Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 7-1/783 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қазанда № 12155 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 153 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 12, 106-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов