«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 140 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9419 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының 2014 жылғы 14 қазандағы
№ 12 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 08.10.2015 № 297 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Санат |
Лауазымның атауы |
Біліміне қойылатын талаптар |
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар |
Біліміне қойылатын талаптар |
Қажетті дағды мен білік |
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты |
||||||
B-PK-1 |
Аппарат басшысы |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білім |
Басқару шешімді қабылдау мен әзірлеу сатысында ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; стратегиялық жоспарлау тәжірибесінің болуы; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; басқа ведомстволармен және ұйымдармен тиімді және ретті қарым-қатынасты ұйымдастыру; компьютерлік техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
B-PK-2 |
Департаменттің басшысы |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-3 |
Департамент басшысының орынбасары, Басқарманың басшысы, Орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-4 |
Департамент басқармасының басшысы |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-5 |
Департаменттің басқарма басшысының орынбасары |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-6 |
Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, оның ішінде төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-7 |
Аға тергеуші (офицер) |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде үш жыл қызмет өтілінің, оның ішінде төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-8 |
Тергеуші (офицер) |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
В-РК-9 |
Кіші офицер |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері |
||||||
С-РКО-1 |
Аумақтық бөлімшенің басшысы |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; персоналды дұрыс таңдау; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-2 |
Аумақтық бөлімше басшысының орынбасары |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе құқық қорғау, арнайы органдары орталық аппараттың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-3 |
Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысы |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл немесе құқық қорғау, арнайы органы орталық аппаратының лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-4 |
Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысының орынбасары, |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-5 |
Аумақтық бөлімшенің бөлім басшысының орынбасары, |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-6 |
Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер) |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-7 |
Аға тергеуші (офицер) |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің; |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
|
С-РКО-8 |
Тергеуші (офицер) |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
||
С-РКО-9 |
Кіші офицер |
Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім |
Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; тапсырмаларды тиімді орындау, жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру, ақпаратты талдау және қорытындылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |