Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қаңтарда № 3781 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 325 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.06.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Су айдындары және (немесе) учаскелері

Ауданы, (га, км)

Орналасқан жері

1

2

3

4

Ақжайық ауданы

1.

Бітік су қоймасы

3540 га

Жаңабұлақ ауылынан батысқа қарай 27 км

2.

Дөңгелек су қоймасы

3046 га

Қабыршақты ауылынан оңтүстікке қарай 12 км

3.

Грачи 1 өзені

50 км

Көшім өзені бойымен Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасының деңгейіне дейін, Юлаево ауылы арқылы

4.

Грачи 2 өзені

58 км

Көшім өзені бойымен Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасының деңгейіне дейін, Грачи 1 өзенінен батысқа қарай

5.

Көшім өзенінің учаскесі

120 км

Дөңгелек су торабынан Пятимар су қоймасына дейінгі учаске, Пятимар су торабынан төмен

6.

Көшім өзенінің учаскесі

106 км

Киров су қоймасының су торабынан төмен қарай ағыс бойымен Дөңгелек су қоймасына дейін, Бітік және Дөңгелек су қоймаларын қоспағанда

7.

Бағырлай өзені

160 км

Атамекен ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін

8.

Красная өзбойы

153 га

Томпақ ауылынан оңтүстікке қарай 9 км

9.

Вальковая өзбойы

11 га

Бударин ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км

10.

Глубинное көлі

2 га

Жаңабұлақ ауылынан солтүстікке қарай

Бөкей ордасы ауданы

11.

Мұратсай су қоймасы

172 га

Мұратсай ауылынан 0,5 км

Бөрлі ауданы

12.

Березовка өзеніндегі су қоймасы

72 га

Березовка ауылынан солтүстікке қарай 4 км

13.

Пугачев көлі

100 га

Пугачев ауылынан 18 км

14.

Қараоба өзені

67 км

Қараоба өзенінің Утва өзеніне құйылысынан ағысқа қарсы 67 км

15.

Березовка өзені

37 км

Березовка ауылынан Елек өзенінің сағасына дейін

16.

Утва өзенінің учаскесі

129 км

Ақсу ауылынан Бөрлі ауылына дейін

17.

Су қоймасынан төмен Березовка өзенінің учаскесі

5,5 км

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының санитарлық қорғау аймағы шекарасынан Қарашығанақ ауылы маңындағы арнаның тармақталуы басталған жерге дейін

Жаңақала ауданы

18.

Айдын көлі

520 га

Жаңақазан ауылынан солтүстік-батыста

19.

Қоғалы көлі

680 га

Бірлік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км

20.

Бірқазан көлі

340 га

Жаңақала ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км

21.

Еділсор көлі

915 га

Үшкемпір ауылынан шығысқа қарай 6 км

22.

Соркөл көлі

620 га

Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км

23.

Пятимар су қоймасы

5000 га

Көшім өзені бойымен, Пятимар ауылдық округінің аумағында орналасқан

24.

Жалтыркөл көлі

320 га

Жаңаталап ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км

Зеленов ауданы

25.

Деркөл өзені

176 км

Ичка тауларынан бастау алып Орал қаласы аумағында Шаған өзеніне құйғанға дейін

26.

№2 Таловая жырасындағы су қоймасы

720 га

Таловая ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км

27.

Вишневая жырасындағы су қоймасы

60 га

Круглоозерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,5 км

28.

Кіші Быковка өзеніндегі су қоймасы

90 га

Чиров ауылынан солтүстік-батысқа қарай

29.

Ембулатовка өзеніндегі су қоймасы

105 га

Рожков ауылынан солтүстікке қарай 5,5 км

30.

Рубежка өзеніндегі су қоймасы

140 га

Раздольное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км

31.

Вильная өзеніндегі су қоймасы

180 га

Махамбет ауылдық округінің Горбунов ауылы маңында

32.

Киров су қоймасы

3000 га

Бударин ауылынан 17,5 км

33.

Гремячий тоғаны

100 га

Белес ауылы маңында

34.

Степное су қоймасы

400 га

Озерное ауылынан оңтүстікке қарай 7 км

35.

Шаған өзенінің учаскесі

76 км

Ресей Федерациясының шекарасынан Мичурин ауылына дейін

36.

Пеньковский тоғаны

12,6 га

Зеленое ауылы маңында

37.

Думкин тоғаны

36 га

Щучкин ауылы маңында

38.

Котельников ауылындағы №2 тоғаны

27,5 га

Котельников ауылы маңында

39.

Көшім каналының учаскесі

21 км

Көшім ауылында орналасқан су торабынан Киров су қоймасына дейін

40.

Котельников ауылындағы №1 тоғаны

27 га

Красновский ауылдық округінің Котельников ауылынан оңтүстікке қарай

41.

Мантық жырасындағы тоған

15 га

Чесноков ауылынан 0,8 км

42.

Ембулатовка өзеніндегі Кура тоғаны

52 га

Чесноков ауылынан солтүстікке қарай 2 км

43.

Ембулатовка өзеніндегі Корейский су қоймасы

15 га

Чесноков ауылынан солтүстікке қарай 5 км

44.

Попов көлі

7 га

Шолпан ауылының маңында

45.

Брусяное көлі

50 га

Озерное ауылынан оңтүстікке қарай

46.

Песчаная өзбойы

1,1 га

Спартак ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км

47.

Большое көлі

140 га

Дариян, Озерное ауылдарынан оңтүстікке қарай

48.

Прорва көлі

5,5 га

Желаев ауылынан оңтүстік - шығысқа қарай 2 км

Казталов ауданы

49.

Рыбный Сакрыл көлі

2300 га

Жалпақтал ауылынан оңтүстік–батысқа қарай 10,2 км

50.

Балықты көлі

200 га

Талдықұдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27,5 км

51.

Сарышығанақ су қоймасы

1927 га

Жас ауылынан оңтүстікке қарай 6 км

52.

Үлкен Өзен өзені

218 км

Ресей Федерациясы шекарасынан Қамыс-Самар жайылмасына дейін

53.

Кіші Өзен өзені

296 км

Ресей Федерациясы шекарасынан Қамыс-Самар жайылмасына дейін

Қаратөбе ауданы

54.

Қалдығайты өзені

219 км

Шыңғырлау ауданының Лебедев ауылынан солтүстікке қарай 10 км бастап Қаратөбе ауданының Төлен көлі құйылысына дейін

55.

Жақсыбай өзені

130 км

Аудан шекарасынан Сұлукөл көлі құйылысына дейін

Сырым ауданы

56.

Өлеңті өзенінің учаскесі

173 км

Өлеңті ауылынан басталады

57.

Шідерті өзенінің учаскесі

50 км

Аралтөбе ауылынан жоғары Өлеңті өзеніне құйылысына дейін

58.

Бұлдырты өзенінің учаскесі

162 км

Егіндібұлан ауылынан Қосарал ауылының төменгі жайылмасына дейін

Тасқала ауданы

59.

1-Шежін өзені

50 км

Амангелді ауылы, Қалмақшабын ауылы және басқа елді-мекендер арқылы

60.

2-Шежін өзені

55 км

Ермольчев ауылы, Чижа II, Талдыбұлақ ауылы және басқа елді-мекендер арқылы

Теректі ауданы

61.

Қараоба жырасындағы су қоймасы

32 га

Шөптікөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км

62.

Солянка өзеніндегі су қоймасы

112 га

Төңкеріс ауылынан батысқа қарай 16 км

63.

Солянка өзеніндегі су қоймасы

50 га

Придорожный ауылынан солтүстікке қарай 3 км

64.

Сұлусай жырасындағы су қоймасы

35 га

Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км

65.

Жаманбөрлі жырасындағы су қоймасы

94 га

Федоровка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км

66.

Жаманбөрлі жырасындағы 2 - су қоймасы

158га

Долинное ауылынан солтүстікке қарай 7 км

67.

Барбастау өзеніндегі су қоймасы

863га

Ұзынкөл ауылы маңында

68.

Барбастау өзеніндегі су қоймасы

110 га

Покатиловка ауылы маңында

69.

Шалқар көлі

22 000 га

Сарыөмір ауылы маңында

70.

Есен-Аңқаты өзенінің учаскесі

20 км

Өзеннің Шалқар көліне құйылысынан 10 км жоғары Тоғанас ауылына (Сырым ауданы) дейін

71.

Шолақ-Аңқаты өзенінің учаскесі

25 км

Өзеннің Шалқар көліне құйылысынан 10 км жоғары Алғабас ауылына (Сырым ауданы) дейін

72.

Солянка өзенінің учаскесі

20 км

Қамысты ауылынан Қарабас ауылына дейін

73.

Ащысай көлі

25 га

Ақжайық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км

74.

Қарабас өзені

20 км

Қарабас ауылы маңында

75.

Ащысай өзенінің учаскесі

25 км

Үлкен Еңбек және Бозай ауылдары аралығында

76.

Барбастау өзені

111 км

Федоровка ауылынан Социализм ауылындағы бөгетке дейін

77.

Өлекті жырасындағы тоған

18 га

Федоровка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,8 км

78.

Круглое көлі

8 га

Социализм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км

Шыңғырлау ауданы

79.

Жіңішкесай (Жаңакүш) өзеніндегі су қоймасы

120 га

Жаңакүш ауылы маңында

80.

Сұлукөл көлі

390 га

Сұлукөл ауылының оңтүстік-батысында

81.

Шаңды көлі

315 га

Белогорка ауылынан 10 км жоғары

82.

Жыланды көлі

6 га

Құтантал ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км

83.

Ащыөзек өзені

216 км

Ащыөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,5 км

84.

Тұзкөл көлі

700 га

Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км

85.

Утва өзенінің учаскесі

161 км

Лубенка ауылынан Торыатбас ауылына дейін

Орал қаласы

86.

Чапурин көлі

10 га

"2-я дачная" саяжай алқабынан оңтүстікке қарай

      

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      га – гектар;

      км – километр;

  2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 325 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының
тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы;

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 269 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 тіркелген, 2013 жылғы 29 қаңтардағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы.