Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 02.10.2019 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйеге жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е.Досаев
20014 жылғы 27 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә.Исекешев
20014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығымен бекітілген |
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Ескерту. Тізбеге жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектер) өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер мыналардың болуын қамтиды: | |||
1 | Пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықты көрсете отырып, заңды тұлғалар үшiн – мөрмен (бар болған жағдайда) және өтiнiш берушiнің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, немесе жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылған мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламент | мәлімделген қызметтің кіші түріне арналған технологиялық регламенттің атауын және бекітілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны* | көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді |
2 | Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың) болуы | жалға берушіні және жалдау/сенімгерлікпен басқару мерзімдерін, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларын көрсете отырып, өндірістік базаның (ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың) болуын растайтын құжаттардың атауын, нөмірін және күнін қамтитын мәліметтер нысаны* |
"магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды; |
3 | Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектер) өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі төмендегілердің: | ||
1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін – технологиялық регламентте көрсетілген негізгі инженерлік құрылыстардың және қондырғылардың болуы | негізгі инженерлік құрылыстардың және қондырғылардың атауын қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін: |
1) кәсіпшілік зерттеулер үшін – ұңғымалық аспаптардың және (немесе) жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; | ||
3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін: |
1) рұқсаттың атауын, нөмірін және берілген күнін не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауын, нөмірін және берілген күнін; | ||
4) құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін – технологиялық регламентте көрсетілген бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және басқа да жабдықтың болуы | бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және басқа да жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы, күрделi) үшін –технологиялық регламентте көрсетілген жөндеу бойынша қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және басқа да жабдықтың болуы | ұңғымаларды жөндеу бойынша қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтардың және басқа да жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін –технологиялық регламентте көрсетілген қондырғының және (немесе) арнайы техниканың болуы | қондырғының және (немесе) арнайы техниканың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін – технологиялық регламентте көрсетілген консервациялауға және жоюға арналған қондырғының және жабдықтардың болуы | консервациялауға және жоюға арналған қондырғының және жабдықтардың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – технологиялық регламентте көрсетілген арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың болуы | арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
9) құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлуді болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар үшін –технологиялық регламентте көрсетілген арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай жинауға арналған жабдықтың; теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар және бондық тосқауылдардың болуы | арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай жинауға арналған жабдықтардың; теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар және бондық тосқауылдардың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін қамтитын мәліметтер нысаны* | ||
10) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: |
1) негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; | ||
11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін: |
1) лицензияланған бағдарламалық қамтылымның атауын; лицензияланған бағдарламалық қамтылымның заңды иелігін растайтын құжаттың нөмірін және берілген күнін; | ||
4 |
Магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі: |
1) магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырлары желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауын, нөмірі және берілген күнін; | тек "магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түрінене ғана қолданылады |
5 |
Мыналарды: | қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың нөмірін және күнін қамтитын мәліметтер нысаны* | көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау бойынша қызмет үшін талап етілмейді |
6 |
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған, техникалық басшы үшін – мұнай және газ саласындағы жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар; |
әрбір жұмыскер бойынша мынадай ақпаратты: |
* Мәліметтер нысаны осы көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшада көрсетілген.
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):
_________________________________________________________________________
(мәлімделген қызметтің кіші түріне арналған технологиялық регламенттің атауы және
бекітілген күні)
2. Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың) болуы ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды):
_________________________________________________________________________
(жалға берушіні және жалдау/сенімгерлікпен басқару мерзімдерін, жылжымайтын
мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларын көрсете отырып, өндірістік базаның
(ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың) болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі
және күні)
3. Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектер) өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі төмендегілердің болуы қажет:
1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:
__________________________________________________________________________
(негізгі инженерлік құрылыстардың және қондырғылардың атауы)
2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу
(кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар)
үшін:
кәсіпшілік зерттеулер үшін:
__________________________________________________________________________
(ұңғымалық аспаптардың және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған
жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
геофизикалық жұмыстар үшін:
__________________________________________________________________________
(ұңғымалық аспаптардың және аспаптардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті
аппаратурасының, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың
және жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық
нөмірі)
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:
__________________________________________________________________________
(сейсмикалық станцияның және (немесе) сейсмикалық барлау жабдығының атауы,
маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару
жұмыстарын жүргiзу үшін:
_________________________________________________________________________;
(жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға
рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)
_________________________________________________________________________;
(жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға
рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*
*ұйымның жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі
қолдануға рұқсаты бар болған жағдайда осы абзацтың екінші жолы толтырылмайды;
_________________________________________________________________________.
(перфорациялық жабдық немесе жүйенің атауы, маркасы, шығарылған жылы,
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
4) құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында
ұңғымаларды бұрғылау үшін:
_________________________________________________________________________.
(бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың және басқа да жабдықтың
атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы, күрделi) үшін:
_________________________________________________________________________.
(ұңғымаларды жөндеу бойынша қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың және
басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың
сериялық нөмірі)
6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру,
сынамалаудан өткізу үшін:
_________________________________________________________________________.
(қондырғының және (немесе) арнайы техниканың атауы, маркасы, шығарылған жылы,
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:
_________________________________________________________________________.
(консервациялауға және жоюға арналған қондырғының және (немесе) жабдықтың
атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту
үшін:
_________________________________________________________________________.
(арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы,
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
9) құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлуді болғызбау және жою
жөнiндегi жұмыстар үшін:
_________________________________________________________________________.
(арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай жинауға арналған жабдықтың;
теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар және бондық
тосқауылдардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық
нөмірі)
10) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың болуы туралы
_________________________________________________________________________;
(негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың атауы, маркасы,
шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
арнайы жабдықталған қоймалардың болуы туралы
_________________________________________________________________________;
(арнайы жабдықталған қоймалардың атаулары)
аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету
шартының болуы туралы
_________________________________________________________________________;
(өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау
бойынша зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні)
_________________________________________________________________________.
(өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау
бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірі және берілген
күні)*
*ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда төртінші абзацтың екінші жолы
толтырылмайды;
11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық
регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін:
_________________________________________________________________________.
(лицензияланған бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензияланған бағдарламалық
қамтылымның заңды иелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні)
_________________________________________________________________________.
(пайдаланылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің, кәсіпшілік зерттеулерге
арналған ұңғымалық аспаптардың атауы, маркасы және саны)
4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде мыналардың болуы:
1) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары
_________________________________________________________________________;
(магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары желілік
бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай
құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы,
нөмірі және берілген күні)
2) мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес
қолданылатын магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi
құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптары және жабдықтары
_________________________________________________________________________;
(аспаптардың және жабдықтардың атауы)
3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін
_________________________________________________________________________;
(диагностикалық аспаптардың атауы)
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін
_________________________________________________________________________;
(бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауы)
5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы
өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген
бағдарламалар; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары)
_________________________________________________________________________.
(бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)
5. Мыналарды:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдаланудың және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігін;
3) қоршаған ортаны қорғауды;
4) метрологиялық бақылауды;
5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды ("мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);
6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түрлеріне ғана қолданылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:
_________________________________________________________________________.
(қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы
бұйрықтардың нөмірі және күні)
6. Тиісті білім деңгейіне сәйкес келетін:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған, техникалық басшы үшін – мұнай және газ саласындағы жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
2) мамандар үшін – жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар, атқаратын қызметіне сәйкес жалпы персоналдың 50%-нан кем емес біліктілік құрамының болуы туралы
_________________________________________________________________________.
(әрбір жұмыскер бойынша ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білім туралы құжаттың нөмірі және берілген күні, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, лауазымы, техникалық басшы үшін (2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сай) тиісті саладағы мамандығы бойынша еңбек өтілі*
__________________________________________________