ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 2.09.2020 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 22.08.2018 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйеге жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е.Досаев
20014 жылғы 27 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә.Исекешев
20014 жылғы 28 қараша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығымен бекітілген |
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Ескерту. Тізбеге жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 02.10.2019 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Біліктілік талаптары | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектерін) өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер мыналардың болуын қамтиды: | |||
1 | заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен не пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің қолымен мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламент | өтініш берілген қызметтің кіші түріне бекітілген технологиялық регламенттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді |
2 |
Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі: |
1) өндірістік базаның /ғимараттың/тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірін); |
мыналар бойынша қызмет үшін талап етілмейді: жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану |
3 | Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде: | ||
1) мұнай, газ, мұнай – газ конденсатын өндіру үшін – негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың (резервуарлар, сепараторлар, құбырлар) болуы |
негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың атауын (резервуарлар, сепараторлар, құбырлар)**; | ||
2) көмірсутегі кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін: |
кәсіпшілік зерттеулер үшін: | сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі | |
3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін: |
рұқсаттың атауын, нөмірін және берілген күнін не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауын, нөмірін және берілген күнін; | ||
4) құрлықта; теңізде; ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін-бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың, бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы |
бұрғылау қондырғысын, бұрғылау сорғысын, шығарындыға қарсы жабдықты дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін; | ||
5) кен орындарында ұңғымаларды жер астында жөндеу (ағымдағы; күрделі) үшін – ұңғымаларды жөндеу жөніндегі көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықтарды, сорғы агрегатын және дайындау торабын, жұмыс сұйықтығын циркуляциялау және тазалау торабының болуы |
ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауын, маркасын, шығарылған жылын, өндіруші зауыттың сериялық нөмірін; | сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі | |
6) көмірсутектер кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін: |
көмірсутек кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу үшін: | сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі | |
7) көмірсутектер кен орындарындағы ұңғымаларды консервациялау; жою үшін-ұңғымаларды консервациялау және жою бойынша көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықты, сорғы агрегатын жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы |
ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасын, шығарылған жылын, өндіруші зауыттың сериялық нөмірін; | ||
8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін – сорғы агрегаттары, жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы |
сорғы агрегаттарының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**; | сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі | |
9) құрлықтағы көмірсутектер кен орындарында; теңізде төгілудің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстар үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техника және (немесе) жабдықтар; теңізде мұнай жинау құрылғысы, жүзетін резервуарлар мен бондық бөгеттердің болуы |
құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтардың атауын, маркасын, санын; теңізде мұнай жинау құрылғысын, жүзуші резервуарлар мен бондық бөгеттерді**; | ||
10) мұнай-химия өндірістерін пайдалану үшін: |
негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; | ||
11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін: |
лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күнін; | ||
4 |
Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде: |
1) магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауын, нөмірін және күнін; | тек "магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түрінене ғана қолданылады |
5 |
Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар: | жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
жобалау құжаттарын; |
6 |
Біліктілік құрамының: |
ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*: | техникалық басшыға және мамандар үшін көмірсутектер саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сәйкес 2015 жылғы 23 қарашадан бастап анықталады |
* Мәліметтер нысаны көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін осы біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшада көрсетілген;
** кемінде екі құрылыстың, қондырғылардың, машиналардың, механизмдердің, аспаптардың, агрегаттар мен жабдықтардың болуы;
*** қондырғыларды, техниканы, аспаптар мен жабдықтарды орналастыру мекенжайын профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі.
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны*
1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):
_________________________________________________________________.
(мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес технологиялық регламенттің болуы)
2. Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі:
1) кіші қызмет түрлері үшін – өндірістік базаның болуы:
мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру;
көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар);
мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау;
кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау;
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;
мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;
мұнай-химия өндірістерін пайдалануға
_________________________________________________________________;
(өндірістік базаның техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында – жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, шарттың нөмірі мен күні)
2-2) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы
_________________________________________________________________.
(ғимараттың/тұрғын емес үй – жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында-шарттың нөмірі мен күні)
* егер меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (жалдау/ сенімгерлікпен басқару шартының мерзімі бір жылдан көп болса) өндірістік база/ғимарат/тұрғын емес үй-жай (кеңсенің) болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алады
3. Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:
1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру үшін:
_________________________________________________________________;
(негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың атауы (резервуарлар, сепараторлар, құбырлар)**; орналасқан жері***)
** кемінде екі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың болуы
*** инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін:
кәсіпшілік зерттеулер үшін:
_________________________________________________________________;
(ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін* (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар)**; орналасқан жері***)
геофизикалық жұмыстар үшін:
_________________________________________________________________;
(ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылы, сериялық нөмірі* (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар)**; орналасқан жері***)
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:
_________________________________________________________________;
(сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін*; орналасқан жері***)
* егер сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
** кемінде екі ұңғыма аспаптарының болуы
*** ұңғыма аспаптардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:
рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың болуы туралы
_________________________________________________________________;
(жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)
_________________________________________________________________;
(жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*
*ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда жол толтырылмайды;
жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың немесе жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы
_________________________________________________________________;
(жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың болуы туралы ақпарат)
_________________________________________________________________;
(жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпарат)
* ұйымда қойма бар болған жағдайда жол толтырылмайды
перфорациялық жабдықтың болуы
_________________________________________________________________;
(перфорациялық жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы)
4) құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:
бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың болуы
_________________________________________________________________;
(бұрғылау қондырғысын, бұрғылау сорғысын, шығарындыға қарсы жабдықты дайындаушы зауыттың атауы, маркасы, шығарылған жылы, сериялық нөмірі; орналасқан жері***)
бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы
_________________________________________________________________;
(бұрғылау ерітіндісін дайындау, айналымы және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)
*** бұрғылау қондырғысының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі) үшін:
ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы
_________________________________________________________________;
(ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықты, сорғы агрегатын өндіруші зауыттың атауы, маркасы, шығарылған жылы, сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы
_________________________________________________________________;
(жұмыс сұйықтығын дайындау, айналымы және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)
* сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
*** ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін:
көмірсутек кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу үшін:
цемент тасығыштардың мамандандырылған цементтеу агрегаттарының болуы туралы
_________________________________________________________________;
(цементтеу агрегаттарының, цемент тасығыштардың атауы**, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)
_________________________________________________________________;
(жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)
көмірсутегі кен орындарында ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалау үшін:
сынау бойынша көтергіш қондырғысының; бұрғыларды игеру, сынамалау, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы туралы
_________________________________________________________________;
(ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)
жұмыс сұйықтығын дайындау және циркуляциялау, тазалау торабының болуы
_________________________________________________________________;
(жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)
* сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
** кемінде екі цементтеу агрегатының, цемент тасығыштың болуы
*** цементтеу агрегаттарының, цемент тасығыштардың, ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:
ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы туралы
_________________________________________________________________;
(ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы
_________________________________________________________________;
(жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)
* сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
*** ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін:
сорғы агрегаттарының болуы туралы
_________________________________________________________________;
(сорғы агрегаттарының** атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы
_________________________________________________________________;
(жұмыс сұйықтығын дайындау, айналымы және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)
* егер сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
** кемінде екі сорғы агрегаттың болуы
*** сорғы агрегаттарының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
9) құрлықтағы көмірсутегі кен орындарында; теңізде төгілудің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстар үшін:
_________________________________________________________________;
(құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың**; теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар мен бондық тосқауылдардың атауын, маркасын саның; орналасқан жері***)
** кемінде екі мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың болуы
*** мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
10) мұнай-химия өндірістерін пайдалану үшін:
негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың болуы туралы
_________________________________________________________________;
(негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)
мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың болуы туралы
_________________________________________________________________;
(қоймалардың болуы туралы ақпарат)
аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен қызмет көрсетуге шарттың болуы туралы
_________________________________________________________________;
(өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша зертханаға берілген аккередиттеу аттестаттың нөмірі және күні)
_________________________________________________________________.
(өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні)*
* ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда жол толтырылмайды
11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін:
лицензиялық бағдарламалардың қамтамасыз етудің болуы
_________________________________________________________________.
(лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күні)
кәсіпшілік зерттеулерге арналған компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын (шығыр) орнатудың болуы
_________________________________________________________________.
(кәсіпшілік зерттеулерге арналған қолданылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғымалық аспаптардың** атаулары, маркалары мен саны (тереңдік сынамаларды алу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын орнату (шығырлар); орналасқан жері***)
** кемінде екі ұңғыма аспаптарының болуы
*** техниканың және аспаптардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі
4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде мыналардың болуы:
1) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары
_________________________________________________________________;
(магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі және берілген күні)
2) мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптары және жабдықтары
_________________________________________________________________;
(аспаптардың және жабдықтардың атауы)
3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін:
_________________________________________________________________;
(диагностикалық аспаптардың атауы)
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін:
_________________________________________________________________;
(бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауы)
5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалар; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары)
_________________________________________________________________.
(бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)
5. Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар*:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдаланудың және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылауды;
5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтау (тек "мұнай-химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады)");
6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түрлеріне ғана қолданылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:
_________________________________________________________________.
(жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат)
* жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді
6. Біліктілік құрамының болуы туралы ақпарат:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы үшін – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар*
_________________________________________________________________;
(мәлімделген кіші қызмет түрлерін ұйымдастыруды жүзеге асыратын техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар 3 маман – кемінде 2 жыл*
_________________________________________________________________.
(мәлімделген қызметтің кіші түрлерін орындайтын 3 маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).
* 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сай техникалық басшы мен мамандар үшін көмірсутектер саласындағы мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі анықталады