Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10371 тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________________Ә. Исекешев


      201 жылғы "___" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 29 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 959 бұйрығымен
бекітілген

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.09.2018 № 582 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Біліктілік талаптар

Құжаттар

Ескертпе

1-тарау. Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы лауазымын:

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ

Жеке куәлік

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алу (бұдан әрі – ЖТ МДБ)

2.

жасы 19-дан төмен

3.

жоғарғы заңгерлік білімінің немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі жоқ

Осы біліктілік талаптарына және құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады

4.

арнайы даярлықты өтпеген

5.

денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте тұратын

Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) алу

6.

қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар

Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алу (бұдан әрі – ҚСжАЕК ААЖ)

7.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер

ҚСжАЕК ААЖ алу

8.

күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

9.

бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған

10.

мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған

Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі


11.

жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдар атқара алмайды


2-тарау. Күзетші лауазымын:

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ

Жеке куәлік

ЖТ МДБ алу

2.

жасы 19-дан төмен

3.

арнайы даярлықты өтпеген

Осы біліктілік талаптарына және құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады

4.

денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте тұратын

Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар

ҚР ДСМ АЖ алу

5.

қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар

Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама

ҚСжАЕК ААЖ алу

6.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер

ҚСжАЕК ААЖ алу

7.

күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған

8.

бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған

9.

мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған

Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі


10.

жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған Қазақстан Республикасының азаматтары атқара алмайды


3-тарау. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары

1.

Күзет қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2-тарауларында көзделген талаптар;

Күзет қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2-тарауларында көзделген құжаттар тізбесі


2.

Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуі.

Уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісуі

Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісім-хат

  Күзет қызметін жүзеге асыру
үшін біліктілік талаптарын және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша

Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны 1-тарау. Жалпы ақпарат

      1._________________________________________________________________

      (бизнес идентификациялық нөмірі)

      2._________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (занды түғаның атауы)

2-тарау. Күзет үйымының басшысына, сондай-ақ олардың филиалдары және өкілдіктері басшыларына біліктілік талаптары түралы мәліметтер

      3._________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (мамандығы мен біліктілігі)

      4._________________________________________________________________

      (лицензияланатын қызмет түрінің профилі бойынша жоғары

      білімі туралы дипломның №)

      5._________________________________________________________________

      (дипломның берілген күні)

      6._________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      7. ________________________________________________________________

      (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың-жеке еңбек келісімшартының нөмірі)

      8._________________________________________________________________

      (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек келісімшартының күні)

      9._________________________________________________________________

      (арнайы бағдарлама бойынша даярлық курсынан өткен куәліктін нөмірі)

      10.________________________________________________________________

      (арнайы бағдарлама бойынша курстан өтуі туралы берілген куәліктін берілген күні)

      11.________________________________________________________________

      (даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған

      ___________________________________________________________________

      оқу орталығының атауы)

      12.________________________________________________________________

      (даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған

      ___________________________________________________________________

      оқу орталығының занды мекенжайы)

      13.________________________________________________________________

      (психоневрологиялық диспансерден медециналық анықтаманың №)

      14.________________________________________________________________

      (психоневрологиялық диспансер анықтамасының берілген күні)

      15.________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      16.________________________________________________________________

      (наркологиялық диспансерден медециналық анықтаманың №)

      17.________________________________________________________________

      (наркологиялық диспансер анықтамасының берілген күні)

      18.________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      19.________________________________________________________________

      (соттылығы жоқтығы туралы анақтаманың №)

      20.________________________________________________________________

      (соттылығы жоқтығы туралы анақтаманың күні)

3-тарау. Уәкілетті органның келісуі туралы мәліметтер

      21.________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының №)

      22.________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының күні)

4-тарау. Лицензиялық алымды төлеу

      23.________________________________________________________________

      (төлем сомасы)

5-тарау. Құжаттарды қоса беру (қосымша)

      24.________________________________________________________________

      (төлеу туралы құжатының №)

6-тарау. Тапсырысты қабылдаған лауазымды тұлғаның жауакершілігі

      25.________________________________________________________________

      (тапсырысты беру күні)

      ___________________________________________________/ ______________

      Тапсырысты қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.      қолы

      (болған жағдайда)