Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 269 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2013 жылғы 14 қаңтарда № 3147 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 қаулысымен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2014 № 325 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген, 2009 жылғы 6 тамыздағы "Орал өңірі" газетінің № 87 жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының атауында және мәтінінде, аталған қаулының 2-тармағын қоспағанда, "су тоғандарының" деген сөздер "су айдындарының және (немесе) учаскелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
      "Ақжайық ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
      "2-1. Грачи 1 өзені 10 километр;
      2-2. Грачи 2 өзені 10 километр;
      2-3. Дөңгелек су торабынан Пятимар су қоймасына дейінгі, Пятимар су торабынан төменгі Көшім өзенінің бөлігі 120 километр";
      "Бөрлі ауданы" бөлімі төмендегідей жолмен толықтырылсын:
      "6-1. Қараоба өзені 67 километр";
      "Жаңақала ауданы" бөлімі төмендегідей жолмен толықтырылсын:
      "14-1. Жалтыркөл көлі 320 гектар";
      "Зеленов ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
      "25-2. Пеньковская жырасындағы Пеньковский тоғаны 12,6 гектар;
      25-3. Степное су қоймасы 400 гектар";
      "Сырым ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
      "35-1. Шолақаңқаты өзені 25 километр;
      35-2. Қалдығайты өзені 120 километр";
      "Теректі ауданы" бөлімі төмендегідей жолдармен толықтырылсын:
      "49-1. Қарабас көлі 280 гектар;
      49-2. Ащысай өзені 25 километр".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                       Н. Ноғаев