Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 сәуірде № 10627 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 70-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 147 бұйрығымен
бекітілген

Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      2) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетті орган;

      3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);

      4) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібі

      3. Электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жеті жылға тең мерзімге, жылдарға бөліне отырып бекітіледі және қажет болған жағдайда түзетіледі.

      4. Заңның 5-бабының 70-3) тармағына сәйкес уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді.

      5. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары мынадай өлшемшарттар: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның тұрған жерінен қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы бойынша қалыптастырылады.

      1) энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың типі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      құрамына конденсаттық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына жылуландыру электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына газ-турбиналық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына бу-газ электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      құрамына гидравликалық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;

      2) энергия өндіруші ұйымдар "белгіленген қуаты" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      қуаты 50 МВт дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 50 МВт-тан 75 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 75 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 100 МВт-тан 150 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 150 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 550 МВт-тан 700 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 700 МВт-тан 800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;

      қуаты 3050 МВт және одан жоғары энергия өндіруші ұйымдар;

      3) энергия өндіруші ұйымдар "пайдаланылатын отын түрі" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      көмірмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      жергілікті газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      импорттық газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      мазутпен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;

      4) энергия өндіруші ұйымдар "отынның тұрған жерінен қашықтығы" өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:

      70 км дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      70 км-ден 100 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      100 км-ден 300 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      300 км-ден 550 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      550 км-ден 650 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      650 км-ден 750 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      750 км-ден 900 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      900 км-ден 1000 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      1000 км-дан және одан артық арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;

      5) "Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы" өлшемшарты бойынша энергия өндіруші ұйымдар мыналарға бөлінеді:

      БЭЖ-дің Солтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;

      БЭЖ-дің Оңтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;

      БЭЖ-дің Батыс бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.11.2018 № 458 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен қолданатын бастапқы энергия қорларының және (немесе) энергияға түрлендіру процестердің түрлері және (немесе) босатылатын энергияның түрлері бойынша ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.

      7. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының электр энергиясына шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.

      Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.

      8. Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті оның қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізілген жылдың алдындағы бір жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі электр энергияны өңдіруге кететін ең жоғарғы шығындар қолданылады.

      Бұл ретте, егер электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының топтарын қалыптастыру нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше энергия өндіруші ұйымдары олардың электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде болған топтан ерекшеліктері бар топтарына енгізілетін болса, онда электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының құрылған топтарына сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдары арасында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындар қолданылады.

      Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының топтары үшін электр энергиясына шекті тарифіне осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына, сондай-ақ Заңның 5-бабы 70-9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – тіркелген пайда) бойынша айқындалатын тіркелген пайда қосымша енгізіледі.

      8-1. Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар мыналарды қамтиды:

      материалдық шығындар (отын, отынды тасымалдау, техникалық қажеттіліктерге арналған су, жанар-жағармай материалдары, қосалқы материалдар, жанартылатын энергия коздерінен колдау жөніндегі каржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алу);

      өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындар;

      әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      жөндеу (негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу);

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;

      су ресурстарын пайдалануға төлем;

      салықтар (жер, көлік, мүлік, пайдалы қазбаларды өндіру және басқа да міндетті төлемдер);

      техникалық диспетчерлендіру қызметі бойынша;

      электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу қызметтері бойынша;

      сыртқы сипаттағы тараптық ұйымдардың қызметтері.

      Кезең шығыстары:

      әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеуді;

      сақтандырудың міндетті түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар мен төлемдерді;

      негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

      іссапар шығындарын;

      сыртқы ұйымдардың қызметтері (аудиторлық, банктік қызметтер, байланыс қызметтерін);

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 аспайтын еселенген ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде ұлттық валютада алынатын);

      қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстарды (Лондон банкаралық нарығының 4 еселік ресми ставкасын қолдана отырып есептелген сома шегінде шетел валютасымен алынатын) қамтиды.

      Бұрын алынған қарыздарды қайтару бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуден түскен кірістілік есебінен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте электр энергиясына арналған шекті тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін шығыстар тікелей электр энергиясын өндіруге жатады.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.11.2018 № 458 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бірінші жеті жылда электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласы:

     


      мұндағы:

      ЭШТ – электр энергиясының шекті тарифі;

      ЭӨМШ2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тобына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың ең жоғары шығындары, теңгеде;

      ТП – тіркелген пайда, теңгеде;

      ЭК2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдары тобындағы электр энергиясын өндірудегі шығындары 2018 жылы ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымдарының электр станциялары шиналарынан 2018 жылы электр энергиясын жіберу көлемі, сағатына*киловатт (кВт*сағ).

      Электр энергиясына шекті тарифтің мөлшері: теңге/кВт*сағ.

      10. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының бірнеше топтары үшін теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына, сондай-ақ тіркелген пайда қосымша енгізіледі.

      Бірінші жеті жылда теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласы:

     


      мұндағы:

      ТЭШТ - теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф;

      ЭӨМШ'2018 - электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тобына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың ең жоғары шығындары, теңгеде;

      ТТП –тіркелген пайда, теңгеде;

      ЭК2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тиісті топтарындағы электр энергиясын өндірудегі шығындары 2018 жылы ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымдарының электр станциялары шиналарынан 2018 жылы электр энергиясын жіберу көлемі, сағатына*киловатт (кВт*сағ).

      Теңгерімдеуші электр энергиясының шекті тарифінің мөлшері: теңге/кВт*сағ.

      Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін уәкілетті органмен пайдаланылатын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындарының мәнін Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және (немесе) уәкілетті органның сұранысы бойынша энергия өндіруші ұйымдарымен берілген, электр энергиясының нақты және болжам мәліметтері негізінде уәкілетті органмен айқындалады.

      11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа жедел жоспарларымен қарастырылған, болжамдағы инфляция деңгейін есепке ала отырып, алдыңғы жылдарға қаржы есеп берумен бірге, электр энергиясын өндірудің негізгі шығындарын болжамды ұлғайту туралы ақпаратты негіздеу құжаттарының қосымшасымен бірге ұсынады.

      Уәкілетті орган түзету енгізген электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер электр энергиясына шекті тарифтерге және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерге түзетулер енгізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

3-тарау. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібі

      12. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке шекті тариф жеті жылға тең мерзімге, жылдарға бөліне отырып уәкілетті органмен бекітіледі және қажет болған жағдайда саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіледі.

      13. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған тарифті жеке бекітеді, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған шекті тарифтен жоғары емес.

      14. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке оның қолданыстағы бірінші жеті жылына шекті тарифті айқындау үшін

      2015 жылғы уәкілетті органмен жасалған келісім шеңберіндегі энергия өндіруші ұйымдармен салынған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар бойынша инвестицияларды қоспағанда) сомалық жалпы көлемі қолданылады.

      15. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ШТ – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф;

      I2015- 2015 жылы уәкілетті органмен жасалған келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар есебінен болған инвестицияларды қоспағанда) нақты жиынтық көлемі, (мың. теңге);

      n - 2015 жылы уәкілетті органмен келісім жасаған энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;

      i - бірден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;


- жүйелік оператордың деректеріне сәйкес 2015 жылғы нақты қолда бар жылдық i - энергия өндіруші ұйымның қуаты, мегаватт (МВт);

      M12 – бір жылдағы ай саны;


- i бойынша сомасы.

      Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінің өлшемі: мың теңге/(МВт*айына).

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.11.2018 № 458 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.