Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10617 тіркелді

Қолданыстағы

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 118
бұйрығымен бекітілген

Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары

      1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларацияны (бұдан әрі – декларация) аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      3. Декларация мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.

      Егер декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып табылады.

      4. Биоотын айналымы бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, декларацияны өз таңдауы бойынша ұсынады:

      1) келу тәртібімен – қағаз тасығышта;

      2) пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен - қағаз тасығышта;

      3) ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде.

      Мемлекеттік кірістер органдарына пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен декларацияны ұсыну күні пошталық немесе басқа да мекемелердің байланысын қабылдау туралы белгі болып табылады.

      5. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініштің (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзатады.

      Өтініш декларацияны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.

      Мемлекеттік кірістер органы өтінішті алған күнен декларацияны ұсыну мерзімін 10 күнтізбелік күнге ұзартады.

      6. Декларация табиғи көрсеткіштерде (тоннада) ұсынылады.

      7. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларация жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаның басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрмен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.

      8. Жеке және заңды тұлғалар бұрын ұсынылған декларацияға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болғанда жағдайда, бұрын ұсынылған декларацияға түзету нысанын ұсынады.

      Түзету нысанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

  Биоотын айналымы
бойынша декларацияны
ұсыну Қағидаларына
1-қосымша

      нысан

"Биоотын айналымының теңгерімі"
Биоотын айналымы бойынша декларация

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Мемлекеттік кірістер органының коды

р/с№

Био отын түрі

Био отынның ДСН коды

Қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнім беруші/ алушы

Өнім беруші/ алушының атауы

Өнім берушінің/алушының ЖСН/БСН

Есепті кезең басына қалдығы

Биоотын түсті

Барлығы

өз өндірісінен

жеке және заңды тұлғалардан

ішкі орын ауыстыру бойынша

импорт бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13




























Жиыны













      кестенің жалғасы

Алушылардан өнімдерді қайтару

Өткізілді (тиеп жөнелтілді)

Ілеспе жүкқұжат

Жеткізушілерге өнімді қайтару

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығыны

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

жеке және заңды тұлғаларға ары қарай сату үшін

жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға)

жеке қажеттіліктеріне пайдаланылды

ішкі орын ауыстыру бойынша

экспортқа

нөмірі

күні

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26









































      Жеке кәсіпкер ______________/_________

       (Т.А.Ә.) (қолы)

      Басшысы ______________/___________

       (Т.А.Ә.) (қолы)

      Бас бухгалтер ______________/________

       (Т.А.Ә.) (қолы)

      Декларация қабылданған күн __________________

      _______________________________________________ / _____________

      (Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)

      Пошта штемпелінің күні ______________________ (декларация поштамен ұсынылған жағдайда толтырылады)

  Биоотын айналымы
бойынша декларацияны
ұсыну Қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Биоотын айналымы бойынша декларацияларды ұсыну
мерзімін ұзарту туралы
Өтініш

      ЖСН/БСН______________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы_________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Биоотын айналымы бойынша декларацияларды ұсыну мерзімін ұзартуды

      сұраймын.

      Есепті кезең: Айы ______ Жылы____________

      Өтініш беру күні ____________________________________

      _____________________________________ / _____________

       (басшының Т.А.Ә.) (қолы)

       МО

      Өтініш қабылдау күні _______________________

      ______________________________________________________ / ____________

       (өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)

      Мемлекеттік кірістер органының коды ___________ ШО

      Пошталық штемпель күні_________________________________

      (пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)