РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
Қоса беріліп отырған Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов):
1)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2)
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберiлуiн;
3)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.
Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы |
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары
1.
Осы Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау тәртібін белгілейді.
2.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1)
емтихандық модуль - тестiлiк сұрақтар және ахуалдық мiндеттерді қамтитын тапсырмалар көлемi.
4)
сертификаттау – бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) ұйымдастырған емтихандар тапсыру арқылы білімді айқындау рәсімі.
1.
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау өз бiлiмін кәсіби талқылау және объективтілік негізінде қолданатын білікті кәсiби бухгалтерлерді даярлау мақсатында жүзеге асырылады.
4.
Сертификаттау жөнiндегi ұйым әзiрлеудi, кандидаттарды сертификаттаудың бағдарламаларына арналған материалдарды тарату мен басып шығаруды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау ережесіне сәйкес, өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан аккредиттелген кәсiби бухгалтерлермен (бұдан әрi – кәсiби ұйым) бірге ұйымдастырылады.
5.
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу мерзімдерін үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген ішкі кестесіне сәйкес сертификаттау жөнiндегi ұйым айқындайды.
6.
Сертификаттау жүргізу күнi туралы ақпарат, сертификаттау жүргізу белгілеген күнге дейін алты айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
7.
Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттар мынадай:
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп;
салық және салық салу;
азаматтық құқық пәндері бойынша емтихандар тапсырады.
8.
Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі комиссиясы берген «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігі бар тұлғалар аудиторлыққа біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін берген кезде жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.
9.
Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломы бар тұлғалар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
10.
Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан өтуге тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
1)
пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтінішті;
5)
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
6)
жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
7)
нотариалды куәландырылған немесе қызметкердің жұмыс орнында қадрлық қызметті немесе жұмыс берушінің және ұйымның мөрімен еңбек кітапшасының немесе кем дегенде соңғы бес жылда экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, аудиторлық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілін растайтын еңбек шартының көшірмелерін;
8)
Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломының (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
9)
жазбаша хабарламаның көшiрмесiн немесе жеке емтихандарды тапсырғаны туралы өзге құжаттын (бар болған жағдайда) көшiрмесін ұсынады.
Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға тігіледі, оның сыртқы бетiнде: №___ Жеке iс, кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, ресiмдеу күнi көрсетiледi.
11.
Сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағатты (180 минут) құрайды.
12.
Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексеруді емтихан комиссиясы отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргiзедi.
13. Емтихандық билет әрбір пән бойынша емтихандық модульдердің тапсырмаларынан қалыптастырылады және мыналарды:
тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);
міндетті есепті (кемінде бір);
қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.
14.
Емтихан тапсыру үшін жалпы сомалық балл («өту» баллы) ықтимал жүз баллдан кемінде елу баллды құрайды.
Әрбір тестілік сұраққа берілген дұрыс жауапқа 1 балл есептеледі.
Міндетті және қосымша есептер бойынша баллдар саны тиісінше кәсiби бухгалтерлікке сертификаттау бойынша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы ережемен белгіленеді.
Міндетті есеп шешімінің болмауы басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылады.
15.
Емтихандық жұмыстарды кодтау кезінде сертификаттау ұйымы емтиханның тәуелсiз жүйесiн және кәсiби бухгалтерлікке кандидат кодтау парағына тегін, атын, әкесінің атын толтырған кезде, онда көрсетілген сәйкестендіру нөмірін есте қалдыру мүмкін емес етіп кодтауды қамтамасыз етеді.
16.
Емтихандық модульдер кәсiби бухгалтерлікке кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады және орындалады.
17.
«Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кандидат алған оң нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі үш жыл ішінде ғана қолданылады, ал «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша - нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде қолданылады деп танылады.
18.
Емтихан комиссиясы туралы ережені комиссия төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз байқаушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, сертификаттау ұйымы және кәсіби ұйым бекітеді.
19.
Емтихан өткізу барысында тәуелсіз байқаушылар ретінде кәсіби ұйымның және уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері қатысады.
20.
Емтихан комиссиясы кем дегенде соңғы бес жылда экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, аудиторлық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі бар, оның ішінде бесеуінің кәсіби бухгалтер сертификаты бар және біреуінің заң білімі және заң саласында кемінде үші жыл жұмыс өтілі бар кемінде он мүшеден тұрады.