Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 желтоқсанда № 9998 тіркелді

Қолданыстағы

      2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйеге жолдауын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________Е.Досаев
      20014 жылғы 27 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________Ә.Исекешев
      20014 жылғы 28 қараша

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 77 бұйрығымен   
бекітілген      

Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесі

р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

Мұнай және газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер мыналардың болуын қамтиды:

1

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшiн мөрмен (бар жағдайда) және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің көшірмесі

Жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді.

2

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар), ол өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы тиіс және мыналардың болуын қамтиды:

меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмесі


жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін – жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, арнайы техника және жабдықтар

жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны*


мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін - инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының

инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіптік зерттеулер; сейсмобарлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін:
кәсіптік зерттеулер және геофизикалық жұмыстар – ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр;
сейсмобарлау жұмыстары – сейсмостансалар немесе басқа сейсмобарлау құрылғылыры

ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың, сейсмостансалар немесе басқа сейсмобарлау құрылғылыры болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың;
2) перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің

лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың;
перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымалардыбұрғылау үшін - бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың

бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін - арнайы техника және жабдықтар;

арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынап көру; игеру, байқау үшін - көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен аспаптардың

көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың

техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiңалдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың

теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың

құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
а) тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
б) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестацияланған лабораториялардың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының

тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестацияланған лабораториялардың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер нысаны*


3

мыналарды:
1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
3) метрологиялық бақылауды;
4) маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне таратылмайды);
5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметтерінің кіші түрлеріне таратылады);
6) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтер немесе жауапты тұлғалар.

осы қызметтерді құру немесе жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер нысаны*

Жобалау құжаттарды әзірлеу бойынша; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді.

4

тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласында жоғары техникалық білім, мамандар үшін - мұнай және газ саласында кемінде орта арнаулы білім) және техникалық басшылар үшін аталған салада кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесі болуы

заңды тұлғалар үшiн мөрмен (бар жағдайда) және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесінен үзінді көшірме және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, лауазымы. Тиісті салада еңбек өтілі


*Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн осы біліктілік талаптарына және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Мұнай және газ саласындағы қызметтi
жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары
және оларға сәйкестiгін растайтын
құжаттардың тiзбесіне    
қосымша             

Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн
біліктілік талаптары және оларға сәйкестiгін растайтын
құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Мұнай және газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және
(немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін:
      1) Жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді,
көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының
техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін
жобалау (технологиялық) үшін:
      жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық
қамтамасыз етудің, арнайы техника мен жабдықтардың болуы туралы
ақпарат _____________________________________________________________
      (бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын көрсету, қолда бар
               арнайы техника мен жабдықтарды атап көрсету);
      2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:
      инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және
жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу
жабдықтарының _______________________________________________________
болуы туралы ақпарат (инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы
техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған
өлшеу жабдықтарын атап көрсету);
      3) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар
(кәсіптік зерттеулер; сейсмобарлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар)
жүргізу үшін:
      ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың
көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель,
ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр,
сейсмостансалар, сейсмоқұрылғылар, сейсмометрлер,
сейсмотіркеуіштердің болуы туралы ақпарат.
_____________________________________________________________________
(қолда бар ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың
көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель,
ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр,
сейсмостансалар, сейсмоқұрылғылар, сейсмометрлер, сейсмотіркеуіштерді
атап көрсету);
      4) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы
атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензияның нөмірі және
берілген күні ______________________________________________________;
шарттың нөмірі * ___________________________________________________;
шарттың жасалған күні *_____________________________________________;
лицензиясы бар ұйымның атауы________________________________________;
перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпарат
*___________________________________________________________________.
* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған
жағдайда үшінші және төртінші абзацтар толтырылмайды;
      5) құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат
кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:
      бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында
жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының,
шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы
ақпарат______________________
      (жабдықты атап көрсету);
      6) кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы)
жөндеу үшін:
      арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат__________
                                (қолда бар жабдықты атап көрсету);
      7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу;
      сынап көру; игеру, байқау үшін:
      көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы
техника және жабдықтардың, тетіктер мен құралдардың болуы туралы
ақпарат ____________(қолда бар жабдықтарды, тетіктер мен құралдарды
атап көрсету);
      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың
өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:
      техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың
болуы туралы ақпарат _______________________________________________
(қолда бар құралдар мен жабдықтарды атап көрсету);
      9) құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат
төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін:
      теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай
жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және
бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпарат ______________________
қолда бар құралдар мен жабдықтарды атап көрсету);
      10) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды
консервациялау; жою үшін:
      құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың,
цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы
ақпарат ____________________________________________________________
қолда бар құралдар мен жабдықтарды атап көрсету);
      11) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
      тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау,
қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн
арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың
болуы туралы ақпарат___________________________________ (қолда бар
тетіктерді, қондырғылар мен өзге жабдықтарды атап көрсету);
      өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға
сәйкестiгiн бақылау бойынша жеке меншіктегі зертхана аттестатының
нөмірі және берілген күні
____________________________________________________________________;
өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн
бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі*
____________________________________________________________________;
өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн
бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні*
____________________________________________________________________.
* төртінші және бесінші абзацтардағы ақпарат жеке меншікте
лаборатория болмаған кезде толтырылады.
      2. Мыналарды: 1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын,
аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет
көрсетуді; 2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3) метрологиялық
бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн
пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды); 5) технологиялық
процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды
(«мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне
қолданылады); 6) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін
қызметтерді немесе жауапты тұлғаларды:
      бұйрықтың нөмірі және қол қойылған күні ______________________;
     қызметтің атауы немесе жауапты тұлғаның Т.А.Ә (бар болған кезде)
____________________________________________________________________.