Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә. А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                       Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ________________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 15 наурыз

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының      
2016 жылғы 25 ақпандағы     
№ 224 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің,
Қазақстан Республикасы Инвестиялар және даму министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1. «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 751 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8903 болып тіркелген, ««Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылы 5 ақпанда № 24 (28248) жарияланған).
      2. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 752 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8910 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылы 25 ақпанда № 38 (28262) жарияланған).
      3. «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 753 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8911 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылы 29 мамырда № 104 (28328) жарияланған).
      4. «Автомобильдік жүк тасымалын экспедиторлау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 902 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8973 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      5. «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 903 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8966 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      6. «Автомобиль көлігімен тасымалдау процессінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 904 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8967 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      7. «Автомобиль көлігінің техникалық жағдайын бақылау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 905 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8969 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      8. «Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 906 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8968 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      9. «Теңіз кемесін пайдалану» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 916 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8976 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      10. «Кеме қатынасын гидротехникалық жабдығын пайдалану» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 917 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9001 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      11. «Кеме қатынасы гидротехникалық жабдығын күтіп ұстау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 918 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8979 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      12. «Теңіз кемесін басқару» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 919 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8997 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      13. «Теңіз кемесінің капитаны» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 920 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8980 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      14. «Жөндеуден жүк вагондарын қабылдап алу» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 937 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8987 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      15. «Вагон паркін сақтау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 938 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9000 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      16. «Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 939 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8977 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      17. «Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 940 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8981 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      18. «Поездардың қозғалысын диспетчерлік реттеу» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 941 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8998 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      19. «Жолды ағымдағы ұстау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 942 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8984 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      20. «Темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстар» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 943 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8986 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      21. «Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 944 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8985 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      22. «Жолға арналған техникаларды пайдалану және жөндеу» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 945 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8988 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      23. «Жүк вагондарын жүк тиеуге дайындау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 946 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8983, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      24. «Темір жол станциясының жұмысын ұйымдастыру» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 952 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8993 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      25. «Поездар қозғалысын ұйымдастыру» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 953 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8999 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      26. «Вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу АЖ-1 және АЖ-2» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 954 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8982 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      27. «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 960 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8994 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      28. «Темір жол көлігі жолаушыларының сервистік қызмет көрсетуін ұйымдастыру» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 961 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8978 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      29. «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 962 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8996 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      30. «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 311 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10378 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 4 шілдеде № 125 (28603) жарияланған).
      31. «Арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын техникалық пайдалану» кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 312 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10387 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 4 шілдеде № 125 (28603) жарияланған).
      32. «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 313 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10386 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жыл 4 шілдеде № 125 (28603) жарияланған).
      33. «Автомобиль көлігімен тасымалданатын процесті бақылау» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 314 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10385 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 4 шілдеде № 125 (28603) жарияланған).
      34. «Автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10384 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 4 шілдеде № 125 (28603) жарияланған).
      35. «Автомобиль көлігіндегі көліктік-экспедиторлық агенттіктердің қызметі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10383 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 4 шілдеде № 125 (28603) жарияланған).