БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10627 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылады.
1) энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың типі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:
құрамына конденсаттық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына жылуландыру электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына газ-турбиналық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына бу-газ электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына гидравликалық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
2) энергия өндіруші ұйымдар "белгіленген қуаты" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:
қуаты 50 МВт дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 50 МВт-тан 75 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 75 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 100 МВт-тан 150 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 150 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 550 МВт-тан 700 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 700 МВт-тан 800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 3050 МВт және одан жоғары энергия өндіруші ұйымдар;
3) энергия өндіруші ұйымдар "пайдаланылатын отын түрі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:
көмірмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
жергілікті газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
импорттық газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
мазутпен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
4) энергия өндіруші ұйымдар "отынның тұрған жерінен қашықтығы" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:
70 км дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
70 км-ден 100 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
100 км-ден 300 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
300 км-ден 550 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
550 км-ден 650 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
650 км-ден 750 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
750 км-ден 900 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
900 км-ден 1000 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
1000 км-дан және одан артық арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
5) "Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы" өлшемшарты бойынша энергия өндіруші ұйымдар мыналарға бөлінеді:
БЭЖ-дің Солтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;
БЭЖ-дің Оңтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;
БЭЖ-дің Батыс бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар.".
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар мыналарды қамтиды:
материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, техникалық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар, жанартылатын энергия коздерінен колдау жөніндегі каржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу);
өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;
әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;
негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
жөндеу (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу);
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;
су ресурстарын пайдалануға төлем;
салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);
техникалық диспетчерлендіру қызметі бойынша;
электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу қызметтері бойынша;
сыртқы сипаттағы тараптық ұйымдардың қызметтері.
Кезең шығыстары:
әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеуді;
сақтандырудың міндетті түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдерді;
негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
іссапар шығындарын;
сыртқы ұйымдардың қызметтері (аудиторлық, банктік қызметтер, байланыс қызметтерін);
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 аспайтын еселенген ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынатын);
қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстарды (Лондон банкаралық нарығының 4 еселік ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде шетел валютасымен алынатын) қамтиды.
Бұрын алынған қарыздарды қайтару бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуден түскен кірістілік есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығыстар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.".
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ШТ – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф;
I2015- 2015 жылы уәкілетті органмен жасалған келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен болған инвестицияларды қоспағанда) нақты жиынтық көлемі, (мың. теңге);
n - 2015 жылы уәкілетті органмен келісім жасаған энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;
i - бірден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
- жүйелік оператордың деректеріне сәйкес 2015 жылғы нақты қолда бар жылдық i - энергия өндіруші ұйымның қуаты, мегаватт (МВт);
M12 – бір жылдағы ай саны;
- i бойынша сомасы.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінің өлшемі: мың теңге/(МВт*айына).".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |