Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10415 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      ____________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 6 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57
бұйрығымен бекітілген

Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды
жүргізу қағидалары

      1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимумды өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшылық минимум (бұдан әрі – аңшылық минимум) – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқа курсы;

      2) қашықтықтан оқыту – оқу процесіне тән барлық компоненттерді (мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары, оқыту құралдары) көрсететін, сондай-ақ электронды тестілеудің автоматтандырылған әдістерімен қашықтықтан оқыту;

      3) сертификат – осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша қауымдастық беретін оқу курсын аяқтау және аңшылық минимумды тапсыру туралы құжат;

      4) тестілеу – қағазға басылған тестілік сұрақтарды қолданып оқыту аяқталғаннан кейін тестілік сұрақтар бойынша тыңдаушылардың аңшылық минимумды білуін тексеру;

      5) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумды оқитын жеке тұлға.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 тіркелген) бұйрығымен бекітілген аңшылық минимумды оқуға мүдделі адамдар қауымдастыққа жеке куәлігінің қағазға басылған нысанында немесе электронды нысандағы көшірмесін қоса тіркеп қауымдастықтың сайтында көрсетілген электронды мекенжайларына, еркін түрде жазылған өтініш береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Аңшылық минимумды оқытуды қауымдастық өзінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы жүзбе жүз кездесу немесе қашықтықтан оқыту түрінде жүзеге асырады.

      5. Аңшылық минимумды оқыту жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиет, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдар, оқу құралдары мен экспонаттар, сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін электронды тасымалдағыштардың электронды нысандағы алуан түрлі ақпараттық ресурстары болған жағдайда жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі.

      6. Қашықтықтан оқыту қағаз, электронды тасымалдағыштардағы оқу-әдістемелік материалдар жиынтығында (кейстер) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жіберуге негізделген кейстік технология бойынша жүргізіледі.

      Ақпараттық-білім беру ресурстары электронды нысанда қолжетімді болуға, оқу процесін жүргізуді толық дәрежеде қамтамасыз етуге және аңшылық минимум бойынша сапалы білім алу үшін жағдайлар жасауға тиіс.

      Қауымдастық электронды нысанда қашықтықтан оқу үшін тыңдаушының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, оған әдістемелік көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      Қашықтықтан электронды нысанда оқыту кезінде оқу сабақтары тыңдаушылардың электронды оқу басылымдары бойынша (электронды оқулықтар, мультимедиалық оқу бағдарламалары, ақпараттық-анықтамалық жүйелер – теориялық және практикалық дағдыларын бағалау үшін тестілік тапсырмалар жинағы) дербес жұмыс істеуі түрінде өткізіледі.

      7. Аңшылық минимум курсы аяқталғаннан кейін тыңдаушыларды аңшылық минимумды білуі бойынша тестілеу өткізіледі.

      Тестілеуді қауымдастықтың филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен құрылатын кемінде үш адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) қағаз тасығышында қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктерінде белгіленген мерзімінде өткізеді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссияның төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы, егерде басшының болмай қалған жағдайында филиалдың немесе өкілдік басшысының орынбасары тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.

      Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттар ресімдеуді филиалдың немесе өкілдіктің штаттағы қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      9. Тестілеу бекітілген аңшылық минимумға сәйкес жүргізіледі және 25 тестілік сұрақтардан тұрады.

      Тест сұрақтарын қауымдастық әзірлеп, Комитетпен келісімдейді.

      Тестілеу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.

      10. Тестілеу нәтижелері бойынша комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) тапсырды (20 және одан көп сұраққа дұрыс жауап берсе);

      2) тапсырған жоқ (20-дан аз сұраққа дұрыс жауап берсе).

      11. Тыңдаушылардың тестілеуді тапсыруы немесе тапсырмауы туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тестілеуге қатысқан комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.

      12. Тыңдаушы комиссия шешімімен тестілеу күні танысады.

      13. Аңшылық минимум бойынша тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда тыңдаушылар соңғы тестілеу күнінен кейін 1 айдан соң қайта тестілеуге мүмкіндіктері бар.

      Қайта тестілеуді тапсыра алмаған жағдайда тыңдаушыға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта тестілеудің теріс нәтижесін алған күннен кейін алты ай өткен соң өтініш беру мүмкіншілігі беріледі.

      14. Тыңдаушы тестілеу нәтижесі бойынша орын алған даулы жағдайда үш жұмыс күн ішінде жазбаша немесе электронды түрінде тестілеу нәтижесін қайта қарауға емтихан комиссиясына жүгіне алады.

      Тестілеу нәтижесін қайта қарау туралы тыңдаушының жүгінуі комиссиямен екі жұмыс күн ішінде қаралады.

      15. Комиссияның оң шешімі негізінде тыңдаушыға сертификат беріледі.

      16. Сертификат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес арнайы журналда (тігілген, нөмірленген, қауымдастық мөрімен куәландырылған) тіркеледі, ол сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алады.

      17. Тыңдаушыны аңшылық минимумға оқыту оқу мен қағаз және электронды тасымалдағыштардағы арнайы әдебиеттің құнын қамтитын айлық есептік көрсеткіштермен қауымдастық белгілейтін ақылы негізде тыңдаушының қаражаты есебінен жүргізіледі.

  Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
республикалық қауымдастығының аңшылық
минимумды жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________________

Сертификатты берген ұйымның атауы

Наименование организации выдавший сертификат

СЕРТИФИКАТ №_____

аңшылық минимум курсын аяқтау туралы

об окончании курса охотничьего минимума

Тестілеуді тапсыру туралы 201___жылғы "___"______ №_____ хаттама

Протокол о сдаче тестирования №________от "________" 201____года

Выдан:___________________________________________________берілді

  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при его наличии))

Жауапты тұлға:___________________________________________________

Ответственное лицо: (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при его наличии))


Қолы/Подпись:__________________________

Мөр орыны/Место печати:________________

201____ жылғы "_____"__________________

Сертификат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды

Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи

  Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері
республикалық қауымдастығының аңшылық
минимумды жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Оқу курсын аяқтау және аңшылық минимумды тапсыру туралы
сертификаттарын тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)

р/с

Аңшының тегі, аты, әкесінің аты

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы

Аңшы куәлігінің нөмірі, берілген күні

Алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5







      Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық

      бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы

      _____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орыны

      "____"____________________20___жыл