"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығымен бекітілді |
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) спорт саласы – айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;
2) спорт түрлерінің тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) спорт түрі – жаттығу ортасы, жарыстастық қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен3. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тану Заңның 34-бабының 1-тармағына сәйкес спорт түрлерінің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Спорт түрлерін, спорт саласының белгілеріне жататын жарыстар қағидаларының, жаттығу ортасының, жарысушылықтың, спортшылардың қатысуы, қолданылатын спорттық мүкәммалдың (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтың болуы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру спорт түрін, спорт саласын тануға негіздеме болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2-тарау. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану тәртібі
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) кеңсесіне немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс, мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес өтінішті қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Өтінішті уәкілетті органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне күні мен уәкілетті органның кеңсе қызметкерінің тегі көрсетілген қабылдау туралы белгі қойылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы электрондық немесе сканерленген түрде жүктейді.
Бұл ретте "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.
8. Уәкілетті орган портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарауға қабылдау туралы хабарламаны не тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды жібереді.
9. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның жауапты орындаушысы төрт жұмыс күні ішінде қарайды және спорт түрін, спорт салаларын тану жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) отырысында қарау үшін дайындайды.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Уәкілетті органның өкілдері, уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия төрағасы мен хатшысы уәкілетті орган өкілдерінің арасынан айқындалады.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдерін қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында себебі көрсетіледі.
Комиссия ұсынылған құжаттарды комиссия отырысында қарайды және спорт түрін, спорт саласын тануды немесе спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуды ұсынады.
Құжаттарды комиссия отырысында қарау және хаттамаға қол қою бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
10. Комиссия отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қабылдайды.
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы бір жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Порталда - ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі уәкілетті органның бұйрығы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3-тарау. Тізілімді қалаптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
12. Тiзiлiм осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргiзiледi. Спорт түрін, спорт саласын тану туралы уәкілетті органның шешімі Тізілімді қалыптастыруға негіздеме болып табылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Спорт түрі, спорт саласы Тізілімге спорт түрін, спорт саласын тану туралы шешім қабылданған күннен бастап, екі күнтiзбелiк күн iшiнде енгізіледі.
14. Тiзiлiмнiң нысаны мынадай мәліметтерден тұрады:
1) танылған спорт түрiнiң атауы;
2) танылған спорт түрiнiң нөмiр - коды;
3) танылған спорт саласының атауы;
4) танылған спорт саласының нөмiр - коды.
15. Танылған спорт түрінің, спорт саласының нөмір – коды келесі төрт белгіден тұрады:
1) нөмiр - кодтың бiрiншi белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының жеке нөмiрi болып табылады:
1 – олимпиадалық спорт түрлерi;
2 – олимпиадалық емес спорт түрлерi;
3 – ұлттық спорт түрлерi;
4 – техникалық спорт түрлерi;
5 – арнайы олимпиадалық спорт түрлерi;
6 – паралимпиадалық спорт түрлері;
7 – сурдлимпиадалық спорт түрлері;
8 – әскери-қолданбалы спорт түрлерi;
2) нөмiр - кодтың екінші белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының маусымдылығын айқындайды:
1 – жазғы спорт түрлерi;
2 – қысқы спорт түрлерi;
3 – маусымдық емес спорт түрлері;
3) нөмiр - кодтың үшінші белгісі спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ, спорт түрiнiң, спорт саласының ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:
1 – спорттың жазғы ойын емес түрi;
2 – спорттың жазғы ойын түрi;
3 – спорттың қысқы ойын емес түрi;
4 – спорттың қысқы ойын түрi;
5 – маусымдық емес, спорттың ойын емес түрi;
6 – маусымдық емес, спорттың ойын түрi;
7 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын маусымдық емес спорт түрi;
8 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын жазғы спорт түрi;
9 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын қысқы спорт түрi;
4) нөмiр - кодтың төртінші белгiсi спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданушылардың жынысы мен жас санатын айқындайды:
А – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер);
Б – әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);
Г – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;
Д – қыздар (жасөспiрiм қыздар);
Е – ерлер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);
Ж – әйелдер;
К – ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар);
Л – ерлер, әйелдер;
М – ерлер;
Н – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);
С – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар), әйелдер;
Ф – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар);
Э – жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер;
Ю –жiгiттер (жасөспiрiмдер);
П – аралас жұп/топ;
Я – барлық санаттағылар.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.10.2017 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен16. Тізілімнің электронды нысаны спорт түрі, спорт саласы Тізілімге енгізілген күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
17. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациялардың өтініштерінің негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап, он бес күнтiзбелiк күні iшiнде қарастырады.
Ескерту. 18-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 08.02.2016 № 35 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мыналар негіздеме болып табылады:
1) танылған спорт түрінің, спорт саласының атауының өзгертілуі;
2) жарыстар қағидасы немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелерінің өзгертілуі;
3) танылған спорт түрлері, спорт салаларының біріктірілуі;
4) танылған спорт түрлері, спорт салаларының бөлінуі.
20. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде Тізілімнің электронды нысанын өтініш берушіге жолдайды.
21. Осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген негіздемелердің болмауы, уәкілетті органның Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауына негіздеме болып табылады.
22. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.
23. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.09.2018 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 4-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
25. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы, уәкілетті органның кеңсесі, портал арқылы беріледі.
26. Шағымды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
27. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтінішті қарау жағдайы туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
28. Дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны қарауға қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
29. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
30. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Спорт түрлерін, спорт салаларын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау уәкілетті органның кеңсесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды/қағаз. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптары |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. |
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.04.2020 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Спорт түрлерінің тізілімі
р/с | Танылған спорт түрінің атауы | Танылған спорт түрінің нөмір-коды | Танылған спорт саласының атауы | Танылған спорт саласының нөмір-коды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |