РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің Орынбасары - | |
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрінің | |
2014 жылғы 25 маусымдағы | |
№ 291 бұйрығына қосымша |
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары
1. Осы Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
әдеп – "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген Әдеп кодексінің білімі мен дағдыларын қамтитын пән;
сертификаттау – бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) ұйымдастырған емтихандар тапсыру арқылы білімді айқындау рәсімі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау өз бiлiмін кәсіби талқылау және объективтілік негізінде қолданатын білікті кәсiби бухгалтерлерді даярлау мақсатында жүзеге асырылады.
4. Сертификаттау жөнiндегi ұйым әзiрлеудi, кандидаттарды сертификаттаудың бағдарламаларына арналған материалдарды тарату мен басып шығаруды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау ережесіне сәйкес, өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан аккредиттелген кәсiби бухгалтерлермен (бұдан әрi – кәсiби ұйым) бірге ұйымдастырылады.
4-1. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарға емтиханнан өту кезінде басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты пайдалануға, үй-жайдан комиссия өкілінің еріп жүруінсіз шығуға жол берілмейді.
Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған кезде кәсіби бухгалтерге кандидаттың емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады. Емтихан комиссиясы емтиханнан өту рәсімінің бұзылғаны туралы акт толтырады.
Емтихан өту рәсімін бұзылуы туралы акт жасалған кандидат бұзушылық анықталған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң емтиханды қайта тапсыруға құқылы.
Емтиханды қайта тапсыру күні комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.
Өткізу кезінде бұзушылық тіркелген емтихан нәтижелері күшін жояды.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу мерзімдерін үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген ішкі кестесіне сәйкес сертификаттау жөнiндегi ұйым айқындайды.
6. Сертификаттау жүргізу күнi туралы ақпарат, сертификаттау жүргізу белгілеген күнге дейін алты айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
7. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;
басқарушылық есеп;
қаржы және қаржы менеджменті;
салықтар;
құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы);
әдеп.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлға жеке басын куәландыратын құжатты және куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған кезде жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы) дипломы бар тұлға есеп және қаржылық есептілік стандарттары бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығының толық біліктілігі бар кәсіби бухгалтерлікке кандидат салық және құқық пәндері бойынша емтихан тапсырады.
Адвокатқа, нотариусқа, судьяға біліктілік емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтерлерге кандидаттар құқық пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығының Тиімділікті басқару, Қаржылық есептілік, Қаржылық менеджмент, Кәсіби этика бойынша орыс тіліндегі сертификаты бар кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.
Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Ұлыбритания) СИАЙЭМЭЙ) – Басқарушы Бухгалтерлердің Дипломды Институты толық біліктілігі бар кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар басқарушылық есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Адвокатқа, нотариусқа, судьяға біліктілік емтиханын тапсырған кәсіби бухгалтерлерге кандидаттар құқық пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан өтуге тіркелу үшін Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).
Көрсетілген құжаттардың дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда, бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі ұйым тиісті сұрау салуды тиісті ұйымға жібереді.
Электрондық түрде ұсынылған түпнұсқалардың сканерленген көшірмелері бойынша одан әрі (құжаттардың сканерленген көшірмелерін берген сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар кандидатпен ұсынылады.
Барлық құжаттар қағаз және (немесе) электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелері) сақталады, онда: № ____ Жеке іс, кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, ресімделген күні көрсетіледі.
Құжаттарды сақтау мерзімі рәсімделген күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағатты (180 минут) құрайды.
12. Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексеруді емтихан комиссиясы емтихан тапсырған 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргiзедi.
Әрбiр емтихан жұмысын бiр-бiрiне қатысы жоқ Комиссияның екi мүшесi бөлек-бөлек тексередi, оның нәтижесiнде екi қорытындының орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Қорытындыларда 10 (он) баллдан астам айырмашылық болған кезде және нақтылауды талап ететiн жағдайларда, емтихан жұмысын Комиссия мүшелерiнiң қатарынан үшiншi тәуелсiз маман тексередi. Мұндай жағдайларда, жиынтық қорытынды орташа арифметикалық 3 (үш) бағаны құрайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Емтихан билеті кәсіби бухгалтерге кандидаттарды даярлау кезінде пайдаланылған тапсырмаларсыз тест сұрақтары мен ахуалдық тапсырмаларды қамтитын емтихандық модулінен (бұдан әрі – емтихандық модуль) алынған тапсырмаларды қамтиды. Билетте маңызды (негізгі) тақырыптар бойынша тапсырмалар ескеріледі. Сұрақтар кандидаттан жоғары деңгейдегі дайындықты талап ететін жеткілікті күрделі түрде болады.
Емтихан билеті 5 (бес) тапсырмадан тұрады:
әрқайсысы бірдей теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын төрт тапсырма (әрқайсысы 20 (жиырма) баллдан);
жиырма тест сұрақтары (әр жауап үшін 1 (бір) балл).
Бұл ретте, қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік пәні бойынша төрт тапсырманың бірі шоғырландырылған бухгалтерлік балансты не пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған еспті жасау бойынша жасалады (20 (жиырма) балл).
Емтихан билеттері әрбір емтиханға жаңартылады. Өткен емтихандардың дұрыс жауаптары бар емтихан билеті кәсіби ұйымдардың интернет-ресурсында жарияланады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Емтихан тапсыру үшін жалпы жиынтық балл ("өту" баллы) ықтимал 100 (жүз) баллдан кемінде 50 (елу) баллды құрайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Емтихандық жұмыстарды кодтау кезінде сертификаттау ұйымы емтиханның тәуелсiз жүйесiн және кәсiби бухгалтерлікке кандидат кодтау парағына тегін, атын, әкесінің атын толтырған кезде, онда көрсетілген сәйкестендіру нөмірін есте қалдыру мүмкін емес етіп кодтауды қамтамасыз етеді.
16. Емтихандық модульдер кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады және орындалады.
17. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген пәндер бойынша кандидат алған оң нәтиже, қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша пәндерден басқа, нәтиже бекітілген күннен бастап келесі 5 (бес) жыл бойы кейінгі 3 (үш) жыл ішінде жарамды деп танылатын.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Емтихан комиссиясы туралы ережені комиссия төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз байқаушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, сертификаттау ұйымы және кәсіби ұйым бекітеді.
19. Емтихан өткізу барысында тәуелсіз байқаушылар ретінде кәсіби ұйымның және уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
20. Емтихан комиссиясы кем дегенде соңғы 5 (бес) жылда есепке алу-талдау саласында, экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және орта арнаулы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі бар, олардың 5 (бесеуінде) кәсіби бухгалтер сертификаты не танылған халықаралық біліктіліктердің бірі бар және біреуінде заң білімі және заң саласында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кемінде он мүшеден тұрады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Емтихан комиссиясы қағазды (емтихан дәптерлерін), автоқаламдарды, калькуляторларды таратуды, сондай-ақ орындалған емтихан жұмыстарын жинауды және оларды акт бойынша уәкілетті органның өкіліне беруді қоса алғанда, емтихан өткізуді тікелей қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Модульдік тапсырмалары бар конверттерді емтихан басталғанға дейін 20 (жиырма) минут бұрын комиссия төрағасы (ол болмаған кезде төрағаның орынбасары немесе комиссия мүшесі) кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың және емтихан комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашады. Емтихан өңірлер бойынша немесе қашықтықтан өткізілген жағдайда – Комиссия төрағасының (ол болмаған кезде төрағаның орынбасары немесе комиссия мүшесі) бақылауымен қашықтықтан жүргізіледі.
Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейнетіркеу құралдарымен жабдықталады. Емтиханды өткізу бейнежазбасы 3 (үш) жыл сақталады.
Уәкілетті органның өкілдері емтихан процесіне ақылы өтеусіз негізде қатысады.
Емтихан комиссиясының құрамына кандидаттарды емтихандарға дайындауға қатысқан адамдар, сондай-ақ емтихан модулін қалыптастыруға және емтихан жұмыстарын кодтауға қатысатын адамдар кірмейді.
Емтихандар аяқталғаннан кейін уәкілетті органның өкілі емтихан жұмыстарын кандидаттың тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) көрсетпей төрт таңбалы код қою арқылы кодтайды, ол дереу емтихан карточкасына көшіріледі.
Кодтағаннан кейін емтихан комиссиясының хатшысы емтихан комиссиясы мүшелерінің қатысуымен кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихан жұмыстары бар жұмыс дәптерлерін көшіреді немесе сканерлейді. Көшірмелер түпнұсқаларымен салыстырылады, жеке конвертке (немесе конверттерге) салынады, ол желімделеді, мөрмен бекітіледі және комиссия мүшелерінің, сондай-ақ уәкілетті орган өкілінің қолдарымен расталады. Осыдан кейін емтихан комиссиясының төрағасы конвертті беру актісі бойынша уәкілетті органның өкіліне береді.
Емтихан жұмыстарының кодын уәкілетті органның өкілі және емтихан комиссиясының мүшелері тікелей емтихан комиссиясының отырысында ашады.
Емтихан нәтижелері шығарылғаннан кейін кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлерінің көшірмелері бар конверттер уәкілетті органның өкілі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексеру үшін емтихан комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашылады.
Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-2. Карантин және Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай кезеңінде емтиханды онлайн режимінде өткізуге жол беріледі. Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда сертификаттау жөніндегі ұйымның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.
Онлайн режиміндегі емтиханға қатысушылар саны 10 (он) адамнан аспайды.
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың қатысуын кейіннен сәйкестендіру және растау үшін тестілеу алдында байқаушылар кандидатты жеке куәлігімен суретке түсіреді.
Онлайн режимінде емтихан тапсыруға үміткер кәсіби бухгалтерге кандидат төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді:
1) көшіріп жазу және алдау фактісіне жол бермейтін академиялық адалдықты сақтауға;
2) компьютердің немесе ноутбуктың болуы, сондай-ақ секундына 70 (жетпіс) килобиттен кем емес жүріп өту мүмкіндігі бар интернетке қосылу мүмкіндігінің болуы;
3) емтихан тапсыру уақытында жұмыс орнында мобильді құралдардың (пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер), сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер, жұмыс дәптерлерінің болмауы;
4) экранның жұмыс үстелін және кандидаттың үстеліндегі бар заттарды көрсету үшін 2 (екі) камераны қосуды немесе телефоннан екінші қосылуды қамтамасыз ету, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі ұйымға ұсыну үшін кандидаттың мінез-құлқының бейнежазбасын жазуды қамтамасыз ету;
5) экранды емтихан формасынан басқа бағдарламаларға ауыстырмау, бірлесіп қарау бағдарламаларын, әлеуметтік желілерді, мобильді қосымшаларды, жедел хабар алмасу үшін веб-қызметтерді ашпау.
Онлайн режимінде емтихан тапсыруды жүзеге асыратын кәсiби бухгалтерлікке кандидатқа белгіленген талаптар бұзылған кезде емтиханды қайта тапсыру 6 (алты) айдан кейін жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Кәсіби бухгалтер сертификаты беру сертификаттаудың соңғы пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Сертификаттау ұйымы өткізген емтиханның нәтижелерімен келіспеген жағдайда, емтихан нәтижелері ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн аралығында сертификаттау ұйымы басшысының атына жазбаша түрде шағым беріледі, ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. Қағида 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Кәсіби бухгалтерлер болуға кандидаттан өтініш түскен жағдайда әрбір емтихан бойынша апелляциялық комиссия құрамы (кеңес) құрамы бекітіледі, ол емтихандар нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарау тәртібін және комиссия (кеңес) шешімін көрсете отырып, апелляциялық комиссия (кеңес) туралы ережені белгілейді.
Ескерту. Қағида 23-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Апелляциялық комиссияның (кеңес) құрамына емтихан жұмыстарын бағалауда және үміткерді емтиханға дайындауға қатыспаған емтихан комиссия мүшелерінің тақ саны кіреді.
Ескерту. Қағида 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 02.12.2021 № 1261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Емтихан не шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, кәсіби бухгалтерлер болуға кандидат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. Қағида 25-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 28.03.2018 № 411 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.