"Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10385 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ______________Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 21 қаңтар

Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму  
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 314 бұйрығымен      
бекітілген          

«Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау»
кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
      2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
      2) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
      3) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы,
      4) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      5) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      6) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      8) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
      9) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
      10) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
      11) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
      12) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
      3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
      1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
      2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
      3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
      4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
      5) БА - біліктілік анықтамалығы.

2. Кәсіби стандарттың паспорты

      4. Кәсіби стандарттың атауы: Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау.
      5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
      6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: автомобиль көлігі арқылы тасымалдау процесін қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырып, жүзеге асыру
      7. Негізгі топ: көлік
      Кәсіби топ: жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер.

3. Кәсіптер карточкалары

      8. Кәсіп тізбесі:
      автомобиль көлігінің ревизоры, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
      қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
      Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.

«Автомобиль көлігімен  
тасымалданатын процесті 
бақылау» кәсіби стандартына
қосымша           

Кәсіптер карточкалары

Автомобиль көлігінің ревизоры» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

3152

Кәсіп атауы

Автомобиль көлігінің ревизоры

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім

Еңбек функциялары

1. Клиенттік жоспарлардың орындау туралы есептіліктің дұрыстығын, жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген көлемінің орындалуын бақылау

1 еңбек функциясы

Клиенттік жоспарлардың орындау туралы есептіліктің дұрыстығын, жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген көлемінің орындалуын бақылау

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Автокөлік құралы арқылы жолаушыларды, жүкті және почтаны тасымалдау кезінде автокәсіпорын жұмысшылары арқылы тарифтер мен алымдардың дұрыс қолданылуын және жолаушылар автокөлігімен жолаушылар мен жүкті тасымалдау кезінде түскен түсімнің толық көлемін бақылау дағдысы.
2. Алмасушы кондукторды қолдана отырып, соңғы немесе аралық аялдамаларда билеттік-есептік парақ пен кондуктор кассасының дұрыс жүргізілуін тексеру.
3. Кондуктордың кассасында артық ақша қаражат анықталғанда, қаражаттың жетіспеушілігінде, билетсіз жолаушылар анықталған жағдайда белгіленген үлгідегі актілерді құра білуі.
4. Автомобиль көлігіннің жұмыс уақытын есептеу және басқа да бекітілген құжаттар бойынша сапарлық, тауар-көлік және басқа да бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру дағдысы.
5. Азаматтардың арыздары өтініштері, және ұсыныстары бойынша жоспарлы және жоспардан тыс басқа да бақылау-ревизиялық іс-шараларды өткізу дағдысы.
6. Ауысымда атқырылған жұмыс туралы есептілікті құру дағдысы.
7. Жол жүрудің электронды төлем жүйесі жабдығымен жұмыс істеу дағдысы білу.


Білімі:
1. «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар және олардың түрлері.
2. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-8) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль көлігі арқылы жолаушылар және жүкті тасымалдау қағидаласы.
3. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-9) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Автомобиль көлігі саласындағы құзыретті орган бекіткен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасы.
4. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-7) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы.
5. Бақылау-тексеру қызметінің іс-әрекетіне қатысты жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық актілері, басқа да басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдары.
6. Автокөліктегі спидометр мен таксометрдегі майысқақ біліктерді пломбылаудың қағидасы мен сызбасы.
7. Бақылау-тексеру қызметі туралы ереже.
8. Билеттік жүйе және жолақы құны, билет өнімін ақшалай қаражатты, және артық қалған билетөнімдерін алу және сақтау, жүзеге асыру тәртібі.
9. Кондукторлар және жүргізушілердің жұмысын бақылау бойынша іс-шараны ұйымдастыру бойынша регламенті.
10. Эксплуатациялық филиалдың (парктің) бағыттық желісі.
11. Жолаушылардың жол жүруіне, қолданыстағы жол жүру құжаттарының түрлеріне, тегін (жеңілдікпен) жүру құжат түрлеріне арналған тарифтер.
12. Автокөлік ұйымның жылжымалы құрамының маркалары, олардың сыйымдылығы.
13. Қалалық автокөлік құралындағы еңбекті қорғау, техника қауіпсіздіг, өндірістік санитария нормалары.
14. Автокөлік құралының жұмыс есебі бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу бойынша регламент.
15. Өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру экономикасы.
16. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері.

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Жақсы зейін.
Ілтипаттық.
Әдептілік.
Жеке жинақылығы.
Жауапкершілік.
Төзімділік.
Сабырлылығы.

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

5112

Жолаушылар көлігінің бақылаушы;
Билет бақылаушысы

«Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

2145

Кәсіп атауы

Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім

Еңбек функциялары

1. Өндірістік қызметке білікті персоналдар мен ақаулары жоқ автокөлік құралдарын шағаруды бақылау.

2. Тасымалдау процесін орындау кезіндегі жол-көлік оқиғасының алдын-алу.

3. Қызметтері автокөлік құралдарын пайдаланумен байланысты жүргізушілер мен жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін жоғарлату бойынша іс-шараны ұйымдастыру.

4. Мемлекеттік уәкілетті орындармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету аясындағы мемелекеттік саясатты жүзеге асыру.

1 еңбек функциясы

Өндірістік қызметке білікті персоналдар мен ақаулары жоқ автокөлік құралдарын шағаруды бақылау
 
 
 

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Өткізу жиілігін сақтап қауіпсіз қозғалыс бойынша нұсқаулық өткізу, білімдерін тексеру дағдысы.
2. Жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу тәртібін сақтау мақсатында қозғалыс кестесіне сәйкес жүргізушілердің өндісірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылау.
3. Жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерістен өтуін бақылау, медициналық қайта куәландырудың өткізу кезеңділігін сақтау.
4. Автокөлік құралын жолға шығару бойынша бақылау бекеттерінің жұмысын талдау және сапасыз жұмыс істеудің себептері.
5. Ұйымда әрекет ететін жол қозғалысынң қауіпсіздігі бойынша бұйрықтарды, өкімдерді әзірлеу мен өзектендіру бойынша дағдысы.
6. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жол -- көлік оқиғасының алдын-алу бөлігіндегі ұйымның барлық қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысын тексеру дағдысы, және және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша әрекетті іс-шараларды қабылдау үшін ұйым басшысына ұсыныстар ұсыну.


Білімі:
1. «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-10) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидасы.
3. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-8) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль көлігі арқылы жолаушылар және жүкті тасымалдау қағидаласы.
4. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы, автомобиль көлігі саласындағы салалық және ұлттық стандарттар, тасымалды жүзеге асыру тәртібі туралы ережелер мен нұсқаулықтар.
5. Автөкөлік құралдарын жолға шығару қағидасы мен бақылау бекеттерінің жұмыс негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігінің нормалары.
6. Қауіпсіз еңбек бөлігіндегі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері.
7. Жүргізушілерге қойылатын психофизиологиялық талаптар.
8. Автокөлік құралдарының техникалық сипаттамалары және конструктивті ерекшеліктері, автомобильдің техникалық жағдайын техникалық жағдайын бақылауға арналған ережелер мен құралдар.
9. Іс жүргізу негіздері.
10. Қауіпсіз қозғалыс бойынша есеп пен есептілікті нысандарын жүргізу бойынша реглемент.
11. Жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерістерін өткізу әдістері.
12. Нұсқаулықтардың әр түрлерін өткізудің әдістері мен нысандары.
13. Ұйымның қызметкерлерінің медициналық қайта куәландырудан өткізу саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар, өткізу мерзімділігі.

2 еңбек функциясы

Тасымалдау процесін орындау кезіндегі жол-көлік оқиғасының алдын-алу

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Автокөлік жолдарының жағдайларын зерттеп, қауіпті жолдың бөліктерін көрсете отырып, автокөлік құралдарының қозғалыс сызбасын қамтамасыз ету.
2. Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында метеорологиялық мәліметтерді талдап, жол және климаттық жағдайларды ескере отырып, автокөлік құралдарын пайдалану ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқаулық өткізуді бақлау.
3. Жол-көлік оқиғасы орын алған жерге шығу арқылы жол-көлік оқиғасына қызметтік тексерулерді жүргізу.
4. Жол-көлік оқиғалар бойынша бекітілген есептілік нысандарын жүргізу.
5. Қауіпті затарды тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес, жарылғыш, тез жанғыш, радиоактивті, улы және өзге де қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ете білу.
6. Автокөлік құралдарының авариялық жағдайы тексеру мен талдау материалдарының негізінде жол-көлік оқиғасының алдын-алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру дағдысы
7. Қозғалмалы құрамның бағыттарын зерттеу мен төлқұжаттандыру, жолдағы, тиеу және түсіру орындарындағы, аялдама бекеттеріндегі және тағы да басқа көлік қозғалысы орындарындағы жүргізушілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу дағдысы.
8. Автокөлік құралдарына мен жаяу жүргіншілердің қозғалыс сызбасын әзәрлеу, жол таңбаларын салы, жол белгілерін және дабыл қондырғыларын орналастыру бойынша жұмысқа басшылық ету.


Білімі:
1. «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-8) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль көлігі арқылы жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидасы.
3. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы.
4. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-7) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автокөлік құралымен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы және қауіпсіз жол қозғалысы бойынша басқа да заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, әдістемелік материалдар.
5. Жол-көлік оқиғасын тіркеу және есепке алу реті бойынша бекітілген нормативті-құқықтық құжаттар.
6. Жол-көлік оқиғалардың пайда болу себептерінің алдын-алу және жою тәсілдері.
7. Нормативтік құжаттарға сәйкес автокөлік құралдарын дұрыстығына әсер ететін және олардың нормативтік қолданысының көрсеткіштері.

3 еңбек функциясы 3

Қызметтері автокөлік құралдарын пайдаланумен байланысты жүргізушілер мен жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін жоғарлату бойынша іс-шараны ұйымдастыру.

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Ұымдағы жүргізушілерді машықтанудан өткізудің белгіленген тәртібін сақтауды бақылау.
2. Жүргізушілерге классты беру және төмендету бойынша біліктілік комиссиясының жұмысын, сондай-ақ сондай-ақ жүргізушілер жол берген бұзушылықтарды қарау бойынша тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
3. Қауіпсіз қозғалыс бойынша персоналдың білімдерін тексеруді, дәрістер және мен басқа да түрлерін бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу дағдысы.
4. Белгіленген тәртіпте тексеріс кестелерін әзірлеу мен бекіту. Ең жақсы жүргізушілердің авариясыз жұмысының тәжірибесін қарау бойынша жұмыстарды өткізу дағдысы


Білімі:
1. «Жол қозғалысы туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы.
3. Жаңадан жұмысқа қабылданған жүргізушілерге және басқа маркалы автокөлік құралға ауысуымен байланысты ұйымда белгіленген машықтануды ұйымдастыру тәртібін өткізу процесі.
4. Персоналдың білімін бағалау бойынша қолда бар тиімді әдістер.
5. Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері туралы ақпараттарды насихаттаудың әдістері мен нысандары.
6. Қызметкерлерді басқару негізі.
7. Ең жақсы жүргізушілердің авариясыз жұмысының тәжірибесін қарау бойынша жұмыстарды өткізу дағдысы.

Еңбек функциясы 4

Мемлекеттік уәкілетті орындармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету аясындағы мемелекеттік саясатты жүзеге асыру.

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамысыз етумен байланысты сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп емтихандық комиссия жұмысын ұйымдастыру.
2. Ұйымның автокөлік құралдарын белгіленген тәртіпте мемлекеттік есепке тіркеуге қою және тіркеуден шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру дағдылары.
3. Мемлекеттік органдар ұсынатын арнайы деректермен ұйым жұмысы бойынша деректерді салыстыра білу.
4. Персонал арқылы қауіпсіз жұмыстарды жүргізу


Білімі:
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасы.
2. Автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркелімін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар.
3. Ұйымдағы автокөлік құралдарының қатысуымен болған жол-көліктік оқиғалар туралы деректерді Уәкілетті бақылау органының ресми деректерімен салыстырудың әдістері, нысандары және тәсілдері.
4. Жол-көлік оқиғаларын зерттеу бойынша әдістемелік және нормативтік құқықтық құжаттар.
5. Ұжымдағы жол-көлік оқиғасын талдауды өткізудің әдістері, нысандары және тәсілдері.

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Аналитикалық ойлау қабілеті.
Коммуникативтік дағдылары.
Басқалады сендіру және үйрете білуі

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

2149
1239

Еңбекті қорғау және техника қауіпіздігі жөніндегі инженер;
Инспектор-инженер;

Кәсіби стандарттың техникалық деректері

Әзерленген

«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұсқа номері мен шыққан жылы

1 нұсқа, 2014 жыл

Болжамды қайта қарау мерзімі

2017 жыл