______________
_____________________________________________________________________
                     (жұмыс түрлерінің тізбесі)
_____________________________________________________________________

Комиссия төрағасының және мүшелерінің қолдары:

                       Мөр орны

Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау   
қағидаларына 2-қосымша   

Нысан

Бақылау талоны

№ ___________ АҚҚ куәлігі
_____________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғалар үшін –
                    аты-жөні толық)

Куәлік берген орган__________________________________________________
                        (куәлікті берген органның толық атауы)
Куәлік берген күні __________________________________________________
Басшы (уәкілетті адам)______________________________ ________________
                                 (аты-жөні)                (қолы)

---------------------------------------------------------------------

Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе
түрлерін жүргізу құқығына куәлік

_____________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы; жеке тұлғалар үшін –
                         толық аты-жөні)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ жүргізуге
            (құтқару жұмыстарының түрлері)
_____________________________________________________________________

Куәлікті берген орган________________________________________________
                         (куәлікті берген органның толық атауы)
_____________________________________________________________________

Басшы (уәкілетті адам)_______________________________________________
     (куәлікті берген орган, басшысының (уәкілетті адамның) аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Куәлікті берген күні 20__ж. «____»____________ Мөр орны
Авариялық-құтқару қызметы (құралымдары) куәлігінің нөмірі № ________
________________________қаласы

Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау    
қағидаларына 3-қосымша    

Нысан

Құтқарушы куәлігінің үлгісі

Беткі жағы

Артқы жағы

        

Авариялық-құтқару қызметтерін 
және құралымдарын аттестаттау 
және қайта аттестаттау     
қағидаларына 4-қосымша     

Нысан

Құтқарушы кітапшасы

№ 1 сурет Құтқарушы кітапшасының мұқабасы

№ 2 сурет Құтқарушы кітапшасының алдыңғы форзацы

№ 3 сурет Құтқарушы кітапшасының 1-беті

№ 4 сурет Құтқарушы кітапшасының 2-беті

№ 5 сурет Құтқарушы кітапшасының 3-15-беті

№ 6 сурет Құтқарушы кітапшасының 16-беті

№ 7 сурет Құтқарушы кітапшасының 17-беті

№ 8 сурет Құтқарушы кітапшасының 18-23-беті

№ 9 сурет Құтқарушы кітапшасының 24-26-беті

№ 10 сурет Құтқарушы кітапшасының артқы форзацы

Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау  
қағидаларына 5-қосымша   

Нысан

Құтқарушы жетоны

      Құтқарушының жетоны тот баспайтын құрыштан жасалған, тік бұрышты белдік, жандары дөңгелектенген және өлшемдері: ось сызығы бойынша ұзындығы - 50 мм, ені - 25 мм, қалыңдығы - 1,5 мм. Ось сызығы бойынша жанында диаметрі 3 мм екі тесік бар, жетонды металл бауымен денеге карбинмен кеудеге немесе қолға білезік ретінде тағады. Баудың ұзындығы - 700 мм, баудың және карбиннің материалы-тот баспайтын құрыш.
      Жетонның оң жағында жазу ойылып жасалған:
      1-жол – «Қазақстан»;
      2-жол – «Құтқарушы»;
      3-жол құтқарушының фамилиясы;
      4-жол – құтқарушының аты және әкесінің (ол болған кезде) аты;
      5-жол құтқарушының қан тобы.
      Жетонның келесі жағында ұқсас мәтін ағылшын тілінде ойылып жазылған.

Оң жағы

Келесі жағы

Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау   
қағидаларына 6-қосымша   

Нысан

Аттестаттау комиссиясы отырысының №___ хаттамасы
________________________________________________________________
(басқару органының атауы)

20___ жылғы ________________

Қатысты:
Комиссия төрағасы____________________________________________________
                         (тегі, аты-жөні)
Комиссия мүшелері____________________________________________________
                         (тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Аттестаттау__________________________________________________________
             (осы отырыстағы аттестатталатынның тегі және аты-жөні)

Аттестаттау материалдары ____________________________________________
                                 (тегі, аты-жөні)
Біліктілік сыныбына ұсынылатын ______________________________________
_____________________________________________________________________

Аттестатталатынға сұрақтар мен оған жауаптар_________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аттесталатының қызметін бағалау _____________________________________
Аттестаттау комиссиясының ұсынысы ___________________________________
_____________________________________________________________________

«Үшін» ______ «қарсы» _______ дауыс берілді, «қалыс қалды»___________
Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) бас тарту себептері
_____________________________________________________________________
(аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігін
                          қайтарып алу күні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен
таныстым ____________________________________________________________
                             (аттестатталушының қолы)
Аттестаттау материалдары_____________________________________________
                                     (тегі, аты-жөні)
тағы да басқа әр аттестатталатындарға.

Комиссия төрағасы ___________________________________________________
                                (қолы)        тегі, аты-жөні
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
                                (қолы)        тегі, аты-жөні
Комиссия хатшысы ____________________________________________________
                                (қолы)        тегі, аты-жөні

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 бұйрығына  
2-қосымша      

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды.
      2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып 2014 жылғы 8 желтоқсанда тіркелген) бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған Комитеттің қызметкерлері кіргізіледі. Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау жүргізу тәртібі

      4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – МӨҚҚ) алғашқы, қайталама және мерзімдік аттестаттауға жатады:
      1) алғашқы аттестаттауға жаңадан құрылатын МӨҚҚ жатады;
      2) қайталама аттестаттау (қайта аттестаттау) бұрынғы аттестаттауда анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүргізіледі;
      3) мерзімдік аттестаттау үш жылда бір рет осы Қағидалармен белгіленген талаптарға МӨҚҚ қызметкерлерінің техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының сәйкестігіне жүргізіледі.
      5. МӨҚҚ-ны алғашқы, қайталама және мерзімдік аттестаттауды жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МӨҚҚ-ны аттестаттау және қайта аттестаттау туралы өтініш;
      2) ұйым жарғысының көшірмесі;
      3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің көшірмесі;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілері (өтініш жасаушының өтініш жасау сәтінен бастап, бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлінісі комиссиясы рәсімдейді және қол қояды, әр тарапқа біреуден екі дана жасалады);
      6) МӨҚҚ ұйымдастыру-штаттық құрылымы;
      7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінділер;
      8) МӨҚҚ қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі немесе МӨҚҚ-дағы еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
      9) МӨҚҚ қызметкерлерінің дипломдар мен білім туралы аттестаттар көшірмелері;
      10) МӨҚҚ қызметкерлерінің лауазым санатына байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын сертификаттар мен куәліктердің көшірмелері;
      11) қызметкерлердің МӨҚҚ-да жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалардың көшірмелері, қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың көшірмелері;
      12) қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың бар екенін растайтын құжаттардын көшірмесі.
      6. МӨҚҚ аттестаттаудан және қайта аттестаттаудан бас тарту үшін негіздер:
      1) осы Қағидаларда көзделген құжаттар тізбесін толық ұсынбау;
      2) аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініште және/немесе аттестаттау комиссиясына ұсынылған құжаттарда күмәнды не бұрмаланған мәліметтердің болуы;
      3) МӨҚҚ-ның біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
      7. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда комиссия он бес күнтізбелік күн ішінде өтінішті қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тарту себептері туралы өтініш жасаушыға жазбаша хабарлама жібереді.
      8. Ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерінде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беруден бас тарту туралы аттестаттау комиссиясының шешіміне заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      9. Аттестаттау комиссиясына ұсынылатын құжаттарды қарау мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес айқындалады.
      10. Ұсынылған құжаттардың негізінде аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасын дайындайды.
      11. Аттестаттау комиссиясының оң шешімі қабылданған МӨҚҚ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚ атауында жолға шығатын техникасы бар және/немесе жолға шығатын техникасының жоқ екенін көрсете отырып, аттестат беріледі.
      12. Аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚ тіркеу журналына (тізіліміне) енгізіледі.
      13. МӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске жинақталады.
      14. Аттестатты қолдану мынандай негіздер бойынша тоқтатылады:
      1) МӨҚҚ аттестаттың қолданысын тоқтату туралы өтінішті ұсыну;
      2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің жойылу.

Мемлекеттік емес  
өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау және қайта
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша      

нысан

Қазақстан Республикасы
ІІМ Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасы
______________________

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау және
қайта аттестаттау туралы өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және _____________________________________________________________________
                            (МӨҚҚ ататуы)
_____________________________________________________________________
                        (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерінде өрттердің алдын алу және
сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат
беруіңізді сұраймын.
МӨҚҚ орналасқан жері: _______________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы _________________________________
       (Т.А.Ә. (егер бар болса), қолы)

__________________
     (күні)

Мемлекеттік емес   
өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау және қайта
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша     

нысан

Бекітемін              
________________________________________
(аттестаттауды өткізуге жауапты органның
лауазымды адамы)         
________________________________________
(тегі, аты-жөні)           
________________________________________
(күні)                 

№ ____ аттестаттау (қайта аттестаттау)
хаттамасы

«___»__________20___жылы бастап «___»__________20___жылы дейінгі аралықта

____________________________________________________________негізінде
(аттестаттау өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)

комиссия мынадай құрамда:
Комиссия төрағасы____________________________________________________
                       (лауазымы, тегі, аты-жөні)

Комиссия төрағасының орынбасары _____________________________________
                                  (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия мүшелері ___________________________________________________
                              (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия хатшысы_____________________________________________________
                           (лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
              (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
_____________________________________________________________ өткізді
                          (аттестаттау түрі)

Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша, комиссия мынадай
қорытындыға келді:
_____________________________________________________________________
             (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)
_____________________________________________________________________
                     (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және
сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестатталады (аттестаттаудан өтпеді).

Комиссия мүшелерінің қолдары:
Комиссия төрағасы____________________________________________________
                              (қолы, тегі, аты-жөні)
Комиссия төрағасының орынбасары______________________________________
                              (қолы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________

Комиссия мүшелері____________________________________________________
                              (қолы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
                              (қолы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
                              (қолы, тегі, аты-жөні)

Мөр орны

Мемлекеттік емес   
өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау және қайта
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша     

нысан

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Аттестат
№__________________
(аттестат нөмірі)

Осы аттестат ________________________________________________________
                             (заңды мекен жайы)
_____________________________________________________________________
               (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
_____________________________________________________________________
                    (өртке қарсы қызмет түрі)

ұйымдардағы, елді мекендердегі мен объектілердегі өрттердің алдын алу
және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді

Аттестаттың қолдану мерзімі __________ бастап ______________ дейін

Мөр орны

Төраға _____________________              ___________________________
              (қолы)                       (Т.А.Ә. (егер бар болса)

________________________қаласы

Мемлекеттік емес  
өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау және қайта
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша      

нысан

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы
(тізілімі)


р/с

Аттестаттың тіркеу нөмірі

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрылтайшылары (заңды тұлғаның атауы)

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары

Тіркеу үшін негіз
(аттестаттау актісінің деректемелері)

Ескертпе

1

2

3

4

6

7

8