"Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20111 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10627 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) энергия өндіруші ұйымдар "белгіленген қуаты" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      қуаты 30 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 30 МВт-тан 50 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;".

      қуаты 50 МВт-тан 75 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 75 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 100 МВт-тан 150 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 150 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 550 МВт-тан 700 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 700 МВт-тан 800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 3050 МВт және одан жоғары энергия өндіруші ұйымдар;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев