Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9639 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 8-бабының 46-5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков
     

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрінің
  2014 жылғы 30 маусымдағы
  № 16-07/332 бұйрығымен бекітілген

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудың және өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жануарлар басы – белгілі бір аумақтағы қандай да бір жануарлардың жалпы саны;

      2) жануарлар топтары (эпизоотиялық бірлік) – бір орында орналасу (бір өрісте, жайылымда және басқа орындарда) немесе бір басқаруда тұру (топ, табын, отар, шаруашылық жүргізуші субъекті және басқа жануарлар топтары) себебінен аурулар қоздырғыштарының әсер ету тәуекеліне ұшырау ықтималдылығы бірдей, эпизоотиялық байланыстағы жануарлардың тобы.

      Ескерту. Қағида 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар:

      1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;

      2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, iндет ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзiлетiн iс-шаралар болып өткізіледі.

      3. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) қосылған аурулар бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар (бұдан әрі - ветеринариялық іс-шаралар) аурудың түріне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10694 болып тіркелген) бекітілген Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. Ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп болғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы акт жасалады, оған жеке нөмірлері көрсетілген, вакциналанған, аллергиялық зерттелген, дауаланған жануарлардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор мәліметтеріне сәйкес тізімдемесі қоса беріледі.

      Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасында және Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттерде тіркелеген ветеринариялық препараттарды қолдану арқылы атқарылады.

      5-1. Жануарлар ауруларының түріне байланысты және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, бекіту, жүргізу қолда бар жануарлар басының ветеринариялық іс-шаралармен толық қамтылуын және бір уақытта олардың төмендегілерді есепке ала отырып, қалыптастырылған жануарлар топтарында (эпизоотиялық бірліктерде) жүргізілуін қамтамасыз етеді:

      1) бір орында орналасу (бір өрісте, жайлауда, жайылымда, мал жаю орнында, үй-жайда, шаруашылық жүргізуші субъектіде және басқа орындарда) немесе бір басқаруда тұру себебінен аурулар қоздырғыштарының әсер ету тәуекеліне ұшырау ықтималдылығы бірдей, эпизоотиялық байланыстағы жануарлардың тобы (эпизоотиялық байланыс әртүрлі болуы және ауру қоздырғышының биологиялық қасиетіне (жұқтырғыштық, инфективтілік, контагиозділік, вируленттілік), оның берілу механизміне (берілу факторлары және тасығыштар), әр түрлі жануарлардың сезімталдығына байланысты болуы мүмкін);

      2) эпизоотиялық байланысы бар (ортақ жайылымдар, мал жаю орындары, мал өткізгіштер мен тікелей және тікелей емес (сыртқы ортадағы заттар арқылы) байланыстағы басқа да орындар) бір елдімекеннің тұрғындарына тиесілі жануарлардың тобы;

      3) күтіп-бағу үшін бір жабдық және (немесе) мүкәммал пайдаланылатын жануарлар тобы.

      Жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірліктерін) қалыптастыру (тарату), сондай-ақ ондағы жануарлар басы (көбею, азаю) туралы ақпарат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының мыналардан алынатын деректері (мәлімет, ақпарат) болып табылады:

      осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жануарлар топтарын (эпизоотиялық бірліктерін) қалыптастыру (тарату) туралы актілерден;

      осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірліктер) тіркеу журналынан.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.03.2016 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау тәртібі

      6. Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) өкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітеді.

      Бұл ретте аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, Тізбеге енгізілген аурулар бойынша, мыналар негізінде жүргізіледі:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг мәліметтері;

      2) кірісті (төл және басқа түсімдер), шығысты (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) есептегендегі қолда бар жануарлар басы және жануарлар топтары (эпизоотиялық бірліктері);

      3) аурудың түріне байланысты ветеринариялық препаратты қолдану нұсқамасына (нұсқаулығына) сәйкес, ветеринариялық препаратты егу саны;

      4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда қарастырылған диагностикалық зерттеулер саны;

      5) көрші әкімшілік-аумақтық бірліктердегі және шектесетін шет мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы мәліметтері.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ЖАО ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жобасын ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-уәкілетті орган) ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісімдегеннен кейін, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға жібереді.

      8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтер және эпизоотиялық монитринг мәліметтері негізінде, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

      9. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар негізінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО ветеринариялық іс-шаралардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жоспарларын бекітеді және жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО жолдайды.

      9-1. Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – референттік орталық) жүргізетін жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына референттік және мониторингтік зерттеулерді жоспарлау Тізбеге енгізілген аурулар бойынша мыналар негізінде жүзеге асырылады:

      1) референттік орталықта жүргізілген соңғы 3 (үш) жылдағы диагностикалық зерттеулер деректерінің орташа көрсеткіші;

      2) әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыс, аудан) және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы деректер;

      3) соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг деректері;

      4) кірісін (төл және басқа түсімдер), шығысын (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) және жабайы жануарлардың популяциясын есептегендегі қолда бар ауыл шаруашылығы жануарларының басы.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3.Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтарда жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

      10. Жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Заңның 25-бабында көзделген, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аймақтардағы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды ЖАО ветеринария саласындағы қызметерді атқаратын бөлімшелері (бұдан әрі-ветеринариялық бөлімшелер) ұйымдастырады.

      12. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды (вакциналауды/аллергиялық зерттеуді жүргізуді, қан сынамаларын алуды және ветеринариялық зертханаларға жеткізуді тиісті әкімшілік аумақтың ЖАО ветеринариялық пункттерімен қоса құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары (бұдан әрі-ветеринариялық ұйымдар) атқарады.

      13. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен, жануарларды профилактикалық иммундаудан өткізу үшін ветеринариялық препараттарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖАО беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" қаулысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринариялық бөлімшелері ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ветеринариялық препараттарды аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында бөледі.

      14. алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаларға тасымалдау (жеткізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханадан алып қолданылған қан сынамаларын алатын вакуумдық жүйеге және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қан алу актісі жасалады. Осы актіге осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған қан сынамалары бойынша тізімдеме қоса беріледі.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа, фермер қожалықтарында жануарлардан қан сынамаларын алу, ЖАО мекемесімен осы ауыл шаруашылық кәсіпорыны, шаруа, фермер қожалықтары еңбек келісім шарты бар ветеринариялық дәрігерлерге рұқсат етіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.03.2016 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Ветеринариялық-санитариялық қолайсыз аймақтардағы және эпизоотиялық ошақтардағы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық
іс-шараларды жоспарлау және жүргізу

      16. Жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ЖАО шешім қабылдайды.

      Карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу, жануарлардың жұпалы аурулары тізбесіне енгізілген аурулар бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7583 болып тіркелген).

      17. Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қоса алғандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шаралардың тізімін, ретін және мерзімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесі мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бірлесіп, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою бойынша іс-шараларының жоспарын (бұдан әрі-іс-шаралар жоспары) әзірлейді.

      Іс-шаралар жоспары кесте түрінде, реттік нөмірлерін, іс-шаралар атауын, орындалу мерзімдерін, жауапты тұлғалар мен орындаушыларды көрсете отырып құрылады.

      Қажет болған жағдайда іс-шаралар жоспарларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

      18. Эпизоотиялық ошақ пен бақылау аймағында лажсыз (ағымдағы және қорытынды) залалсыздандыру жүргізіледі.

      Ағымдағы залалсыздандыруды ауру пайда болған уақыттан кейін, жаңадан ауырған жануар анықталған жағдайда, сондай-ақ жануарларды кезекті зерттеуден кейін, жүйелі түрде (әр аурудың мерзіміне байланысты) жүргізіледі.

      Карантинді немесе шектеу iс-шараларын алардың алдында қорытынды залалсыздандыру жүргізіледі.

      19. Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған республикалық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринариялық қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар, ветеринариялық бөлімшелермен бірлесе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бақылауымен жүзеге асырады.

      20. Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімімен ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан ветеринариялық препараттарды бөледі.

      21. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіптілік дәрежесіне байланысты Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жатады (бұдан әрі – Алып қою қағидалары).

      Жеке және заңды тұлғаларға Алып қою қағидалары Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына сәйкес олардың құны өтеледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2015 № 7-1/783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен карантинді немесе шектеу iс-шараларын алу туралы шешім қабылданады.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО шешімімен карантинді алып тастау туралы шешім қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында қарастырылған жағдайларда, уәкілетті орган шектеу шараларын белгілейді.


  Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Жүргізілген ветеринариялық шаралар туралы акт/
Акт о проведенном ветеринарном мероприятий

      "____" _____________ 20____жыл/год

      ________________________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы/

      наименование административно-территориальной единицы)

      Мен/мною_________________________________________________________________

      (ветеринария саласындағы маманның лауазымы, аты,жөні,тегі (болған жағдайда)/

      должность,фамилия и имя, отчество (приналичии) специалиста в области ветеринарии)

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      _______________қатысуымен/в присутствии _________________________________________

      ____________________________________________________________________ төмендегілер

      (қатысушылардың А.Ж.Т/Ф.И.О. присутствующих)

      туралы акт жасадық/составили настоящий акт о том, что ________________________

      _____________20___жылы/года ___________________________________________________

      (күні,айы,жылы/число,месяц,год) (жануардың түрі/вид животных)

      ________________вакцинация/(аллергиялық зерттеу) жасалынды/проводили вакцинацию/

      аллергическое исследование

      __________________________________тиесілі/принадлежащих__________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жеке және заңды тұлғаның атауы/наименование физческого или юридического лица)

      ____________________________________________қарсы вакцинаны/вакцину против

      (аурудың атауы/название болезни)

      ______________________________________________дайындалған/изготвленную

      (өндіруші зауыттың атауы/наименование завода-изготовителя)

      ___ _________ 20___ жылы/года, серия/серия №____, мембақылау/госконтроль №____

      (күні, айы, жылы/число, месяц, год) ________________________________________________

      (егу әдісі және орыны/(способ и место введения)

      ______________: ересек малдарға/ взрослым животным по ____басына/миллилитрден.

      _______ миллилитров/голову, жас малдарға/молодняку по_____ басына/миллилитрден.

      дозасы/в дозе),

      Барлығы, саны/всего количестве______________ бас/голов, ________егілді/привито

      (жануардың саны/количество животных)

      Егілген мал тізімі қоса тіркеліп отыр/Опись привитых животных прилагается.

      Инъекция орнын 70% ректификат спиртпен өңдеп, залалсыздандырдық/Место инъекции

      обрабатывали 70% -ным раствором спирта- ректификата

      Осыған орай жұмсалды/При этом израсходовано:

      вакцина/вакцины_____________ доза/доз; шприцтер/шприцы _______дана/штуки;

      инелер/иглы______дана/штуки; мақта/вата_________грамм/граммов;

      спирт/спирта___________грамм/граммов.

      Осы жөнінде акт жасалынды /О чем составлен настоящий акт:

      Қолдары/Подписи_____________________ _____________________

      _____________________ _____________________

  Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Вакцинациялаудан, аллергиялық зерттеуден, дауалаудан өткен жануарлар тізімі/
Опись животных, подвергнутых вакцинации, аллергическому исследованию, обработке

      Мал түрі/Вид животных ______________

      Саны, бас есебімен/Количество голов ______________

      Аурудың атауы/ Название болезни ______________

      Вакцинация/аллергиялық зерттеулер жүргізілген күн/

      Дата проведения вакцинации/аллергических исследований ______________

р/б

№ п/п

Мал иесінің атауы немесе аты, жөні, тегі (болған жағдайда)/наименование или фамилия и имя, отчество (при наличии) владельца животного

Бірдейлендіру нөмірі/
Идентификационный номер

Малдың түрі, жынысы/
Вид, пол живот
ного омер

Малдың жасы/
Возраст животного

Түсі/
Масть

Мал иесінің қолы
/Подпись владельца
Животных

1







2







3








      Қолдары/Подписи _____________________ _____________________

      _____________________ ____________________

  Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және өткізу
қағидаларына 2-1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Бұйрық 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірлігін) қалыптастыру (тарату) туралы
акт/Акт о формировании (расформировании) группировок животных (эпизоотической
единицы)

      "____" _____________ 20____жыл/года

      ________________________________________________________________________________

      (жануарлар топтарының орналасқан жері (әкімшілік-аумақтық бірліктің және (немесе)

      шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы)/местонахождение группировок животных

      (наименование административно-территориальной единицы и (или) хозяйствующего субъекта))

      Мен/мною_______________________________________________________________________

      (кент, ауыл ауылдық округ, аудан әкімі аппараты, қала әкімдігі маманының аты, жөні,

      тегі (бар болған жағдайда), лауазымы/ фамилия и имя, отчество (при его наличии),

      должность специалиста аппарата акима поселка, села, сельского округа, района,

      акимата города)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жануарлардың түрі)

      жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірлігін) қалыптастыру (тарату)

      жүргізілгені туралы осы актіні жасадым/составлен настоящий акт о том, что

      ________________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы/число, месяц, год)

      проведено формирование (расформирование) группировки

      животных (эпизоотической единицы)________________________________________________

      (вид животных)

      Жануардың жастық-жыныстық тобы/

      Половозрастная группа животных____________________

      Бас саны/Количество голов_________________

      Жануардың жастық-жыныстық тобы/

      Половозрастная группа животных____________________

      Бас саны/Количество голов_________________

      Жануардың жастық-жыныстық тобы/

      Половозрастная группа животных____________________

      Бас саны/Количество голов_________________

      Барлығы, саны/всего в количестве __________ бас/голов

      Осы акт жасалғаны туралы /О чем составлен настоящий акт:

      Қолы/Подпись ______________________

  Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және өткізу
қағидаларына 2-2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Бұйрық 2-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Қалыптастырылған жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірліктерін) тіркеу
журналы/Журнал учета сформированных группировок животных (эпизоотических единиц)

      бойынша/по ________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы жануары түрінің атауы/наименование

      вида сельскохозяйственного животного)

      ________________________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің (кент, ауыл, ауылдық округ,қала, аудан, облыс)

      атауы/наименование административно-территориальной единицы (поселок, село, сельский

      округ, город, район, область))

Жануарлар топтарының тіркеу нөмірі/ Регистрационный номер группировок животных*

Нөмір берілген күн/ Дата присвоения номера

Ауыл шаруашылығы жануары иесінің мекен-жайы/Адрес владельца сельскохозяйствен ного животного

Шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы/ Наименование хозяйствующего субъекта**

Ескертпе/ Примечание

1

2

3

4

5

6



















      Ескертпе/Примечание:

      * - Шаруашылық жүргізуші субъектілерді қоспағанда, қалыптастырылған жануарлар тобының тіркеу нөмірі әріптік және сандық символдардан (символдар арасы қисық сызықпен бөлінеді) тұрады, ол мыналарды қамтиды:

      алғашқы символ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;

      екінші және үшінші символдар – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      бесінші – оныншы символдар –жануарлар тобының реттік нөмірі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жануарлар топтарын нөмірлеген кезде екінші және үшінші символдарда нөл көрсетіледі.

      Қағидаларға сәйкес есептік нөмірлері бар шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлар топтарының тіркеу нөмірлері мыналардан тұрады:

      Қағидаларға сәйкес берілген есептік нөмір;

      ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      шаруашылық жүргізуші субъектілерде мал басын шаруашылықішілік есепке алуға сәйкес жануарлар топтарының реттік нөмірі.

      Ауыл шаруашылығы жануарлары түрінің сандық коды Бірдейлендіру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Қалыптастырылған жануарлар топтарының тіркеу нөмірлері символдары өзара қисық сызықпен бөлінеді.

      /Регистрационный номер сформированным группировкам животных, за исключением хозяйствующих субъектов состоит из буквенных и цифровых символов (символы между собой разделяются косой чертой) включающие:

      первый символ – литерный код области, города республиканского значения, столицы;

      второй и третий символы – порядковый номер района (города областного значения);

      четвертый символ – цифровой код вида сельскохозяйственного животного;

      пятый – десятый символы – порядковый номер группировки животных.

      Литерный код области, города республиканского значения, столицы, порядковый номер района (города областного значения) вносится, согласно приложению 1 к Правилам присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 7-1/37 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10466) (далее – Правила).

      Цифровой код вида сельскохозяйственного животного вносится, согласно приложению 1 к Правилам идентификации сельскохозяйственных животных (далее – Правила идентификации), утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11127).

      При нумерации группировок животных в городах республиканского значения, столице во втором-третьем символах указываются нули.

      В хозяйствующих субъектах имеющих учетные номера в соответствии с Правилами регистрационный номер группировок животных состоит из:

      учетного номера, присвоенного в соответствии с Правилами учета;

      цифрового кода вида сельскохозяйственного животного;

      порядкового номера группировки животных согласно внутрихозяйственного учета поголовья в хозяйствующих субъектах.

      Цифровой код вида сельскохозяйственного животного вносится согласно приложению 1 к Правилам идентификации.

      Символы регистрационного номера сформированных группировок животных разделяются между собой косой чертой.

      ** - шаруашылық жүргізуші субъекттерінде жануарлардың топтарын қалыптастырған кезде толтырылады.

      /заполняется при формировании группировок животных в хозяйствующих субъектах.


  Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 3-қосымша
Нысан

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2017 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Қан сынамаларын алу актісі/Акт взятие проб крови

      "_____"__________________20 ____ жылы/года

      ________________________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы/наименование административно-территориальной

      единцы)

      Мен/мною_________________________________________________________________

      (ветеринария саласындағы маманның лауазымы, аты,жөні,тегі (болған жағдайда)/должность,фамилия и имя, отчество (при наличии) специалиста в области ветеринарии) _______________________________________________________________________________

      _________________________________________________________қатысумен/в присутствии

      (қатысушылардың А.Ж.Т./Ф.И.О.)

      ____________________________________________________________________ төмендегілер

      туралы акт жасадық/составили настоящий акт о том,что___ ___________20___ жылы/года

      (күні,айы,жылы/число,месяц,год)

      ___________________________________________________________тиесілі/принадлежащщих________________________________________________________________________________

      (жеке және заңды тұлғаның атауы/наименование физического или юридического лица)

      барлығы/всего______________________________________________бас/голов_____________

      (малдың түрі және саны/вид и количество животных)

      ___________________________ қан сынамалары алынды/провели взятие проб крови на ____

      (аурудың атауы/название болезни)

      Осы актіге қан алынған мал тізімі қоса тіркеліп отыр/К настоящему акту прилагается опись животных.

      Қан алу орнын 70% ректификат спиртпен өңдеп, залалсыздандырдық/Место взятие крови обрабатывали 70% -ным раствором спирта- ректификата

      Осыған орай жұмсалды/при этом израсходовано: вакуутейнерлер_____________жиынтық/комплект; ине/игла________дана/штуки мақта/вата______грамм/граммов, спирт/спирта___________грамм/граммов.

      Осы жөнінде акт жасалынды/О чем составлен настоящий акт.

      Қолдары/Подписи __________________________ __________________________

      __________________________ __________________________

      __________________________ __________________________

  Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.06.2018 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

бірінші бөлігі / часть первая
__________________________________
Жануарлардың алынған қан сынамалары бойынша №____ тізімдемесі
Опись животных по взятым пробам крови №____
Жануар түрі / Вид животных _____________
Аурудың атауы / Название болезни __________
Бас саны/Количество голов__________
оның ішінде
жануарлардың жыныстық-жастық тобы бөлінісінде/ в том числе в разрезе половозрастная группа животных

екінші бөлігі / часть вторая
___________________________________
(сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күні, нөмірі/
дата, номер акта экспертизы (протокола испытания))
Жануарлардың алынған қан сынамалары бойынша №____ тізімдемесі
Опись животных по взятым пробам крови №___
Жануар түрі/Вид животных___________
Аурудың атауы/Название болезни_____
Бас саны/Количество голов_____ оның ішінде жануарлардың жыныстық-жастық тобы бөлінісінде/ в том числе в разрезе половозрастная группа животных


________________
_____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________
_____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________
_____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________
_____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________
_____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________ _____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________ _____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

________________ _____________________
(жануарлардың жыныстық-жастық тобы (бас саны/количество голов)
наименование половозрастной группы)

     

жануар иесінің атауы немесе аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/ наименование или фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца животного

бірдейлендіру нөмірі /
идентификационный номер

жануарлардың жыныстық-жастық тобы / половозрастная группа животных

жануардың жасы / возраст животного

зерттеудің жиілігі/кратность исследований

жануарлардың жыныстық-жастық тобы / половозрастная группа животных

реакцияның атауы /
наименование реакции






зерттеулер нәтижелері /
результаты исследований





















































     

Мөр (бар болса) орны/Место печати (при наличии)
_________ _______ ____________
(ветеринария саласындағы мамандардың лауазымы, аты, әкесінің аты болса), тегі, қолдары / должность, фамилия, имя, отчество (при наличии), подписи специалистов в области ветеринарии)
_________ ________ __________
(тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, /должность, фамилия, имя, отчество (при наличии), подпись государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей административно-территориальной единицы)

Мөр (бар болса) орны/Место печати (при наличии)
_________ ______________ ____________ (ветеринария саласындағы мамандардың лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолдары / должность, фамилия, имя, отчество (при наличии), подписи специалистов в области ветеринарии)
_________ ______________ _____________
(тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, /должность, фамилия, имя, отчество (при наличии), подпись государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей административно-территориальной единицы)

     

      Ескерту / Примечание:

      1. Жануарлардың алынған қан сынамалары бойынша тізімдемесі диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ветеринариялық зертханаға жолданатын жануардың әр түріне, жануарлар ауруының түріне жеке-жеке жасалады / опись животных по взятым пробам крови составляется отдельно по каждому виду животного, виду болезней животных, по которому направляется в ветеринарную лабораторию для проведения диагностических исследований.

      2. Қан сынамаларын қабылдау мен тіркеуді жүзеге асыратын ветеринариялық зертхана маманы екінші бөлігін қиып алады және ветеринариялық зертханада қалдырады, зерттеу аяқталғаннан кейін сараптама актісімен (сынақ хаттамасымен) бірге ветеринар дәрігерге береді, ал көшірмесін ветеринариялық зертханада қалдырады / часть вторая отрывается специалистом ветеринарной лаборатории, осуществляющим прием и регистрацию проб крови и остается в ветеринарной лаборатории, после завершения исследования вместе с актом экспертизы (протоколом испытания) передается ветеринарному врачу, а копия остается в ветеринарной лаборатории.

      3. Бірінші бөлігі қан сынамаларын жеткізген тұлғаға қайтарылады / часть первая – возвращается, лицу, доставившему пробы крови.

      4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы бойынша жануарлар басы туралы мәліметтердің сәйкестігін; үйірдегі, табындағы, отардағы, шаруашылық жүргізуші субъектідегі және жануарлардың басқа да топтарындағы бар жануарлар басын қамту және бір уақытта зерттеулер жүргізу мақсатында алынған қан сынамалары санының жануарлар басымен (үйір, табын, отар, шаруашылық жүргізуші субъект және жануарлардың басқа да топтары) сәйкестігін бір жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде растайды жануарлар ауруларының түріне және "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) қағидаларда (бұдан әрі-Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) көзделген диагностикалық зерттеулер жиілігіне байланысты / государственный ветеринарно-санитарный инспектор соответствующей административно-территориальной единицы по базе данных по идентификации сельскохозяйственных животных подтверждает в течение не более одного рабочего дня соответствие сведений о поголовье животных; соответствие количества взятых проб крови с наличием поголовья животных (гурт, стадо, отара, хозяйствующий субъект и другие группировки животных) с целью обеспечения охвата и одновременного проведения исследования имеющегося поголовья животных в гурте, стаде, отаре, хозяйствующем субъекте и других группировках животных (зависит от вида болезней животных и кратности диагностических исследований, предусмотренных в "Об утверждении Ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правилах" утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 7-1/587 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11940) (далее- Ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила).

      5. Алынған қан сынамалары бойынша жануарлар тізімдемесі бір данада ұсынылады. Microcoft Excel форматындағы алынған қан сынамалары бойынша жануарлар тізімдемесінің электрондық нұсқасы ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің және ветеринариялық зертхананың сынама қабылдайтын бөлімінің (бөлімшесінің) электрондық мекенжайына жолданады / Опись животных по взятым пробам крови предоставляется в одном экземпляре. Электронная версия описи животных по взятым пробам крови в формате Microcoft Excel направляется на электронный адрес соответствующего территориального подразделения ведомства уполномоченного органа в области ветеринарии и отдела (подразделение) приема проб ветеринарной лаборатории.

      6. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен бекітілген індеттер бойынша ветеринариялық іс-шараларда қарастырылған диагностикалық зерттеулерде жануардың жастық-жыныстық тобы жеке көрсетіледі/отдельно по половозрастным группам указанных диагностическими исследованиями предусмотренных ветеринарными мероприятиями по болезням утвержденным Ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами.

      7. Ірі қара малдың төлдеріне және аталық қошқарларға қан сынамаларын алу тізімі жеке-жеке жасалады/намолодняк крупно-рогатого скота и барано впроизводителей отдельно составляется опись взятия крови.

№___________________________________
(жануарлардың алынған қан сынамалары бойынша тізімдемесі)/
(опись животных по взятым пробам крови)

№____________________________________
(жануарлардың алынған қан сынамалары бойынша тізімдемесі) / (опись животных по взятым пробам крови)
_______________________________
(сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күні, нөмірі/ дата, номер акта экспертизы (протокола испытания))