Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 139-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы "__" _______
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы "__" _______
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - кәсіпорын) басшысын конкурстық іріктеу, тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу тәртібін регламенттейді.
2. Кәсіпорынның басшысын конкурстық іріктеуді, тағайындауды және аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісуді тиісті саланың уәкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараттары) жүргізеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі
4. Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.05.2017 № 214 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен5. Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
6. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты):
1) конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын белгілейді;
3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырады, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өкілдерінің арасынан Комиссия төрағасын және Комиссия хатшысын тағайындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
8. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді;
3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) шешімді енгізеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Республикалық, облыстық және аудандық кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) конкурстың өткізілетін күні мен орны;
2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі;
5) конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
11. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.
13. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
14. Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі айқындалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
Ерекше пікірі бар Комиссия мүшелері оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және хаттамаға қоса тіркеледі.
Талқылау барысы және Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
16. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін екі үміткерден кем конкурстық өтінім ұсынылса немесе конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде Комиссия кандидаттарды анықтамаса, онда конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
16-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі осы қағидалардың 4-1-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2016 № 278 бұйрығымен.3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын келісу
17. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау мәселесі жөнінде ұсынысты байқау кеңесіне келісуге енгізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын енгізген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған кандидатураны келіседі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Байқау кеңесі ұсынылған кандидатура бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысын таңдау бойынша қайта конкурс өткізеді. Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұсынған мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын көп дегенде екі рет келіспеуге құқылы.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Басшыны лауазымға тағайындау
20. Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушымен және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы еңбек шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасады және кәсіпорынның басшысы танысуы тиіс лауазымға тағайындау туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұйрық шығарады.
Сонымен бір мезгілде Комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушы және осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің келісуі қажет болған жағдайларда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Шарт тараптардың келісімімен айқындалатын кемінде бір жыл мерзімге жасалады. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Шарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.
Шартта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпорын басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, Шартты тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес бұза алады.
Ескерту. 21 трармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
республикалық мемлекеттік кәсіпорын - тиісті саланың уәкілетті органымен;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын - жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан басқа, мемлекеттік кәсіпорын басшысының:
таза табыстың белгіленген бір бөлігінің бюджетке уақтылы аударылуы;
қаржы-шаруашылық қызметінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;
мемлекеттік мүлікті пайдалану кезіндегі заңсыз әрекеттері;
мемлекеттік мүліктің тізіліміне ақпараттың уақтылы және сапалы берілуі;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) кәсіпорын басшысымен шартты бұзу мәселесін алдын ала байқау кеңестерімен келіседі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі
Ескерту. Қағида 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2016 № 278 бұйрығымен.
23-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына тиісті саланың уәкілетті органы ашық конкурс жариялайды.
23-2. Тиісті саланың уәкілетті органы:
1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурс өткізу шарттарын, уақыты мен орнын белгілейді;
3) Республикалық конкурстық комиссияны (бұдан әрі Республикалық комиссия) қалыптасырады.
23-3. Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде жеті адамды құрайды.
23-4. Уәкілетті орган функцияларын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
23-5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма бір бұрын жарияланады.
23-6. Конкурс өткізу туралы хабарландыру осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтиды.
23-7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураны іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:
1) жоғары білімінің болуы;
2) басқару органдарында басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы болып табылады.
23-8. Конкурсқа осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкес шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық ниет білдірген тұлғалар қатыса алады.
23-9. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму бағдарламасын (бұдан әрі - даму бағдарламасы) ұсынады.
23-10. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда бекітілген талаптарға сай келетін екіден кем кандидат конкурстық өтінім берсе, не конкурстық өтінімдер түспесе не қайта шақыртылып алынса, онда уәкілетті орган конкурсты өткізілмеген деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
23-11. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттары болғанда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сай келген жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырушы тұлғаға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімін уәкілетті орган барлық құжаттарымен бірге тиісті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесіне жібереді.
23-12. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі, сондай-ақ кандидатуралар ұсынған даму бағдарламалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырысында жиырма бес күн ішінде қаралады.
23-13. Даму бағдарламасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сай келмеуі кандидатураны қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Ұсынылған кандидатуралардың барлығы қайтарылған жағдайда, Байқау кеңесі уәкілетті органға қайта конкурс өткізу қажеттілігі туралы хаттамалық шешімді жолдайды.
23-14. Байқау кеңесі білім беру ұйымының даму бағдарламасын қарағаннан кейін, жасырын дауыс беру арқылы және кемінде үштен екісі дауыс бере отырып, Республикалық комиссия қарауы үшін кандидатураны (кандидатураларды) айқындайды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дауыс беруге қатыспайды.
23-15. Байқау кеңесінің хаттамалық шешімі барлық құжаттармен бірге Республикалық комиссияға беріледі.
23-16. Республикалық комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушымен (қатысушылармен) әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидат анықталады.
Бұл ретте, жоғары оқу орындарында және/немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымда жұмыс өтілінің болуы басқа да тең жағдайларда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтау үшін басым негіз болып табылады.
Егер әңгімелесу нәтижесінде Республикалық комиссия шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтамаса, онда уәкілетті орган конкурсты өткізілген жоқ деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
23-17. Республикалық комиссияның шешімі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында көзделген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органының бұйрығымен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау үшін негіз болады.
5. Аттестаттау жүргізу тәртібі
24. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі талабы кәсіпорын басшысының кәсіби қызметі мен оның қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі болып табылады.
25. Кәсіпорынның басшысы кәсіпорын басшысы лауазымында болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін аттестаттаудан өтеді.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
26. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аттестаттау өткізу мерзімдері және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі бекітілетін бұйрық шығарады.
Аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерінің, кадр және заң қызметтерінің басшылары енгізіледі.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға және дауыс беру құқығы жоқ хатшы тағайындалады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысын аттестаттау өткізу күніне дейін бір айдан кешіктірмей оны өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысына кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездеме ресімдейді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) кадр қызметі кәсіпорынның аттестатталатын басшысына осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестациялық парақ ресімдейді, оған аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімі енгізіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Аттестаттау әңгімелесу нысанында жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде, заңды деп саналады.
Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының шешімі оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және комиссия хаттамасына қоса тіркеледі.
31. Комиссия отырысына дәлелді себептермен қатыспаған кәсіпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.
32. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделегеннен және аттестатталатын басшымен әңгімелесуден кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) қайта аттестаттауға жатады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
33. Аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымға сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады.
34. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.
35. Қайта аттестаттау осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне сәйкес келеді;
2) атқаратын қызметіне сәйкес келмейді.
36. Кәсіпорынның аттестатталатын басшысы аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.
37. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін Заңның 139-бабына сәйкес бір ай мерзімде тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) басшысы бекітеді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Заңның 139-бабына сәйкес аттестаттаудың теріс нәтижелері кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын тоқтату үшін негіз болып табылады.
6. Қорытынды ережелер
39. Кәсіпорын басшысы лауазымының бос орнына орналасуға конкурс өткізу, оны тағайындау және аттестаттау кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына қосымша |
Аттестаттау парағы Нысан
Аттестаттау түрі: алғашқы - о; о қайта - (Х белгісімен белгілеу)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Туған күні "____" _____________________ ______ жылы.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы
мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша
мамандығы мен біліктілігі, біліктілігін арттыру туралы құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Атқарып отырған лауазымы және тағайындалу күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жалпы жұмыс өтілі __________________________________________
6. Аттестаттау комиссиясының мүшелері айтқан ескертулер мен ұсыныстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Аттестатталатынның пікірі: _________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Дауыс беру қорытындылары бойынша аттестатталатынның қызметін бағалау:
1) аттестатталды (дауыстар саны) _____________________________;
2) аттестатталмады (дауыстар саны)____________________________;
3) қайта аттестаттауға жатады (дауыста саны) _________________.
Аттестаттау парағымен
таныстым: ____________________________________________________
(аттестатталушының қолы)
Аттестаттау өткізу күні 20___ жылғы "_____" _________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: _________________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _________________________________
(қолы)
_________________________________
(қолы)
_________________________________
(қолы)
_________________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: __________________________________
(қолы)
Ұйым мөрінің орны