Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10831 тіркелді.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 507 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 507 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар Комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 бұйрығына
1-қосымша

Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 507 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 246 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып 2014 жылғы 8 желтоқсанда тіркелген) бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған Комитеттің қызметкерлері кіргізіледі. Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау жүргізу тәртібі

      4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.

      МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;

      2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде);

      3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);

      4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);

      5) біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық қарап-тексеру актілерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);

      6) заңды тұлғаның мөрімен расталған МеӨҚҚ-нің ұйымдық-штаттық құрылымын;

      7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;

      8) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;

      9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе МеӨҚҚ-дағы (кадр қызметі растаған) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелерін, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізім көшірмесін;

      10) МеӨҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттар көшірмелерін (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);

      11) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 тіркелген) МеӨҚҚ мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктер көшірмесін;

      12) жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін (жүргізушілер үшін);

      13) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) 086/У нысанындағы қызметкерлердің медициналық анықтамаларын;

      14) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларын;

      15) гараж боксының, қызметтік үй-жайлардың фотосуреттерін қоса отырып, қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектіні пайдалану құқығының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. МеӨҚҚ қайта аттестаттауды жүргізу үшін өтініш беруші құжаттарды Комитетке алдыңғы аттестаттауда анықталған кемшіліктерді ескере отырып, ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Комитет өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, Комитет құжаттарды өтініш берушіге бере отырып, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Аттестаттау комиссиясына ұсынылатын құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі, өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ұсынылған құжаттардың негізінде аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасын жасайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бас тарту себептері туралы өтініш берушіге хабарлайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Аттестатты беруден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аттестаттау комиссиясының аттестатты беруден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Аттестаттау комиссиясының оң шешімі қабылданған МӨҚҚ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚ атауында жолға шығатын техникасы бар және/немесе жолға шығатын техникасының жоқ екенін көрсете отырып, аттестат беріледі.

      12. Аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ тіркеу журналына (тізіліміне) енгізіледі. МеӨҚҚ тізілімі Комитеттің сайтында орналастырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. МӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске жинақталады.

      14. Аттестаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

      1) МеӨҚҚ аттестаттың қолданысын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсыну;

      2) заңды тұлғаны тарату;

      3) қолдану мерзімінің аяқталуы (берілген уақыттан бастап 3 жыл).

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
ІІМ Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасына
______________________

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және ________________________________________________________________________________

      (МӨҚҚ атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (өртке қарсы қызмет түрі)

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін

      қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу

      құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.

      БСН: ______________________________________________

      МӨҚҚ орналасқан жері: ______________________________

      М.О.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы _________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      __________________ (күні)

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
(аттестаттауды өткізуге жауапты
органның лауазымды адамы)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________
(күні)

№ ____ аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___жылғы "___"__________және 20___жылғы "___"__________аралығында

      ________________________________________________________________________негізінде

      (аттестаттауды өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)

      комиссия мынадай құрамда:

      Комиссия

      төрағасы________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Комиссия төрағасының орынбасары

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия

      хатшысы________________________________________________________________________

      (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      аттестаттаудан өткізді

      (аттестаттау түрі)

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді:

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (өртке қарсы қызмет түрі)

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі

      жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталады (аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтпеді)

      мынадай негіздер бойынша (аттестаттаудан бас тартқан жағдайда толтырылады):

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      Комиссия төрағасы________________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Комиссия төрағасының орынбасары_________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Комиссия хатшысы_______________________________________________________________

      (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Мөр орны

  Мемлекеттік емес
өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау және қайта
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

      нысан

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

      Төтенше жағдайлар комитеті

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Аттестат

      №__________________

      (аттестат нөмірі)

      Осы аттестат ________________________________________________________

      (заңды мекен жайы)

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)

      _____________________________________________________________________

      (өртке қарсы қызмет түрі)

      ұйымдардағы, елді мекендердегі мен объектілердегі өрттердің алдын алу

      және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару

      жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді

      Аттестаттың қолдану мерзімі __________ бастап ______________ дейін

      Мөр орны

      Төраға _____________________ ___________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (егер бар болса)

      ________________________қаласы

  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы (тізілімі)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Аттестаттың тіркеу нөмірі

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрылтайшылары (заңды тұлғаның атауы)

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары

Ескертпе

1

2

3

4

5

6