Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9639 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу Қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр

А. Мамытбеков


Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 16-07/332 бұйрығымен


бекітілген

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидалары

1.Жалпы ережелер

      1. Осы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жоспарлау және жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудың және жүргізудің бірыңғай тәртібін анықтайды.
      2. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар:
      1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
      2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып өткізіледі.
      3. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) қосылған аурулар бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар (бұдан әрі - ветеринариялық іс-шаралар) аурудың түріне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10694 болып тіркелген) бекітілген Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасында және Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерде тіркелеген ветеринариялық препараттарды қолдану арқылы атқарылады.
 
 

2. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау тәртібі

      6. Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) өкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді.
      Бұл ретте аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, Тізбеге енгізілген аурулар бойынша, мыналар негізінде жүргізіледі:
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг мәліметтері;
      2) кірісті (төл және басқа кірістер) пен шығысты (сойылған, өлген мал басы мен басқадай шығыстар) есептегендегі қолда бар жануарлар саны;
      3) аурудың түріне байланысты ветеринариялық препаратты қолдану нұсқамасына (нұсқаулығына) сәйкес, ветеринариялық препаратты егу саны;
      4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда қарастырылған диагностикалық зерттеулер саны;
      5) көрші әкімшілік-аумақтық бірліктердегі және шектесетін шет мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы мәліметтері.
      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жобасын ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісімдегеннен кейін, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға жібереді.
      8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтер және эпизоотиялық монитринг мәліметтері негізінде, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
      9. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар негізінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО ветеринариялық іс-шаралардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жоспарларын бекітеді және жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО жолдайды.
 

3.Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

      10. Жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-тармағындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді.
      11. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтардағы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды ЖАО ветеринария саласындағы қызметерді атқаратын бөлімшелері (бұдан әрі-ветеринариялық бөлімшелер) ұйымдастырады.
      12. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды (вакциналауды/аллергиялық зерттеуді жүргізуді, қан сынамаларын алуды және ветеринариялық зертханаларға жеткізуді тиісті әкімшілік аумақтың ЖАО ветеринариялық пункттерімен қоса құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары (бұдан әрі-ветеринариялық ұйымдар) атқарады.
      13. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен, жануарларды профилактикалық иммундаудан өткізу үшін ветеринариялық препараттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖАО беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» қаулысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринариялық бөлімшелері ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында бөледі.
      14. Ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп болғаннан кейін, ЖАО ұйымдары, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы, нысан бойынша осы қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес акт жасайды. Бұл актіге вакциналанған, аллергиялық зерттеуден, дауалаудан өткен жануарлардың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқор мәліметтеріне сәйкес тізімі, нысан бойынша 2-қосымшаға сәйкес тіркеледі.
      15. Қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаларға тасымалдау (жеткізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханадан алып қолданылған қан сынамаларын алатын вакуумдық жүйеге және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қан алу актісі жасалады. Осы актіге осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған қан сынамалары бойынша тізімдеме қоса беріледі.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Ветеринариялық-санитариялық қолайсыз аймақтардағы және эпизоотиялық ошақтардағы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық
іс-шараларды жоспарлау және жүргізу

      16. Жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ЖАО шешім қабылдайды.
      Карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу, жануарлардың жұпалы аурулары тізбесіне енгізілген аурулар бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7583 болып тіркелген).
      17. Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қоса алғандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шаралардың тізімін, ретін және мерзімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесі мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бірлесіп, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою бойынша іс-шараларының жоспарын (бұдан әрі-іс-шаралар жоспары) әзірлейді.
      Іс-шаралар жоспары кесте түрінде, реттік нөмірлерін, іс-шаралар атауын, орындалу мерзімдерін, жауапты тұлғалар мен орындаушыларды көрсете отырып құрылады.
      Қажет болған жағдайда іс-шаралар жоспарларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
      18. Эпизоотиялық ошақ пен бақылау аймағында лажсыз (ағымдағы және қорытынды) залалсыздандыру жүргізіледі.
      Ағымдағы залалсыздандыруды ауру пайда болған уақыттан кейін, жаңадан ауырған жануар анықталған жағдайда, сондай-ақ жануарларды кезекті зерттеуден кейін, жүйелі түрде (әр аурудың мерзіміне байланысты) жүргізіледі.
      Карантинді немесе шектеу iс-шараларын алардың алдында қорытынды залалсыздандыру жүргізіледі.
      19. Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған республикалық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринариялық қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар, ветеринариялық бөлімшелермен бірлесе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бақылауымен жүзеге асырады.
      20. Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімімен ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан ветеринариялық препараттарды бөледі.
      21. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіптілік дәрежесіне байланысты Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жатады (бұдан әрі – Алып қою қағидалары).
      Жеке және заңды тұлғаларға Алып қою қағидалары Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына сәйкес олардың құны өтеледі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен карантинді немесе шектеу iс-шараларын алу туралы шешім қабылданады.
      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО шешімімен карантинді алып тастау туралы шешім қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында қарастырылған жағдайларда, уәкілетті орган шектеу шараларын белгілейді.
 


Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және жүргізу
қағидаларына
1-қосымша


Нысан

Жүргізілген ветеринариялық шаралар туралы акт/

Акт о проведенном ветеринарном мероприятий

      «____» _____________ 20____жыл/год
      ________________________________________________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы/
наименование административно-территориальной единицы)
      Мен/мною_________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы маманның лауазымы, аты,жөні,тегі (болған жағдайда)/
должность,фамилия и имя, отчество (приналичии) специалиста в области ветеринарии)
      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________қатысуымен/в присутствии _________________________________________
      ____________________________________________________________________ төмендегілер
(қатысушылардың А.Ж.Т/Ф.И.О. присутствующих)
      туралы акт жасадық/составили настоящий акт о том, что ________________________
_____________20___жылы/года ___________________________________________________
(күні,айы,жылы/число,месяц,год) (жануардың түрі/вид животных)
________________вакцинация/(аллергиялық зерттеу) жасалынды/проводили вакцинацию/
аллергическое исследование
__________________________________тиесілі/принадлежащих__________________________
________________________________________________________________________________
(жеке және заңды тұлғаның атауы/наименование физческого или юридического лица)
____________________________________________қарсы вакцинаны/вакцину против
(аурудың атауы/название болезни)
______________________________________________дайындалған/изготвленную
(өндіруші зауыттың атауы/наименование завода-изготовителя)
___ _________ 20___ жылы/года, серия/серия №____, мембақылау/госконтроль №____
(күні, айы, жылы/число, месяц, год) ________________________________________________
(егу әдісі және орыны/(способ и место введения)
______________: ересек малдарға/ взрослым животным по ____басына/миллилитрден.
_______ миллилитров/голову, жас малдарға/молодняку по_____ басына/миллилитрден.
дозасы/в дозе),
Барлығы, саны/всего количестве______________ бас/голов, ________егілді/привито
(жануардың саны/количество животных)
Егілген мал тізімі қоса тіркеліп отыр/Опись привитых животных прилагается.
Инъекция орнын 70% ректификат спиртпен өңдеп, залалсыздандырдық/Место инъекции
обрабатывали 70% -ным раствором спирта- ректификата
Осыған орай жұмсалды/При этом израсходовано:
вакцина/вакцины_____________ доза/доз; шприцтер/шприцы _______дана/штуки;
инелер/иглы______дана/штуки; мақта/вата_________грамм/граммов;
спирт/спирта___________грамм/граммов.
Осы жөнінде акт жасалынды /О чем составлен настоящий акт:
Қолдары/Подписи_____________________ _____________________
       _____________________ _____________________
 


Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша


Нысан

Вакцинациялаудан, аллергиялық зерттеуден, дауалаудан өткен жануарлар тізімі/ Опись животных, подвергнутых вакцинации, аллергическому исследованию, обработке

      Мал түрі/Вид животных ______________
      Саны, бас есебімен/Количество голов ______________
      Аурудың атауы/ Название болезни ______________
      Вакцинация/аллергиялық зерттеулер жүргізілген күн/
      Дата проведения вакцинации/аллергических исследований ______________
 
 

р/б

№ п/п

Мал иесінің атауы немесе аты, жөні, тегі (болған жағдайда)/наименование или фамилия и имя, отчество (при наличии) владельца животного

Бірдейлендіру нөмірі/
Идентификационный номер

Малдың түрі, жынысы/
Вид, пол живот
ного омер

Малдың жасы/
Возраст животного

Түсі/
Масть

Мал иесінің қолы
/Подпись владельца
Животных

1







2







3








       Қолдары/Подписи _____________________ _____________________
       _____________________ ____________________
 


Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және жүргізу
қағидаларына
3-қосымша


Нысан

Қан сынамаларын алу актісі/Акт взятие проб крови

      «_____»__________________20 ____ жылы/года
      ________________________________________________________________________________
      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы/наименование административно-территориальной
единцы)
      Мен/мною_________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы маманның лауазымы, аты,жөні,тегі (болған жағдайда)/должность,фамилия и имя, отчество (при наличии) специалиста в области ветеринарии) _______________________________________________________________________________
      _________________________________________________________қатысумен/в присутствии
(қатысушылардың А.Ж.Т./Ф.И.О.)
      ____________________________________________________________________ төмендегілер
туралы акт жасадық/составили настоящий акт о том,что___ ___________20___ жылы/года
(күні,айы,жылы/число,месяц,год)
___________________________________________________________тиесілі/принадлежащщих________________________________________________________________________________
(жеке және заңды тұлғаның атауы/наименование физического или юридического лица)
барлығы/всего______________________________________________бас/голов_____________
(малдың түрі және саны/вид и количество животных)
___________________________ қан сынамалары алынды/провели взятие проб крови на ____
(аурудың атауы/название болезни)
Осы актіге қан алынған мал тізімі қоса тіркеліп отыр/К настоящему акту прилагается опись животных.
Қан алу орнын 70% ректификат спиртпен өңдеп, залалсыздандырдық/Место взятие крови обрабатывали 70% -ным раствором спирта- ректификата
Осыған орай жұмсалды/при этом израсходовано: вакуутейнерлер_____________жиынтық/комплект; ине/игла________дана/штуки мақта/вата______грамм/граммов, спирт/спирта___________грамм/граммов.
Осы жөнінде акт жасалынды/О чем составлен настоящий акт.
Қолдары/Подписи __________________________ __________________________
       __________________________ __________________________
       __________________________ __________________________
 


Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және жүргізу
қағидаларына
4-қосымша


Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

бірінші бөлігі/часть первая

Қан сынамалары алынған
жануарлар тізімі №____
Опись животных по взятым
пробам крови №____ 

Мал түрі / Вид животных_________________
Жануардың жастық-жыныстық тобы /Половозрастная группа животных____________________
Саны, бас есебімен / Количество
голов ______________
Зерттеу мақсаты / Цель исследования ______________
Қан алынған күн / Дата взятия
крови ______________

қ
и
ю

с
ы
з
ы
ғ
ы
/
л
и
н
и
я

о
т
р
ы
в
а

екінші бөлігі/часть вторая

Қан сынамалары алынған жануарлар тізімі №____
Опись животных по взятым пробам крови №_____ 

Мал түрі / Вид животных__________________
Жануардың жастық-жыныстық тобы /Половозрастная группа животных_________________
Саны, бас есебімен / Количество голов___________
Зерттеу мақсаты / Цель исследования______________
Қа Қан алынған күн / Дата взятия крови______________

р/н № № п/п

мал иесінің атауы немесе аты, жөні, тегі (болған жағдайда) /наименование или фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца животного

бірдейлендіру нөмірі / идентификационный номер

малдың түрі, жынысы / вид, пол животного

малдың жасы / возраст животного

түсі/масть

р/н № № п/п

реакцияның атауы/наименование реакции




зерттеу нәтижелері/результат исследования































Мөр орыны / Место печати
______________________________
(ветеринария саласындағы мамандардың тегі, атын және әкесінің атын (бар болса), қолдары, лауазымы / должность, фамилия, имя, отчество (при наличии), подписи специалистов в области ветеринарии)

қию сызығы / линия отрыва

Мөр орыны / Место печати
_________________________
(ветеринария саласындағы мамандардың тегі, атын және әкесінің атын (бар болса), қолдары, лауазымы / должность, фамилия, имя, отчество (при наличии), подписи специалистов в области ветеринарии)
 
 

      Ескерту / Примечание:
      1. қан сынамалары алынған жануарлар тізімі әрбір жануардың түріне және жастық-жыныстық тобына жеке жасалады / опись животных по взятым пробам крови составляется по каждому виду животного и половозрастной группы отдельно.
      2. ветеринариялық зертханада қан сынамаларын қабылдап тіркеуді жүргізетін маман екінші бөлігін қиып алады және ветеринариялық зертханада қалады / часть вторая отрывается специалистом ветеринарной лаборатории, осуществляющим прием и регистрацию проб крови и остается в ветеринарной лаборатории
      3. бірінші бөлігі қан сынамаларын жеткізген тұлғаға қайтарылады / часть первая – возвращается, лицу, доставившему пробы крови.

№________________                             №________________
(қан сынамалары алынған                       (қан сынамалары алынған
жануарлар тізімі)                             жануарлар тізімі)