«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 82 бұйрығымен бекітілген
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
1. Этил спиртін мен алкоголь өнімін өндіруші (бұдан әрі - өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы немесе ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспортында (бұдан әрі - паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады:
1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің) атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3) өндірушінің заңды мекенжайы;
4) өндіруші басшының деректері (өндірістің өндіруші басшысында болған жағдайда оның деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, қызметтік телефоны және факс нөмірі) көрсетілуі керек);
5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);
6) ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі/БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
7) қызмет көрсететін банктің атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);
8) меншік ңысаны;
9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
10) өндірушінің темір жол деректемелері;
11) қайта жөндеуді жүргізген кезде өндіріс пайдалануға енгізілген жыл (күн);
12) ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясымен өндірістің бас жоспары (паспортқа қосымша түрінде);
13) өндіріс аумағының жалпы ауданы;
14) ғимараттар мен құрылыстардың ауданы;
15) шығарылатын спирттің түрі;
16) шығарылатын өнім түрлері;
17) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық схемасы;
18) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесі;
19) спирт сақтау қоймасы (ашық немесе жабық түрдегі) туралы;
20) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін техникалық-химиялық бақылау жөніндегі;
21) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосымша материалдар шығыстары туралы;
22) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісіндегі қойма үй-жайлары туралы;
23) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету туралы;
24) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету туралы.
2. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің технологиялық схемасының сипаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелігімен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының кескіндік бейнелері; өндіру қуаттылығының есебі.
2) этил спиртінің өндірісі кезінде:
дәнді немесе мелассаны тасымалдау (тасымалдау тәсілі, автомобиль және/немесе темір жол кірме жолдарының, автомобиль (және) немесе темір жол таразылардың болуы);
қайнату және мия өсіру үшін дәнді дайындау (қолданылатын әдіс, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану);
дәнді ұсақтау (ұсақтау тәсілі, ұнтақтау пайызы);
ашытқышты езіп қайнату (езіп қайнату әдісі, температуралық режимдер, дайын ашытқыштың химиялық–бактериологиялық параметрлері);
ашытқышқа қант қосу (пайдаланылатын әдіс, өлшемдері, қант қосу уақыты);
мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса ашытқышын дайындау);
ашытқыларды дайындау (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және дайындау уақыты);
ашытқыштың ашуы (орнатылған күбілердің саны мен сыйымдылығы, қабаттау температурасы, ашыту ыдыстарының толу уақыты, берілген ашытқылардың көлемі, ашудың температуралық режимі және уақыты, мелассаны ашытудың пайдаланылатын тәсілі);
ашымақты спиртке айдау (пісіп жетілген ашымақтағы спирт құрамы (дәнді дақылды қайта өңдеу кезінде) немесе меласса ашытқышының шоғырлануы пайызбен);
ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы (өнімділігі, айдау процестерін басқару және реттеу режимі, қосымша бағандарды пайдалану);
ашымақты тазарту қондырғысының әрекет ету тәсілі (үздіксіз, ұдайы);
спирт температурасын тұрақтандыру (спирт тоңазытқышының болуы, суды салқындату өлшемдері мен пайдаланылатын көзі, спирт тоңазытқышындағы судың бағыты, спирт температурасын автоматты реттеу жүйесін қолдану);
спирт өлшеуіш аппараттар (пастеризацияланған спирт пен эфир-альдегидті фракцияның маркасы, іріктеудегі олардың саны, юстирлеу күні, дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру);
құю бөлімі (эфир–альдегидті фракция және тазартылмаған май сақтау);
спирт сақтау қоймасы (түрі (ашық немесе жабық), бір мезгілдік сақтау сыйымдылығы);
арпаны мияға былғау;
мия өсіру (пайдаланылатын тәсіл, өсіру уақыты, температуралық-ылғалдылық режимі);
мияны ұсақтау және мия сүтін дайындау;
ферменттерді пайдалану (атауы, шығарушы ел);
спирт өндірісінің қалдықтарын өткізу (көмір қышқылы, бард, эфир-альдегидті фракция, тазартылмаған май);
шарап материалын коньяк спиртіне айдау (айдау жылдамдығы, спирттің мөлдірлігін, температурасын, қуаттылығы мен органолептикалық сапасын бақылау);
шарап материалын коньяк спиртіне айдағанда: қолданылатын қондырғы мен жабдықтың атауы, олардың түрі, маркасы, саны, өнімділігі, жасаушы зауыт, шығарылған және енгізілген жылы;
коньяк спиртінің ұсталуы (пайдаланылатын резервуардың түрі, лектердің эгализациясы, ұсталу режимі, емен бөшкелерді, қалақшаларды немесе шыбықтарды пайдалану, үй-жай ауасының температурасы мен ылғалдылығын күнделікті тіркеу, коньяк спиртін түгендеу);
коньяк спиртін тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі және ыдыстың қорғау қабатының болуы);
3) арақ, айырықша арақ және ликер - арақ өнімдерін өндіру кезінде: суды жұмсарту тәсілдері;
су–спирт қоспасын дайындау (қолданылатын дайындау және араластыру тәсілі);
су–спирт қоспасын тегеурінді ыдысқа айдау;
су–спирт қоспасын көмірлі–тазалау батереясында өңдеу режимі және жылдамдығы (арақтар үшін);
су–спирт қоспасының пайдаланылатын сүзгісі (ликер–арақ өнімдері үшін);
су–спирт қоспасы талап етілетін кондицияларға (ингредиенттерді енгізу) және қуаттылыққа жеткізу;
су–спирт қоспасын өңдеудің жаңа әдістерін (тазалау, жылтырлату) пайдалану;
құю (құю желісінің саны мен өнімділігі, оның бақылаушы есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы (газдалған алкоголь өнімдерінен басқа) және дайын өнімде әзірлеу көлемі туралы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде ақпарат беру;
құтылау тәсілі;
4) шарап материалы мен шарап өндіру кезінде:
қайта өңделетін шикізат (жүзімнің, жеміс-жидектің пайдаланылатын сорттары);
шикізатты тасымалдау (пайдаланылатын ыдыс, мамандандырылған көлік);
шикізатты қабылдау және өлшеу;
шикізатты қайта өңдеу (шикізатты жинау мен өңдеу аралығындағы уақыт, шикізатты сұрыптау);
ашытқышты фракциялар бойынша іріктеу;
ашытқышқа мөлдір рең беру тәсілдері (салқындату, сульфиттау, центрифугалау, бентонитпен өңдеу, ферменттік препараттарды пайдалану); ашытқының таза дақылдарын дайындау;
ашытқының таза дақылдарын дайындау;
ашыту тәсілдері (температура, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты); спирттеу тәсілдері;
спирттеу тәсілдері;
тұнбадан алу;
шарап материалдарын өңдеу (өңдеу схемасы, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);
қайтадан ашытуды енгізу;
шарап материалын сақтау (сақтау шарттары мен режимі, ыдыстың ішкі бетінің қорғағыш қабаты);
шарапты құю және құтылау тәсілі;
шарап материалын тасымалдау (пайдаланылатын көлік түрі, оның ішкі бетінің қорғағыш қабатының бар-жоғы);
5) сыраны өндіру кезінде:
қолданылатын мияны жаншудың тәсілі мен режимі;
құлмақ беру схемасы;
ашытқышқа мөлдір рең беру және салқындату тәсілі;
ашытқышты қайнатудың температуралық параметрлері;
ашытқышты қайнату процесін автоматты түрде реттеу;
ферменттік препараттарды пайдалану;
тұқымдық ашытқылардың түрлері және оларды сақтау шарттары;
негізгі ашыту мен жете ашытудың температуралық режимдері мен күндер саны;
температуралық режимдерді бақылаудың қабылданған схемасы;
сүзгілеу тәсілі мен сапаны бақылау;
сүзгіленген сыраны форфастарда сақтаудың температуралық режимі;
сыраны пастеризациялау және оны сақтау мерзімдері;
көмірқышқыл газын жеткізудің және сақтаудың қолданылатын тәсілі;
құю (шыны шөлмекке және/немесе қалбыр құтыға құю желісінің саны және өнімділігі, кегаларға құю қондырғылары).
6) сыра сусынын өндіру кезінде:
қолданылатын мияны жаншудың тәсілі мен режимі;
құлмақ және (немесе) құлмақ өнімін беру схемасы;
ашытқышқа мөлдір рең беру және салқындату тәсілі;
ашытқышты қайнатудың температуралық параметрлері;
ашытқышты қайнату процесін автоматты түрде реттеу;
ферменттік препараттарды пайдалану;
тұқымдық ашытқылардың түрлері және оларды сақтау шарттары;
негізгі ашыту мен жете ашытудың температуралық режимдері мен күндер саны;
температуралық режимдерді бақылаудың қабылданған схемасы;
сүзгілеу тәсілі мен сапаны бақылау;
сүзгіленген сыра сусынын форфастарда сақтаудың температуралық режимі;
сыра сусынын пастеризациялау және оны сақтау мерзімдері;
көмірқышқыл газын жеткізудің және сақтаудың қолданылатын тәсілі;
құю (шыны шөлмекке және/немесе қалбыр құтыға құю желісінің саны және өнімділігі, кегаларға құю қондырғылары).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.12.2015 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Этил спиртін өндіру кезінде цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесінде:
1) шикізатты қабылдау және өңдеу кезінде: платформалық таразылардың, сүрлемнің, меласса жинағыштың, ауа-елеуіш сепаратордың, магниттік сепаратордың, тас бөлгіштің, норийдің, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесінің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, жергілікті жылыту (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы);
2) қайнату бөлімінде: ұнтақтаушының, қайнату агрегатының, қантқосқыштың, ферменттерді араластыру және дайындау, түйіспелі бастың, ашытқышты зарарсыздандырғыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), қантталған ашытқышты суытуға арналған жылу алмастырғыштың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);
3) ашыту бөлімінде: ашыту күбілерінің, беру резервуарының, ашытқыштың немесе ашытқы геператорының (мелассаны қайта өңдеу кезінде), спирт ұстағыштың, сорғыштың, кіру-сору ауа желдеткішінің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, сыйымдылығы, саны, жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы, суыту қондырғысы);
4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) бөлімінде: ашыту, энюрация және тазарту колоннасының, расиропниктің (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бард бөлушінің, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидті фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбік аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезінде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердің, пастеризацияланбаған спирт үшін шыны шығын өлшеуіштің, спирт өлшеуіш аппараттардың, насостардың атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, диаметрі (м2), табақшалардың түрі, жылу алмастырғыштың беткі қабаты (м2), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);
5) құю бөлімінде: негізгі және қосымша спирт қабылдағыштар, бірінші сыпыпты тұрақты техникалық спиртке арналған өлшеуіштің түрі (тік, көлденең), коммуникациялы спиртті құю үшін жинағыштың, өзі соратын құйынды сорғының, эфир—альдегидті фракцияны және тазартылмаған майды сақтауға арналған резервуарлардың, спирт буларын өлшеуіштің, тыныс алу клапанының газ коммуникациясына от бөгегіштің, желдеткіштердің (өнімділігі, көлемі(сыйымдылығы), саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы) бар-жоғы, жерге тұйықтау (өлшеу күні) көрсетіледі.
4. Арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнімдерінің өндірісі кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:
1) өнімді дайындау цехында - су - спирт қоспасына арналған ыдыстың, купаждық, тегеуріндік, жеткізу күбілерінің, колероварканың, ірі және мұқият тазалайтын құмсүзгінің, көмірлі бағанның, ротаметрдің, сүзгі - престің, аламбиктің, сорғының, қосымша сүзгілердің атауы, түрі, маркасы, (саны, өнімділігі, дайындаушы зауыт, ыдыс (далмен), диаметрі және биіктігі (мм), өлшенген жылы);
2) құю цехында - шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектерді шаю қондырғысының, бөліктен құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу - бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, термошөгінді қондырғысы, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, полимерлік (үлдірмен шөлмектерді бандерольдау қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берілген жылы), өндіріс көлемдерін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі) көрсетіледі.
5. Шарап материалы мен шарап өндірісі кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:
1) шикізатты қайта өңдеу кезінде - таразылардың, бункерлердің, ұнтақтаушының, сорғының, ағу науаларының, престің, транспортердің атауы, түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);
2) тұндыру және ашыту бөлімінде - тұндыру ыдысының, ішкі қорғаушы қабаты бар ашыту ыдыстарының, сульфадозаторлардың, сорғының атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, дайындаушы зауыты, пайдалануға енгізілген және өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етілуі);
3) шарап сақтау қоймасы бойынша - ішкі қорғаушы қабаты бар шарап материалын, шарапты және коньякты сақтауға арналған ыдыстың, пастеризатордың, сорғының, сүзгі - престің атауы, түрі, маркасы сыйымдылығы, өнімділігі, түрі, маркасы, беті (м3), саны, дайындаушы зауыт, өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етілуі);
4) шарап сақтау қоймасында өнімдерді сақтаудың талап етілетін режимін қамтамасыз ететін қондырғылар мен аспаптардың атауы;
5) құю цехында - шөлмек жуғыш машинаның, бөліктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу - бақылау таңбаларын желімдеу автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, шөлмекті ыдысқа салу автоматының, термошөгінді қондырғысының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы), өндіріс көлемін бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі, жұмыс режимі, журнал жүргізу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерінің нөмірлері) көрсетіледі. Тұтыну ыдысына өнімді құю және тығындау үшін моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмірі, үздіксіз қоректендіру көзі) көрсетіледі.
6. Сыра және сыра сусынының өндірісі кезіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдық тізбесінде:
1) қайнату бөлімінде–ұнтақтаушының, сүзу (қайнату) күбісінің, сүзгілердің, ашытқы қайнататын қазандықтың, жылу алмастырғыштың, гидроциклонның, құлмақ сүзгінің, жылтырлату машинасының, ұсатылған мияға арналған ыдыстың атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгізілген және өлшенген жылы);
2) ашыту бөлімінде–негізгі ашытуға арналған резервуардың, толық ашыту танкісінің, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етілуінің, ашытқының, сүзгіленген сыраны және сыра сусынын жинағыштың, сүзгінің, ашытқышқа арналған қабылдағыш өлшеуіштің, жылу алмастырғыштың, сорғының атауы, түрі, маркасы (сыйымдылығы, өнімділігі, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгізілген және өлшенген жылы);
3) құю цехында–шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмекті шаю қондырғысының, бөліктен құятын автоматтың, тығындайтын автоматтың, шөлмек бракеражының, заттаңба автоматының, ыдыстан шөлмекті алу автоматының, ыдысқа шөлмекті орналастыру автоматының, шөлмектерді полимерлік үлдірмен бандерольдауға арналған қондырғының, кега–бөшкелерді толтыруға арналған қондырғының, кега–бөшкелерді жууға арналған қондырғының түрі, маркасы (өнімділігі, саны, жасаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгізілген жылы) көрсетіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.12.2015 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Спирт сақтау қоймасының (ашық немесе жабық түрдегі) сипаттамасында спирт қабылдау бөлімі және спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Спирт қабылдау бөлімі туралы мәліметтерде:
1) 1 — сыныпты техникалық стационарлық спирт үшін өлшеуіштің (түрі, маркасы, сыйымдылығы, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгізілген жылы);
2) өлшеуіште тексерілген екі термометрдің;
3) спиртті айдау үшін өзі соратын құйынды сорғының (түрі, маркасы, өнімділігі, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгізілген жылы);
4) механикалық желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;
5) сегіз еселік желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;
6) жерге тұйықтаудың (өлшеу күні);
7) спирт қабылдау бөлімін спирт сақтау қоймасынан бөлетін қабырғалардың;
8) өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы көрсетіледі.
Спирт сақтау қоймасы туралы мәліметтерде:
1) спирт сақтауға арналған резервуарлардың (сыйымдылығы, саны, өлшенген жылы);
2) резервуарларға қызмет көрсету алаңдарының;
3) резервуарларда спиртті өлшеуге арналған қондырғылар мен құжаттардың;
4) резервуарлардағы спирттің шекті деңгейін автоматты сигналдау құралдарының;
5) резервуарларды суландырудыц;
6) спирт буларын есептеуіштің;
7) тыныс алу клапанының және газ коммуникациясында от бөгегіштің;
8) механикалық желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;
9) сегіз еселік желдетуді қамтамасыз ететін желдеткіштің;
10) жерге тұйықтаудың (өлшеу күні);
11) жайтартқыштардың;
12) қосалқы (эвакуациялық) шығу есігінің;
13) еденнің қарсы еңісінің;
14) төгілген спиртті жинауға арналған қабылдау бөлімінің;
15) коньяк спиртін сақтау қоймасын қоспағанда, жеңіл алынатын жабынның (тек жабық түрдегі);
16) өрт сөндіру құралдарының;
17) өрт - күзет дабылының;
18) алаңды тегістеудің және асфальттаудың (тек ашық түрі үшін);
19) еденді темірлеудің бар - жоғы көрсетіледі.
8. Өндірісті техникалық-химиялық бақылау сипаттамасында өндірістік зертхана, жүргізілетін талдаулар және пайдаланылатын нормативтік құжаттар тізбесі мен техникалық құжаттама туралы мәліметтер көрсетіледі:
1) өндірістік зертхананың аттестациялық куәлігі (нөмірі, күні, оны берген орган, қолданылу мерзімі);
2) аттестациялық куәлікке қоса берілетін нысанға сәйкес талдамалы бақылауға жататын шикізат пен дайын өнім номенклатурасы;
3) бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың бар-жоғы және атауы;
4) жүргізілетін талдаулар тізбесі:
этил спиртін өндіру кезінде - шикізатқа (дәнді дақылдар мен натокаларға), мияға, мия сүтіне, ашытқыларға, ашытқышқа, спиртке, бардаларға, эфиральдегид фракциясына, тазартылмаған майға, қосалқы материалдарға, суға;
арақ, айырықша арақ және ликер - арақ өнімдерін өндіру кезінде - суға, спиртке, су - спирт қоспаларына, ингредиенттер мен басқа қосалқы материалдарға, белсенділендірілген көмірге, хош иісті спиртке, дайын өнімдерге, жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауға;
шарап материалы мен шарап өндіру кезінде - шикізатқа, ашытқыларға, ашымаққа, шарап материалына, шарап пен коньякқа, қосалқы материалға, өндіріс қалдықтарына, суға, спиртке, дайын өнімге;
сыра және сыра сусынын өндіру кезінде–шикізатқа, мияға және ашытылмаған материалдарға, құлмаққа, құлмақ өніміне, ашытқышқа, ашытқыға, қосалқы материалдарға, суға, дайын өнімге;
5) нормативтік-техникалық құжаттаманың бар-жоғы;
6) техникалық-химиялық бақылауды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханамен шарттың (атауы, қолданылу мерзімі) бар-жоғы көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 18.12.2015 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Этил спиртін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
1) қайта өңделетін шикізаттың шартты крахмалының тоннасынан алынатын спирт шығымы (дал/тонна), мына дәнді дақылдар бойынша:
жүгері;
бидай;
тары;
қара бидай;
арпа;
сұлы;
2) мелассаны қайта өңдеу кезіндегі спирт шығымы (шартты крахмалдың дал/тоннасында);
3) этил спиртінің, тікелей немесе екі рет айдау жолымен өндірілген шарап материалының шығымы;
4) мына дәнді дақыл түрлері бойынша мияны дайындауға бидай шығымы (мияның шартты крахмалын қоса алғанда, шикізаттың қайта өңделетін шартты крахмалының массасына пайыздарда):
бидай;
сұлы;
құмай;
күріш;
5) мияны мына түрлер бойынша толық ауыстырған кезде ферменттік препараттардың шығысы (литрде/1000 дал спирт): амилосубтилин, глюковамарин, сансупер, термомил;
6) шарап материалының шығысы;
7) көмірқышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);
8) бардтың шығысы (литрде/1000 дал спирт);
9) эфиральдегидті фракцияның шығысы (далда/1000 дал спирт);
10) тазартылмаған май шығысы (далда/1000 дал спирт);
11) күкірт қышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);
12) ортофосфор қышқылының шығысы, 70 пайыз (кг/1000 дал спирт);
13) фосфат диаммониінің шығысы (кг/1000 дал спирт);
14) карбамид шығысы (кг/1000 дал спирт);
15) формалиннің шығысы (кг/1000 дал спирт);
16) хлорлы әктастың шығысы (кг/1000 дал спирт);
17) каустикалық соданың шығысы (кг/1000 дал спирт);
18) өткен жыл үшін жылу энергиясының шығысы (гкал/1000 дал спирт);
19) өткен жыл үшін электр энергиясының шығысы (квт - сағ/1000 дал спирт);
20) өткен жыл үшін судың шығысы (м3/1000 спирт далы) көрсетіледі.
10. Арақ, айырықша арақ және ликер - арақ өнімдерін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
1) арақ өндірісіндегі спирт шығысы (дал б.с./1000 дал);
2) көлемі мен деңгейі бойынша құйылатын ішкі нарыққа арақтарды, айырықша арақтарды және ликер - арақ өнімдерін өндіру кезіндегі спирт шығыны (дайын өнімдегі спирт көлемінің %);
3) хош иісті спирттерді өндіру кезіндегі спирт шығыны (құюға алған спирт көлеміне пайызда);
4) жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауды буландыру кезіндегі спирт шығыны (айдаудағы спирт көлеміне пайызбен);
5) құю цехтары мен дайын өнімдер қоймаларындағы өнім шығыны (дайын өнімдегі сусыз спиртке пайызда);
6) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екіге бөлінген шөлмектер санына пайызбен);
7) тасымалдау кезіндегі өнім шығыны (тиеп - жөнелтілген санға пайызбен);
8) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнімдері бар шөлмектер сапына пайызбен);
9) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнімнің 1000 дал);
10) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт - сағ/өнімнің 1000 дал);
11) судың шығысы (орташа жылдық м3/ өнімнің 1000 дал) көрсетіледі.
11. Шарап материалы мен шарап өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
1) кәдеге жаратылатын материалдарды қайта өңдеу (салмағына пайызбен);
ашытқышқа жүзімді;
ашытқышқа жүзім сағын;
2) шарап материалдарындағы спирттің шығыны (спирттіктің төмендеуі) (көлемдік пайызбен):
купаж бен құюды қоса алғанда, күшейтілген шарап материалдарын технологиялық өңдеу кезінде (термикалық өңдеусіз);
купаж бен құюды қоса алғанда, ашытылған спирттелген шырындардан дайындалған жеміс-жидек шарап материалдарында;
шарап материалын бір жыл сақтау кезінде;
3) технологиялық өңдеу кезінде шарап материалының шығыны (осы операцияға келіп түскен шарап материалының санына (көлеміне) пайызбен):
қайта құю (қайта айдау) кезінде;
араластыру кезінде: купаж кезінде, эгализация кезінде, спирттеу кезінде; желімдеу кезінде;
сүзгілеу кезінде: шараптың сүзгі картонға сіңуі, шараптың сүзгі мақтаға сіңуі, шараптың диатомитке сіңуі кезінде;
термикалық өңдеу кезінде (жылумен не суықпен): ұстаусыз ағында, кейіннен 10 тәулікке дейін ұстай отырып ағында;
4) шараптың құю кезіндегі шығыны (осы операцияға келіп түскен шарап санына (көлеміне) пайызда):
ыстық күйінде құю;
шөлмекте пастеризациялау;
әрлеу және дайын өнімдер қоймасына беру;
дайын өнімдер қоймасында сақтау кезінде;
5) аппараттарда шарап материалдарын айдау арқылы коньяк спиртін алу кезінде спирт шығыны (шарап материалдарындағы сусыз спирт көлеміне пайызбен);
6) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екіге бөлінген шөлмектер санына пайызбен):
сақтау кезінде;
ыдыс цехтарында өңдеу кезінде;
өте кірленген шөлмектерді алдын-ала жуу кезінде;
ішкі қоймада тасығанда, сақтағанда және автомашинаға тиегенде;
7) шыны шөлмектердің шығыны (сынуы) (өндіріске келіп түскен санына пайызбен):
жуғанда;
құйғанда;
тығындағанда;
безендіргенде;
жәшіктерге салғанда және дайын өнімдер қоймасына тапсырғанда;
8) тасымалдау кезіндегі өнім шығыны (тиеп-жөнелтілген санға пайызбен);
9) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнімдері бар шөлмектер санына пайызбен);
10) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнімнің 1000 дал);
11) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/өнімнің 1000 дал);
12) судың шығысы (орташа жылдық м3/өнімнің 1000 дал) көрсетіледі.
12. Сыра және сыра сусынын өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәліметтерде:
сыра және сыра сусынын өндіруге шикізат шығысы (кг/1000 дал):
мия;
ашытылмаған материалдар;
қант шикізаты;
2) ұнтағыштағы тұнбаның шығыны (пайызбен);
3) сыраны және сыра сусынын құю кезінде шөлмектердің шығыны (сынуы) (пайызбен);
4) ашытқышты суыту кезеңіндегі шығын (пайызбен);
5) ашыту кезінде шығыны (пайызбен);
6) толық ашыту кезіндегі шығын (пайызбен);
7) калировка кезіндегі мия шығыны (пайызбен);
8) ыдыссыз тасымалдау кезіндегі сыра және сыра сусынының шығыны (цистерналарға құюды, тасымалдауды және сауда желісіне беруді есепке алғанда (пайызбен));
9) құю цехтары мен дайын өнімдер қоймаларындағы өнімдер шығыны (пайызбен);
10) сыраны және сыра сусынын пастеризаторларда пастеризациялау кезінде шөлмектердің сынуы (пайызбен);
11) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/1000 дал сыра және сыра сусыны);
12) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/1000 дал сыра және сыра сусыны);
13) судың шығысы (орташа жылдық мың м3 /1000 дал сыра және сыра сусыны) көрсетіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.12.2015 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Этил спиртін өндіру кезінде қойма үй-жайлары туралы мәліметтерде:
1) бидайды, мелассаны, көмірқышқылын, ферменттерді, қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2);
2) бір мезгілдік сақтау ыдысы (тоннада, баллонда);
3) талап етілетін сақтау режимін қамтамасыз ететін қондырғылардың атауы көрсетіледі.
14. Арақ, айырықша арақ, ликер–арақ өнімдерін және шарап жасау өнімдерін өндіру кезінде қойма үй–жайлары туралы мәліметтерде:
1) ашық және/немесе жабық түрдегі ыдысты қабылдау және сақтау қоймасы (бір мезгілдік сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), үй-жайды жылытуға арналған қондырғының атауы және саны);
2) дайын өнімді сақтауға арналған қойма (бір мезгілдік сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), жылытуға және суытуға арналған қондырғының, сондай–ақ сақталуын бақылау аспаптарының атауы және саны);
3) қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2), сақталынатын материалдардың атауы) көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.12.2015 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерде:
1) атауы, түрі, маркасы, метрологиялық сипаттамалары, саны және тексеру мерзімділігі көрсетіле отырып, тексеруге жататын өлшеуіш құралдарының тізбесінің бар-жоғы;
2) метрологиялық қызмет корсету туралы шарт (нөмірі, күні, оны жүзеге асыратын орган);
3) өлшеуіш құралдарын тексерудің жүзеге асырылуы үшін жауапты адам (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, бұйрықтың күні мен нөмірі) көрсетіледі.
16. Этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерде:
1) желдеткіш және ауамен қамтамасыз ету: желдеткіштердің, сығылған ауаны өндіруге арналған компрессорлық қондырғының, су және ауа жылытқыштың атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
2) су жеткізу және кәріз:
су жеткізу көзінің (орталықтандырылған және/немесе артезиандық құдық) бар-жоғы;
тереңдік сорғының түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
өткен жыл үшін технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне пайдаланылған судың көлемі (м3);
резервтегі суды сақтау үшін бассейннің бар-жоғы (саны, бір мезгілдік сақтау көлемі (м3);
өткен жылы қалалық тазалау құрылғыларына және/немесе өзінің сүзгілеу алаңдарына ағызылатын құйынды сулардың көлемі (м3);
3) электрмен жабдықтау:
жабдықтау көзінің бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);
трансформатордың түрі, маркасы, саны, қуаты, өткен жыл ішінде электр энергиясын тұтыну көлемі (квт/сағ);
4) жылумен жабдықтау:
жабдықтау көзінің бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);
орнатылған бу қазандықтарының (пайдаланылатын отын түрі), су жылыту қазандығының, суық өндіретін компрессорлық қондырғының атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, сапы;
өткен жыл ішінде тұтынылған (өндірілген) жылу энергиясының көлемі;
5) су дайындау:
пайдаланылатын қондырғылар мен сүзгілердің атауы, түрі, маркасы, өнімділігі, саны;
жұмсартылған су жинағыштың саны мен сыйымдылығы (м3) көрсетіледі.