Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10461 тіркелді.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.11.2021 № 1194 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министірінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 82 бұйрығымен бекітілген

Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.11.2021 № 1194 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Этил спиртін мен алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы немесе ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай:

      1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің) атауы;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы;

      3) өндірушінің заңды мекенжайы;

      4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған кезде оның деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек);

      5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);

      6) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/ БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      7) қызмет көрсететін банктің атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);

      8) меншік нысаны;

      9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

      10) өндірушінің теміржол деректемелері;

      11) қайта жөндеуді жүргізген кезде өндіріс пайдалануға енгізілген жыл (күн);

      12) ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясымен өндірістің бас жоспары (паспортқа қосымша түрінде);

      13) өндіріс аумағының жалпы ауданы;

      14) ғимараттар мен құрылыстардың ауданы;

      15) шығарылатын спирттің түрі;

      16) шығарылатын өнім түрлері;

      17) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық схемасы;

      18) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесі;

      19) спирт сақтау қоймасы (ашық немесе жабық түрдегі) туралы;

      20) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін техникалық-химиялық бақылау жөніндегі;

      21) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосымша материалдар шығыстары туралы;

      22) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісіндегі қойма үй-жайлары туралы;

      23) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету туралы;

      24) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету туралы мәліметтер қамтылады.

      2. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық схемасының сипаттамасында мыналар:

      1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелігімен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының кескіндік бейнелері; өндіру қуаттылығының есебі;

      2) этил спиртінің өндірісі кезінде:

      дәнді немесе мелассаны тасымалдау (тасымалдау тәсілі, автомобиль және/немесе темір жол кірме жолдарының, автомобиль (және) немесе темір жол таразылардың болуы);

      қайнату және мия өсіру үшін дәнді дайындау (қолданылатын әдіс, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану);

      дәнді ұсақтау (ұсақтау тәсілі, ұнтақтау пайызы);

      ашытқышты езіп қайнату (езіп қайнату әдісі, температуралық режимдер, дайын ашытқыштың химиялық-бактериологиялық параметрлері);

      ашытқышқа қант қосу (пайдаланылатын әдіс, өлшемдері, қант қосу уақыты);

      мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса ашытқышын дайындау);

      ашытқыларды дайындау (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және дайындау уақыты);

      ашытқыштың ашуы (орнатылған күбілердің саны мен сыйымдылығы, қабаттау температурасы, ашыту ыдыстарының толу уақыты, берілген ашытқылардың көлемі, ашудың температуралық режимі және уақыты, мелассаны ашытудың пайдаланылатын тәсілі);

      ашымақты спиртке айдау (пісіп жетілген ашымақтағы спирт құрамы (дәнді дақылды қайта өңдеу кезінде) немесе меласса ашытқышының шоғырлануы пайызбен);

      ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы (өнімділігі, айдау процестерін басқару және реттеу режимі, қосымша бағандарды пайдалану);

      ашымақты тазарту қондырғысының әрекет ету тәсілі (үздіксіз, ұдайы);

      спирт температурасын тұрақтандыру (спирт тоңазытқышының болуы, суды салқындату өлшемдері мен пайдаланылатын көзі, спирт тоңазытқышындағы судың бағыты, спирт температурасын автоматты реттеу жүйесін қолдану);

      спирт өлшеуіш аппараттар (пастеризацияланған спирт пен эфир-альдегидті фракцияның маркасы, іріктеудегі олардың саны, юстирлеу күні, дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру);

      құю бөлімі (эфир-альдегидті фракция және тазартылмаған май сақтау);

      спирт сақтау қоймасы (түрі (ашық немесе жабық), бір мезгілдік сақтау сыйымдылығы);

      арпаны мияға былғау;

      мия өсіру (пайдаланылатын тәсіл, өсіру уақыты, температуралық-ылғалдылық режимі);

      мияны ұсақтау және мия сүтін дайындау;

      ферменттерді пайдалану (атауы, шығарушы ел);

      спирт өндірісінің қалдықтарын өткізу (көмір қышқылы, бард, эфир-альдегидті фракция, тазартылмаған май);

      дистиллятқа толысылған шарап айдау (айдау жылдамдығы, спирттің мөлдірлігін, температурасын, қуаттылығы мен органолептикалық сапасын бақылау);

      дистиллятқа толысылған шарап айдағанда: қолданылатын қондырғы мен жабдықтың атауы, олардың түрі, маркасы, саны, өнімділігі, жасаушы зауыт, шығарылған және енгізілген жылы;

      дистиллятардың ұсталуы (пайдаланылатын резервуардың түрі, лектердің эгализациясы, ұсталу режимі, емен бөшкелерді, қалақшаларды немесе шыбықтарды пайдалану, үй-жай ауасының температурасы мен ылғалдылығын күнделікті тіркеу, арнайы бақылау журналын жүргізу, коньяк спиртін түгендеу);

      дистиллятардың тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі және ыдыстың қорғау қабатының болуы);

      3) арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін және спирттік сусындарды өндіру кезінде, суды жұмсарту тәсiлдерi;

      су-спирт қоспасын дайындау (қолданылатын дайындау және араластыру тәсілі);

      су-спирт қоспасын тегеурінді ыдысқа айдау;

      су-спирт қоспасын көмірлі-тазалау батереясында өңдеу режимі және жылдамдығы (арақтар үшін);

      су-спирт қоспасының пайдаланылатын сүзгісі (ликер-арақ өнімдері үшін);

      су-спирт қоспасы талап етілетін кондицияларға (ингредиенттерді енгізу) және қуаттылыққа жеткізу;

      су-спирт қоспасын өңдеудің жаңа әдістерін (тазалау, жылтырлату) пайдалану;

      құю (құю желісінің саны мен өнімділігі, оның бақылаушы есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы (газдалған алкоголь өнімдерінен басқа) және дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру;

      құтылау тәсілі;

      4) толысылған шарап және шарап өнімдерін өндіру кезінде:

      қайта өңделетін шикізат (жүзімнің, жеміс-жидектің пайдаланылатын сорттары);

      шикізатты тасымалдау (пайдаланылатын ыдыс, мамандандырылған көлік);

      шикізатты қабылдау және өлшеу;

      шикізатты қайта өңдеу (шикізатты жинау мен өңдеу аралығындағы уақыт, шикізатты сұрыптау);

      ашытқышты фракциялар бойынша іріктеу;

      ашытқышқа мөлдір рең беру тәсілдері (салқындату, сульфиттау, центрифугалау, бентонитпен өңдеу, ферменттік препараттарды пайдалану); ашытқының таза дақылдарын дайындау;

      ашытқының таза дақылдарын дайындау;

      ашыту тәсілдері (температура, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты); спирттеу тәсілдері;

      спирттеу тәсілдері;

      тұнбадан алу;

      толысылған шарапты өңдеу (өңдеу схемасы, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);

      қайтадан ашытуды енгізу;

      толысылған шарапты сақтау (сақтау шарттары мен режимі, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);

      шарап өнімдерін құю және құтылау тәсілі;

      толысылған шарапты тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі, оның ішкі бетінің қорғағыш қабатының бар-жоғы);

      5) сыра қайнату өнімдерін өндіру кезінде:

      қолданылатын мияны жаншудың тәсілі мен режимі;

      құлмақ және сыра қайнату өнімін өндіру кезінде құлмақ өнімін беру схемасы;

      ашытқышқа мөлдір рең беру және салқындату тәсілі;

      ашытқышты сыра қайнату өнімінің температуралық параметрлері;

      ашытқышты қайнату процесін автоматты түрде реттеу;

      ферменттік препараттарды пайдалану;

      тұқымдық ашытқылардың түрлері және оларды сақтау шарттары;

      негізгі ашыту мен жете ашытудың температуралық режимдері мен күндер саны;

      температуралық режимдерді бақылаудың қабылданған схемасы;

      сүзгілеу тәсілі мен сапаны бақылау;

      сүзгіленген сыраны форфастарда сақтаудың температуралық режимі;

      сыраны пастеризациялау және оны сақтау мерзімдері;

      көмірқышқыл газын жеткізудің және сақтаудың қолданылатын тәсілі;

      құю (шыны шөлмекке және/немесе қалбыр құтыға құю желісінің саны және өнімділігі, кегаларға құю қондырғылары);

      6) бал өнімдерін және әлсіз алкоголь өнімдерін өндіру кезінде:

      қайта өңделетін шикізат;

      шикізатты тасымалдау (пайдаланылатын ыдыс, мамандандырылған көлік);

      шикiзатты қабылдау және өлшеу;

      шикiзатты қайта өңдеу (шикiзатты жинау мен өңдеу аралығындағы уақыт, шикiзатты сұрыптау);

      ашытқыны дайындау (рецептураға сәйкес шикізаттың есепті санын енгізу, суды дайындау);

      таза ашытқыны дайындау;

      ашыту тәсілі (температуралық режим, ашыту күндерінің саны, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);

      спирттеу тәсілдері;

      тұнбадан алу;

      фракция бойынша ашытқыны іріктеу;

      ашытқышқа мөлдір рең беру тәсілдері (салқындату, сульфиттау, центрифугалау, бентонитпен өңдеу, ферменттік препараттарды пайдалану, фильтрациялау);

      өңдеу (өңдеу схемасы, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);

      қайтадан ашытуды енгізу, ашыту;

      сақтау (сақтау шарттары мен режимі, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);

      өнімді құю және құтылау тәсілі;

      өнімді тасымалдау (жағдай және температуралық режим) көрсетіледі.

      3. Этил спиртін өндіру кезінде цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесінде:

      1) шикізатты қабылдау және өңдеу кезінде: платформалық таразылардың, сүрлемнің, меласса жинағыштың, ауа-елеуіш сепаратордың, магниттік сепаратордың, тас бөлгіштің, норийдің, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесінің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, жергілікті жылыту (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы);

      2) қайнату бөлімінде: ұнтақтаушының, қайнату агрегатының, қантқосқыштың, ферменттерді араластыру және дайындау, түйіспелі бастың, ашытқышты зарарсыздандырғыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), қантталған ашытқышты суытуға арналған жылу алмастырғыштың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

      3) ашыту бөлімінде: ашыту күбілерінің, беру резервуарының, ашытқыштың немесе ашытқы геператорының (мелассаны қайта өңдеу кезінде), спирт ұстағыштың, сорғыштың, кіру-сору ауа желдеткішінің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, сыйымдылығы, саны, жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, суыту қондырғысы);

      4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) бөлімінде: ашыту, эпюрация және тазарту колоннасының, расиропниктің (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бард бөлушінің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидті фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, спирт өлшеуіш аппараттардың, насостардың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, диаметрі (миллиметр (мм), табақшалардың түрі, жылу алмастырғыштың беткі қабаты (шаршы метрі (м2), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

      5) құю бөлімінде: негізгі және қосымша спирт қабылдағыштар, бірінші сыпыпты тұрақты техникалық спиртке арналған өлшеуіштің түрі (тік, көлденең), коммуникациялы спиртті құю үшін жинағыштың, өзі соратын құйынды сорғының, эфир—альдегидті фракцияны және тазартылмаған майды сақтауға арналған резервуарлардың, спирт буларын өлшеуіштің, тыныс алу клапанының газ коммуникациясына от бөгегіштің, желдеткіштердің (өнімділігі, көлемі(сыйымдылығы), саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы) бар-жоғы, жерге тұйықтау (өлшеу күні) көрсетіледі.

      4. Арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін және спирттік сусындарды өндіру кезінде цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:     

      1) өнiмдi дайындау цехында: су-спирт қоспасына арналған ыдыстың, купаждық, тегеуріндік, жеткізу күбілерінің, колероварканың, iрi және мұқият тазалайтын құмсүзгінiң, көмiрлi бағанның, ротаметрдiң, сүзгi-престiң, аламбиктiң, сорғының, қосымша сүзгілердің атауы, түрі, маркасы, (саны, өнімділігі, дайындаушы зауыт, ыдыс декалтрде (дал), диаметрі және биiктiгі (мм), өлшенген жылы);

      2) құю цехында – шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектерді шаю қондырғысының, бөліктен құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу – бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, термошөгінді қондырғысы, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, полимерлік (үлдірмен шөлмектерді бандерольдау қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берілген жылы), өндіріс көлемдерін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылғанда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі) көрсетіледі.

      5. Толысылған шарап және шарап өнімін өндіру кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:

      1) шикізатты қайта өңдеу кезінде – таразылардың, бункерлердің, ұнтақтаушының, сорғының, ағу науаларының, престің, транспортердің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

      2) тұндыру және ашыту бөлімінде – тұндыру ыдысының, ішкі қорғаушы қабаты бар ашыту ыдыстарының, сульфадозаторлардың, сорғының атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, дайындаушы зауыты, пайдалануға енгізілген және өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етілуі);

      3) шарап сақтау қоймасы бойынша: ішкі қорғаушы қабаты бар толысылған шарап және шарап өнімін сақтауға арналған ыдыстың, пастеризатордың, сорғының, сүзгі-престің атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, түрi, маркасы, бетi (шаршы метр (м3), саны, дайындаушы зауыт, өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);

      4) шарап сақтау қоймасында өнімдерді сақтаудың талап етілетін режимін қамтамасыз ететін қондырғылар мен аспаптардың атауы;

      5) құю цехында – шөлмек жуғыш машинаның, бөліктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу – бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы), өндіріс көлемін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған кезде оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі) көрсетіледі.

      6. Сыра қайнату өнімін өндіру кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:

      1) қайнату бөлімінде-ұнтақтаушының, сүзу (қайнату) күбісінің, сүзгілердің, ашытқы қайнататын қазандықтың, жылу алмастырғыштың, гидроциклонның, құлмақ сүзгінің, жылтырлату машинасының, ұсатылған мияға арналған ыдыстың атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгізілген және өлшенген жылы);

      2) ашыту бөлімінде-негізгі ашытуға арналған резервуардың, толық ашыту танкісінің, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етілуінің, ашытқының, сүзгіленген сыраны және сыра сусынын жинағыштың, сүзгінің, ашытқышқа арналған қабылдағыш өлшеуіштің, жылу алмастырғыштың, сорғының атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгізілген және өлшенген жылы);

      3) құю цехында-шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмекті шаю қондырғысының, бөліктен құятын автоматтың, тығындайтын автоматтың, шөлмек бракеражының, заттаңба автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, ыдысқа шөлмекті орналастыру автоматының, шөлмектерді полимерлік үлдірмен бандерольдауға арналған қондырғының, кега-бөшкелерді толтыруға арналған қондырғының, кега-бөшкелерді жууға арналған қондырғының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, жасаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгізілген жылы) көрсетіледі.

      7. Бал өнімдерін және әлсіз алкоголь өнімдерін өндіру кезінде цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесінде:

      1) шикізатты өңдеу кезінде – таразылардың, сыйымдықтың, ұсатқыштың, насостың, су ағызғыштың, пресстің, тасымалдауыштың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берілген жылы);

      2) ашыту және тұндыру бөлімінде – тұндыруға арналған сыйымдылықтың, ішкі қорғаушы қабаты бар ашыту үшін сыйымдылықтың, ашытқы, сульфодозатор, насостың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, сыйымдылығы, саны, жасаушы зауыт, пайдалануға берілген және өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);

      3) сақтау қоймасы бойынша – ішкі қорғаушы қабаты сақтауға арналған ыдыстың, пастеризатордың, сорғының, сүзгі-престің атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, түрi, маркасы, бетi (м3), саны, дайындаушы зауыт, өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);

      4) сақтау қоймасында өнiмдердi сақтаудың талап етілетін режимін қамтамасыз ететін қондырғылар мен аспаптардың атауы;

      5) құю цехында – шөлмек жуғыш машинаның, бөлiктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желiмдеу автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізiлген жылы), өндіріс көлемін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздiксіз қоректендiру көзi, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылғанда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздiксiз қоректендiру көзi) көрсетіледі.

      8. Спирт сақтау қоймасының (ашық немесе жабық түрдегі) сипаттамасында спирт қабылдау бөлімі және спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Спирт қабылдау бөлімі туралы мәліметтерде:

      1) 1 — сыныпты техникалық стационарлық спирт үшін өлшеуіштің (түрі, маркасы, сыйымдылығы, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгізілген жылы);

      2) өлшеуіште тексерілген екі термометрдің;

      3) спиртті айдау үшін өзі соратын құйынды сорғының (түрі, маркасы, өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);

      4) механикалық желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;

      5) сегіз еселік желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;

      6) жерге тұйықтаудың (өлшеу күні);

      7) спирт қабылдау бөлімін спирт сақтау қоймасынан бөлетін қабырғалардың;

      8) өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы көрсетіледі.

      Спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтерде:

      1) спирт сақтауға арналған резервуарлардың (сыйымдылығы, саны, өлшенген жылы);

      2) резервуарларға қызмет көрсету алаңдарының;

      3) резервуарларда спиртті өлшеуге арналған қондырғылар мен құжаттардың;

      4) резервуарлардағы спирттің шекті деңгейін автоматты сигналдау құралдарының;

      5) резервуарларды суландырудыц;

      6) спирт буларын есептеуіштің;

      7) тыныс алу клапанының және газ коммуникациясында от бөгегіштің;

      8) механикалық желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;

      9) сегіз еселік желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;

      10) жерге тұйықтаудың (өлшеу күні);

      11) жайтартқыштардың;

      12) қосалқы (эвакуациялық) шығу есігінің;

      13) еденнің қарсы еңісінің;

      14) төгілген спиртті жинауға арналған қабылдау бөлімінің;

      15) дистиллятты сақтау қоймасын қоспағанда, жеңіл алынатын жабынның (тек жабық түрдегі);

      16) өрт сөндіру құралдарының;

      17) өрт – күзет дабылының;

      18) алаңды тегістеудің және асфальттаудың (тек ашық түрі үшін);

      19) еденді темірлеудің бар – жоғы көрсетіледі.

      9. Өндірісті техникалық-химиялық бақылау сипаттамасында өндірістік зертхана, жүргізілетін талдаулар және пайдаланылатын нормативтік құжаттар тізбесі мен техникалық құжаттама:

      1) өндірістік зертхананың аттестациялық куәлігі (нөмірі, күні, оны берген орган, қолданылу мерзімі);

      2) аналитикалық бақылауға жататын шикізат пен дайын өнім номенклатурасы;

      3) бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың бар-жоғы және атауы;

      4) жүргізілетін талдаулар тізбесі:

      этил спиртін өндіру кезінде – шикізатқа (дәнді дақылдар мен натокаларға), мияға, мия сүтіне, ашытқыларға, ашытқышқа, спиртке, бардаларға, эфиральдегид фракциясына, тазартылмаған майға, қосалқы материалдарға, суға;

      арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін және спирттік сусындарды өндіру кезінде – суға, спиртке, су-спирт қоспаларына, ингредиенттер мен басқа қосалқы материалдарға, белсенділендірілген көмірге, хош иісті спиртке, дайын өнімдерге, жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауға;

      толысылған шарап пен шарап өнімдерін өндіру кезінде – шикізатқа, ашытқыларға, ашымаққа, толысылған шарап және шарап өнімдеріне, қосалқы материалға, өндіріс қалдықтарына, суға, спиртке, дайын өнімге;

      сыра қайнату өндіру кезінде – шикізатқа, мияға және ашытылмаған материалдарға, құлмаққа, құлмақ өніміне, ашытқышқа, ашытқыға, қосалқы материалдарға, суға, дайын өнімге;

      бал өнімдерін және әлсіз алкоголь өнімдерін өндіру кезінде – тазартылмаған материалдарға, шикізатқа, балға, ашытқыға, қосымша материалдарға, суға, дайын өнімге;

      5) нормативтік-техникалық құжаттаманың бар-жоғы;

      6) техникалық-химиялық бақылауды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханамен шарттың (атауы, қолданылу мерзімі) бар-жоғы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. Этил спиртін және дистиллятты өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:

      1) қайта өңделетін шикізаттың шартты крахмалының тоннасынан алынатын спирт шығымы (дал/тоннада), мына дәнді дақылдар бойынша:

      жүгері;

      бидай;

      тары;

      қара бидай;

      арпа;

      сұлы;

      2) мелассаны қайта өңдеу кезіндегі спирт шығымы (шартты крахмалдың дал/тоннада);

      3) этил спиртінің (дистилляттың), тікелей немесе екі рет айдау жолымен толысылған шараптан өндірілген;

      4) мына дәнді дақыл түрлері бойынша мияны дайындауға бидай шығымы (мияның шартты крахмалын қоса алғанда, шикізаттың қайта өңделетін шартты крахмалының массасына пайыздарда):

      бидай;

      сұлы;

      құмай;

      күріш;

      5) мияны мына түрлер бойынша толық ауыстырған кезде ферменттік препараттардың шығысы (литрде/1000 дал спирт): амилосубтилин, глюковамарин, сансупер, термомил;

      6) толысылған шарап шығысы;

      7) көмірқышқылының шығысы (килограммда (кг) /1000 дал спирт);

      8) бардтың шығысы (литрде/1000 дал спирт);

      9) эфиральдегидті фракцияның шығысы (далда/1000 дал спирт);

      10) тазартылмаған май шығысы (далда/1000 дал спирт);

      11) күкірт қышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);

      12) ортофосфор қышқылының шығысы, 70 пайыз (кг/1000 дал спирт);

      13) фосфат диаммониінің шығысы (кг/1000 дал спирт);

      14) карбамид шығысы (кг/1000 дал спирт);

      15) формалиннің шығысы (кг/1000 дал спирт);

      16) хлорлы әктастың шығысы (кг/1000 дал спирт);

      17) каустикалық соданың шығысы (кг/1000 дал спирт);

      18) өткен жыл үшін жылу энергиясының шығысы (гигакалорий (гкал)/1000 дал спирт);

      19) өткен жыл үшін электр энергиясының шығысы (киловатт-сағат (квт-сағ)/1000 дал спирт);

      20) өткен жыл үшін судың шығысы (м3/1000 спирт далы) көрсетіледі.

      11. Арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін және спирттік сусындарды өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:

      1) арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін және спирттік сусындарды өндіру кезіндегі спирт шығысы (сусыз спирт дал/1000 дал);

      2) көлемi мен деңгейi бойынша құйылатын iшкi нарыққа арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін және спирттік сусындарды өндіру кезіндегі кезiндегi спирт шығыны (дайын өнiмдегi спирт көлемiнің пайызда);

      3) хош иісті спирттердi өндiру кезiндегi спирт шығыны (құюға алған спирт көлемiне пайызда);

      4) жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауды буландыру кезiндегi спирт шығыны (айдаудағы спирт көлемiне пайызбен);

      5) құю цехтары мен дайын өнімдер қоймаларындағы өнім шығыны (дайын өнімдегі сусыз спиртке пайызда);

      6) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екіге бөлінген шөлмектер санына пайызбен);

      7) тасымалдау кезіндегі өнім шығыны (тиеп – жөнелтілген санға пайызбен);

      8) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнімдері бар шөлмектер сапына пайызбен);

      9) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнімнің 1000 дал);

      10) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт – сағ/өнімнің 1000 дал);

      11) судың шығысы (орташа жылдық м3/ өнімнің 1000 дал) көрсетіледі.

      12. Толысылған шарап және шарап өнімін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:

      1) кәдеге жаратылатын материалдарды қайта өңдеу (салмағына пайызбен);

      ашытқышқа жүзімді;

      ашытқышқа жүзім сағын;

      2) толысылған шарапта спирттiң шығыны (спирттiктiң төмендеуі) (көлемдік пайызбен):

      купаж бен құюды қоса алғанда, күшейтілген толысылған шарап технологиялық өңдеу кезінде (термикалық өңдеусіз);

      купаж бен құюды қоса алғанда, ашытылған спирттелген шырындардан дайындалған жемiс-жидек толысылған шарапта;

      толысылған шапарты бір жыл сақтау кезінде;

      3) технологиялық өңдеу кезiнде толысылған шапартың шығыны (осы операцияға келіп түскен шарап материалының санына (көлемiне) пайызбен):

      қайта құю (қайта айдау) кезінде;

      араластыру кезінде: купаж кезінде, эгализация кезінде, спирттеу кезінде; желімдеу кезінде;

      сүзгілеу кезінде: шарап өнімін сүзгі картонға сіңуі, шарап өнімін сүзгі мақтаға сіңуі, шарап өнімін диатомитке сіңуі кезінде;

      термикалық өңдеу кезінде (жылумен не суықпен): ұстаусыз ағында, кейіннен 10 тәулікке дейін ұстай отырып ағында;

      4) шарап өнімінің құю кезiндегі шығыны (осы операцияға келіп түскен шарап өнімі санына (көлемiне) пайызда):

      ыстық күйінде құю;

      шөлмекте пастеризациялау;

      әрлеу және дайын өнімдер қоймасына беру;

      дайын өнімдер қоймасында сақтау кезінде;

      5) аппараттарда толысылған шарапты айдау арқылы дистилятты алу кезінде спирт шығыны (толысылған шараптағы сусыз спирт көлеміне пайызбен);

      6) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екіге бөлінген шөлмектер санына пайызбен):

      сақтау кезінде;

      ыдыс цехтарында өңдеу кезінде;

      өте кірленген шөлмектерді алдын-ала жуу кезінде;

      ішкі қоймада тасығанда, сақтағанда және автомашинаға тиегенде;

      7) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (өндіріске келіп түскен санына пайызбен):

      жуғанда;

      құйғанда;

      тығындағанда;

      безендіргенде;

      жәшіктерге салғанда және дайын өнімдер қоймасына тапсырғанда;

      8) тасымалдау кезіндегі өнім шығыны (тиеп-жөнелтілген санға пайызбен);

      9) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнімдері бар шөлмектер санына пайызбен);

      10) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/1000 дал өнім);

      11) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/1000 дал өнім);

      12) судың шығысы (орташа жылдық мың м3/ 1000 дал өнім) көрсетіледі.

      13. Сыра қайнату өнімін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:

      1) сыра қайнату өнімін өндіру кезінде шикізатың шығыны (кг/1000 дал):

      мия;

      ашытылмаған материалдар;

      қант шикізаты;

      2) ұнтағыштағы тұнбаның шығыны (пайызбен);

      3) сыра қайнату өнімін құю кезінде шөлмектердің шығыны (сынуы) (пайызбен);

      4) ашытқышты суыту кезеңіндегі шығын (пайызбен);

      5) ашыту кезінде шығыны (пайызбен);

      6) толық ашыту кезіндегі шығын (пайызбен);

      7) калировка кезіндегі мия шығыны (пайызбен);

      8) ыдыссыз тасымалдау кезіндегі сыра қайнату өнімін шығыны (цистерналарға құюды, тасымалдауды және сауда желісіне беруді есепке алғанда (пайызбен));

      9) құю цехтары мен дайын өнімдер қоймаларындағы өнімдер шығыны (пайызбен);

      10) сыра қайнату өнімін пастеризаторларда пастеризациялау кезінде шөлмектердің сынуы (пайызбен);

      11) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/1000 дал сыра қайнату өнімі);

      12) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/1000 дал сыра қайнату өнімі);

      13) судың шығысы (орташа жылдық мың.м3/1000 дал сыра қайнату өніміне) көрсетіледі.

      14. Бал өнімдерін және әлсіз алкоголь өнімдерін өндіру кезінде негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:

      1) өнімді өндіруге шикізат шығыны (кг/1000 дал):

      шикізат;

      тазартылмаған материалдар;

      шикі-қант;

      2) ашытқыны ашыту мен қайнату кезіндегі шығын;

      3) өнімді құю кезiнде шөлмектердiң шығыны (сынуы) (пайызбен);

      4) ашытқышты суыту кезеңіндегі шығын (пайызбен);

      5) ашыту кезінде шығыны (пайызбен);

      6) фильтрациялау мен шөгінділерді жою кезінде шығын;

      7) құю цехтары мен дайын өнімдер қоймаларындағы өнiм шығыны (пайызда);

      8) тасымалдау және сауда желісіне беру кезiндегi өнім шығыны (пайызбен);

      9) жылу энергиясының шығысы (бал өнімдерін және әлсіз алкоголь өнімдерін орташа жылдық гкал/өнiмнiң 1000 дал);

      10) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/өнiмнiң 1000 дал);

      11) судың шығысы (орташа жылдық мың.м3/өнiмнiң 1000 дал) көрсетіледі.

      15. Этил спиртін өндіру кезінде қойма үй-жайлары туралы мәліметтерде:

      1) бидайды, мелассаны, көмірқышқылын, ферменттерді, қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2));

      2) бір мезгілдік сақтау ыдысы (тоннада, баллонда);

      3) талап етілетін сақтау режимін қамтамасыз ететін қондырғылардың атауы көрсетіледі.

      16. Арақ, айырықша арақ, тауарлардың орналасу орындарының қорғалған атауымен арақ, бал арақ, жүзім арақ, жеміс арақ, ликер-арақ өнімдерін, спирттік сусындарды, толысылған шарап, шарап өндірісі, бал өнімдерін және әлсіз алкоголь өнімдерін өндіру кезінде қойма үй-жайлары туралы мәліметтерде:

      1) ашық және/немесе жабық түрдегi ыдысты қабылдау және сақтау қоймасы (бiр мезгiлдік сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), үй-жайды жылытуға арналған қондырғының атауы және саны);

      2) дайын өнiмдi сақтауға арналған қойма (бiр мезгiлдік сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), жылытуға және суытуға арналған қондырғының, сондай-ақ сақталуын бақылау аспаптарының атауы және саны);

      3) қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2), сақталынатын материалдардың атауы) көрсетіледі.

      17. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерде:

      1) атауы, түрі, маркасы, метрологиялық сипаттамалары, саны және тексеру мерзімділігі көрсетіле отырып, тексеруге жататын өлшеуіш құралдарының тізбесінің бар-жоғы;

      2) метрологиялық қызмет корсету туралы шарт (нөмірі, күні, оны жүзеге асыратын орган);

      3) өлшеуіш құралдарын тексерудің жүзеге асырылуы үшін жауапты адам (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), бұйрықтың күні мен нөмірі) көрсетіледі).

      18. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерде:

      1) желдеткіш және ауамен қамтамасыз ету: желдеткіштердің, сығылған ауаны өндіруге арналған компрессорлық қондырғының, су және ауа жылытқыштың атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;

      2) су жеткізу және кәріз:

      су жеткізу көзінің (орталықтандырылған және/немесе артезиандық құдық) бар-жоғы;

      тереңдік сорғының түрі, маркасы, өнімділігі, саны;

      өткен жыл үшін технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланылған судың көлемі (м3);

      резервтегі суды сақтау үшін бассейннің бар-жоғы (саны, бір мезгілдік сақтау көлемі (м3);

      өткен жылы қалалық тазалау құрылғыларына және/немесе өзінің сүзгілеу алаңдарына ағызылатын құйынды сулардың көлемі (м3);

      3) электрмен жабдықтау:

      жабдықтау көзінің бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);

      трансформатордың түрі, маркасы, саны, қуаты, өткен жыл ішінде электр энергиясын тұтыну көлемі (квт/сағ);

      4) жылумен жабдықтау:

      жабдықтау көзінің бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);

      орнатылған бу қазандықтарының (пайдаланылатын отын түрі), су жылыту қазандығының, суық өндіретін компрессорлық қондырғының атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, сапы;

      өткен жыл ішінде тұтынылған (өндірілген) жылу энергиясының көлемі;

      5) су дайындау:

      пайдаланылатын қондырғылар мен сүзгілердің атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;

      жұмсартылған су жинағыштың саны мен сыйымдылығы (м3) көрсетіледі.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.