Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 314 бұйрығымен
бекітілген
«Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау»
кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
2) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
3) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы,
4) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
5) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
6) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
8) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
9) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
10) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
11) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
12) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
5) БА - біліктілік анықтамалығы.
2. Кәсіби стандарттың паспорты
4. Кәсіби стандарттың атауы: Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау.
5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: автомобиль көлігі арқылы тасымалдау процесін қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырып, жүзеге асыру
7. Негізгі топ: көлік
Кәсіби топ: жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіп тізбесі:
автомобиль көлігінің ревизоры, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.
«Автомобиль көлігімен
тасымалданатын процесті
бақылау» кәсіби стандартына
қосымша
Кәсіптер карточкалары
Автомобиль көлігінің ревизоры» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ | |||
---|---|---|---|
Кәсіп коды |
3152 |
||
Кәсіп атауы |
Автомобиль көлігінің ревизоры |
||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
||
БА бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
||
Кәсіби білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім |
||
Еңбек функциялары |
1. Клиенттік жоспарлардың орындау туралы есептіліктің дұрыстығын, жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген көлемінің орындалуын бақылау |
||
1 еңбек функциясы Клиенттік жоспарлардың орындау туралы есептіліктің дұрыстығын, жолаушыларды тасымалдаудың белгіленген көлемінің орындалуын бақылау |
Шеберлігі мен дағдылары: |
||
Білімі: |
|||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Жақсы зейін. |
||
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
5112 |
Жолаушылар көлігінің бақылаушы; |
|
«Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ | |||
Кәсіп коды |
2145 |
||
Кәсіп атауы |
Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер |
||
СБШ бойынша біліктілік деңгейі |
5 |
||
БА бойынша біліктілік деңгейі |
4 |
||
Кәсіби білім деңгейі |
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім |
||
Еңбек функциялары |
1. Өндірістік қызметке білікті персоналдар мен ақаулары жоқ автокөлік құралдарын шағаруды бақылау. |
||
2. Тасымалдау процесін орындау кезіндегі жол-көлік оқиғасының алдын-алу. |
|||
3. Қызметтері автокөлік құралдарын пайдаланумен байланысты жүргізушілер мен жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін жоғарлату бойынша іс-шараны ұйымдастыру. |
|||
4. Мемлекеттік уәкілетті орындармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету аясындағы мемелекеттік саясатты жүзеге асыру. |
|||
1 еңбек функциясы Өндірістік қызметке білікті персоналдар мен ақаулары жоқ автокөлік құралдарын шағаруды бақылау |
Шеберлігі мен дағдылары: |
||
Білімі: |
|||
2 еңбек функциясы Тасымалдау процесін орындау кезіндегі жол-көлік оқиғасының алдын-алу |
Шеберлігі мен дағдылары: |
||
Білімі: |
|||
3 еңбек функциясы 3 Қызметтері автокөлік құралдарын пайдаланумен байланысты жүргізушілер мен жұмысшылардың кәсіптік шеберлігін жоғарлату бойынша іс-шараны ұйымдастыру. |
Шеберлігі мен дағдылары: |
||
Білімі: |
|||
Еңбек функциясы 4 Мемлекеттік уәкілетті орындармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету аясындағы мемелекеттік саясатты жүзеге асыру. |
Шеберлігі мен дағдылары: |
||
Білімі: |
|||
Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар |
Аналитикалық ойлау қабілеті. |
||
СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы |
2149 |
Еңбекті қорғау және техника қауіпіздігі жөніндегі инженер; |
|
Кәсіби стандарттың техникалық деректері |
|||
Әзерленген |
«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
||
Нұсқа номері мен шыққан жылы |
1 нұсқа, 2014 жыл |
||
Болжамды қайта қарау мерзімі |
2017 жыл |