"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4–бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығымен бекітілген |
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдап алу) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдап алу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4–бабы 2) тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдап алу) тәртібін белгілейді.
2. Этил спиртін сақтау мен өткізу этил спиртін өндіруге арналған лицензияның бар болған кезінде этил спиртін өндірушінің қойма үй–жайларынан жүзеге асырылады. Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге арналған лицензия өндірушіге алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімі өндірісінің орналасқан орнында қойма үй–жайларында сақтауға жол береді.
3. Этил спиртін өткізу:
1) бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай–ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға жол беріледі.
2. Этил спиртін сақтау тәртібі
4. Этил спиртін сақтау біліктілік талаптарына сай келетін және өндіріс паспортында көрсетілген тек этил спиртін сақтауға, қабылдауға және жөнелтуге арналған қойма үй–жайларында жүзеге асырылады.
5. Этил спирті көлем бойынша спирттің болуын өлшеу мүмкіндігінің міндетті түрде болуы шартымен әртүрлі сыйымдылықтағы мамандандырылған стационарлық үй–жайларда және алаңдарда (ашық, жабық) орнатылатын және нысандағы болаттан жасалған резервуарларда сақталады.
6. Этил спиртін сақтау орнында әрбір резервуарға резервуардың (сынама үлгісін іріктеу, спирттің деңгейін өлшеу және т.б.) жұмыс жасау үшін баспалдақтар мен алаңдарды орнатумен этил спирті бар резервуарды қарау үшін барлық жағынан еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
7. Спирттің деңгейін бақылау үшін резервуарларда резервуарлардың аса толып кетуінен сақтайтын, жарылу қауіпсіздігі ең жоғарғы деңгейлі автоматты сигнал бергіш құралдар орнатылады.
3. Бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы
болған кезде, сондай–ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін
бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу
тәртібі
8. Осы бөлінген квота шегінде тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай–ақ белгіленген тәртіппен өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына этил спиртін өткізу тәртібіне (бұдан әрі – 1–тәртіп) сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілетін этил спиртіне квотаны этил спиртінің өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайды.
9. Этил спиртін өндірушілер дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – 1–алушылар) этил спиртін 1–алушыларға уәкілетті органның этил спиртін өндірушілерге (бұдан әрі – 1–жеткізушілер) осы қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1–алушыларға этил спиртін өткізу құқығын беретін акті болып табылатын рұқсаты (бұдан әрі – 1–рұқсат) негізінде өткізеді.
1–алушылардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) қалыптастырады, уәкілетті органның сайтында орналастырылады және ол қалыптастырылған жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.
10. Этил спиртін тұтыну көлемдерін квоталау тоқсанға бөлу арқылы келесі жылға этил спиртінің тұтынылатын болжамды көлемі туралы 1–алушылардың өтінімдері (бұдан әрі – өтінімдер) негізінде жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті орган жыл сайын 1 тамыздан кешіктірмей мемлекеттік органға орналасқан орнын көрсетумен 1–жеткізушілердің тізімін табыс етеді.
12. Негізделген есептері бар өтінімдерді (қолданылатын технологияларды есепке алатын нормалар бойынша) 1–алушылар мемлекеттік органдардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін табыс етеді.
13. Мемлекеттік органның аумақтық органдары жыл сайын 1 қарашадан кешіктірмей мемлекеттік органға әрбір 1–алушы бөлінісінде келесі жылда этил спиртін 1–алушылардың тұтыну көлемдері бойынша негізделген есептерімен жиынтық өтінімдер табыс етеді.
14. Квота бөлу үшін мемлекеттік орган жыл сайын 1 желтоқсаннан кешіктірмей уәкілетті органға келесі жылға 1–алушылардың этил спиртін тұтынуының жалпы жылдық көлемін (облыстар және 1–алушылар бойынша бөліп) табыс етеді.
15. Этил спиртін қабылдауды басшының немесе оның орынбасарының бұйрығымен тағайындалған, этил спиртін есепке алуға, сақтауға, өткізуге (тиеп–жөнелтуге, қабылдап алуға) жауапты 1–алушының қызметкерлері жүзеге асырады.
16. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің мөлшерін есептеу арқылы, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексеруден өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы жіберіледі.
17. Қосымша квоталау өндірілетін өнімнің мөлшері ұлғайған жағдайда, жаңа дәрілік заттарды өндіру, сондай–ақ мемлекеттік органның өтінімі бойынша қосымша медициналық қызмет көрсету үшін қажетті этил спиртін өткізу үшін 1–рұқсатты алу мақсатында жүргізілуі мүмкін.
18. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған квотасы оны келесі жылы пайдаланылуға негіз бола алмайды.
19. 1–жеткізушінің лицензиясын кері қайтарған, қызметін уақытша тоқтатылған, оның ішінде қызметі уақытша тұрып қалған, қызметін тоқтатқан, жойған немесе қайта құрған (бірігу, қосу, бөліну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда) жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік органмен келісім бойынша бұрын берген 1–рұқсатқа ол болған жағдайда өзгертулер енгізумен, не болмаса жаңа 1–рұқсатты берумен 1–алушыны 1–жеткізушіге жібереді.
20. 1–жеткізушілердің этил спиртін өткізгені үшін бақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
21. 1–алушылардың этил спиртін мақсатқа сай тұтынуына бақылауды мемлекеттік орган жүзеге асырады.
22. Мемлекеттік орган осы Қағидаларға 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1–алушылардың этил спиртін пайдаланғаны туралы тоқсан сайынғы есебін уәкілетті органға табыс етеді.
Есептер есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
4. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін
өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп–жөнелту) тәртібі
23. Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі – 2–алушы) этил спиртін өндіру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы бар және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан субъектіден (бұдан әрі – 2–жеткізуші) тек осы Өндірілуіне этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге этил спиртін өткізу (тиеп–жөнелту) тәртібіне (бұдан әрі – 2–тәртіп) сәйкес сатып алады.
24. 2–жеткізуші этил спиртін сатуды дүйсенбіден бастап жұма аралығында күнде жергілікті уақыт өлшемі бойынша таңертеңгі сағат 10–нан бастап күндізгі сағат 17–ге дейін жүзеге асырылады. Этил спиртін жергілікті уақыт өлшемі бойынша күндізгі сағат 17–ден бастап таңертеңгі сағат 10–ға дейін, сондай–ақ мереке және жексенбі күндері өткізуге (тиеп–жөнелтуге) тыйым салынады.
25. Осы 2–тәртіп бойынша этил спиртін өткізуге (тиеп–жөнелтуге) 2–жеткізушінің спирт қоймасынан өлшеуіштермен спиртті көлікке, құбырға белгіленген құжаттарды ресімдеуі және аталған көлікті этил спиртімен өз аумағынан жөнелту жатады.
26. Этил спиртін 2–алушы өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне этил спиртін алатын уәкілетті адамдар туралы мәлімет табыс етеді. Табыс ететін мәліметтердің тізіміне мыналар кіреді:
1) жұмысқа қабылданғаны және қызметке тағайындалғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
2) этил спиртін алатын уәкілетті адамдардың, сондай–ақ алатын адамның бірінші басшысының немесе бірінші басшы міндетін атқарушының қолдарының үлгілері;
3) төлқұжаттың немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Аталған мәліметтер өзгерген жағдайда спиртті 2–алушы уәкілетті тұлға өзгерген күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.
27. Мәліметтер мөрмен (болған кезде) және бірінші басшының немесе бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
28. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері табыс етілген мәліметтердің немесе уәкілетті тұлға туралы 2–алушы мәліметтері өзгерістерінің дұрыстығын тексеріп, уәкілетті тұлға өзгерген күннен бастап екі жұмыс күндік мерзімде құжаттардың көшірмесін жолдама хатпен бірге уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне этил спиртін алуға уәкілетті тұлғалардың тізбесін жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері этил спиртін алуға уәкілетті тұлғалардың тізбесін жекелеген қызмет түрлері бойынша олардың тіркеу орны, бойынша 2–жеткізушілерге жібереді.
29. Өткізу кезінде этил спиртін тасымалдау белгіленген тәртіппен тексерілген автоцистернамен және (немесе) теміржол цистернасымен, сондай-ақ аралық фланецтерсіз құбырлармен жүзеге асырылуы тиіс.
30. Спиртті өткізу үшін оны 2–жеткізуші мен 2–алушы өзі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне құрамында мынадай ақпараты бар хабарламаны жіберуге міндетті:
1) 2–жеткізуші – 2–алушы туралы, спирттің сұратылып отырған көлемі мен сатылу күні, 2–алушының этил спиртін алуға жіберілген уәкілетті тұлғасы туралы;
2) 2–алушы – 2–жеткізуші туралы, сатып алынатын көлем мен көліктің жіберілу күні (теміржол цистерналары үшін – жүкті тиеуге қойған мерзімі), этил спиртін алу үшін 2–жеткізушіге жіберілген уәкілетті тұлға.
Этил спирті құбырмен тасымалданған жағдайда 2–жеткізуші мен 2–алушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне сұратылған және босатылған көлемі, спирттің сатылу (тиеп–жөнелту) күні мен уақыты туралы, сондай–ақ 2–алушының этил спиртін алу үшін жіберілген уәкілетті тұлғасы туралы хабарлайды.
2–алушы мен 2–жеткізуші бір тұлға әрі бір аумақта орналасқан болса, онда уәкілетті адам туралы мәліметтерді тапсыру талап етілмейді.
Жоғарыда аталған хабарламалар мөрмен (болған кезде) әрі 2–жеткізуші мен 2–алушының бірінші басшыларының немесе бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың түпнұсқасын тапсыра отырып, бірінші басшылардың міндетін атқарушы тұлғалардың қолы қойылып бекітіледі.
31. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері спиртті 2–жеткізуші мен 2–алушының кіріс хабарламалары мен мәліметтерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
32. Этил спиртін теміржол цистернасымен өткізу (тиеп–жөнелту) уәкілетті тұлғамен этил спиртін өткізу туралы 2–жеткізуші басшысының, немесе бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның өкімі жазылған жалпы белгіленген сенімхат уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкеріне көрсетілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Этил спиртті автоцистернамен тасымалданған кезде, жоғарыда аталған құжаттардан басқа жүргізушінің жеке куәлігі, көліктің техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісі көрсетіледі.
33. Этил спиртін өндірушінің орналасқан жері бойынша акциздік қосынның қызметкері 2–жеткізуші мен 2–алушының хабарламаларында көрсетілген мәліметтердің осы Қағидалардың 31–тармағына сәйкес 2–алушы тапсырылған мәліметтерге өзара сәйкестігін, сондай–ақ автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісін (этил спиртінің құбырмен тасымалдауынан басқа жағдайларда) тексеруі жағдайда этил спиртін өткізуге (тиеп–жөнелту) қатысады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері этил спиртін өткізу (тиеп–жөнелту) орны бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне үш жұмыс күндік мерзімінен асырмай этил спиртін тиеп–жөнелту күнінен бастап этил спирті келетін орны бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне 2–жеткізушінің және 2–алушының атауларын, этил спиртінің көлемін көрсете отырып хабарлама жібереді.
34. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 31–тармағында көрсетілген тізілімдерде этил спиртін өткізу (тиеп–жөнелту) күнін және уақытын немесе осы Қағидалардың 41–тармағына сәйкес этил спиртін өткізуден (тиеп–өнелтуге) бас тарту туралы шешім қабылдауға мәжбүр еткен негіздемелерді көрсетеді.
35. Этил спирті бар көлік 2–жеткізуші аумағынан белгіленген нысандағы ілеспе жүк құжаты жазылған күні шығып кетуі тиіс.
36. Жоғарыда көрсетілген ілеспе жүк құжаты әрбір цистерна үшін этил спиртінің сапасы туралы белгіленген нысандағы құжаты қоса берілуі қажет.
37. Этил спиртін қабылдау өндірістік зертханасының қызметкерінің қатысумен басшының немесе басшы міндетін атқарушы болып тағайындалған тұлғаның бұйрығымен этил спиртін есепке алу, сақтау, өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдау) жауапты болып тағайындалған этил спирті немесе алкоголь өнімін өндіруші – ұйымының қызметкерлері жүзеге асырады.
38. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің санын есептеумен, белгіленген мерзімдерінде мемлекеттік тексеруінен өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы қабылданады.
39. Этил спиртін алкоголь өнімін өндіретін жерде қабылдағаннан кейін 2–алушы бір күн мерзімде өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін көлемін көрсете отырып этил спиртін алғаны туралы хабарлауы тиіс.
40. Этил спирті сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қол жететін жерлері күн сайын сағат 17–ден таңғы сағат 10–ға дейін, сондай–ақ сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылып, оны акциздік қосынның қызметкері 2–жеткізуші қызметкердің қатысуымен пломбалауы тиіс.
41. Келесі жағдайларда этил спиртін өткізуге (тиеп–жөнелтуге):
1) егер 2–жеткізушіге қатысты және (немесе) 2–алушыда этил спиртін (алкоголь өнімін) өндіру қызметімен айналысуға тыйым салатын және/немесе этил спиртін (өндіру үшін этил спирті сатып алынатын алкоголь өнімінің түрі) өндіру лицензиясы күшінің мерзімін тоқтата тұратын соттың шешімі бар болса;
2) 2–жеткізуші мен 2–алушының хабарламаларында көрсетілген мәліметтердің өзі орналасқан жердегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, сондай–ақ автоцистерна жүргізушісінің жеке куәлігі, көліктің техникалық төлқұжаты мен автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісі іс жүзіндегі мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда;
3) 2–жеткізушінің және (немесе) 2–алушының қызметі тоқтатылғанда, жойылған немесе қайта құрылғанда (бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда);
4) осы Қағидалардың 40–тармағына сәйкес салынған пломбаны рұқсатсыз бұзған жағдайда;
5) 2–жеткізуші және (немесе) 2–алушы осы 2–тәртіпті бұзған жағдайда өткізуге (тиеп–жөнелтуге) тыйым салынады.
42. Этил спиртін өткізуден (тиеп–жөнелтуге) бас тартқан жағдайда, уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде осындай шешім туралы жазбаша түрде тиісті 2–жеткізушілер мен 2–алушыларға хабарлайды.
43. 2–жеткізуші мен 2–алушы этил спиртін өткізуге (тиеп–жөнелтуге) бас тартумен байланысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің әрекетіне уәкілетті органға немесе сот органдарына шағым жасауға құқылы.
5. Этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді
емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын
ұйымдарға этил спиртін өткізу тәртібі
44. Этил спиртін өндіруші (2–жеткізуші) этил спиртін этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға осы этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольді емес өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға этил спиртін өткізу (тиеп–жөнелту) тәртібіне (бұдан әрі – 3–тәртіп) сәйкес өткізеді.
45. Осы 3–тәртіпте этил спиртін өткізу (тиеп–жөнелту) деп 2–жеткізушінің спирт қоймасынан өлшеуіштермен спиртті ыдысқа, көлікке құю, белгіленген құжаттарды ресімдеу және өз аумағынан этил спиртімен көлікті жөнелту түсініледі.
46. Этил спиртін қабылдауды этил спиртін осы қағидалардың 44–тармағында көрсетілген мұқтаждар үшін пайдаланатын ұйым басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен тағайындалған, этил спиртін қабылдауға, есепке алуға және сақтауға жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.
47. Этил спирті оның көлемін, концентрациясын, температурасын және сусыз спирттің көлемін айқындай отырып, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік тексерістен өткен, мемлекеттік тексерушінің пломбасы немесе белгісі және олардың тексерісі туралы куәлігі бар өлшеуіштер арқылы жіберіледі.
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 1–қосымша |
|
Ңысан |
20__ ж. _______ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды
өндіру ұйымдарының және этил спиртін дәрілік препараттарды
дайындау және медициналық қызметтер көрсету үшін пайдаланатын
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі
р/с № | Алушының атауы | Мекенжай (орналасқан орны) | БСН/ЖСН | 20__ жылға талап етілетін этил спиртінің көлемі, литр | ||||
Барлығы | І тоқсан | ІІ тоқсан | ІІІ тоқсан | ІV тоқсан | ||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
... |
Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп–жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына 2–қосымша |
Ңысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру
ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік
денсаулық сақтау ұйымдарының 20__ жылдың ______ тоқсанында
этил спиртін пайдалануы туралы есеп нысаны
р/н № | Алушының атауы | БСН/ЖСН | Есепті жылға белгіленген квота, сусыз (жүз пайыз) спирт литр | Есепті тоқсан үшін этил спиртінің нақты алынғаны, (өсу қорытындысымен) литр, сусыз (жүз пайыз) спирт | Есепті тоқсан үшін этил спиртінің нақты қалғаны литр, сусыз (жүз пайыз) спирт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | |||||
2. | |||||
Барлығы |
________________________________
(Лауазымы, аты-жөні, қолы)
Денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті органның М.О.