"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 278 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 шілдеде № 13951 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары:
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі осы қағидалардың 4-1-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      «4-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын іріктеу және тағайындау тәртібі.
      23-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына тиісті саланың уәкілетті органы ашық конкурс жариялайды.
      23-2. Тиісті саланың уәкілетті органы:
      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
      2) конкурс өткізу шарттарын, уақыты мен орнын белгілейді;
      3) Республикалық конкурстық комиссияны (бұдан әрі Республикалық комиссия) қалыптасырады.
      23-3. Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде жеті адамды құрайды.
      23-4. Уәкілетті орган функцияларын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
      23-5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма бір бұрын жарияланады.
      23-6. Конкурс өткізу туралы хабарландыру осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтиды.
      23-7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураны іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:
      1) жоғары білімінің болуы;
      2) басқару органдарында басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы болып табылады.
      23-8. Конкурсқа осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкес шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық ниет білдірген тұлғалар қатыса алады.
      23-9. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму бағдарламасын (бұдан әрі - даму бағдарламасы) ұсынады.
      23-10. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда бекітілген талаптарға сай келетін екіден кем кандидат конкурстық өтінім берсе, не конкурстық өтінімдер түспесе не қайта шақыртылып алынса, онда уәкілетті орган конкурсты өткізілмеген деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
      23-11. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттары болғанда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сай келген жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырушы тұлғаға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімін уәкілетті орган барлық құжаттарымен бірге тиісті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесіне жібереді.
      23-12. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі, сондай-ақ кандидатуралар ұсынған даму бағдарламалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырысында жиырма бес күн ішінде қаралады.
      23-13. Даму бағдарламасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сай келмеуі кандидатураны қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
      Ұсынылған кандидатуралардың барлығы қайтарылған жағдайда, Байқау кеңесі уәкілетті органға қайта конкурс өткізу қажеттілігі туралы хаттамалық шешімді жолдайды.
      23-14. Байқау кеңесі білім беру ұйымының даму бағдарламасын қарағаннан кейін, жасырын дауыс беру арқылы және кемінде үштен екісі дауыс бере отырып, Республикалық комиссия қарауы үшін кандидатураны (кандидатураларды) айқындайды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дауыс беруге қатыспайды.
      23-15. Байқау кеңесінің хаттамалық шешімі барлық құжаттармен бірге Республикалық комиссияға беріледі.
      23-16. Республикалық комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушымен (қатысушылармен) әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесу нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидат анықталады.
      Бұл ретте, жоғары оқу орындарында және/немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымда жұмыс өтілінің болуы басқа да тең жағдайларда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтау үшін басым негіз болып табылады.
      Егер әңгімелесу нәтижесінде Республикалық комиссия шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтамаса, онда уәкілетті орган конкурсты өткізілген жоқ деп таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
      23-17. Республикалық комиссияның шешімі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында көзделген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органының бұйрығымен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау үшін негіз болады.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде баспа және электронды түрде бір данасын мемлекеттік және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық-ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі                                   Қ. Бішімбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _______________ Е. Сағадиев
      2016 жылғы «___» _______

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы «___» _______

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы «___» _______