Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 9936 тіркелді.

Жаңартылған

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 96 бұйрығымен
бекітілген

Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары

      Ескерту. Кіріспе алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) газ – тауарлық газ және (немесе) сұйытылған мұнай газы;

      2) газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы – шартпен белгіленген бір айдағы газ көлемін тиісті айдың күнтізбелік күндеріне бөлу жолымен айқындалатын газ көлемі;

      3) газ құбырындағы газдың технологиялық қоры – газды тасымалдаудың жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін газ құбырындағы қажетті газдың ең төмен көлемі;

      4) газ құбырының өткізгіштік қабілеті – газ құбырының ішкі диаметрі және тәулігіне 24 сағат тұтыну есебінен жұмыс қысымы бойынша газ шығысы;

      5) газ тұтыну броні – отынның резервтік түрлерін барынша пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тұтынушыларға ең төмен көлемде газ жеткізу тоқтатылмайтын олардың технологиялық жабдығының үздіксіз және авариясыз жұмысы үшін қажетті ең төмен газ тұтыну көлемі;

      6) газ тұтыну (газ) жабдығының қуаты – газ жабдығының тәулігіне 24 сағат жұмысы есебінен ең жоғарғы жиынтық қуаты;

      7) газды артық жұмсау – газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасынан асып кететін көлемде тұтынушының газды іріктеп алуы;

      8) газды жеткізудің (тұтынудың) тәуліктік нормасы – тараптардың келісімі бойынша диспетчерлік графикпен белгіленген тәуліктік газ көлемі;

      9) диспетчерлік график – жеткізушінің тасымалдаушыға берген өтініміне сәйкес газ жеткізудің сағаттық графигі;

      10) есеп айырысу кезеңі – жеткізіліп берілген газдың көлемі анықталатын, жеткізуші, газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-1-бабының 11-тармағында көрсетілген тұлғалар мен тұтынушы арасында жеткізіліп берілген газ үшін өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Тараптармен келісілген есеп айырысу кезеңі шартта көрсетіледі;

      11) жеткізу – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;

      12) жеткізуші – Заңмен және осы Қағидалармен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      13) тасымалдаушы – газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы;

      14) техникалық жағдайлар – газбен жабдықтау жүйесінің объектілерін салуға, тұтынушыны сұратылатын (есеп айырысу) параметрлерге қосуға, газбен жабдықтау жүйесі объектісінің бастапқы жобалық шешімін өзгертуге газ тасымалдау, газ тарату немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелерімен беретін құжат;

      15) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға;

      16) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар тауарлық газды тұтынушыларға жеткізушілер болып табылады:

      1) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) газ тарату ұйымдары;

      3) авто газ толтыру компрессорлық станцияларының иелері;

      4) газ тұтыну жүйелері магистральдық немесе жалғастырушы газ құбырына тікелей қосылған өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газ бөлшек саудада өткізілген жағдайда, тауарлық газды өндірушілер, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар тауарлық газды өнім берушілерден Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде сатып алады.

      Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға тауарлық газды өткізу шарттарында:

      электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

      тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемін бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеттемелері көзделеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тұтынушыларды газдандыру мүмкіндігін магистральдық газ құбыры мен газ тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріліп тасымалдаушы мен айқындалады.

      5. Газды тиісінше жеткізу үшін құқықтық және техникалық шарттардың болуы тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шартын жасасу жағдайлары болып табылады, оның ішінде:

      1) тұтынушы тарапынан – газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету шартын жасасқан, газ тұтыну жүйесін (техникалық шарттар, газбен жабдықтау жобасы, газ тұтыну жабдығының паспорттары) пайдалану жөніндегі рұқсат құжаттарының болуы;

      2) жеткізуші тарапынан – газдың тиісті көлемі туралы растау құжатының болуы (газ сатып алу шарты).

      6. Олар үшін резервтік (авариялық) отынның басқа түрлері белгіленген коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушылармен, өнеркәсіптік тұтынушылар-инвесторлармен, ірі коммерциялық тұтынушылармен, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалармен жасалған шарттарда тұтынушының күзгі-қысқы кезеңдегі газ шығынын газ тұтыну броніне дейін қысқарту көзделеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету бірыңғай газ желілері объектілерін, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану кезінде тұтынушылар қауіпсіздік шараларын сақтағанда, газ құбырларының, жабдықтардың, құрылыстар мен есепке алу аспаптарының техникалық жай-күйі дұрыс (жарамды), сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, стандарттары мен нормативтеріне сәйкес болған кезде жүргізіледі.

      8. Жеткізуші газды жеткізудің белгіленген орташа тәуліктік нормасы шегінде бір ай ішінде, ал қажет болған жағдайда тараптар мен тасымалдаушының келісімі бойынша – диспетчерлік график бойынша газды біркелкі жеткізеді, ал өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға алады (іріктейді).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Күзгі-қысқы кезеңдегі температураның ауытқуы салдарынан өнеркәсіптік тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторға, ірі коммерциялық тұтынушыға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаға газ жеткізудің орташа тәуліктік нормасынан асып кету газ иесінің (егер өнім беруші меншік иесі болып табылмаса) және тасымалдаушының келісімі бойынша, егер бар болса, газ қоймасындағы газдың технологиялық қоры есебінен, егер бар болса, сондай-ақ жеткізушінің басқа да көздерінен өтелуі мүмкін. Бұл жағдайда газды нормативтен артық алу газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасының 5%-нан аспауы тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Өнеркәсіптік тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторға, ірі коммерциялық тұтынушыға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаға не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаға газды бөлшек саудада өткізудің орташа тәуліктік нормасы 5%-дан астам өскен жағдайда, тасымалдаушыға жеткізушімен келісім бойынша тұтынушыға бұл туралы ескертілген сәттен бастап үш сағат өткен соң газды жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасына дейін газ жеткізуді мәжбүрлеп шектеу құқығы беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жеткізу кезінде ғана ай сайын газ жеткізудің әркелкілігіне жол беріледі.

      Тұрмыстық тұтынушылардың жылу энергиясына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қазандықтар мен жылу электр станцияларына газ жеткізудің әркелкілігіне осы Қағидалардың және жеткізуші мен тұтынушы арасында жасалған шарттың талаптарымен негізделген нормалар шегінде жол беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тауарлық газ жеткізушінің келісімінсіз артық жұмсалған жағдайда өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлға шартта белгіленген көлемнен артық өзі алған (іріктеп алған) газ көлемінің құнын және оны тасымалдау құнын әрбір тәулік үшін:

      1) 15 сәуірден 15 қазанға дейін – 1,2;

      2) 15 қазаннан 15 сәуірге дейін – 1,5 коэффициентін қолдана отырып қосымша төлейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тауарлық газды бөлшекті саудада өткізу шарттарында көзделген газ қысымы оны тұтынушының газ жеткізудің (тұтынудың) орташа тәуліктік нормасы шегінде іріктеу жағдайында сақталады.

      14. Газ толық іріктеліп алынбаған жағдайда тұтынушы кейін газды жеткізудің тәуліктік нормасының шегінде газ жеткізуді арттыруды талап ете алады.

      15. Тұтынушылар газбен қамтамасыз етудің басымдығы бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) тұрмыстық тұтынушылар;

      2) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар;

      3) технологиялық процестің үздіксіз циклі бойынша өнімдер шығару үшін газды шикізат немесе отын ретінде пайдаланатын тұтынушылар;

      4) көктем-қыс кезеңінде оларды газбен жабдықтау заңнамада белгіленген тәртіппен оларды отынның резервтік түріне жартылай немесе толық көшіру жолымен реттеуі тиіс электр станциялары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар;

      5) қалған тұтынушылар.

      15-1. Тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар тек нақты тұтынылған газ көлемі үшін төлемақы жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 15-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 11.07.2019 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді өнеркәсіптік тұтынушыларға ғана жүзеге асырады.

      17. Сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуді тек өндірушілер, көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері, сондай-ақ газ толтыру станцияларының иелері ғана жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізу жаппай әдісімен (килограмм, тонна) жүзеге асырылады.

      19. Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға беруді:

      1) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері – топтық резервуарлық қондырғылар арқылы;

      2) газ толтыру пункттерінің иелері – тұрмыстық баллондарда;

      3) автогаз құю станцияларының иелері –газ тарату колонкалары арқылы көлік құралдарын толтыру жолымен жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұтынушылар мен топтық резервуарлық қондырғыларының иелері арасында жасалған сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартының негізінде топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұтынушылар мен топтық резервуарлық қондырғылардың иелері арасында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты әрбір тұтынушымен жеке және де топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің шартының талаптарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (жария шарт) жолымен де жасалады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Газды тиісінше жеткізу үшін құқықтық және техникалық (технологиялық) шарттардың болуы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартын жасасу жағдайлары болып табылады, оның ішінде тұтынушы тарапынан – газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі шартты жасасқан газ тұтыну жүйелерін (техникалық шарттар, газбен жабдықтау жобасы, газ тұтыну жабдығына арналған паспорттары) пайдалану жөніндегі рұқсат құжаттарының болуы.

      23. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайданалатын көлік құралдарының иелеріне автогаз құю станциялары арқылы оны бөлшек саудада өткізу есепке алу бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде шарт жасаспай-ақ жүзеге асырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайданалатын көлік құралдарының иелеріне автогаз құю станциялары арқылы оны бөлшек саудада өткізу көлемдік әдіспен (литрмен) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Автомобильдік газ толтыру станциясының иесі тұтынушыға сатып алынған сұйытылған мұнай газының көлемін және оның құнын растайтын құжатты (кассалық, тауарлық чек) береді.

      26. Мынадай:

      1) стационарлық – көлік құралдарына газ тарату колонкалары арқылы сұйытылған мұнай газын толтыруға арналған сұйытылған мұнай газды сақтау блоктарының жерастында не жер үстінде орналасуы;

      2) қозғалмалы – автомобиль шассиінде, тіркемеде, бірыңғай зауыт бұйымы ретінде орындалған жартылай тіркемеде бекітілген ұтқыр технологиялық жүйе үлгісінде автомобильдік газ толтыру станциялары арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге жол беріледі.

      27. Қозғалмалы үлгідегі автогаз толтыру станцияларынан сұйытылған мұнай газды бөлшек саудада өткізуге кенттерде, ауылдарда, сондай-ақ елді мекеннен тыс жерде жол беріледі.

      28. Қозғалмалы үлгідегі автогаз құю станциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын ескере отырып, қатты жабыны бар, жеке кіріп-шыға алатын, сондай-ақ өртке қарсы құралдармен жабдықталған алаңдарда орналасады.

      Көлік құралдарына қозғалмалы үлгідегі автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құю сұйытылған мұнай газдарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді газ толтыру пункттерінің иелері шарт жасаспай жүзеге асырады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Мынадай:

      1) зауыттан шығарылған тұрмыстық баллондарды толтыру қондырғысымен жабдықталған сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлардың жер астында орналасқан;

      2) зауыттан шығарылған тұрмыстық баллондарды толтыру қондырғысымен жабдықталған сұйытылған мұнай газын сақтайтын резервуарлардың жер үстінде орналасқан стационарлық типтегі газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге жол береді.

      31. Автогаз толтыру станциясын және газ толтыру пунктін біріктіріп орналастыру үшін бір алаңды пайдалануға жол берілмейді.

      32. Азаматтарға тұрмыстық баллондардағы газды сату өтінім бойынша шарт жасаспай жүзеге асырылады.

      Газ толтыру пунктінің иесі тұрмыстық тұтынушыға сатылатын әрбір баллон үшін тұтынушыға құжат (алынған газ көлемі үшін кассалық, тауарлық чек), кепілдік сапа талонын береді, баллондарды тауарлық белгімен таңбалауды жүзеге асырады, кепілдік сапа талонын береді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Газ толтыру пунктінің иесі толтырылатын газ баллондарына есеп жүргізеді, оларға нөмір береді, газ баллон қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Тұтынушы тұрмыстық баллондардың дұрыс техникалық жай-күйін қамтамасыз ететін газ толтыру пунктінің иесінен сұйытылған мұнай газы бар тұрмыстық баллондарды сатып алады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану мақсатына қарай, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      36. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану кезінде:

      1) газды рұқсатсыз алу (ұрлау) мүмкіндігін беретін пломбаны жұлып алуға, пломбаны не есепке алу аспабын шұқуға, сондай-ақ газ тарату ұйымының және топтық резервуарлық қондырғы иесінің келісімінсіз – газбен жабдықтау жүйесіне қосуға, газ жабдығы мен есепке алу аспаптарын монтаждауға, демонтаждауға, пайдалануға жарамды есепке алу аспабын ауыстыруға;

      2) газ тарату ұйымының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің немесе газ толтыру станциясы иесінің келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;

      3) газ аспаптарының конструкциясына өзгерістер енгізуге;

      4) түтіндік және желдеткіш жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге;

      5) желдеткіш каналдарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған "қалталар" мен люктерді бітеуге;

      6) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын сөндіруге;

      7) газ аспаптарының, автоматиканың, арматуралар мен газ баллондарының жарамсыздығы кезінде газды пайдалануға;

      8) газдандырылған пештер мен түтіндіктер қалауының, сылағының (жарықтар) тығыздығы бұзылған кезде газды пайдалануға;

      9) түтіндік пен желдеткіш каналдарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;

      10) оқудан өтпей және газ тарату ұйымынан немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінен немесе газ толтыру станциясы иесінен рұқсат алмай, түтіндік пен желдеткіш каналдарын тазалауға, тексеруге, сондай-ақ газ баллон қондырғыларының баллондарын ауыстыруға;

      11) түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), жалюзий торлары, желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ аспаптарын пайдалануға;

      12) үздіксіз жұмыс істеуге есептелген және осы үшін тиісті автоматикасы бар газ аспаптарынан басқа, жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға;

      13) мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз әрекеттерін бақылай алмайтын және осы аспаптарды пайдалану қағидаларын білмейтін адамдардың газ аспаптарын пайдалануына;

      14) газ құбырларына жіп байлауға және газ құбырларын жүктеуге;

      15) газды және газ аспаптарын мақсатқа сай емес пайдалануға;

      16) газ плиталарын үй-жайды жылыту үшін пайдалануға;

      17) газ аспаптары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдалануға;

      18) газдың шығып кетуін айқындау үшін ашық отты қолдануға;

      19) үй-жайлар мен жертөлелерде бос және сұйытылған мұнай газымен толтырылған газ баллондарын сақтауға;

      20) газдандырылған үй-жайда сыйымдылығы 50 (55) литр (бұдан әрі – л) болатын бір баллоннан немесе әрқайсысының сыйымдылығы 27 л болатын екі баллоннан артық орналастыруға жол берілмейді. Баллондар газ аспаптары бар үй-жайда болады;

      21) газдандырылған үй-жайда жылу радиаторы мен пештен кемінде 1 метр (бұдан әрі – м) арақашықтықта газы бар баллондарды орнатуға жол берілмейді. Баллондарды жылудан қорғайтын экран орнату кезінде баллондар мен жылыту аспаптарының арақашықтығы кемінде 0,5 м, ал экран мен баллондардың арақашықтығы 10 сантиметрден (бұдан әрі – см) кем болмауы тиіс;

      22) баллондарды от жанатын пештердің есіктеріне қарсы кемінде 2 м арақашықтықта қарама-қарсы орналастыруға;

      23) үй-жайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық оттарды, электр жылытқыш аспаптары мен жылыту пештерін пайдалануға;

      24) көрсетілген жұмыстарды орындауға қатысы жоқ адамдардың қатысуымен баллондарды алмастыруға;

      25) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, үлгіні бекіту немесе метрологиялық аттестаттау нәтижелері бойынша тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Тауарлық газды оның көлемін есепке алмай өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.

      38. Тауарлық газдың көлемін өлшеу бірлігін есепке алу мақсатында Цельсий бойынша 20 градус температура және сынап бағанының 760 мм. қысымы кезінде газдың бір текше метрі қабылданады.

      39. Егер сыртқы ортаның параметрлері осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілгендерден ерекшеленген жағдайда, жеткізуші газдың жұмыс параметрлерін стандартты шарттарға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеуді есепке алу аспабының паспортына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №491 бұйрығымен бекітілген Газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16429 болып тіркелді).

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.12.2018 № 498 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау, сату кезінде мынадай сақтау орындарында:

      1) газ толтыру станциясының (газ толтыру пунктінің) сақтау базасының резервуарларында;

      2) технологиялық құбыр жолдарында;

      3) темір жол және автомобиль цистерналарында;

      4) газ баллондарында (толтыру цехы, газ толтыру станциясындағы дайын өнімдердің қоймасы (газ толтыру пунктінде), баллондарды ауыстыру пункті мен пайдалану қызметтері);

      5) топтық резервуарлық қондырғыда;

      6) автогаз толтыру станцияларында оларды есепке алу жүргізіледі.

      41. Сақтау орындарында сұйытылған мұнай газын есепке алу тәртібі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде және топтық резервуарлық қондырғыларда сұйытылған мұнай газының шығыстарын есепке алу әдістемесімен айқындалады.

      42. Тұрмыстық тұтынушылармен пайдаланылатын тауарлық газдың көлемін есепке алу:

      1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

      2) көппәтерлі үйлерде ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;

      3) реттеуіш немесе газреттеуіш пункттерінің шкафтарында орнатылған көппәтерлі үйлерде ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;

      4) тұтыну нормалары бойынша - жеке немесе ұжымдық есепке алу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі жағдайында жүргізіледі.

      43. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу:

      1) тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша;

      2) есепке алу аспаптары болмаса, олардың ақаулары болса не олар газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмесе – газ тұтынатын жабдықтың қуаты бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық тұтынушылар өткізетін сұйытылған мұнай газын есепке алу, көлемді әдіспен жүргізіледі:

      1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

      2) тұтыну нормалары бойынша - жеке есептеу құралдары болмаған жағдайда, олардың жарамсыздығы не газ жабдықтары параметрлеріне сәйкессіздігі жағдайында жүргізіледі.

      45. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын тұтынуды есептеу бірлігі текше метр болып табылады.

      Өндірістік немесе коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын сұйытылған мұнай газ көлемін есепке алу:

      1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

      2) газ жабдығының қуаты бойынша – есепке алу аспабы болмаған кезде, олар бұзылған не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмеген кезде.

      46. Тұрмыстық тұтынушының кінәсі бойынша дәлелді себептерсіз қатарынан екі есептілік кезең ішінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және бұл ретте тұрмыстық тұтынушы жеткізушіге өзі тұтынған газ көлемі туралы мәлімет бермесе, жеткізуші тұрмыстық тұтынушыға тұтынудың қолданыстағы нормалары бойынша есеп жүргізе алады.

      47. Осы Қағидалардың 36-тармағының 1) тармақшасы бұзылған жағдайда, жеткізуші газ шығысын:

      1) соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі кезеңде, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде, ал есепке алу аспабы болмаған жағдайда - ағымдағы есептік кезең басталған күннен бастап анықталған күнге дейін тұрмыстық тұтынушыға – кіреберістегі кранға дейін газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша, ал пәтерлер үшін – ысырмалы кранға дейін;

      2) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушыға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторға, ірі коммерциялық тұтынушыға не цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаға – соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейінгі кезеңге, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге пайдалану жауапкершілігі шекарасында газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша қайта есептеуді жүргізеді.

      Тұтынушыда есепке алу аспабының газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда, тұтынушыға соңғы тексеру күнінен бастап осы Қағидалардың 42 және 43-тармақтарына сәйкес газ шығынын қайта есептеу жүргізіледі.

      Жеткізуші жүргізілетін қайта есептеу кезеңінде есептелген газ көлемін ескере отырып, газ шығынын қайта есептейді.

      Тұрмыстық тұтынушы үшін – есепке алу аспабының көрсеткіштерін алу, ал коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін – жеткізушінің тұтынушы журналындағы жүргізілген тексеру туралы белгісі, ал ол болмаған кезде, жеткізушінің деректері тексеру фактісі болып табылады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Тұтынушы жазбаша түрде жеткізушіні жай-күйі туралы және газ тұтыну көлемі мен оны төлеуде көрсетілген деректердің өзгеруі туралы (тұратын адам санының өзгеруі, жылытылатын алаңның көлемі, газ жабдығының қуаты) хабардар етеді. Тұтынушы болған өзгерістер туралы хабарламаған жағдайда және есепке алу аспабынсыз газды тұтынған жағдайда не газ жабдығының параметрлері сәйкес келмеген жағдайда, тұтынылған газ көлемі жеткізушіде бар деректер бойынша есептеледі.

      Төлемді қайта есептеуге әкеп соқтыратын барлық өзгерістер тұтынушы растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті өтінішін берген сәттен бастап жүзеге асырылады.

      49. Есепке алу аспаптарын орнату осы Қағидалардың және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарында көзделген тәртіпте орындалады. Орнатылған есепке алу аспабы тұтынушыға тауарлық не сұйытылған мұнай газын жеткізетін газ тарату ұйымында немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінде міндетті тіркеуден өтеді, акті жасалып, онда есепке алу аспабының бастапқы көрсеткіштері, аспаптың маркасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң) қолданылатын есепке алу аспаптарының өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаты және салыстырып тексеру таңбасы болады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Есепке алу аспаптарын ұстауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және салыстырып тексеруді есепке алу аспабының меншік иесі жүзеге асырады. Меншік иесімен шарт бойынша есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғының иесі немесе өзге де мамандандырылған ұйым жүргізуі мүмкін.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Есепке алу аспаптарын тексеру Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңның 6-2-бабының 11) және 20) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 23.08.2021 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Есепке алу аспаптарын тексеру мерзімі өтіп кеткен жағдайда, тұтынылған газдың көлемін есептеу мынадай тәртіппен:

      1) тұрмыстық тұтынушылар үшін – тұтыну нормалары бойынша;

      2) өнеркәсіптік тұтынушылар, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар, не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар үшін – газ жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Газды есепке алу аспабы тұтынушыларда кіреберістерде, басқыш алаңдарында, дәлізде, жеке пәтерлерде, жеке үйлерде орнатылуы мүмкін. Тұтынушылардың газ тарату ұйымдарының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің қызметкерлеріне газды есепке алу аспаптарына еркін кіруге бөгет жасауларына жол берілмейді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Газды есепке алу аспаптарында есептеу тетігінің қаптама бекітпесінде газ тарату ұйымының немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің пломбасы болады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Тұтынушылардың газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғы иесінің пломбасының бүтіндігін бұзуына жол берілмейді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Газды есепке алу схемасын өзгертуге немесе бұзуға байланысты жұмыстардың кез келген түрлерін жүргізген кезде тұтынушы жұмысты бастамас бұрын осы туралы жазбаша түрде газ тарату ұйымын немесе топтық резервуарлық қондырғы иесін хабардар етеді және тиісті рұқсат алады.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Газ беруді тоқтату және қайта бастау тұтынушымен жасалған шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      59. Үйдің меншік иесінің қалауы бойынша жеке пәтерлерге, кіреберістерге газ беруді тоқтата тұруды, газ бағанын немесе көпқабатты тұрғын үйлердің жекелеген пәтерлерін газдан ағытуды оның жазбаша өтініші бойынша газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі жүргізеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі біржақты тәртіппен тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді бұзушылықтарды жойғанға дейін мынадай жағдайларда:

      1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарын бұзғанда;

      2) тұтынушы газ жабдығын өз еркімен қосқанда;

      3) газбен жабдықтау жүйесі объектілері техникалық істен шыққанда тоқтатады;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарттың талаптары бұзылған жағдайларда тоқтатады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 21.04.2023 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      61. Жабдықтарды жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін тауарлық немесе сұйытылған мұнай газды беруді тоқтата тұру туралы газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі тұтынушыны ағытуға дейін кемінде қырық сегіз сағаттан кешіктірмей ескертеді.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. Жеткізуші тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып, газ беруді мынадай жағдайларда тоқтатады:

      1) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешектің болуы;

      2) газ тарату ұйымының, топтық резервуарлық қондырғы иесінің немесе газ толтыру станциясы иесінің өкілдерін газ құбырларына, газ жабдығы мен есепке алу аспаптарына жібермеу.

      Газ беруді тоқтата тұру жеткізуші тұтынушыға жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап кемінде күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Газ беруді қайта бастау осы Қағидалардың 60 және 62-тармақтарында аталған газ жеткізуді тоқтатуды тудырған себептерді тұтынушы жойғаннан кейін, сондай-ақ газды бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес тұрақсыздық айыбы төлемінің берешегі өтелген соң жүргізіледі.

      Жоспарлы қосатын күн туралы газ тасымалдау, газ тарату ұйымы, топтық резервуарлық қондырғы иесі немесе газ толтыру станциясының иесі тұтынушыны газды беруді қайта бастау туралы шешім қабылданған күні хабардар етеді. Тұтынушыны ажырату себебі жойылғаннан кейін газды беруді қайта бастаудың шекті мерзімдері газды беруді қайта бастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайды.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.05.2022 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.