2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйеге жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е.Досаев
20014 жылғы 27 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә.Исекешев
20014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 77 бұйрығымен бекітілген
Мұнай және газ саласында қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесі
Ескерту. Тізбеге жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 10.11.2015 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № |
Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескерту |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
Мұнай және газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер мыналардың болуын қамтиды: | |||
1 |
Заңды тұлғалар үшiн мөрмен (бар жағдайда) және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламент |
қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің көшірмесі болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық); магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді |
2 |
Өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар) болуы |
меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың (жер учаскелер, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорты; мүлікті жалдау (жалға алу) шарты, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты көрсету) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
«магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану» қызметінің кіші түріне таратылмайды |
3 |
Мұнай және газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін: |
||
жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін – жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылым, арнаулы техника және жабдықтар |
жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылымның, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер нысаны* |
||
мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін - инженерлік құрылыстар, тетіктер, арнайы техника және жабдықтар, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтары |
инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін: кәсіпшілік зерттеулер және геофизикалық жұмыстар үшін – ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр; сейсмикалық барлау жұмыстары үшін – сейсмикалық стансалар немесе басқа сейсмикалық жабдықтар |
ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың, сейсмискалық стансалар немесе басқа сейсмикалық барлау құрылғыларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін: |
лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың; перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін - бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғылары, қашау, бұрғылау құбырлары, шығарындыға қарсы жабдықтар, көтергіш агрегаттар |
бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін — кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын арнайы техника және жабдықтар; |
арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынаудан өткізу үшін - көтергіш көлік құралдары, цементтеу агрегаты, кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын арнайы техника және жабдықтар, тетіктер мен аспаптар |
көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын техника құралдарының кешені, арнайы техника және жабдықтар |
техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін – теңіздегі мұнай жинау қондырғысы (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтар, жүзуші резервуарлар және бонолық тосқауылдар |
теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтеу агрегаты және лақтыруға қарсы жабдықтар |
құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: |
тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестатталған зертхананың немесе өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
4 |
магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы |
меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың (жер учаскелер, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорты; мүлікті жалдау (жалға алу) шарты, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
тек «магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану» қызметінің кіші түріне таратылады |
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін - кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдар, жабдықтар; |
кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың; жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау, заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
5 |
Мыналарды: |
осы қызметтерді құру немесе жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпараттарды қамтитын мәліметтер нысаны* |
жобалау құжаттарды әзірлеу бойынша; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді |
6 |
Тиісті білім деңгейіне, атқаратын лауазымына және техникалық басшылар үшін - аталған салада кемінде 3 жыл практикалық тәжірибесінің болуына, жауап беретін, біліктілік құрамы (техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласында жоғары техникалық білім, мамандар үшін - кемінде орта арнаулы білім) |
әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, лауазымы, тиісті салада еңбек өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
Мұнай және газ саласындағы қызметтi
жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары
және оларға сәйкестiгін растайтын
құжаттардың тiзбесіне
қосымша
Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің болуы туралы ақпарат (жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық); магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды) ____________________________ (технологиялық регламенттің атауын және оның бекітілген күнін көрсету).
2. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы туралы ақпарат ___________________ (меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттарды (жер учаскелерінің, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорттары; жалдау (жалға алу) шарттары, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты көрсету).
3. Мұнай және газ саласында тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін:
1) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:
жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылымның, арнайы техника мен жабдықтардың болуы туралы ақпарат ____________________________ (бағдарламалық қамтылымның атауын көрсету, қолда бар арнайы техника мен жабдықтарды атап көрсету);
2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:
инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының ___________________________________ болуы туралы ақпарат (инженерлік құрылыстарды, тетіктерді, арнайы техника және жабдықтарды, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарын атап көрсету);
3) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін:
ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр, сейсмикалық стансалар, немесе басқа сейсмикалық барлау жабдығының болуы туралы ақпарат.
_____________________________________________(қолда бар ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр, сейсмикалық стансаны көрсету);
4) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензияның нөмірі және берілген күні ______________________________________________________;
шарттың нөмірі * ___________________________________________________;
шартқа қол қойылған күні * _________________________________________;
лицензиясы бар ұйымның атауы________________________________________;
перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпарат __________________________________________________________________.
* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда, үшінші және төртінші абзацтар толтырылмайды;
5) құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:
бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат______________________ (қолда бар жабдықты көрсету);
6) кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін:
арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат__________ (қолда бар жабдықты атап көрсету);
7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынаудан өткізу үшін:
көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен құралдардың болуы туралы ақпарат ____________(қолда бар жабдықтарды, тетіктер мен құралдарды атап көрсету);
8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:
техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат _______________________________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);
9) құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін:
теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпарат ______________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);
10) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:
құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы ақпарат ___________________________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);
11) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың болуы туралы ақпарат ___________________________________ (қолда бар тетіктерді, қондырғылар мен өзге жабдықтарды көрсету);
өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні ________________________________________________________;
аккредиттелген зертханасы бар ұйымның атауы, аттестатының нөмірі және берілген күні * ________________________________________________;
аккредиттелген зертханасы бар ұйыммен жасалған шарттың нөмірі және күні* ______________________________________________________________.
* төртінші және бесінші абзацтардағы ақпарат жеке меншікте зертхана болмаған кезде толтырылады;
12) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін:
меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ________________________________(меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттарды (жер учаскелерінің, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорттары; жалдау (жалға алу) шарттары, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын көрсету);
кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпарат;
жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау, заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы туралы ақпарат ________________________________ (бекітілген бұйрықтардың нөмірлері (бар болған жағдайда) және күндерін көрсету).
4. Мыналарды: 1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; 2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды; 3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды); 5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды («мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылады); 6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды («магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану» қызметтерінің кіші түріне таратылады);
7) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтер және жауапты тұлғалар:
бұйрықтың нөмірі және күні ______________________;
қызметтің атауы және жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ____________________________________________________;
5. Тиісті білім деңгейіне, атқаратын лауазымына және техникалық басшылар үшін - аталған салада кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл практикалық тәжірибесінің болуына, жауап беретін біліктілік құрамының (техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласында жоғары техникалық білім, мамандар үшін - кемінде орта арнаулы білімі) бар болуы туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, лауазымы, тиісті салада еңбек өтілі).