Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10524 тіркелді.

Жаңартылған

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 № 1314 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 23 ақпан


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы
  20 ақпандағы
  № 109 бұйрығымен
  бекітілген

Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 № 1314 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2) тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін айқындайды.

      2. Этил спиртін сақтау мен өткізу этил спиртін өндірушінің қойма үй-жайлары, нысаны "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген) этил спиртін өндіруге арналған лицензиясы болған кезінде жүзеге асырылады.

      Алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия өндірушіге алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға құқық береді.

      3. Этил спиртін өткізу:

      1) бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;

      2) өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;

      3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға жол беріледі.

      4. Тәркіленген этил спиртін өткізу этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушілерге ғана рұқсат етіледі.

2-тарау. Этил спиртін сақтау тәртібі

      5. Этил спиртін сақтау "Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10422 болып тіркелген) біліктілік талаптарына жауап беретін және мәліметтер тізбесі "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10461 болып тіркелген) өндіру паспортында көрсетілген, тек этил спиртін сақтауға, қабылдауға және жіберуге арналған қойма үй-жайларында жүзеге асырылады.

      6. Этил спирті көлемі бойынша спирттің болуын өлшеу мүмкіндігінің міндетті түрде болуы шартымен әртүрлі сыйымдылықта және нысанда мамандандырылған стационарлық үй-жайларда және алаңдарда (ашық, жабық) орнатылатын болаттан жасалған резервуарларда сақталады.

      7. Этил спиртін сақтау орнында резервуардың қақпағына (сынама үлгісін іріктеу, спирттің деңгейін өлшеу және т.б.) жұмыс жасау үшін баспалдақтар мен алаңдар орнатумен этил спирті бар резервуарды қарау үшін әрбір резервуарға барлық жағынан еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

      8. Резервуарлардағы спирттің деңгейін бақылау үшін резервуарлардың аса толып кетуін ескертетін, жарылу қауіпсіздігі шекті деңгейінің автоматты сигнал беру құралдары орнатылады.

3-тарау. Бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу тәртібі

      9. Тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу (бұдан әрі – 1-алушылар) бөлінген квота шегінде жүзеге асыралды.

      10. Этил спиртін өндіру және өткізу қызметін жүзеге асыруға құқығы бар субъект (бұдан әрі – Жеткізуші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбе бойынша 1-алушыларға этил спиртін өткізеді.

      1-алушылардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) қалыптастырады, этил спиртін өндіру және айналым саласындағы уәкілетті (бұдан әрі – уәкілетті орган) органның сайтында орналастырылады және ол қалыптастырылған жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      11. Этил спиртін қабылдауды басшының не оның алмастыратын адамның бұйрығымен тағайындалған, этил спиртін есепке алуға, сақтауға, өткізуге (тиеп-жөнелтуге, қабылдап алуға) жауапты 1-алушының қызметкерлері жүзеге асырады.

      12. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің мөлшерін айқындаумен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексеру туралы куәлігі бар белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексеруден өткен өлшеуіштер арқылы жіберіледі.

      13. 1-алушылардың этил спиртін нысаналы пайдалануына бақылауды мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттік орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1-алушылардың этил спиртін пайдаланғаны туралы тоқсан сайынғы есебін уәкілетті органға табыс етеді.

      Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.

4-тарау. Өндірілуіне спирт пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібі

      15. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі – 2-алушы) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Жеткізушіден этил спиртін сатып алады.

      16. Жеткізуші этил спиртін өткізуді (тиеп-жөнелтуді) дүйсенбіден бастап жұма аралығында күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейін жүзеге асырады.

      Этил спирті жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 17:00-ден бастап келесі күнгі сағат 10:00-ге дейін, сондай-ақ мереке, сенбі және жексенбі күндері өткізілмейді (тиеп-жөнелтілмейді).

      17. Осы тарау шеңберінде этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) деп Жеткізушінің спирт қоймасындағы өлшеуіштерден көлікке, құбыржолдарына спиртті құю, сондай-ақ белгіленген құжаттарды ресімдеу және аталған көлікті этил спиртімен Жеткізушінің аумағынан жөнелту түсініледі.

      18. 2-алушы өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық органдарына этил спиртін алатын уәкілетті адамдар туралы мәліметті табыс етеді.

      Табыс ететін мәліметтердің тізіміне мыналар кіреді:

      1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      2) этил спиртін алатын уәкілетті адамдардың, сондай-ақ бірінші басшының не бірінші басшының міндетін атқарушы адамның қолдарының үлгілері;

      3) төлқұжаттың немесе жеке куәлігінің көшірмелері.

      Уәкілетті адам өзгерген жағдайда 2-алушы осындай өзгеріс болған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы уәкілетті органның аумақтық органын хабардар етеді.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мәліметтер бірінші басшының не бірінші басшының міндетін атқарушы тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесін табыс ете отырып, бірінші басшының міндетін атқарушы адамның қолымен куәландырылады.

      20. Уәкілетті органның аумақтық органы 2-алушы табыс еткен мәліметтердің не уәкілетті адамның өзгергені туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, осындай өзгеріс болған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ілеспе хатпен құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға жолдайды.

      Уәкілетті орган уәкілетті органның аумақтық органына этил спиртін алуға уәкілетті адамдардың тізбесін жолдайды.

      Уәкілетті органның аумақтық органы этил спиртін алуға уәкілетті адамдардың тізбесін жекелеген қызмет түрлері бойынша олардың тіркеу есебіне алынған жері бойынша Жеткізушілерге жолдайды.

      21. Этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) кезінде оны тасымалдау белгіленген тәртіппен тексерілген автоцистернамен және (немесе) теміржол цистернасымен, сондай-ақ аралық фланецтерсіз құбыржолдармен жүзеге асырылады.

      22. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Этил спиртін теміржол цистернасымен өткізу (тиеп-жөнелту) уәкілетті органның аумақтық органының қызметкеріне уәкілетті адам жеке куәлігін көрсеткеннен кейін ғана жүргізіледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Этил спиртін өндірушінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органның аумақтық органы автоцистернаның метрологиялық тексеру актісі деректерінің, (этил спиртінің құбыржолмен тасымалдау жағдайларынан басқа) дұрыстығына көз жеткізген соң этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелтуге) кіріседі.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Этил спирті бар көлік Жеткізуші аумағынан белгіленген нысандағы ілеспе жүкқұжат жазылған күні шығып кетеді.

      28. Жоғарыда көрсетілген ілеспе жүкқұжатқа әрбір цистерна үшін этил спиртінің сапасы туралы белгіленген нысандағы құжат қоса беріледі.

      29. Этил спиртін қабылдауды өндірістік зертхана қызметкерінің қатысумен басшының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен этил спиртін есепке алу, сақтау, өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) үшін жауапты болып тағайындалған этил спирті немесе алкоголь өнімін өндіруші – ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады.

      30. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің мөлшерін айқындаумен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексеру туралы куәлігі бар белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексеруден өткен өлшеуіштер арқылы қабылданады.

      31. Этил спиртін алкоголь өнімін өндіретін жерде қабылдағаннан кейін 2-алушы 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес мерзімде өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық органын көлемін көрсете отырып этил спиртін алғаны туралы хабардар етеді.

      32. Этил спирті сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қолжетімді жерлері күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ден сағат 10:00-ге дейін, сондай-ақ сенбі, жексенбі және мереке күндері тығындалып жабылады және Жеткізуші қызметкердің қатысуымен уәкілетті органның аумақтық органы пломба салады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Этил спиртін өткізуге (тиеп-жөнелтуге) мынадай:

      1) Жеткізушіге және (немесе) 2-алушыға қатысты оның этил спиртін (алкоголь өнімін) өндіру қызметімен айналысуына тыйым салатын соттың шешімі болған, сондай-ақ этил спиртін, алкоголь өніміндерін өндіруге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда;

      2) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 28.03.2023 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) Жеткізушінің және (немесе) 2-алушының қызметі тоқтатылған, жойылған немесе бөлу нысанында қайта құрылған;

      4) осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес салынған пломбаны санкциясыз шешкен;

      5) Жеткізуші және (немесе) 2-алушы осы тарауда көзделген талаптарды бұзған жағдайларда тыйым салынады.

      34. Этил спиртін өткізуден (тиеп-жөнелтуден) бас тартқан жағдайда, уәкілетті органының аумақтық органдары 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Жеткізушілер мен 2-алушыларды осындай шешім туралы жазбаша хабардар етеді.

5-тарау. Этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізу тәртібі

      35. Жеткізуші зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізеді.

      36. Осы тараудың шеңберінде этил спиртін өткізу (тиеп-жөнелту) деп Жеткізушінің спирт қоймасындағы өлшеуіштерден ыдысқа, көлікке спиртті құю, белгіленген құжаттарды ресімдеу және Жеткізушінің аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі.

      37. Этил спиртін қабылдауды, оны осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген мұқтаждар үшін пайдаланатын ұйым басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен этил спиртін қабылдау, есепке алуға және сақтау үшін жауапты болып тағайындалған қызметкерлер жүзеге асырады.

      38. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің көлемін айқындай отырып, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексеру туралы куәлігі бар, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексерістен өткен өлшеуіштер арқылы жіберіледі.

6-тарау. Этил спиртін экспортқа өткізу (тиеп-жөнелту) тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 6-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 30.09.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Этил спиртін экспорттауды этил спиртін өндіруге лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      40. Этил спиртінің экспортына қауіпті жүктерді көліктің тиісті түрлерімен халықаралық тасымалдау туралы халықаралық келісімдерде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында пайдалануға рұқсат етілген көліктік қаптаманы (ыдысты) пайдалана отырып жол беріледі.

      41. Осы тарау шеңберінде этил спиртін экспортқа өткізу (тиеп-жөнелту) деп жеткізушінің спирт қоймасының өлшегіштерінен спиртті ыдысқа, көлікке құю, сондай-ақ белгіленген құжаттарды ресімдеу және жеткізушінің аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі.

      42. Жеткізуші этил спиртін экспортқа өткізуді (тиеп-жөнелтуді) жергілікті уақыт белдеуі бойынша күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырады.

      Этил спиртін өткізу (жөнелту) жергілікті уақыт белдеуі бойынша келесі күні сағат 17:00-ден 10:00-ге дейін, сондай-ақ мереке күндері және деамалыс күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылмайды.

      43. Этил спирті белгіленген мерзімде мемлекеттік тексеруден өткен, мемлекеттік салыстырып тексерушінің пломбалары немесе таңбалары және олардың салыстырып тексеру туралы куәліктері бар өлшеуіштер арқылы оның көлемін, концентрациясын, температурасын айқындай отырып және сусыз спирттің мөлшерін есептей отырып босатылады.

  Этил спиртін сақтау мен өткізу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
1-қосымша
 
Нысан

20__ жылғы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және этил спиртін дәрілік препараттарды дайындау және медициналық қызметтер көрсету үшін пайдаланатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі

Алушының атауы

Мекенжай (орналасқан жері)

бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

20__ жылға талап етілетін этил спиртінің көлемі, литр

Барлығы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

1.









2.









...









  Этил спиртін сақтау мен өткізу
(тиеп-жөнелту, қабылдап алу)
қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне

      Әкімшілік деректерге арналған нысан www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп

      Индексі: 1 - ЭС

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      20_____ жылғы________ тоқсандағы есепті кезең

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі

      Субъектінің атауы _____________________________________

Этил спиртін Алушының атауы

бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

Есепті жылға белгіленген квота, сусыз (жүз пайыз) спирт литрмен

Есепті тоқсан үшін іс жүзінде алынған этил спиртінің, (өсу қорытындысымен) литрі, сусыз (жүз пайыз) спирт

Есепті тоқсан үшін іс жүзіндегі этил спиртінің қалдығы литрмен, сусыз (жүз пайыз) спирт

1

2

3

4

5

6







      Мекенжайы ________________________________________________

      Телефон____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________________

      Орындаушы _____________________________________ ___________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Басшы немесе

      оның міндетін атқарушы адам __________________________ __________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы

      Ескертпе: есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанына
қосымша

"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп" Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп (1-алушы) белгіленген квота және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін іс жүзінде пайдалануы туралы мәліметтерді қамтиды (бұдан әрі – Есеп).

      3. Есепті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі толтырады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне тоқсан сайын ұсынылады.

      4. Есеп тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей ұсынылады.

2-тарау. Есеп толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда алушының атауы көрсетіледі;

      3-бағанда жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      4-бағанда есепті жылға белгіленген квота, сусыз (жүз пайыз) спирт литрмен көрсетіледі;

      5-бағанда есепті тоқсан ішінде іс жүзінде алынған этил спирті (өсу қорытындысымен) литрмен, сусыз (жүз пайыз) спирт көрсетіледі;

      6-бағанда есепті тоқсан ішінде іс жүзінде этил спиртінің қалдығы литрмен, сусыз (жүз пайыз) спирт көрсетіледі.