Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9620 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің Орынбасары -
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2014 жылғы 25 маусымдағы
  № 291 бұйрығына қосымша

Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары

      1. Осы Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) емтихандық модуль - тестiлiк сұрақтар және ахуалдық мiндеттерді қамтитын тапсырмалар көлемi.

      4) сертификаттау – бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) ұйымдастырған емтихандар тапсыру арқылы білімді айқындау рәсімі.

      1. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау өз бiлiмін кәсіби талқылау және объективтілік негізінде қолданатын білікті кәсiби бухгалтерлерді даярлау мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Сертификаттау жөнiндегi ұйым әзiрлеудi, кандидаттарды сертификаттаудың бағдарламаларына арналған материалдарды тарату мен басып шығаруды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау ережесіне сәйкес, өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан аккредиттелген кәсiби бухгалтерлермен (бұдан әрi – кәсiби ұйым) бірге ұйымдастырылады.

      5. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу мерзімдерін үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген ішкі кестесіне сәйкес сертификаттау жөнiндегi ұйым айқындайды.

      6. Сертификаттау жүргізу күнi туралы ақпарат, сертификаттау жүргізу белгілеген күнге дейін алты айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      7. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар мынадай:

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп;

      салық және салық салу;

      азаматтық құқық пәндері бойынша емтихандар тапсырады.

      8. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі комиссиясы берген "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігі бар тұлғалар аудиторлыққа біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін берген кезде жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.

      9. Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломы бар тұлғалар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

      10. Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан өтуге тіркелу үшін мынадай құжаттарды:

      1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтінішті;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      4) кемінде соңғы үш жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп - талдамалық салаларында немесе жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариалдық немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған;

      5) Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломының (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

      6) жазбаша хабарламаның көшiрмесiн немесе жеке емтихандарды тапсырғаны туралы өзге құжаттын (бар болған жағдайда) көшiрмесін ұсынады.

      Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға тігіледі, оның сыртқы бетiнде: №___ Жеке iс, кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, ресiмдеу күнi көрсетiледi.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағатты (180 минут) құрайды.

      12. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексеруді емтихан комиссиясы емтихан тапсырған отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргiзедi.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Емтихандық билет әрбір пән бойынша емтихандық модульдердің тапсырмаларынан қалыптастырылады және мыналарды:

      тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);

      міндетті есепті (кемінде бір);

      қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.

      14. Емтихан тапсыру үшін жалпы сомалық балл ("өту" баллы) ықтимал жүз баллдан кемінде елу баллды құрайды.

      Әрбір тестілік сұраққа берілген дұрыс жауапқа 1 балл есептеледі.

      Міндетті және қосымша есептер бойынша баллдар саны тиісінше кәсiби бухгалтерлікке сертификаттау бойынша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ережемен белгіленеді.

      Міндетті есеп шешімінің болмауы басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылады.

      15. Емтихандық жұмыстарды кодтау кезінде сертификаттау ұйымы емтиханның тәуелсiз жүйесiн және кәсiби бухгалтерлікке кандидат кодтау парағына тегін, атын, әкесінің атын толтырған кезде, онда көрсетілген сәйкестендіру нөмірін есте қалдыру мүмкін емес етіп кодтауды қамтамасыз етеді.

      16. Емтихандық модульдер кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады және орындалады.

      17. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кандидат алған оң нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі үш жыл ішінде ғана қолданылады, ал "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша - нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде қолданылады деп танылады.

      18. Емтихан комиссиясы туралы ережені комиссия төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз байқаушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, сертификаттау ұйымы және кәсіби ұйым бекітеді.

      19. Емтихан өткізу барысында тәуелсіз байқаушылар ретінде кәсіби ұйымның және уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатысады.

      20. Емтихан комиссиясы кем дегенде соңғы бес жылда экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, аудиторлық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі бар, оның ішінде бесеуінің кәсіби бухгалтер сертификаты бар және біреуінің заң білімі және заң саласында кемінде үші жыл жұмыс өтілі бар кемінде он мүшеден тұрады.

      21. Кәсіби бухгалтер сертификаты беру сертификаттаудың соңғы пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Сертификаттау ұйымы өткізген емтиханның нәтижелерімен келіспеген жағдайда, емтихан нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн аралығында сертификаттау ұйымы басшысының атына жазбаша түрде шағым беріледі, ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. Қағида 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Кәсіби бухгалтерлер болуға кандидаттан өтініш түскен жағдайда әрбір емтихан бойынша апелляциялық комиссия құрамы (кеңес) құрамы бекітіледі, ол емтихандар нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарау тәртібін және комиссия (кеңес) шешімін көрсете отырып, апелляциялық комиссия (кеңес) туралы ережені белгілейді.

      Ескерту. Қағида 23-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Апелляциялық комиссия (кеңес) құрамына емтихан жұмыстарын бағалауда қатыспаған Комиссия мүшелерінің тақ саны, сондай-ақ кәсіби ұйым өкілдері кіреді.

      Ескерту. Қағида 24-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Емтихан не шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кәсіби бухгалтерлер болуға кандидат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.

      Ескерту. Қағида 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.