"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.06.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Су айдындары және (немесе) учаскелері | Ауданы, (га, км) | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ақжайық ауданы | |||
1. | Бітік су қоймасы | 3540 га | Жаңабұлақ ауылынан батысқа қарай 27 км |
2. | Дөңгелек су қоймасы | 3046 га | Қабыршақты ауылынан оңтүстікке қарай 12 км |
3. | Грачи 1 өзені | 50 км | Көшім өзені бойымен Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасының деңгейіне дейін, Юлаево ауылы арқылы |
4. | Грачи 2 өзені | 58 км | Көшім өзені бойымен Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасының деңгейіне дейін, Грачи 1 өзенінен батысқа қарай |
5. | Көшім өзенінің учаскесі | 120 км | Дөңгелек су торабынан Пятимар су қоймасына дейінгі учаске, Пятимар су торабынан төмен |
6. | Көшім өзенінің учаскесі | 106 км | Киров су қоймасының су торабынан төмен қарай ағыс бойымен Дөңгелек су қоймасына дейін, Бітік және Дөңгелек су қоймаларын қоспағанда |
7. | Бағырлай өзені | 160 км | Атамекен ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін |
8. | Красная өзбойы | 153 га | Томпақ ауылынан оңтүстікке қарай 9 км |
9. | Вальковая өзбойы | 11 га | Бударин ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км |
10. | Глубинное көлі | 2 га | Жаңабұлақ ауылынан солтүстікке қарай |
Бөкей ордасы ауданы | |||
11. | Мұратсай су қоймасы | 172 га | Мұратсай ауылынан 0,5 км |
Бөрлі ауданы | |||
12. | Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). | ||
13. | Пугачев көлі | 100 га | Пугачев ауылынан 18 км |
14. | Қараоба өзені | 67 км | Қараоба өзенінің Утва өзеніне құйылысынан ағысқа қарсы 67 км |
15. | Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). | ||
16. | Утва өзенінің учаскесі | 129 км | Ақсу ауылынан Бөрлі ауылына дейін |
17. | Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). | ||
Жаңақала ауданы | |||
18. | Айдын көлі | 520 га | Жаңақазан ауылынан солтүстік-батыста |
19. | Қоғалы көлі | 680 га | Бірлік ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км |
20. | Бірқазан көлі | 340 га | Жаңақала ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км |
21. | Еділсор көлі | 915 га | Үшкемпір ауылынан шығысқа қарай 6 км |
22. | Соркөл көлі | 620 га | Жаңақала ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км |
23. | Пятимар су қоймасы | 5000 га | Көшім өзені бойымен, Пятимар ауылдық округінің аумағында орналасқан |
24. | Жалтыркөл көлі | 320 га | Жаңаталап ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км |
Зеленов ауданы | |||
25. | Деркөл өзені | 176 км | Ичка тауларынан бастау алып Орал қаласы аумағында Шаған өзеніне құйғанға дейін |
26. | №2 Таловая жырасындағы су қоймасы | 720 га | Таловая ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км |
27. | Вишневая жырасындағы су қоймасы | 60 га | Круглоозерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,5 км |
28. | Кіші Быковка өзеніндегі су қоймасы | 90 га | Чиров ауылынан солтүстік-батысқа қарай |
29. | Ембулатовка өзеніндегі су қоймасы | 105 га | Рожков ауылынан солтүстікке қарай 5,5 км |
30. | Рубежка өзеніндегі су қоймасы | 140 га | Раздольное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км |
31. | Вильная өзеніндегі су қоймасы | 180 га | Махамбет ауылдық округінің Горбунов ауылы маңында |
32. | Киров су қоймасы | 3000 га | Бударин ауылынан 17,5 км |
33. | Гремячий тоғаны | 100 га | Белес ауылы маңында |
34. | Степное су қоймасы | 400 га | Озерное ауылынан оңтүстікке қарай 7 км |
35. | Шаған өзенінің учаскесі | 76 км | Ресей Федерациясының шекарасынан Мичурин ауылына дейін |
36. | Пеньковский тоғаны | 12,6 га | Зеленое ауылы маңында |
37. | Думкин тоғаны | 36 га | Щучкин ауылы маңында |
38. | Котельников ауылындағы №2 тоғаны | 27,5 га |
Котельников ауылы маңында |
39. | Көшім каналының учаскесі | 21 км | Көшім ауылында орналасқан су торабынан Киров су қоймасына дейін |
40. | Котельников ауылындағы №1 тоғаны | 27 га | Красновский ауылдық округінің Котельников ауылынан оңтүстікке қарай |
41. | Мантық жырасындағы тоған | 15 га |
Чесноков ауылынан 0,8 км |
42. | Ембулатовка өзеніндегі Кура тоғаны | 52 га | Чесноков ауылынан солтүстікке қарай 2 км |
43. | Ембулатовка өзеніндегі Корейский су қоймасы | 15 га | Чесноков ауылынан солтүстікке қарай 5 км |
44. | Попов көлі | 7 га | Шолпан ауылының маңында |
45. | Брусяное көлі | 50 га | Озерное ауылынан оңтүстікке қарай |
46. | Песчаная өзбойы | 1,1 га | Спартак ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км |
47. | Большое көлі | 140 га | Дариян, Озерное ауылдарынан оңтүстікке қарай |
48. | Прорва көлі | 5,5 га | Желаев ауылынан оңтүстік - шығысқа қарай 2 км |
48-1. | Кривое көлі | 10 га | Шолпан ауылынан оңтүстікке қарай 0,5 км |
48-2. | Татарская жырасындағы тоған | 33 га | Зеленое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км |
Казталов ауданы | |||
49. | Рыбный Сакрыл көлі | 2300 га | Жалпақтал ауылынан оңтүстік–батысқа қарай 10,2 км |
50. | Балықты көлі | 200 га | Талдықұдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27,5 км |
51. | Сарышығанақ су қоймасы | 1927 га | Жас ауылынан оңтүстікке қарай 6 км |
52. | Үлкен Өзен өзені | 218 км | Ресей Федерациясы шекарасынан Қамыс-Самар жайылмасына дейін |
53. | Кіші Өзен өзені | 296 км | Ресей Федерациясы шекарасынан Қамыс-Самар жайылмасына дейін |
Қаратөбе ауданы | |||
54. | Қалдығайты өзені | 219 км | Шыңғырлау ауданының Лебедев ауылынан солтүстікке қарай 10 км бастап Қаратөбе ауданының Төлен көлі құйылысына дейін |
55. | Жақсыбай өзені | 130 км | Аудан шекарасынан Сұлукөл көлі құйылысына дейін |
Сырым ауданы | |||
56. | Өлеңті өзенінің учаскесі | 173 км | Өлеңті ауылынан басталады |
57. | Шідерті өзенінің учаскесі | 50 км | Аралтөбе ауылынан жоғары Өлеңті өзеніне құйылысына дейін |
58. | Бұлдырты өзенінің учаскесі | 162 км | Егіндібұлан ауылынан Қосарал ауылының төменгі жайылмасына дейін |
Тасқала ауданы | |||
59. | 1-Шежін өзені | 50 км | Амангелді ауылы, Қалмақшабын ауылы және басқа елді-мекендер арқылы |
60. | 2-Шежін өзені | 55 км | Ермольчев ауылы, Чижа II, Талдыбұлақ ауылы және басқа елді-мекендер арқылы |
Теректі ауданы | |||
61. | Қараоба жырасындағы су қоймасы | 32 га | Шөптікөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км |
62. | Солянка өзеніндегі су қоймасы | 112 га | Төңкеріс ауылынан батысқа қарай 16 км |
63. | Солянка өзеніндегі су қоймасы | 50 га | Придорожный ауылынан солтүстікке қарай 3 км |
64. | Сұлусай жырасындағы су қоймасы | 35 га | Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км |
65. | Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). | ||
66. | Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2018 № 55 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). | ||
67. | Барбастау өзеніндегі су қоймасы | 863га |
Ұзынкөл ауылы маңында |
68. | Барбастау өзеніндегі су қоймасы | 110 га |
Покатиловка ауылы маңында |
69. | Шалқар көлі | 22 000 га | Сарыөмір ауылы маңында |
70. | Есен-Аңқаты өзенінің учаскесі | 20 км | Өзеннің Шалқар көліне құйылысынан 10 км жоғары Тоғанас ауылына (Сырым ауданы) дейін |
71. | Шолақ-Аңқаты өзенінің учаскесі | 25 км | Өзеннің Шалқар көліне құйылысынан 10 км жоғары Алғабас ауылына (Сырым ауданы) дейін |
72. | Солянка өзенінің учаскесі | 20 км | Қамысты ауылынан Қарабас ауылына дейін |
73. | Ащысай көлі | 25 га | Ақжайық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км |
74. | Қарабас өзені | 20 км | Қарабас ауылы маңында |
75. | Ащысай өзенінің учаскесі | 25 км | Үлкен Еңбек және Бозай ауылдары аралығында |
76. | Барбастау өзені | 111 км | Федоровка ауылынан Социализм ауылындағы бөгетке дейін |
77. | Өлекті жырасындағы тоған | 18 га | Федоровка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,8 км |
78. | Круглое көлі | 8 га | Социализм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км |
78-1. | Солянка өзеніндегі №2 тоғаны | 19 га | Придорожный ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км |
78-2. | Корей тоғаны | 28 га | Федоровка ауылынан шығысқа қарай 4 км және Донецк ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км |
78-3. | Шөптікөл тоғаны | 14 га | Федоровка ауылынан шығысқа қарай 4 км |
Шыңғырлау ауданы | |||
79. | Жіңішкесай (Жаңакүш) өзеніндегі су қоймасы | 120 га | Жаңакүш ауылы маңында |
80. | Сұлукөл көлі | 390 га | Сұлукөл ауылының оңтүстік-батысында |
81. | Шаңды көлі | 315 га | Белогорка ауылынан 10 км жоғары |
82. | Жыланды көлі | 6 га | Құтантал ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км |
83. | Ащыөзек өзені | 216 км | Ащыөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,5 км |
84. | Тұзкөл көлі | 700 га | Шыңғырлау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км |
85. | Утва өзенінің учаскесі | 161 км | Лубенка ауылынан Торыатбас ауылына дейін |
Орал қаласы | |||
86. | Чапурин көлі | 10 га | "2-я дачная" саяжай алқабынан оңтүстікке қарай |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
га – гектар;
км – километр;
2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының
тізімі
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 269 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 тіркелген, 2013 жылғы 29 қаңтардағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы.