Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10617 тіркелді.

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.01.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығымен бекітілген

Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары

      1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларацияны (бұдан әрі – декларация) аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады.

      3. Декларация мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады.

      Егер декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда декларацияны ұсыну мерзімінің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып табылады.

      4. Биоотын айналымы бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, декларацияны өз таңдауы бойынша ұсынады:

      1) келу тәртібімен – қағаз тасығышта;

      2) пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен - қағаз тасығышта;

      3) ақпараттық жүйлер арқылы электрондық түрде.

      Мемлекеттік кірістер органдарына пошта бойынша тапсырыстық хат хабарламасымен декларацияны ұсыну күні пошталық немесе басқа да мекемелердің байланысын қабылдау туралы белгі болып табылады.

      5. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініштің (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзатады.

      Өтініш декларацияны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін электронды түрде немесе қағаз тасығышта ұсынылады.

      Мемлекеттік кірістер органы өтінішті алған күнен декларацияны ұсыну мерзімін 10 күнтізбелік күнге ұзартады.

      6. Декларация табиғи көрсеткіштерде (тоннада) ұсынылады.

      7. Осы Қағидаларға сәйкес ұсынылатын декларация жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаның басшысы, бас бухгалтері қол қояды. Электрондық түрде ұсынылатын декларация электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жеке және заңды тұлғалар бұрын ұсынылған декларацияға толықтырулар енгізу және (немесе) қателерді түзету қажет болғанда жағдайда, бұрын ұсынылған декларацияға түзету нысанын ұсынады.

      Түзету нысанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, есепті кезең және тек жолдың белгілі бір бағандарының мәнін ұлғайту немесе азайту қажеттілігіне қарай қосу немесе алу мәнімен бағандарына өзгеріс енгізу қажет жолдардың нөмірлері көрсетіледі.

  Биоотын айналымы бойынша
декларацияны ұсыну
қағидаларына 1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

"Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.01.2018 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      есепті кезең 20___ жылғы ______ айы

      Индексі: БОАД 1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және

      заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органына

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін

      ЖСН/БСН

      Атауы

      Есепті кезең ________ ай _____ жыл

      Мемлекеттік кірістер органының коды

р/с№

Био отын түрі

Био отынның ДСН коды

Қызметін жүзеге асыру мекенжайы

Өнім беруші/ алушы

Өнім беруші/ алушының атауы

Өнім берушінің/алушының ЖСН/БСН

Есепті кезең басына қалдығы

Биоотын түсті

Барлығы

өз өндірісінен

жеке және заңды тұлғалардан

ішкі орын ауыстыру бойынша

импорт бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Жиыны












      Кестенің жалғасы:

Алушылардан өнімдерді қайтару

Өткізілді (тиеп жөнелтілді)

Ілеспе жүкқұжат

Жеткізушілерге өнімді қайтару

Бүлінгені, жоғалғаны

Нормалар шегіндегі шығыны

Есепті кезеңнің соңындағы қалдығы

Барлығы

жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін

жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға)

жеке қажеттіліктеріне пайдаланылды

ішкі орын ауыстыру бойынша

экспортқа

нөмірі

күні

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26



























      Жеке кәсіпкер ________________________/____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Басшысы __________________________/____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Бас бухгалтер ________________________/____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Декларация қабылданған күн __________________

      ____________________________________________________________ / _____________

      (Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      Пошта штемпелінің күні _________________ (декларация поштамен ұсынылған

      жағдайда толтырылады)

      Ескертпе:

      декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген;

      аббревиатурларды ашып жазу:

      БОАД – биоотын айналымы бойынша декларация;

      Био отынның ДСН коды – биоотынның дербес сәйкестендіру нөмірі- коды көрсетіледі;

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны толтыру бойынша түсіндірме биоотын айналымы бойынша декларация "Биоотын айналымының теңгерімі" биоотын айналымы бойынша декларация

      Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда биоотын түрі көрсетіледі;

      3-бағанда био отынның ДСН коды көрсетіледі;

      4-бағанда қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі;

      5-бағанда биоотынның өнім берушісі немесе биоотынның алушысы көрсетіледі;

      6-бағанда биоотын өнім берушінің немесе биоотын алушының атауы көрсетіледі;

      7-бағанда биоотын өнім берушінің немесе биоотын алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі;

      8-бағанда биоотынның есепті кезең басындағы қалдығы (тоннада) көрсетіледі;

      9-бағанда барлық түскен биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      10-бағанда өз өндірісінен биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      11-бағанда жеке және заңды тұлғалардан биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      12-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      13-бағанда импорт бойынша биоотын түскен (тоннада) көрсетіледі;

      14-бағанда алушылардан өнімдерді (биоотын) қайтару (тоннада) көрсетіледі;

      15-бағанда барлық өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      16-бағанда жеке және заңды тұлғаларға одан әрі сату үшін өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      17-бағанда жеке және заңды тұлғаларға, олардың жеке қажеттіліктері үшін (соңғы тұтынушыға) өткізілген (тиеп жөнелтілген) биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      18-бағанда жеке қажеттіліктерге пайдалану үшін тиеп жөнелтілген биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      19-бағанда ішкі орын ауыстыру бойынша тиеп жөнелтілген биоотын (тоннада) көрсетіледі;

      20-бағанда экспортқа биоотын (тоннада) өткізілген (тиеп жөнелтілген) көрсетіледі;

      21-бағанда биоотынға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі;

      22-бағанда биоотынға ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі;

      23-бағанда жеткізушілерге өнімді (биоотынды) қайтару (тоннада) көрсетіледі;

      24-бағанда биоотынның бүлінгені, жоғалғаны (тоннада) көрсетіледі;

      25-бағанда биоотынның нормалар шегіндегі шығыны (тоннада) көрсетіледі;

      26-бағанда биоотынның есепті кезеңнің соңындағы қалдығы (тоннада) көрсетіледі.


  Биоотын айналымы бойынша
декларацияны ұсыну
қағидаларына 2-қосымша
  нысан

Биоотын айналымы бойынша декларацияларды ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 02.10.2019 № 1078 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі ___________

      _________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы ______________

      ________________________________________________________________

      Биоотын айналымы бойынша декларацияларды ұсыну мерзімін ұзартуды сұраймын.

      Есепті кезең: Айы ____________ Жылы _______

      Өтініш беру күні __________________________

      _______________________________________________ /____________

      (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

      Өтініш қабылдау күні _______________________

      _______________________________________________ /____________

      (өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Мемлекеттік кірістер органының коды ___________ Мөртаңба орны

      Пошталық штемпель күні ____________________________________________________

      (пошта бойынша өтініш ұсынылған жағдайда толтырылады)