Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қарашада № 9912 тіркелді.

Жаңартылған

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Т. Есентаев

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 55 бұйрығымен бекітілді

Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлеріннің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) спорт саласы – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;

      2) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      3) спорт түрі – жаттығу ортасы, жарыстастық қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тануды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) спорт түрлерінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Спорт түрлерін, спорт саласының белгілеріне жататын жарыстар қағидаларының, жаттығу ортасының, жарысушылықтың, спортшылардың қатысуы, қолданылатын спорттық мүкәммалдың (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтың болуы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру спорт түрін, спорт саласын тануға негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2-тарау. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Спорт түрін, спорт саласын тануды мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрін дамыту болып табылатын аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт түрлері бойынша спорт федерациясы өтінішінің негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Өтініш еркін түрде жазылады.

      Ескерту. 5-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасында спорт түрін, спорт саласын тану туралы өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасында және әлемде аталған спорт түрiнiң дамуы туралы ақпарат қамтылған, халықаралық спорт федерацияларының қысқаша сипаты, ашылған уақыты және жері, өткiзiлген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушылардың ауқымы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы ақпарат;

      2) қолданылатын спорттық мүкәммаларды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (бар болса) қолданудың қысқаша сипаты қамтылған, өтінілетін спорт түрін, спорт саласын оқытудың бағдарламасы және әдістемесі;

      3) жарыс процесін көрсететін спорттық жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар;

      4) өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидаларының жобасы немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидасының көшірмесі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Спорт түрін, спорт саласын тану туралы өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган қарастырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган құрамы кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3-сі болған жағдайда өткізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Комиссия өтiнiшті және оған қоса беріліп отырған құжаттарды қарастырады және қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті органға:

      1) спорт түрін, спорт саласын тануды;

      2) спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуды ұсынады.

      10. Спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) осы Қағиданың 6-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт түрі бойынша спорт федерациялар осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген талаптарға және (немесе) ұсынған деректерінің және мәліметтерінің осы Қағиданың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті органның шешімі Комиссия хаттамасының негізінде бұйрықпен ресімделеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тізілімді қалаптастыру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      12. Тiзiлiм осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысанда қалыптасады және жүргiзiледi. Спорт түрін, спорт саласын тану туралы уәкілетті органның шешімі Тізілімді қалыптастыруға негіздеме болып табылады.

      13. Спорт түрі, спорт саласы Тізілімге спорт түрін, спорт саласын тану туралы шешім қабылданған күннен бастап, екі күнтiзбелiк күн iшiнде енгізіледі.

      14. Тiзiлiмнiң нысаны мынадай мәліметтерден тұрады:

      1) танылған спорт түрiнiң атауы;

      2) танылған спорт түрiнiң нөмiр - коды;

      3) танылған спорт саласының атауы;

      4) танылған спорт саласының нөмiр - коды.

      15. Танылған спорт түрінің, спорт саласының нөмір – коды келесі төрт белгіден тұрады:

      1) нөмiр - кодтың бiрiншi белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының жеке нөмiрi болып табылады:

      1 – олимпиадалық спорт түрлерi;

      2 – олимпиадалық емес спорт түрлерi;

      3 – ұлттық спорт түрлерi;

      4 – техникалық спорт түрлерi;

      5 – арнайы олимпиадалық спорт түрлерi;

      6 – паралимпиадалық спорт түрлері;

      7 – сурдлимпиадалық спорт түрлері;

      8 – әскери-қолданбалы спорт түрлерi;

      2) нөмiр - кодтың екінші белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының маусымдылығын айқындайды:

      1 – жазғы спорт түрлерi;

      2 – қысқы спорт түрлерi;

      3 – маусымдық емес спорт түрлері;

      3) нөмiр - кодтың үшінші белгісі спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ, спорт түрiнiң, спорт саласының ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:

      1 – спорттың жазғы ойын емес түрi;

      2 – спорттың жазғы ойын түрi;

      3 – спорттың қысқы ойын емес түрi;

      4 – спорттың қысқы ойын түрi;

      5 – маусымдық емес, спорттың ойын емес түрi;

      6 – маусымдық емес, спорттың ойын түрi;

      7 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын маусымдық емес спорт түрi;

      8 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын жазғы спорт түрi;

      9 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын қысқы спорт түрi;

      4) нөмiр - кодтың төртінші белгiсi спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданушылардың жынысы мен жас санатын айқындайды:

      А – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер);

      Б – әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Г – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;

      Д – қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Е – ерлер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Ж – әйелдер;

      К – ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Л – ерлер, әйелдер;

      М – ерлер;

      Н – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      С – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар), әйелдер;

      Ф – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);

      Э – жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;

      Ю –жiгiттер (жасөспiрiмдер);

      П – аралас жұп/топ;

      Я – барлық санаттағылар.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Тізілімнің электронды нысаны спорт түрі, спорт саласы Тізілімге енгізілген күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.

      17. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациялардың өтініштерінің негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап, он бес күнтiзбелiк күні iшiнде қарастырады.

      Ескерту. 18-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.02.2016 № 35 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мыналар негіздеме болып табылады:

      1) танылған спорт түрінің, спорт саласының атауының өзгертілуі;

      2) жарыстар қағидасы немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелерінің өзгертілуі;

      3) танылған спорт түрлері, спорт салаларының біріктірілуі;

      4) танылған спорт түрлері, спорт салаларының бөлінуі.

      20. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде Тізілімнің электронды нысанын өтініш берушіге жолдайды.

      21. Осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген негіздемелердің болмауы, уәкілетті органның Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауына негіздеме болып табылады.

      22. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      23. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Спорт түрлерін, спорт салаларын
тану және спорт түрлерінің
тізілімін қалыптастыру
қағидаларына қосымша
  Нысан

Спорт түрлерінің тізілімі

р/с

Танылған спорт түрінің атауы

Танылған спорт түрінің нөмір-коды

Танылған спорт саласының атауы

Танылған спорт саласының нөмір-коды

1

2

3

4

5