"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық аулау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | С. Омаров |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген |
Балық аулау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Балық аулау қағидалары "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Заң) 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке және заңды тұлғалардың кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатындағы аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін регламенттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың қолданысы балық және басқа да су жануарларын жасанды өсіруге қолданылатын су айдындарынан басқа, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, көбейту және өсіру үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың запастарының өсімін молайту үшін маңызы бар Қазақстан Республикасының барлық балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз суларына таралады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңымен реттеледі.
4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аншлаг - өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
2) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры - жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;
3) балық аулау - балық ресурстарын және баска да су жануарларын аулау;
4) балық аулаушы - әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
5) балықтардың көбею кезеңі - белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
6) балықтардың қырылуы - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
7) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі - балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
8) балық ресурстары және басқа да су жануарлары - сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
9) балық шаруашылығы субъектісі - қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
10) балықшы - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне карай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;
11) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10168 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген нысан бойынша құжат;
12) жануарлар дүниесін пайдаланушылар - Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;
13) жолдама - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жануарлар дүниесі объектілерін ұстап алу мақсатында бару үшін жеке тұлғаға берілетін құжат (біржолғы немесе маусымдық);
13-1) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;
14) кездейсоқ ауланым - рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
15) қорықшылық қызмет - Заңның 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы субъектілерінің бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
16) қыстау шұңқыры - қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
17) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;
18) уылдырық шашу - балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;
19) рекреациалық балық аулау аймағы - Заңның 10-бабы 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
20) ұйық (ұйықтық учаске) - су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;
21) балық шаруашылығы - Заңның 9-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
22) балықтың кәсіпшілік мөлшері - тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін (аузы жабық кезде) аулауға жол берілетін балық өлшемі;
23) шаяндардың кәсіпшілік мөлшері - көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшенетін аулауға жол берілетін шаяндардың өлшемі;
24) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;
25) ведомство – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
26) аумақтық бөлімшелер – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциялары.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібінде жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға мекендеу ортасынан алмай жануарлар дүниесі объектілерін, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерін пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жалпы пайдалану ақысыз, ал арнайы пайдалану "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 582-бабына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Балық аулау қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) кіргізілген балық аулау құралдарымен, тәсілдермен және әдістермен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10266 тіркелген) "Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Рұқсаттарда көрсетілмеген балық түрлері мен басқа да су жануарларының және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кем балықтардың кездейсоқ ауланымы ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайызынан және сүзгіш аулау құралдарында ауланғанның бес пайызынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Кездейсоқ ауланым рұқсат етілген көлемнен асып кеткен жағдайда, барлық ауланым кідіріссіз табиғи мекендеу ортасына аз зақыммен жіберіліп, "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналына (кәсіпшілік журналына) (бұдан әрі – кәсіпшілік журнал) тиісті жазба енгізіледі.
Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды күтіп-бағуға арналған азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.
Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлері бар иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дарақтар табиғи мекендеу ортасына жіберілуі немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуі тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтар табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс.
Бекіре тұқымдас балық түрлерінің тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналында немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі.
Бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналында немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және мемлекеттік инспектордың жою туралы тиісті акті (еркін нысанда) жасауы арқылы жойылуға жатады.
Шаяндарды аулау кәсіпшілік емес мөлшерлердегі шаяндарды алмастан жүзеге асырылады. Кәсіпшілік емес мөлшердегі шаяндар балық аулау құралдарына түскен жағдайда кідіріссіз аз зақыммен табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Заңның 39-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда:
1) бөгеттердің, шлюздердің және көпірлердің жанында, көлдерді өзара және негізгі өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердің жеткізу арналары мен бұрмаларда, өзендер мен арналардың сағалары су айдынның құятын тұсынан екі жағындағы 500 метрдегі қашықтықта және су айдынының 500 метр ішкі қашықтықта, сондай-ақ өзен немесе арнаның ағысымен жоғарғы қарай 1500 метр қашықтықтағы аралығында;
2) осы Балық аулау қағидаларында көзделмеген балық аулау құралдарымен;
3) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;
4) Қазақстан Республикасының "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңымен белгіленген тәртіппен тіркелмеген және тіркеу нөмірлері көрсетілмеген жүзу құралдарымен;
5) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;
6) теңізде және өзендерде бекіре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;
7) алкогольден немесе есірткіден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;
8) осы Балық аулау қағидаларымен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;
9) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;
10) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;
11) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
12) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеменің негізінде уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
13) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
14) уәкілетті органның рұқсатынсыз тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға жол берілмейді.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Аулау құралына жапсырманың нысаны осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2016 № 421 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Заңның 14-бабының 3-тармағы мен 39-бабының 4-тармағына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында:
1) өсімдіктерді жоюға және балық ресурстары және басқа да су жануарлары мекендейтін ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де іс-әрекеттерге;
2) балықтардың көбеюі кезеңінде олар уылдырық шашатын белгіленген орындарда катерлердің, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының қозғалтқыштарын іске қосып жүзуге;
3) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне;
4) балық ресурстары және басқа да су жануарларының мекендеу ортасын, сілтеме белгілерді, балық шаруашылығын жүргізуге арналған құрылысжайларды жоюға;
5) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз алып қоюға;
6) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын белгіленген лимиттен артық және жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетілген мерзімдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында олжалауға;
7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын осы Қағидаларда көзделмеген оларды олжалау құралдарының, әдістерінің және тәсілдерінің түрлерін қолдана отырып олжалауға;
8) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олжалауға;
9) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге;
10) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық шаруашылығы учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге;
11) балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға;
12) елді мекендердің, балық қабылдау пункттерінің жанына бакендер орнату үшін аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлігінің тоқтауына;
13) әр түрлі аулау құралдарының түрін бір балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусіз алып баруға;
14) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өзендерде жаңа балық шаруашылығы учаскелерін, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді), ағызу және жүзу жолдарын ашуға;
15) су айдындарында немесе оған тікелей жақын жерде қолдану осы Қағидаларда көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
16) Осы Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлі және ауру балықты суға және жағалау белдеуіне лақтырып тастауға;
17) осы Қағидаларда белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;
18) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе "басқа" және "майда" деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
19) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
20) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде аумақтық бөлімшемен келісусіз қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;
21) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатсыз және осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне жол берілмейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Кәсіпшілік балық аулау тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
12. Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылады.
Жағалауда аулау бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, ұйықтарда (ұйықтық учаскелерінде) жүзеге асырылады.
Теңізде аулау бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылады.
13. Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
14. Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) рұқсат;
2) жергілікті атқарушы органмен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болған кезде беріледі.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Кеме капитаны, бригадир, звеньевой немесе кәсіпшілік балық аулау кезіндегі жауапты тұлға, кеменің бортында, сонымен қоса балық кәсіпшілік учаскесінде:
рұқсатты;
балық шаруашылығы субъектісі немесе жануарлар дүниесін пайдаланушы қолымен бекітілген және аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылған, тігілген және нөмірленген кәсіпшілік журналды өздерімен бірге алып жүреді.
Ескерту. 15-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын тұлғалар әр ауланымды, кәсіпшілік журналына аулау кезінде тіркейді.
Кәсіпшілік журнал тігіледі және нөмірленеді, балық шаруашлығы субъектісінің немесе жануарлар дүниесін пайдаланушының қолымен қойлады және аумақтық бөлімшенің мөрімен расталады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.10.2020 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 "Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы" бұйрығымен белгіленген тәртіппен және мерзімде, аумақтық бөлімшеге балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер жануарлар дүниесін пайдаланушымен беріледі.
4-тарау. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.
Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде рекреациялық балық аулау үшін пайдаланылады.
20. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммнан астам ақылы түрде жергілікті атқарушы органдарымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
21. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
22. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге:
1) жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде);
2) рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде);
3) жеке басты куәландыратын құжат болады.
5-тарау. Ғылыми-зерттеу үшін аулау тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысында айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Заңның 34-бабының 4-тармағына сәйкес бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарларды алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулау аулауға жол беріледі.
25. Ғылыми-зерттеу үшін аулау кәсіпшілік журналында аулаудың уақыты мен орны, қолданылған аулау құралдары көрсетіле отырып белгіленеді. Кәсіпшілік журналда балық аулауды жүргізуге жауапты адамдар туралы деректер және осы квотаны одан әрі пайдалану жөніндегі ақпарат та көрсетіледі.
26. Ведомствомен және (немесе) оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы шеңберінде ғылыми ұйымдар:
1) зерттеу жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспары мен кестесін бекітеді;
2) су айдындары және (немесе) учаскелері мен теңіз шаршылары бөлінісінде аулау учаскелерінің тізбесін белгілейді;
3) станциялар торын немесе торды және тралды орнатудың немесе батырылған аудың санын, орнатуды және батыруды жүргізудің уақыты мен орнын, пайдаланылатын аулау және жүзу құралдарының үлгісін, түрін және санын, аулау тәсілдерін айқындайды.
27. Ғылыми-зерттеу үшін аулау жергілікті атқарушы органмен немесе ведомствомен берілген рұқсат негізінде рұқсат етілген балық аулау құралдарымен жылдың кез келген уақытында жүзеге асырылады.
28. Балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (торының конструктивтік адымы 50-миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе өзге де полиамидті моножіптен және өзге де синтетикалық моножіптен машиналық тәсілмен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді аудан басқа, тыйым салынған аулау құралдарымен ғылыми-зерттеу үшін аулау аумақтық бөлімше өкілінің қатысуымен және жүргізілген аулау нәтижелері көрсетілген жеке акт (еркін нысанда) толтырылған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми-зерттеу үшін аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітілген берілген жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады.
30. Ғылыми-зерттеу үшін аулау шеңберінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын ғылыми ұйымнан өзге жеке немесе заңды тұлғаларға беруіне жол берілмейді.
31. Ғылыми-зерттеу ұйымының ғылыми квотаны пайдалануы туралы ақпарат ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүргізуге байланысты барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғылыми-зерттеу үшін аулауға рұқсат алған жерге беріледі.
6-тарау. Бақылау үшін аулау тәртібі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Бақылау үшін аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарындағы балық өнімділігін айқындау мақсатында аулау.
33. Бақылау үшін аулауды жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатсыз ихтиологиялық байқаулар жүргізу кезінде аумақтық бөлімше:
1) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде су айдындарына балық жіберу бойынша ұсыныс дайындау;
2) кәсіпшілік ауланған балықтардың түрлік және мөлшерлік құрамы, салмағы, жасы және жыныстық арақатынасы туралы биологиялық материал жинау;
3) негізгі құнды балық түрлерінің уылдырық шашу үшін қоныс аударуын және уылдырық шашуын, қоныс аудару мерзімін, уылдырық шашатын табынның құрамын, өндірілушілердің уылдырық шашу орнын толтыру дәрежесін, уылдырық шашу мерзімі мен сипатын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені, балық шабақтарының кездейсоқ аулануын айқындауды, уылдырық шашатын табынның жалпы бағасын және санын сипаттайтын материалдарды жинау;
4) шабақтар серуендейтін негізгі аудандарды есепке алу, кәсіпшілік аудандар бойынша кездейсоқ ауланым туралы материалдар жинау;
5) негізгі құнды балық түрлерінің қыстау жағдайы мен барысын, олардың қыстауға жату мерзімдерін, қыстау шұңқырларының толу дәрежесін, қыстау шұңқырларындағы температуралық және гидрохимиялық режимдерді, балық қырылу қаупі бар су айдындарын (учаскелерін) балықтардың қырылуының профилактикасы және жою шараларын әзірлеуді бақылау;
6) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қырылу жағдайларын анықтау және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеу;
7) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілген зиянның көлемін айқындау және оның орнын толтыру бойынша талап қою;
8) балық аулау режимін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
9) кәсіпорындарды, құрылысжайларды, басқа да объектілердің жоспарланған құрылысы мен пайдалануға берудің және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде түрлі жұмыстарды жүргізудің балық ресурстарына және басқа да су жануарларына әсер етуін бағалау;
10) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
11) балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының профилактикасы және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, су тарту, ағызу құрылысжайларын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Бақылау үшін аулау жұмыс жоспарына, аумақтық бөлімшесінің басшысы бақылау үшін аулауды жүргізу кестесіне сәйкес, ведомствомен келіскеннен кейін жүзеге асырылады.
35. Бақылау үшін аулау тыйым салынған аумақтар мен тыйым салынған кезеңдерді қоса алғанда, кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде жүргізіледі.
36. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген шаруашылығы субъектісіне бақылау үшін аулау жүргізілетін жер мен уақыт хабарланғаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады.
37. Әрбір бақылау үшін аулау нәтижелері балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулауды есепке алу журналында көрсетіледі және бақылау үшін аулауды жүргізген адамдар, бақылау үшін аулауға қатысқан балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері туралы мәліметтер, аулау өткізілген жер мен уақыт; қолданылған аулау құралдары; түрлері бойынша ауланған балықтың саны (данамен және килограммен), сонымен қатар, мақсатттары және нәтижелері актімен (еркін нысанда) ресімделеді. Актіде (еркін нысанда) зерттелген балықты есептен шығару және жануарлар дүниесін пайдаланушыға немесе ғылыми ұйымға беру туралы ақпарат көрсетіледі.
Бақылау үшін аулауды жүзеге асыру орнында тікелей акті (еркін нысанда) құрылады және бақылау үшін балық аулауды жүзеге асырушы тұлғалар, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілген жануарлар дүниесін пайдаланушылардың уәкілімен (бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау жүргізу кезінде) қол қойылады.
Пайдалануға және өңдірілуге жарамсыз балық зарттелгеннен кейін көму арқылы жойылады.
Пайдалануға және өңдірілуге жарамды балық зарттелгеннен кейін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітілген жануар дүниесін пайдаланушыға беріледі, ал резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерден бақылау үшін аулау жүргізілген кезде балық ғылыми мекемелерге зерттеу үшін беріледі.
38. Бақылау үшін аулау кезінде алынған балық берілген жануарлар дүниесін пайдаланушы немесе өзге де жеке және заңды тұлғалар Салық кодексінің 582-бабына сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізеді.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-тарау. Мелиоративтік аулау тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Балықтың жаппай қырылуына әкеп соқтырмай қоймайтын балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтың қырылу қатері туындаған және мұндай қатерді су объектілерінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайларда аумақтық бөлімше жергілікті атқарушы органдар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган өкілдерінен аумақтық бөлімше құрған Комиссияның шешіммен (бұдан әрі – комиссия) ғылыми ұсынымдары негізінде және ихтиологиялық байқаулар нәтижелері бойынша мелиоративтік балық аулауды ұйымдастырады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Бекітілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мелиоративтік аулауды аталған су айдындары бекітіліп берілген жануарлар дүниесін пайдаланушылар пайдалануға рұқсат етілген балық аулау құралдарымен жүргізеді.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қордың қырылу қатерінің туындау фактісі анықталған кезде, комиссия мелиоративтік аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісін айқындайды.
Мелиоративтік аулау жүргізуге ұсынылған резервтік қордың су айдынына және (немесе) учаскесіне жақын орналасқан су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісіне артықшылық беріледі.
Ғылыми ұсыным бойынша мелиоративтік аулау ретінде жүзеге асырылатын жаппай аулау кезінде жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (торының конструктивтік адымы 50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе өзге де полиамидті моножіптен және өзге де синтетикалық моножіптен машиналық тәсілмен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді аудан басқа, кез келген аулау құралдары, оның ішінде тізбеге енгізілмеген аулау құралдары да, пайдаланылады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Мелиоративтік аулау туралы шешім аумақтық бөлімше басшысының немесе оның орнындағы адамның бұйрығымен рәсімделеді.
43. Мелиорациялық аулауға жергілікті атқарушы органмен берілген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың болуы кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқығы бар.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Мелиоративтік аулау аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен, мелиоративтік аулау туралы акт (еркін нысанда) толтыру және балықты аулап алу туралы мәліметтер нәтижелері кәсіпшілік журналға енгізу арқылы жүзеге асырылады.
45. Қырылуға қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиоративтік аулау жолымен алынған балық көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
8-тарау. Өсімді молайту мақсатындағы аулау тәртібі
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
46. Өсімді молайту мақсатындағы аулау - балық ресурстарын және басқа су жануарларын олардың өсімін молайту мақсатында аулау.
47. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулау кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, жылдың және тәуліктің кез келген уақытында, пайдалануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдары мен тәсілдерінің түрлерімен жүргізіледі.
48. Жеке және заңды тұлғалардың талабымен жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулауына рұқсат қажет.
9. Эксперименттік аулау тәртібі
Ескерту. 9-тарау алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.08.2017 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Балық аулау қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2016 № 421 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.11.2019 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арал-Сырдария бассейні үшін
1. Шардара су қоймасы және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзені
Аулауға рұқсат етілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының сантиметрлік (бұдан әрі - см) мөлшері (бұдан әрі мәтін бойынша - кәсіпшілік балық мөлшері): сазан - 35, көксерке - 38, ақ амур және дөңмаңдай - 45, жайын - 65, патшабалық - 17, қылышбалық - 31, ақмарқа - 31, айнакөз - 18.
2. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзені, Түркістан облысы шегіндегі су айдындары және Келес, Арыс өзендері.
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан – 30, көксерке – 38, айнакөз – 18, патшабалық – 17, ақмарқа және қылышбалық – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65
3. Үлкен, Кіші Арал теңізі және Қызылорда облысы
шегіндегі Сырдария өзені
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 35, ақмарқа - 31, көксерке - 38, табан - 20, арал тортасы - 17.
4. Қызылорда облысының шегіндегі балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 32, көксерке - 38, табан - 20, торта - 17, ақмарқа - 31, ақ амур және дөңмаңдай - 45.
Балқаш-Алакөл бассейні үшін
1. Балқаш көлі, сағадан Қапшағай су қоймасына дейінгі Іле өзені, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз өзендері, осы өзендердің барлық жылғалары мен саяаларын қоса алғандағы атыраулық және жайылымдық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 40, табан - 19, ақмарқа - 37, көксерке - 37.
2. Қапшағай су қоймасы және Қапшағай су қоймасынан Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі - ҚХР) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзені
Кәсіпшілік балық мөлшері см: табан - 26, сазан - 40, ақ амур - 55, жайын - 80, көксерке - 38, ақмарка - 37, дөңмаңдай - 70.
3. Алакөл көлдер жүйесі
Кәсіпшілік балық мөлшері см: көксерке - 37, сазан - 43.
Ертіс бассейні үшін
1. Бұктырма су қоймасы, Зайсан көлі және Зайсан көліне құятын жерден ҚХР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзені
Кәсіпшілік балық мөлшері см: сазан - 45, көкшұбар балық - 19, көксерке - 38, шортан - 32.
2. Шүлбі су қоймасы
Кәсіпшілік балық мөлшері см: сазан - 36, көксерке - 38.
3. Павлодар облысының шегіндегі балық шаруашылығы
су айдындары және (немесе) учаскелері және Ертіс өзені
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 32, көксерке - 32.
Есіл бассейні үшін
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: шортан - 42.
Нұра-Сарысу бассейні үшін
1. Нұра-Сарысу бассейнінің балық шаруашылығы
су айдындары және (немесе) учаскелері
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) - 32, көксерке - 35, оңғақ - 20, шортан - 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур - 45, дөңмаңдай - 45, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық - 22.
2. Қарағанды және Павлодар облысының шегіндегі
Қаныш Сәтпаев атындағы арна
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) - 32, көксерке - 35, шортан - 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур - 45, дөңмаңдай — 45, оңғақ - 20.
Тобыл-Торғай бассейні үшін
Қостанай және Ақтөбе облыстарының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
Кәсіпшілік балық мөлшері, см:
1) Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын қоспағанда): сазан (тұқы) - 26, көксерке - 45, табан - 20, оңғақ - 20, шортан - нәлім - 45, көкшұбар - 16, көкшұбар балық - 22, пайдабалық - 26, ақсаха - 30, шаян - 9;
2) Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су коймалары үшін: сазан (тұқы) - 45, көксерке - 45, табан - 22, оңғақ - 20, шортан - 45, нәлім - 45, көкшұбар - 16, көкшұбар балық - 22, пайдабалық - 26, ақсаха - 30, шаян - 9;
3) Ақтөбе облысы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін: шортан - 40, табан - 19, тұқы (сазан) - 33, мөңке - 21, аққайран - 24, торта - 19, оңғақ - 17, көксерке - 37, жайын - 53, ақмарқа - 40, нәлім - 45, шаян - 9.
Жайық-Каспий бассейні үшін
1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: солтүстік Каспийдегі көксерке - 37, ортаңғы Каспийдегі теңіз көксеркесі - 30, Каспийдің шығыс бөлігінен басқа сазан - 40, Каспийдің шығыс бөлігіндегі сазан - 30, табан - 24, қаракоз - 17, қызылқанат шұбар балық - 17, майшабақ - 20, бозаңқы - 14, ақ амур - 75, дөңмаңдай - 75, анчоус тәрізді шабақ және қамса бадырақ шабақ - 7, шаян - 9, ақмарқа - 41, тікенді балық - 24, жайын - 53, шортан - 30, балпан балық - 17, қылышбалық - 26, ақкөз балық - 22.
2. Атырау облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: қаракөз - 18, көксерке - 37, акмарқа - 41, жайын - 53, шортан - 30, сазан - 40, балпан балық - 17, ақкөз балық - 22, қызылқанат шұбар балық - 17, қылышбалық - 26, табан - 24, беріш - 26.
3. Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 40, табан - 24, қаракөз - 17, қызылқанат шұбар балық - 17, ақ дөңмаңдай - 75, шаян - 9, көксерке - 43, ақмарқа - 41, жайын - 53, шортан - 30.
Шу-Талас бассейні үшін
Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан - 36, көксерке - 42, табан - 21, мөңке - 20, аққайран және қызылқанат шұбар балық - 22, торта және тарақ-балық - 19, ақмарқа - 31, ақ амур және дөңмаңдай - 45.
Балық аулау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2016 № 421 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыс _________________________________________________________ |
Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе өзге де су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.