Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10627 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2022 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 147 бұйрығымен
бекітілген

Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртіптерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2022 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы – жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес шартты тұтынушылар не басым шартты тұтынушылар болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес айқындайтын баға;

      2) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      3) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);

      5) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасы – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына арналған шекті тарифінен аспайтын электр энергиясын сату бағасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақының сомасы;

      6) электр энергиясына арналған шекті тариф – уәкілетті орган әрбір жеті жыл сайын бекітетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйым өндіретін электр энергиясы құнының электр энергиясын өндіруге арналған шығындардан және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын пайда нормасынан тұратын ақшалай мәні.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.03.2021 № 76 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібі

      3. Электр энергиясына арналған шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөле отырып, әрбір жеті жыл сайын бекітіледі және қажет болған кезде түзетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.03.2021 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Заңның 5-бабының 70-3) тармағына сәйкес уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді.

      5. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылады.

      1) энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың типі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      құрамына конденсаттық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына жылуландыру электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына газ-турбиналық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына бу-газ электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына гидравликалық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына газпіспекті электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      2) энергия өндіруші ұйымдар "белгіленген қуаты" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      қуаты 30 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 30 МВт-тан 50 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;".

      қуаты 50 МВт-тан 75 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 75 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 100 МВт-тан 150 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 150 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 550 МВт-тан 700 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 700 МВт-тан 800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 3050 МВт және одан жоғары энергия өндіруші ұйымдар;

      3) энергия өндіруші ұйымдар "пайдаланылатын отын түрі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      көмірмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      жергілікті газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      импорттық газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      мазутпен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      4) энергия өндіруші ұйымдар "отынның тұрған жерінен қашықтығы" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      70 км дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      70 км-ден 100 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      100 км-ден 300 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      300 км-ден 550 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      550 км-ден 650 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      650 км-ден 750 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      750 км-ден 900 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      900 км-ден 1000 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      1000 км-дан және одан артық арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      5) "Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы" өлшемшарты бойынша энергия өндіруші ұйымдар мыналарға бөлінеді:

      БЭЖ-дің Солтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;

      БЭЖ-дің Оңтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;

      БЭЖ-дің Батыс бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.11.2018 № 458 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 02.03.2020 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.03.2021 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен қолданатын бастапқы энергия қорларының және (немесе) энергияға түрлендіру процестердің түрлері және (немесе) босатылатын энергияның түрлері бойынша ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.

      7. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын оның босату бағасынан аспайтындай етіп өткізеді.

      Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясына босату бағасын дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.03.2021 № 76 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      8. Электр энергиясына арналған шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін олардың қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады.

      Бұл ретте, егер электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастыру нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше энергия өндіруші ұйымдар олардың электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде болған топтан ерекшеліктері бар топтарына енгізілетін болса, онда электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының құрылған топтарына сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдары арасында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындар қолданылады.

      Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін электр энергиясына шекті тарифке осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелген) Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалатын пайда нормасы (бұдан әрі – пайда нормасы) сондай-ақ қосымша енгізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.03.2021 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар мыналарды қамтиды:

      материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, технологиялық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар);

      өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;

      әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;

      аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      жөндеулер (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулер);

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем;

      су ресурстарын пайдалануға төлем;

      салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);

      техникалық диспетчерлендіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді көрсету бойынша қызметтер;

      бөгде ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетілетін қызметтері.

      Кезең шығыстарына мыналар жатады:

      әкімшілік персоналдардың еңбегіне ақы төлеу;

      міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдер;

      аукциондық сауда-саттық шеңберінде өткізілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      іссапар шығыстары;

      бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері (аудиторлық, банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс көрсетілетін қызметтер).

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің 2,5 еселенген мөлшерінен аспайтын есептелген сома шегінде айналым қаражатын ұлттық валютада толықтыру үшін алынатын).

      Инвестициялық жобалар бойынша шекті тарифтің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа, шығындар көзі едәуір қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға дейін алынған бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған энергия өндіруші ұйымдарға энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезең шығыстарына мыналар кіреді:

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынатын);

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар (Лондон банкаралық нарығының 4 еседен аспайтын базалық мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген сома шегінде шетел валютасында алынатын) енгізіледі.

      Бұл ретте, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласында пайда нормасы Заңның 5-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін электр энергиясына шекті тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін нөлге теңестіріледі.

      Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.11.2018 № 458 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2022 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9. Электр энергиясына алғашқы жеті жылда қолданылатын шекті тарифті есептеу формуласы:



      ЭШТ – электр энергиясына шекті тариф, киловатт*сағатқа теңгемен (теңге/кВт * сағ);

      ЭӨМШ – электр энергиясын өткізетін, энергия өндіруші ұйымдар тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын өндіруге арналған есепті жылғы максималды шығындар, теңгемен;

      ПН – пайда нормасы, теңгемен;

      ЭК – электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындары электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобында ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының шиналарынан есепті жылғы электр энергиясын босату көлемі, киловатт*сағатпен (кВт*сағ);

      Раттест – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) сәйкес электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізу жылының алдындағы жылы энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуаты, мың киловатт (мың кВт).

      Электр энергиясына шекті тарифтің және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтің қолданылуының алғашқы жеті жылында энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуаты Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға қабылданады.

      Бұл ретте, генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтпеген энергия өндіруші ұйымдарға Раттест мәні белгіленген қуатқа теңестіріледі;

      Рберілг – есептік жылы пайдалануға берілген генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуаты, мың киловатт (мың. кВт);

      Ршығарыл – есептік жылы пайдаланудан шығарылған генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуаты, мың киловатт (мың. кВт).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.03.2021 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының бірнеше топтары үшін теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына, сондай-ақ тіркелген пайда қосымша енгізіледі.

      Бірінші жеті жылда теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласы:

     


      мұндағы:

      ТЭШТ - теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф;

      ЭӨМШ'2018 - электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тобына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың ең жоғары шығындары, теңгеде;

      ТТП –тіркелген пайда, теңгеде;

      ЭК2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тиісті топтарындағы электр энергиясын өндірудегі шығындары 2018 жылы ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымдарының электр станциялары шиналарынан 2018 жылы электр энергиясын жіберу көлемі, сағатына*киловатт (кВт*сағ).

      Теңгерімдеуші электр энергиясының шекті тарифінің мөлшері: теңге/кВт*сағ.

      Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін уәкілетті органмен пайдаланылатын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындарының мәнін Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және (немесе) уәкілетті органның сұранысы бойынша энергия өндіруші ұйымдарымен берілген, электр энергиясының нақты және болжам мәліметтері негізінде уәкілетті органмен айқындалады.

      11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес электр энергиясына арналған шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифті келесі жылдарға түзету қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты, алдыңғы жылдағы қаржылық есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларында көзделген, инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, есеп айырысуларды ұсынады.

      Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті келесі жылдарға түзету қажет болған жағдайда, электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайда, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайда өзгерген кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Әдістемеге сәйкес уәкілетті органға еркін нысанда есеп айырысуларды қоса бере отырып, электр энергиясына шекті тарифті түзетуге өтінім береді.

      Уәкілетті орган түзеткен электр энергиясына арналған шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылды қоспағанда, электр энергиясына арналған шекті тарифтерге және теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерге түзету жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге арналған шығындар іс жүзінде ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне дейін екі ай бұрын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге арналған шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты бір реттен асырмай ұсынады.

      Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.03.2021 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібі

      12. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке шекті тариф жеті жылға тең мерзімге, жылдарға бөліне отырып уәкілетті органмен бекітіледі және қажет болған жағдайда саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіледі.

      13. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған тарифті жеке бекітеді, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған шекті тарифтен жоғары емес.

      14. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке оның қолданыстағы бірінші жеті жылына шекті тарифті айқындау үшін

      2015 жылғы уәкілетті органмен жасалған келісім шеңберіндегі энергия өндіруші ұйымдармен салынған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар бойынша инвестицияларды қоспағанда) сомалық жалпы көлемі қолданылады.

      15. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ШТ – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф;

      I2015- 2015 жылы уәкілетті органмен жасалған келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен болған инвестицияларды қоспағанда) нақты жиынтық көлемі, (мың. теңге);

      n - 2015 жылы уәкілетті органмен келісім жасаған энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;

      i - бірден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;


- жүйелік оператордың деректеріне сәйкес 2015 жылғы нақты қолда бар жылдық i - энергия өндіруші ұйымның қуаты, мегаватт (МВт);

      M12 – бір жылдағы ай саны;


- i бойынша сомасы.

      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінің өлшемі: мың теңге/(МВт*айына).

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.11.2018 № 458 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.