Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10592 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары осы бұйрықтын 1–қосымшасына сәйкес;
      2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін осы бұйрықтын 2–қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына   
1-қосымша      

Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің
қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу тәртібін айқындайды, оны мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар ресімдейді және автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.

2. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің
қозғалысын есепке алу журналын жүргізу тәртібі

      3. Автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде міндетті түрде осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.
      4. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы күн сайын қағаз тасығышта жүргізіледі, нөмірленеді, тігіледі және жеке немесе заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады және аталған журналды жүргізуге тағайындалған жауапты тұлға қол қояды.

3. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің
қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру

      1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.
      2-бағанда мұнай өнімінің коды - дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      3-бағанда жұмыс күні басындағы жеке немесе заңды тұлғада бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде - ауысымның басында.
      Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
      Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған жеке немесе заңды тұлғалар осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне);
      4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі;
      5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
      6-бағанда жұмыс күнінің соңына жеке және заңды тұлғаларда бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.
      7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
      8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетіледі.
      9-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
      10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.
      11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
      12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә көрсетіледі, қолы қойылады.
      5. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларынан, сондай-ақ жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.

4. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю
станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің
көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке
алу журналына қосымшаны толтыру

      1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.
      2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.
      3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның басына.
      Аталған көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды);
      5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңына.
      Бұл көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
      7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.
      9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі, қолы қойылады.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 136 бұйрығына   
2-қосымша      

Нысан

20__ жыл үшін автожанармай құю станциясындағы мұнай
өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы

_____________________________________________________________________
                      (атауы, орналасқан жері)
*____________________________________________________________________

Күні

Мұнай өнімінің пин-коды

Мұнай өнімдерінің қозғалысы (тоннада)

Мұнай өнімдерін жеткізушілер туралы мәліметтер

Журналды жүргізуге жауапты жеке немесе заңды тұлғаның Т.А.Ә.

Жұмыс күнінің (ауысымның) басындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)

Сатып алынған мұнай өнімі (мұнай өнімдері базасынан не резервуардан орны ауыстырылған)

Отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мұнай өнімдері

Жұмыс күнінің (ауысымның) соңындағы мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері)

Мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы

Жеткізушінің СТН және бар болған кезде ЖСН/БСН

Ілеспе жүк- құжатының нөмірі

Ілеспе жүк- құжатының күні

Ілеспе жүк- құжаты бойынша мөлшері (тоннамен)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














































      Ескертпе * жылжымалы түрдегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар меншік иесін (жалға берушіні), автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін және қауіпті жүк тасу қызметімен айналысу құқығына лицензияның нөмірін көрсетеді.

Автожанармай құю станциясындағы
мұнай өнімдерінің қозғалысын 
есепке алу журналына қосымша 

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (атауы, орналасқан жері)

Отын-үлестіру колонкаларындағы (ОҮК) есептеуіштердің көрсеткіштері

Жауапты жеке немесе заңды тұлғаның Т.А.Ә., қолы

Күні

Мұнай өнімдерінің түрлері

ОҮК есептеуіштің көрсеткіштері жұмыс күнінің (ауысымның) басында

ОҮК есептеуіштің көрсеткіштері жұмыс күнінің (ауысымның) соңында

Жұмыс күні (ауысымда) ОҮК арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері, литрмен

ОҮК № 1

ОҮК № 2

ОҮК № 1

ОҮК № 2

ОҮК № 1

ОҮК № 2

1

2

3

4

5

6

7

8

9


















































      Ескертпе * отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы өткізілген мұнай өнімдерінің мөлшері = жұмыс күні (ауысым) соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері - жұмыс күні (ауысым) басында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері