Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10320 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мәдени құндылық – зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар өзге де құндылықтар.

      2) өтініш беруші – мәдени құндылықтарды әкету құқығына куәлік алу үшін жүгінген жеке немесе заңды тұлға.

      3. Уақытша экспозициялау, гастрольдік қызмет, реставрациялау жұмыстары мен ғылыми зерттеу, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында алты айдан аспайтын мерзімге мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығын беретін куәлікті (бұдан әрі – куәлік) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары береді.

2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібі

      4. Куәлік беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушінің осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған құжаттары түскен күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде жүзеге асырады.

      5. Куәлікті алу үшін өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мынаны ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын зат;

      3) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен шарттары туралы шартының көшірмесі;

      5) мәдени құндылықтың А-5 үлгісіндегі алдыңғы және артқы жақтары шолынған екі фотосуреті;

      6) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы.

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жауапты тұлғасы өтініш берушінің құжаттары түскен күнінен бастап екі жұмыс күні iшiнде ұсынылған затты мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясына (бұдан әрі – сараптама комиссиясы) сараптама жүргізу үшін жолдайды.

      7. Ұсынылған заттың сараптамасы тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңыздылығын, оның түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, орындау материалы мен техникасын, сондай-ақ, мөлшерін (салмағын), өзгеше ерекшеліктерін, сақталу жағдайын айқындаумен жан-жақты талдау арқылы бес жұмыс күні iшiнде жүзеге асырылады.

      8. Сараптама нәтижесінде "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8575 тіркелген) нысан бойынша сараптама қорытынды ресімделенеді.

      9. Сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде үш жұмыс күні iшiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді немесе негізделген бас тартуды жазбаша түрде жолдайды немесе заттың мәдени құндылығы жоқ екендігі және куәліксіз әкетуге болатындығы туралы хат жолдайды.

      10. Куәлік беруден бас тартуға:

      1) оларды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, әкетілетін мәдени құндылықтардың қанағатсыз физикалық жай-күйі;

      1-1) куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мәдени құндылықтың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

      3) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы 35-бабының 3-тармағымен сәйкес келмеуі негіз бола алады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 8-тармағын орындамаған жағдайда осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімі өткен күннен бастап куәлік берілді деп есептеледі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы куәлік беру мерзімі өткен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті куәлікті береді.

  Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қала мен

      _____________________________________

      астананың жергілікті атқарушы органы)

      ______________________________________

      ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      немесе заңды тұлғаның атауы)

ӨТІНІШ

      Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз

      1) ________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________

       (атауы, сипаттама, саны)

      Әкету мақсаты: ____________________________________________________

       (орналасқан жері және елдің атауы)

      ___________________________________________________________________

      Өтініш берушінің деректері: _______________________________________

       (туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

      ___________________________________________________________________

      оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________

      Мөр үшін орны

      (заңды тұлға үшін)

  Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына
куәлік беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына
КУӘЛІК

      қаласы ______ № "___" _______ 20___ ж.

      1. Өтініш беруші____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

      2. Өтініш берушінің деректері: _____________________________________

       (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

      ____________________________________________________________________

       оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)

      ____________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің қызметі ________________________________________

      4. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама

      комиссиясының қорытындысы __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті

      атқарушы органы)

      ____________________________________ № ____ 20____ ж. "___" ________

      1)__________________________________________________________________

       (мәдени құндылықтың атауы)

      2)__________________________________________________________________

      3)__________________________________________________________________

      ________________________________________________________ мақсатында

      ____________________________________________________________________

       (орналасқан жері және елдің атауы)

      ____________________________________________________________________

      20__ ж. "___"_____________ 20___ж. "___"__________________ мерзіміне

      Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.

      Уәкілетті тұлға _________ ____________________________________

       (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты және қызметі)

      Мөр үшін орны Қазақстан Республикасы

      (заңды тұлға үшін) кеден органдарының белгісі