"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________Ә. Исекешев
201 жылғы "___" ______________
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________Е. Досаев
2015 жылғы 29 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығымен бекітілген |
Біліктілік талаптары мен күзет қызметін жүзеге асыру үшін сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 15.09.2015 № 767 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.01.2017 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1. |
Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы лауазымына: | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес дипломның бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады | ||
Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі | |||
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады | ||
Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ) ақпараттық жүйесінен алу | ||
Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама | Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алу (бұдан әрі – ҚСжАЕК ААЖ) | ||
2. |
Күзетші лауазымына: | Жеке куәлік | "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алу (бұдан әрі – ЖТ МДБ) |
Осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің қосымшасына сәйкес жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлінісінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады | ||
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама | ҚСжАЕК ААЖ алу | ||
Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар | ҚР ДСМ АЖ алу | ||
3. |
Жеке күзет ұйымының басшысы және күзетшісі лауазымына: | Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер және соттылығы болуы не болмауы туралы анықтама | ҚСжАЕК ААЖ алу |
Осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің қосымшасына сәйкес жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлінісінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады | ||
Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі | |||
4. | Сақтау және/немесе жалға алу келісім шартының көшірмесі | ||
Қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған үй-жайды тексеру актісі | Талапқа сәйкестігі лицензиардың заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиармен тексеру арқылы расталады |
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1. | Күзет қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптар; | Күзет қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген құжаттар тізбесі | Күзет қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген ескертпелер |
2. | Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуі. | Уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісуі | Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісім-хат |
Біліктілік талаптары мен күзет қызметін жүзеге асыру үшін сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне қосымша |
Біліктілік талаптары мен күзет қызметін жүзеге асыру үшін сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны
1-тарау. Жалпы ақпарат
1.___________________________________________________________________
(бизнес идентификациялық нөмірі)
2.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(занды түғаның атауы)
2-тарау. Күзет үйымының басшысына, сондай-ақ олардың филиалдары
басшысына біліктілік талаптары түралы мәліметтер
3.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мамандығы мен біліктілігі)
4.___________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет түрінің профилі бойынша жоғары білімі туралы дипломның №)
5.___________________________________________________________________
(дипломның берілген күні)
6.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(оқү орнының атауы)
7. __________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың-жеке еңбек келісімшартының нөмірі)
8.___________________________________________________________________
(жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек келісімшартының күні)
9.___________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша даярлық курсынан өткен куәліктін нөмірі)
10.__________________________________________________________________
(арнайы бағдарлама бойынша курстан өтуі туралы берілген куәліктін берілген күні)
11.__________________________________________________________________
(даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу орталығының атауы)
_____________________________________________________________________
12.__________________________________________________________________
(даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу
_____________________________________________________________________
орталығының занды мекенжайы)
13.__________________________________________________________________
(психоневрологиялық диспансерден медециналық анықтаманың №)
14.__________________________________________________________________
(психоневрологиялық диспансер анықтамасының берілген күні)
15.__________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)
16.__________________________________________________________________
(наркологиялық диспансерден медециналық анықтаманың №)
17.__________________________________________________________________
(наркологиялық диспансер анықтамасының берілген күні)
18.__________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)
19.__________________________________________________________________
(соттылығы жоқтығы туралы анақтаманың №)
20.__________________________________________________________________
(соттылығы жоқтығы туралы анақтаманың күні)
3-тарау. Уәкілетті органның келісуі туралы мәліметтер
21.__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу
хатының №)
22.__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу
хатының күні)
4-тарау. Лицензиялық алымды төлеу
23.__________________________________________________________________
(төлем сомасы)
5-тарау. Құжаттарды қоса беру (қосымша)
24.__________________________________________________________________
(төлеу туралы құжатының №)
8-тарау. Тапсырысты қабылдаған лауазымды тұлғаның жауакершілігі
25.__________________________________________________________________
(тапсырысты беру күні)
_____________________________________/ __________________
Тапсырысты қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә қолы