Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10415 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2018 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2018 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      ____________ А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 6 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-03/57 бұйрығымен
бекітілген

Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2018 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшылық минимум – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқа курсы;

      2) сертификат – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша қауымдастық беретін аңшылық минимум бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат;

      3) тестілеу – оқыту аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштағы тест сұрақтарын қолдана отырып тыңдаушылардың аңшылық минимум бойынша білімін тексеру;

      4) тыңдаушы – сертификат алу үшін аңшылық минимумды оқытудан өтетін жеке тұлға.

      3. Аңшылық минимум бойынша емтихан тыңдаушының еркін түрдегі жазбаша өтінішінің негізінде тестілеу нысанында өткізіледі.

      Қауымдастық тыңдаушының өтінішін қабылдаған сәттен бастап оны емтихан өткізу кестесімен таныстырады және емтихан өткізілетін күн жайында хабардар етеді.

      Тестілеуді қауымдастықтың филиалы немесе өкілдігі басшысының бұйрығымен кемінде үш адамнан құрылған, тұрақты жұмыс істейтін емтихан алу комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) қағаз тасығышта жазылған қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өткізеді.

      Тестілеу аудио және видео жазатын құрылғыларға жазу арқылы өткізіледі.

      4. Комиссияның төрағасы болып филиалдың немесе өкілдіктің басшысы, басшы болмаған жағдайда филиал немесе өкілдік басшысының орынбасары тағайындалады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдардың, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.

      Тестілеу нәтижелері бойынша құжаттар ресімдеуді филиалдың немесе өкілдіктің штаттағы қызметкерлері қатарынан тағайындалатын комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      5. Бекітілген аңшылық минимумға сәйкестігіне тестілеу жүргізіледі және ол 25 тестілік сұрақтан тұрады.

      Тест сұрақтарын қауымдастық әзірлеп, Комитетпен келіседі.

      Тестілеу ұзақтығы 1 сағатты құрайды.

      6. Тестілеу нәтижелері бойынша комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) тапсырды (20 және одан көп сұраққа дұрыс жауап берген кезде);

      2) тапсырған жоқ (дұрыс жауап 20-дан аз болғанда).

      7. Тыңдаушылардың тестілеуді тапсыруы немесе тапсырмауы туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тестілеуге қатысқан комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.

      8. Тыңдаушы комиссия шешімімен тестілеу күні танысады.

      9. Аңшылық минимум бойынша тестілеу нәтижесі теріс болған жағдайда, тыңдаушылардың соңғы тестілеу күнінен кейін 1 (бір) айдан өткеннен кейін қайта тестілеуден өту мүмкіндіктері бар.

      Қайта тестілеуді тапсыра алмаған жағдайда, тыңдаушыға осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта тестілеудің теріс нәтижесін алған күннен кейін алты ай өткен соң өтініш беру мүмкіндігі беріледі.

      10. Тестілеу нәтижелері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, тыңдаушы үш жұмыс күні ішінде жазбаша немесе электрондық нысанда тестілеу нәтижелерін қайта қарауға емтихан комиссиясына жүгіне алады.

      Тестілеу нәтижелерін қайта қарау туралы тыңдаушының өтінішін комиссия екі жұмыс күні ішінде қарайды.

      11. Комиссияның оң шешімі негізінде тыңдаушыға сертификат беріледі.

      12. Сертификат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық минимум бойынша емтихан тапсыру туралы сертификаттарды тіркеу журналында (тігілген, нөмірленген, қауымдастық мөрімен куәландырылған) тіркеледі, онда сертификаттар бланкілерінің қозғалысын есепке алу жүргізіледі.

      13. Емтихан өткізуді қауымдастық өтеусіз негізде жүргізеді.

  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктері
республикалық
қауымдастығының аңшылық
минимумы бойынша
емтихан өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

____________________________________________________________________
Сертификатты берген ұйымның атауы
Наименование организации выдавший сертификат
аңшылық минимум бойынша емтихан тапсыру туралы
о сдаче экзамена по охотничьему минимуму
СЕРТИФИКАТ № ______
Тестілеуді тапсыру туралы 20__ жылғы "___" _______ № __ хаттама
Протокол о сдаче тестирования № ___ от "____________" 20__ года
Выдан: __________________________________________________ берілді
(Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/Фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Жауапты тұлға:______________________________________________________
Ответственное лицо: (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/Фамилия, имя, отчество
(при его наличии))
Қолы/Подпись: __________________
Мөр (бар болса) орны/Место печати:
20__ жылғы "___" _____________
Сертификат берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды
Сертификат действителен в течение одного года со дня выдачи

  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктері
республикалық
қауымдастығының
аңшылық минимумы бойынша
емтихан өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу туралы сертификаттарды тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 08.01.2020 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________________________________________________

      (аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)

Сертификат иесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы

Сертификаттың нөмірі, берілген күні

Алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5






      Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы

      __________________________________________________________

      __________________ _______________________________________________

                  (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20___жылғы "____" ________________

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер

      болып табылатын

      тұлғаларды қоспағанда)